Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика.3 саны және цифры.

Материал туралы қысқаша түсінік
натурал сандарды алу жолын түсінеді; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________



Сабақ тақырыбы: 3 саны және цифры Мектеп: №

Күні : Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: натурал сандарды алу жолын түсінеді;



10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;



бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды;

• цифр мен санды бір-бірінен ажыратады;

бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдер-

мен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен

және т.б.) көрсетеді;

• “+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.



Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар: сандық сәуле;



3 цифрының үлгісі (баспа және жазба);

үш шумақ жүн жіп;

әр оқушының партасында үш дөңгелек қағаз;

үш түрлі белгіні білдіретін (сигналдық) тақтайшалар (шаршы түрінде, бір жағы — қызыл, екінші жағы — жасыл).



Тірек сөздер үш.

Сабақтың мақсаты: — Оқушыларды натурал сандар қатарындағы 3 санының орнымен және құрамымен таныстыру;



— 3 цифрын жазуды үйрету.



Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер



3 саны — натурал сан, натурал сандар қатарында 2-ден кейін тұрады. Оқушыларды сабақта 3 саны-ның құрамы мен оны алудың әртүрлі нұсқаларымен таныстыру қажет. Сандық сәуледе 3 санын басқа сандармен салыстыруға көңіл бөліп, санның құра-мы бойынша 1 мен 2 сандарымен байланыс орнату, сандық сәуледегі орны бойынша орналасу жағда-йын қарастыру. Сонымен қатар оқушыларды дұрыс және көркем жазуға жаттықтыру.



Сабаққа арналған ескертпелер



Сабақты мынадай сұрақтар қоюдан бастаңыз:



— Санау кезінде 1-ден кейін қандай сан тұрады?



— 2 санын қалай алуға болады?



Оқушыларға жаңа тақырыппен танысу үшін білім жолын көрсететін “сиқырлы шумақ жіпті” пайдаланатыныңызды хабарлаңыз. Оларға бетін орамалмен жауып, табаққа салынған жіптерді көрсетіңіз. Онда қанша домалақ жіп жатқанын болжауын сұраңыз. Сыныппен бірге дауыстап қаншажіп барын санатыңыз. Бір шумақ домалақ жіпті алы-ңыз. Оқушыларға қанша жіп болса, сонша дөңгелек қағаз алу керектігін айтыңыз (дөңгелектерді пар-таның үстіне алдын ала алып қою керек). Дөңге-лектердің санын 3-ке жеткізуді ұсыныңыз. Тағы неше дөңгелек алғанын сұраңыз. Дөңгелектердің көмегімен 3-ті тағы да қалай алуға болатынын көрсетуді сұраңыз. Сыныптағы оқушыларды екіге бөліңіз. Жұппен жұмыс істеуді ұйымдастырыңыз. Бірінші топтағы оқушыларға үш дөңгелектен қатар құрастыруды ұсыныңыз, ал сыныптың екінші топта-ғы оқушыларына екі дөңгелек немесе тек бір ғана дөңгелек қоюларын сұраңыз. Оқушыларға осы дөң-гелектер көрсететін 1 және 3, 2 және 3 сандарын салыстыртыңыз. Қай санның артық, қайсысының кем екенін сұраңыз. Сандық сәуле бойынша тақтада және оқулықта жұмыстар жүргізіңіз. “3 саны қай саннан кейін келеді? 3-тің алдында қандай сан тұр? Осы сандардың қайсысы үлкен немесе кем? Неліктен?” — деп сұраңыз. 3 цифрын жазу үлгісін көрсетіңіз. Оқушылардан 3 цифры неге ұқсас екенін сұраңыз.

Түсіп қалған сандарды жаз. Оқушылармен 3 санының құрамын талдау және 3-ке дейін санау-ды қайталау үшін жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда дөңгелектерді пайдалануға болатынын ескертіңіз.

Жауабы:

бірінші үй: 1-қабат — 2; 2-қабат — 1; екінші үй: терезеде — 1.



