жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика 1 сынып.Кестенің көмегімен есеп шығару.
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: Кестенің көмегімен есеп шығару Мектеп:
Күні : Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар: оқушылардың санына байланысты:
“Сенемін — сенбеймін” ойынына қажет кестемен берілген А4 қағаздары;
әр топқа кестемен берілген А3 қағаздары; Әр топқа арналған:
4 шаршы;
4 тіктөртбұрыш;
4 үшбұрыш;
4 дөңгелек.
Тірек сөздер кесте;
жол;
баған.
Сабақтың мақсаты: Логикалық есептерді кестенің көмегімен шыға ру, есептің шартына сәйкес кестені толтыруды және жауабын табуды үйрету.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Кіріспе тапсырма. Сабақты “Сенемін — сен беймін” ойынын ойнатудан бастаңыз. Оқушылардың әрқайсысына жауап жазатын кестені таратып беріңіз. (тиісті бағанға “+” қою керек).
Сенемін Сенбеймін
Егер оқушылар сіздің тұжырымыңызға сенетін болса, онда “Сенемін” сөзі жазылған бағанға “+” таңбасын, ал олар сіздің тұжырымыңызға сенбейтін болса, онда “+” таңбасын “Сенбеймін” сөзі жазылған бағанға қояды.
Ойын өткізуге арналған тұжырымдар:
Сен және тағы екі оқушы тақтаға шықты. Егер сенің сол жағыңда және оң жағыңда оқушылар тұрса, онда “сен олардың ортасында тұрсың” дегенге сендер сенесіңдер ме?
“Үш қабатты үйде төрт қабат бар” дегенге сенесіңдер ме?
“Үш сауысқанның алты аяғы бар” дегенге сенесіңдер ме?
“Үш мысықтың бес құйрығы бар” дегенге сенесіңдер ме?
“Егер алманы қақ бөлсе, сонда екі алма пайда болады” дегенге сенесіңдер ме?
“Егер кеше жұма, ал бүгін сенбі” десе ше? Шыққан жауаптарды сыныппен тексеріп, дұрыс
жауаптарды талдаңыздар. Оқушылардың жұмыс тарын дұрыс жауаптың санына байланысты өздеріне бағалатыңыз.
Оқушыларды топқа бөліңіз. Әр топқа кестесі бар А3 қағазын, сондай-ақ түрлі түсті қағаздан жасалған 4 дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыштарды таратып беріңіз.
Оқушылар кестені фигуралармен (дөңгелек термен, үшбұрыштармен, шаршылармен, тіктөрт бұрыштармен), әр жол мен әр бағанда фигуралар қайталанбайтындай етіп толтырады. Оқушылардан алдын ала кестеден жол мен бағанды көрсетуді сұраңыз. Орындап болған соң топпен өзара тексеру жүргізуді ұсыныңыз.
Оларға шарты күрделі, жазуға немесе елесте туге қиындық тудыратын логикалық есептерді кесте арқылы шығару қолайлы екенін айтыңыз. Баскиімдер. Оқушыларға тапсырманың шартыноқыған соң кестеге қарауды ұсыныңыз (қолайлы болу үшін интерактивті тақтаға шығарып қойыңыз). Олардан ұлдардың атын сұраңыз. Олар кестеде қай жерде орналасқан? (Бағанда.) Баскиімдердің түстерін сұраңыз. Олар кестеде қайда орналасқан? (Жолда.) Есептің шартында Дидар туралы не белгілі екенін сұраңыз (оның баскиімі қызыл емес). Онда “Дидар” деген жазуға қарсы тұрған “қызыл жолға “–” таңбасын қойыңыз (барлық іс-әрекетті интерактивті тақтадағы кестеде белгілеңіз). Самат туралы не айтылғанын сұраңыз (оның баскиімі қызыл да емес, көк те емес). Онда қызыл және көк қатарға “–” таңбасын қойыңыз. Оқушыларға осыдан кейін қорытынды жасатыңыз. Егер Саматтың баскиімі қызыл да, көк те болмаса, онда оның баскиімі жасыл түсті. Саматтың атына қарсы “жасыл жолға “+” таңбасын қойыңыз. Егер Дидар мен Саматтың баскиімдері қызыл түсті болмаса, онда қызыл баскиім Сәкендікі (Сәкеннің атына қарсы тұрған “қызыл” жолға “+” таңбасын қою керек). Оқушылардан Дидардың баскиімінің түсі қандай болатынын сұраңыз.
Жауабы:
Дидардікі — көк, Саматтікі — жасыл, Сәкенді-кі — қызыл.
Құрбылар. Есептің шартымен танысқан соң оқушыларға жұпта кестемен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Әр қыздың не жегенін сұраңыз. Неге мұндай жауап шыққанын түсіндіріп беруді өтініңіз. Бірнеше жұпқа өз ойларын айтып беруге мүмкіндік жасаңыз.
Жауабы:
Дина апельсин жеді, Бақыт алмұрт жеді, Жанар алма жеді.
Орындап көр. Кестенің көмегімен шығарылатын жоғарыдағыдай есеп құрастыруды тапсырыңыз. Тапсырманы топпен немесе үйде орындауға болады.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Оқушылардың математика тілінде сауатты сөйлеу дағдысын дамытуға және өз іс-әрекеті мен есеп шығару тәсілін түсіндіріп отыруына баса назар аударыңыз. Секіруден жарыс.
Оқушыларға кестеде есептің шартын міндетті түрде “+” және “–” таңбаларының көмегімен жазу керектігін ескертіңіз. Жұпта өз ойларымен бөлісуді ұйымдастырыңыз. Оқушылардан тапсырманы орын дағаннан кейін есептің жауабы мен талдау жолын айтып беруді сұраңыз.
Жауабы:
қоян — 1-орын, тиін — 2-орын, тышқан — 3-орын.
Бағалау Оқушылар сабақтың соңында:
кестені және онда қатар мен бағанның орналаса тынын біледі.
есептің шартын қалай жазуды және кестеден жауа бын табуды үйренеді.
кестемен берілген тапсырмаларды орындап үйре неді.
Сабақтың тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойыңыз:
— Кестеде жолдар қалай орналасқан? Бағандар ше?
— Кестемен қандай есептерді шығарған қолай лы?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын ша өзін-өзі бағалатыңыз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген