Ашық ұйымдастырылған ойын іс‑әрекеті Мектепалды топ
Тақырыбы: 1-ден 10-ға дейін санау.
Мақсаты: Балалардың 1 ден 10-ға дейінгі сандар туралы білімдерін тиянақтау. Ойын тәсілдері арқылы санды дұрыс танып ажырата білу дағдыларын дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Іс‑әрекет барысында бір‑біріне қолдау көрсетіп, ынтымақта болуға тәрбиелеу.
Әдіс‑тәсілдері: Ойындар, түрлі тапсырмалар орындау.
Ресурстар: Пойыз дауысы аудиожазбасы, сандар бейнеленген вагондар паравозбен суреті, түрлі‑түсті, сандар жазылған асықтар, 1 ден 10-ға дейінгі сандар кеспесі, тақырыптық суреттер (жасырынған сандарға, «ойлан тап» есеп құрауға), вокзал кассасы макеті, жұмыс дәптері, сан құрамына арналған кеспелер.
Барысы.
Жылулық шеңбері: Біз қандаймыз, қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Жарқыраған күндейміз Ренжісуді білмейміз
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгінгі іс‑әрекетімізде математика еліне барамыз. Алайда біз жолға шығу үшін, алдымен көлік түрін таңдауымыз керек. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер дұрыс жауабын тапсаңдар, сол көлікті таңдаймыз. Жұмбақ. Темірде жүріп жер шарын айналады. Көп жолаушыны алып алға барады Бұл не тапшы, білесің бе? Жолды сүйіп тізбектеліп кетеді. (пойыз)
1-тапсырма.1 ден 10-ға дейін тура және кері сана. ‑Міне пойызда келе жатыр, қанша вагоны бар екен санайықшы.(Балалар вагондарды санайды 1 ден 10-ға дейін тура санау) ‑Ой, балалар, вагон нөмірі соңынан басталады екен, демек 10-вагон алдында тұр екен. Енді вагондардың орналасу ретін санайық. (кері санау).
‑Міне көлікті таптық. Вагондары да жеткілікті екен. Енді пойызға отыру үшін билет алайық. Әркім өзіне вагон таңдасын. Кассаға барып билет алайық. Кассир асықтар белгіленген кесте береді, онда сан болмайды. Санды дұрыс жазсаң сол вагон сенікі болады. 2-тапсырма. «Тиісті санды қойып жаз» (Балалар кестедегі асық санына сәйкес санды таңбалайды). ‑Вагонға жайластық, балалар, межелі жерімізге жеткенше ойын ойнап барайық
3-тапсырма. Сан құрамын тап. Жеке жұмыс. ‑ Балалар, бізге асық керек болады. әр асықта сан жазылыпты, таңдаған асығыңдағы сан құрамын жазып шығайық. 1 ден 10-дейінгі сандар құрамын табу. (Балалар асықтарды таңдайды, асықтағы санның құрамын жазады)
4-тапсырма. «Орнын тап». Балалар, біз тек сандарды қайталап келеміз, ақыры санды ғана айтып жатырмыз ғой ендеше ойынымыз да «Орнын тап немесе ханталапай болсын» болсын. Кәне, жаңа алған билеттеріңді (асықтарды) әкеліңдер. Мен асықты жерге шашамын сендер таласып жинап аласыңдар және асықтағы санның ретімен қатарласып тұра қаласыңдар. (Бала санына қарай 2-3 рет те ойнауға болады) ‑Балалар, бұл тапсырманыда орындадық. Жарайсыңдар!
5- тапсырма. Келесі тапсырма «Жасырынған сандар» деп аталады. Тақтаға ілінген суреттердің ішінде сандар жасырынып жатыр сендер сол сандарды табуларың керексіңдер.
Сергіту сәті.
‑Міне, балалар, межелі математика еліне жеттік. Мұнда бізді математика ханшайымы (ханзадасы) күтіп тұр екен.
Ханшайым: Достар, мен сендерді жол жөнекей бақылап келдім, сендердің сандар туралы қаншалықты білетіндеріңді білдім енді менің сендерге бір тапсырмам бар.
6-тапсырма. «Көршісін тап» Мен барлық сандарды жасырып қоямын, ішінен бір санды көрсетем ал сендер сол санның көршілерін тауып көрсетесіңідер. (Балаларға сандар жазылған карточкалар таратылады) Ханшайым 5 көрсетсе, балалар 4 пен 6 көрсетеді т.с.с.
‑Жарайсыңдар сендерге арналған тағы бір тапсырмам бар. Ол сендердің мұқият ойлануларыңды талап ететін тапсырма.
7-тапсырма. «Ойлан тап» деп аталады. Суреттер беріледі, сол суретке қарап есеп құрастырасыңдар (Ауызша амалдар құрастыру). Мысалы: Ағашта 4 торғай отырды, оның 2 ұшып кетті ағашта қанша торғай қалды? (немесе ағашта 2 торғай қалды деп айтады)
‑Жарайсыңдар, достар. Сендердің тапқырлықтарыңа риза болып мына дәптерді сыйлаймын. Сау болыңдар! (ханшайым шығып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар, дәптерді ашып көрейік, мүмкін ішінде қызықты тапсырмалар болар.
Дәптермен жұмыс.
‑Балалар, міне біз барлық тапсырмаларды орындап математика еліне келдік, мұнда математика ханшайымының тапсырмаларын да орындадық. Енді өз елімізге (бақшамызға немесе мектебімізге) оралайық (Көздерін жұмып сиқырлы музыкамен оралады, көздерін ашып бақшада екендерін сезінеді)
Қорытынды. ‑Балалар, біз бүгінгі іс‑әрекетімізде не істедік? ‑Қайда бардық? ‑Қандай тапсырмалар орындадық? ‑Кімге не ұнады? ‑Өздеріңнің іс‑әрекеттен алған әсерлеріңмен бөлісіңдерші. (смайликтерден лайықты смайликті көрсету) Белсенді қатысқан балаларды мақтап марапаттау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика: "1 ден 10 ға дейін санау"

шағым қалдыра аласыз