Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика.10 саны және цифры.

Материал туралы қысқаша түсінік
натурал сандарды алу жолдарын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды; ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолданады; • цифр мен санды бір-бірінен ажыратады;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________



Сабақ тақырыбы: 10 саны Мектеп: №49жом

Күні : Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: натурал сандарды алу жолдарын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен

санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолданады;

• цифр мен санды бір-бірінен ажыратады;

бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен

(нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және

т. б.) көрсете алады;

“+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар: сандық сәуле ретінде — жіп;

қыстырғыштармен жіпке ілінген 0-ден 9-ға дейінгі сандары бар парақшалар;

10 саны жазылған парақша;

2 жеміс;

әр оқушыға домино;

10 қарындаш;

әрбір жұп оқушыға бетіне 10 шаршы сызылған түрлі түсті қағаз беттері.

Тірек сөздер он; бір таңбалы сан;

екі таңбалы сан.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды “бір таңбалы” және “екі таңбалы” сандар ұғымымен таныстыру; 10 санының мағынасын он нысаны бар жиынның сандық сипаттамасы ретінде түсіндіру; 10 санының құрамымен таныстыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер



Оқушылар сабақта 10 саны көлеміндегі ауызша есептеуді қолданады. Бұл сабақта 10 саны екі таңбалы сан ретінде түсіндіріледі. Жазылуында 1 және 0 цифрлары қолданылатындықтан, 10 саны екі таңбалы сан болып табылады. Жазылуында тек бір цифр ғана қолданылатындықтан, 0-ден 9-ға дейінгі сандар бір таңбалы сандар деп аталады. Оқушылар тәжірибе арқылы 10 санының құрамымен танысады. Ондай сандар: 9 және 1, 8 және 2, 7 және 3, 6 және 4, 5 және 5.Кіріспе тапсырма. Сабақты күз туралы әңгіме-ден бастаңыз. Бұл жыл мезгіліндегі адамдардың айналысатын негізгі жұмысы, яғни егін жинау, жеміс-жидектерді теру т.б. науқаны туралы әңгімелеңіз. Оқушыларға бүгінгі сабақта жеміс жинау жұмысына қатысатындарын айтыңыз. Тақтаға он оқушыны шы-ғарыңыз. Соңғы оқушыға 2 жеміс беріңіз. Барлық оқушылардан қолдарын көтеруін сұраңыз. Қол кө-терген оқушылар бақтағы жеміс ағашы кейпінде тұрғанын айтыңыз. Бақтағы жемісі жиналған ағаштың қанша екенін санатыңыз (олар — 9 ағаш). Қанша ағаш-тың жемісі жиналмаған? Барлығы қанша жеміс ағашы бар? 10 санын қалай шығарып алуға болады? Олар 10 саны бар парақшаны көрсетсін. 10 санының сандық сәуледегі орны туралы сұраңыз. Жіпке, яғни сандық сәулеге 10 саны бар парақшаны орналастырыңыз. 10-ға дейінгі барлық санды айтқызыңыз. 10 санының басқа сандардан айырмашылығын және 10 саны неше цифрдан тұратынын сұраңыз. 10 саны 1 және 0 цифрларынан құралғандықтан, екі таңбалы сан деп аталатынын айтыңыз. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 — бір таңбалы сандар. Неге олай аталатынын түсіндіріп беруді сұраңыз.

Оқушыларға 10-ға дейін өсу және кему ретімен санауды ұсыныңыз. Адамның дене құрылысында 10 санына тең қандай мүшесі бар екенін сұраңыз (қолдың саусақтары, аяқтың башпайлары).

Суретте барлығы қанша сан бар? Тапсырманы жалпы сынып оқушыларымен орындауды ұйымдас-тырыңыз. Оқушыларға сандарды санатыңыз. Сан-дарды атап, екі таңбалы және бір таңбалы сандарға бөлгізіңіз.

Жауабы:барлығы 8 сан, бір таңбалы — 7, екі таңбалы — 1. Сандарды салыстыр. Оқушыларға сандардысалыстыруды жұппен орындауды ұсыныңыз. Олар сандардың арасына түсіп қалған таңбаларды қояды. Тапсырманы тексеруді 2 жұпқа өзара жауаптарын салыстыру арқылы орындауды ұсы-ныңыз (екі жұп бірігеді және жазуларын сәй-кестендіре отырып жауаптарын салыстырады). Тапсырманың қорытындысын шығарып, оларға мынадай сұрақ қойыңыз: “Қай жазу басқаларынан өзгеше? Неліктен?” (10 = 10.)