Сана. Сыныпта сұрақтар бойынша талдауды ұйымдастырыңыз. Оқушылардан неше аққу бол-ғанын сұраңыз. (2) Екінші суретте не өзгерді? (Тағы да бір аққу жүзіп келді.) Үшінші суретте енді неше аққу болды? Оқушылардан төмендегі өрнекті оқып, оны шешуді сұраңыз. Екінші топтағы суреттер бо-йынша жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Содан кейін кейбір жұптарға өз нәтижелері туралы айтып беруді ұсыныңыз. Ол үшін оқушылар сандық сәулені қолдана алады. Оқушыларға қосу және азайту амалдарына арналған есеп шығару барысында сандық сәулемен жұмыс жасау ретін көрсетіңіз. 3 саны көлеміндегі қосу және азайту амалдарының барлық жағдайлары қамтылады.

Планшет. Оқушылар суреттегі бала саны мен планшет санын салыстыра отырып санауы тиіс. Кімге планшет жетпей қалды? Енді қанша планшет керек?

Жауабы:

үш планшет болу керек.

Орындап көр. Ең байқампаз оқушыларға ар-налған жарыс ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

үш терезе, үш шкаф, үш қатар парта т.с.с.

Шаңғышыға кедергіден өтуге көмектес.

Оқушы жауабын түсіндіргенде мынадай сөз тір-кестерін қолдану керектігін ескертіңіз: “мынадан кейін …”, “… санының алдында болатын сан …”, “алдыңғы”, “келесі”. Оқушыларға тапсырманы орын-дау қиындық туғызса, тақтадағы сандар қатарын пайдалануға болатынын ескертіңіз.

Жауабы:

бірінші төбешік — 2; екінші төбешік — 3; үшінші төбешік — 1, 2.

Шығарып көр. Оқушылардан суретті мұқият қарап шығуды өтініңіз. Спортта неше жеңімпаз орны болатынын естеріне түсіртіңіз. Жеңімпаздар қан-дай орын алады және оларға берілетін медальдар қандай болады? Оқушыларға тапсырманы жұппен орындатып, өзара пікір алмасу ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

3 медаль.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар



3 санын дауыстап айтып, сонша рет отырып тұруын сұраңыз. Барлық оқушы сіз қандай санды айтсаңыз, сол санды дауыстап айтып, сонша рет отырып тұрулары керектігін ескертіңіз. 1, 2, 3 сандарын қолданып, сөз тіркестерін айтқызып ойынды жалғастырыңыз. Үш көбелектің суретін сал. Оқушылар 3 цифрын оған сәйкес келетін зат санымен сәйкестендіріп, 3 көбелекті салуы керек.

Әрбір ағашта үш алмадан болатындай етіп, алмалардың суретін сал. Оқушылар әр қатар-

дағы ағаштағы алманың санын салыстырып қарап, қосындысы 3 болатын сандарды табу арқылы сан құрамы туралы білімдерін бекітеді.

Оларға әрбір ағаштағы алманың санын санап, 3-ке жетпей тұрған алманың суретін салып толықтыру керек. Бір ағашта үш алманың барын ескеру керек. Тапсырманы орындап болған соң, жұппен өзара тексеруді ұйымдастырыңыз. Олардың назарын су-реттің төменгі жағында жазылған тапсырмаға ауда-рыңыз. Солдан оңға қарай санап, үшінші тұрған ағаштағы алмаларды бояуды ұсыныңыз.

Жауабы:

бірінші ағашқа 2 алма салу керек; екіншіге — 1 алма; үшіншіге — 3 алма.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:



сандық сәуледегі 3 санының орнын табуды;



3 санын алуды;

3 цифрын жазуды меңгереді.

Оқушының сабақты меңгеру деңгейін тексеру



үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:

— Бүгін сендер қандай санмен, қандай цифрмен таныстыңдар?

— 3 саны сандық сәуледе қандай саннан кейін тұрады?

— 3 санын қалай алуға болады?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
647
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12