Оқу ісінің
меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы:
Ақшаны ұсақтау Мектеп:
Күні : Мұғалімнің
есімі:
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
Оқу мақсаты: 1 тг,
2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар
орындайды;
сандарды,
заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды
пайдаланады.
Барлық
оқушылар:
Оқушылардың басым
бөлігі:
Кейбір
оқушылар:
Ресурстар: құны
әртүрлі монеталар;
“баға”, “саны”,
“құны” деген тірек сөздері жазылған парақшалар салынған қорап
немесе себет;
ойын
парақшалары;
тағам, сусын
бағалары жазылған ас мәзірі.
Тірек сөздер
ұсақтау.
Сабақтың
мақсаты:
Сабаққа байланысты
деректі материалдар
Сабаққа қатысты
ескертпелер
Тілдік
құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша
тапсырмалар
Монеталармен
әртүрлі іс-әрекет жасай білу дағ дысын дамытуға мүмкіндік тудыру;
10 теңгелік монеталарды ұсақтау арқылы берілген заттың құнын
дұрыс төлеп жаттығу.Кіріспе тапсырма. Сабақты оқушылардың сауда
жасау тәжірибесін анықтау мақсатында сұрақтар қоюдан бастаңыз.
— Кім дүкенге
барып көрді?
— Сендер дүкенге
барғанда не істедіңдер? (Са тушыдан тауар алдыңдар, ақша
бердіңдер, сатушы тауарды берді және артық ақшаны қайтарды.)
— Біз сатып алатын
заттың бағасы қанша тұра тынын қайдан білеміз?
— Қолыңдағы
ақшамен заттың құны қанша болса, тура сонша монетамен дәлме-дәл
төлеуге бола ма? (Үнемі солай төлеуге мүмкіндік болмайды.)
Осындай сұрақтар
қоя отырып заттың құны қанша болса, сонша ақшамен дәлме-дәл төлеу
үшін құны үлкен монеталарды құны өзінен кіші монеталарға ұсақтауға
болатыны туралы айтыңыз.
Оқушылар жұбының
біреуіне 10 теңгеліктермен үш монета, екінші оқушыға бірнеше 1
теңгелік монета таратып беріңіз. Қолында 10 теңгелік монетасы бар
оқушылардан құны 17 теңге тұратын затты сатып алу үшін сатушыға 17
теңгені қолындағы монеталармен қалай артық ақшасыз тура санап
беретінін сұраңыз. Оқушылардың ойын тыңдаңыз. Оларға бір 10 теңге
лік монетаны көршісінің 1 теңгелік монеталарымен айырбастап алуды
ұсыныңыз. Бір 10 теңгелік монетаны он 1 теңгелік монеталармен
айырбастап алу дегеніміздің ұсақтау болып табылатынын түсінді
ріңіз. Екі 10 теңгелік және ұсақталған монеталарды пайдаланып, 17
теңгені қалай алуға болатынын сұраңыз. Оқушыларды он 1 теңгеліктен
жетеу санап алып, оны 10 теңгелік монетаға қосып, тура 17 тг
төлеуге болады деген қорытынды жасауға жетелеңіз. Оқулықтағы
суреттерде берілген 2 теңгелік, 5 теңгелік, 10 теңгелік
монеталардың ұсақталу тәсілімен таныстырыңыз. Суретті талдатыңыз.
10 теңгелік монетаны ұсақтау тәсілдерін сұраңыз. 1 теңгеліктерден
басқа тағы қандай монеталармен ұсақтауға болатынын көрсетіңіз.
Сурет бойынша түсіндір. 13 теңгені тура қалай төлеуге болатынын
суретке қарап талдатыңыз. Екі 10 теңгеліктің біреуін 1
теңгеліктермен ұсақтап, одан үш монета санап алып, оны қалған 10
теңгелік монетаға қосып санап, 13 теңгені төлеуге болатынын сурет
бойынша талдатыңыз. Осы мысалға сүйене отырып, балалар екі 20
теңгелік монеталардан 30 теңгені қалай алуға болатынын айтып беруі
тиіс.Шығарып көр. Алдымен 20 теңгені ұсақтаудың бірнеше түрін
тапқызыңыз. Тапсырманы топпен орындатыңыз. Әр топтың 20 теңгелікті
қандай монета түрлерімен ұсақтағанын тексеріңіз. 50 теңгені төлеу
жолдарын сыныпта талқылаңыз. Оқушылардың көмегімен 50 теңгені
төлеу жолдарының бірнешетүрін табыңыз.
Бағалау Өткен
сабақта өтілген жаңа ұғымдарды бекіту мақсатында ойын
ұйымдастырыңыз. Сыртына тірек сөздер жазылған үш қорап немесе
себет дайындап қойыңыз. Тағы сол сияқты бағалар мен тауар саны
жазылған парақшалар, тауар құнын құрайтын әртүрлі монеталардың
суреті салынған парақшалар дайын даңыз. Оқушылар кезекпен шығып,
қораптан бір парақшаны алып, онда не туралы айтылғанын болжап білуі
керек. Егер алған қағазы баға жазылған қағаз болса, онда “баға”
деген тірек сөзді айтып, сәйкес келетін қорапқа салады. Басқа
бірнеше заттың суреті көрсетілген және монеталардың сомасы
жазылған парақшалармен де осылай жұмыс жасалады.