Қанша жеміс бар? Тапсырманы орындауүшін құрамы бес оқушыдан болатын бірнеше топ құрыңыз. Барлық жемісті 10 данадан жинау керектігін айтыңыз. Бір оқушы — алша, екінші оқушы — өрік, үшінші — алмұрт, төртінші — алма және бесінші оқушы — бананды санап, 10-ға дейін толықтырады. Сөйтіп әр топ жемістерді түріне қарай бөледі. Бұл жұмыс түрін ауызша (не жазбаша, парақшаға суретін салу немесе санын жазу арқы-лы) орындауға болады.

Жауабы:



9 алшаға тағы 1 алша керек;

8 өрікке 2 өрік;

6 алмұртқа 4 алмұрт;

3 алмаға 7 алма;

5 бананға тағы 5 банан керек.

Жемістердің артында қандай белгілер жа-сырынған? Оқушыларға жұмысты жұппен орындауды ұсыныңыз. Олардан өрнектерді кезекпен оқып, түсіп қалған таңбаларды атауды сұраңыз. Содан кейін басқа жұп құрастырып, өзара тексеру ұйым-дастырыңыз. Оқушылардың өрнектерді дұрыс оқуы-на мүмкіндік беріп, оларды бақылаңыз.

Жауабы:

10 – 5 = 5; 7 + 3 = 10; 6 + 4 = 10; 4 + 6 = 10; 10 – 4 = 6; 5 + 5 = 10.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұптықжұмыс түрінде орындатыңыз. Оларға тапсырманың мағынасын түсіндіріңіз. Бірінші санды 10-ға дейін толықтыратындай санды екінші беттегі сандардан табу керек. Есептеу үшін 10 қарындашты қолдануды немесе саусақтарын санауды ұсыныңыз.

Жауабы:

7 және 3, 9 және 1, 5 және 5, 6 және 4, 8 және 2.

Орындап көр. Әрбір жұп оқушыға бетінде 10шаршы сызылған түрлі түсті қағаз бетін дайындаңыз. Оқушыларға шаршыларды қиып алуды ұсыныңыз. Содан кейін үлгідегі сияқты шаршы құрастыру керектігін айтыңыз. Оқушыларға шаршыларды екі топқа бөліп, басқаша түрде жайып қоюды сұраңыз. Бұл тапсырманы үйде орындауға беруге болады.

Жауабы:

4 пен 6, 5 пен 5.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Қосымша тапсырмалар



Оқушылардың “екі таңбалы сан” және “бір таңбалы сан” атауларын қолдануына мүмкіндік жасаңыз. 0-ден 10-ға дейінгі сандарды ретсіз айтыңыз, ал оқушыларға екі таңбалы немесе бір таңбалы сандарды кезек-кезек айтуды ұсыныңыз. Оқушылардан 10 саны жазылған парақшаны көрсеткенде, санның атын айтуын сұраңыз. Сандарды сандық сәулеге жаз. Бұл тапсырмадаоқушылар сандық сәуледе 1-ден 10-ға дейінгі сан-дарды орналастырып, 10 санының орнын табуы керек. 10 санын айналдыра қоршап сызуы керек.



Әр қапта 10 көгөніс болатындай етіп суретті аяқтап сал. Оқушылар суретте берілген әр қапта-



ғы көгөністі санауы керек. Содан кейін әр қаптағы көгөністің саны 10 болу үшін жетпей тұрған көгөніс санын толықтырып салады.

Жауабы:



бірінші қапқа 2 қызанақ, екіншіге — 1 қияр, үшіншіге — 4 бұрыш, төртіншіге — 5 баялды (баклажан), бесіншіге — 3 шалқанның суретін салады.



Бағалау Оқушылар сабақ соңында:

қандай сандардың екі таңбалы, қандай сандардың бір таңбалы болатынын түсінеді;

сандық сәуледе 10 санының орнын таба алады;

10 санының құрамын біледі.

Оқушылардың сабақтан алған білім деңгейін

бағалау үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:

— 10 саны бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма? Неге?

— Бір таңбалы сандарды атаңдар. Оларды неге бір таңбалы сандар деп атайды?

— 10 санының алдында қай сан бар? Бұл сан сан түзуінде 10 санының оң жағында ма, әлде сол жағында ма?

— Сандық сәуледе 10 санының оң жағында қай сандар тұрады: бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма?

— 10 санын қалай алуға болады?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
977
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12