Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика 1 сынып.Шамалар және өлшемдер. Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды біледі; ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамала-рын ажыратады және оларды өлшеу үшін құралдарды таңдап, өлшемдер жүргізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Пәні: математика



Сабақ тақырыбы: Шамалар және өлшемдер

Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру Мектеп: №49

Күні : Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды біледі;

ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамала-рын ажыратады және оларды өлшеу үшін құралдарды таңдап, өлшемдер жүргізеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар: көрсетуге арналған: ұзындықтары мен түстері әртүрлі шалбардың екі белбеуі;



ұзындықтары әртүрлі екі қағаз жолағы. Әрбір оқушыға арналған:

ұзындығы әртүрлі 10 см көлеміндегі қатты қағаздан жасалынған жолақтар.

Әр жұп оқушыға арналған:

әрбір жолақты өлшеуге қажетті жеткілікті мөл-шерде ұсақ заттар (мысалы, қағазқыстырғыштар, түйреуіштер, сіріңкелер, болттар т.с.с.) оқушы-лардың әрбір тобына арнап Ұ, З, Ы, Н, Д, Ы, Қ әріптері жазылған парақшалар.

Тірек сөздер ұзындық;



ұзын;



қысқа;



биік;



аласа.

Сабақтың мақсаты: Заттың ұзындықтарын салыстыру дағдысын да-мыту; заттарды ұзындықтарына қарап салыстырудың нәтижесіне назар аударту.



Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер



Оқушылар сабақ барысында заттарды беттестіру тәсілімен және әркелкі өлшем бірліктерімен ұзын-дықтарына қарап салыстыруды үйренеді. Оқушылар ағаштар мен ғимараттардың биіктіктері де, адамның бойлары да ұзындыққа жататынын түсінеді. Оқушыларға екі жолақты ұзындықтарына қа-рап салыстыруға ұсыныс жасаңыз және біріншісі екіншісінен қысқа екенін анық көре алатын-дай жолақтарды көрсетіңіз. Оқушылар бір жо-лақ — ұзын, екінші жолақ — қысқа деп жауап бере алады. Қай заттың ұзын, ал қай заттың қысқа екенін көзбен көре алмаған жағдайда не істеу керек еке-нін оқушылардан сұраңыз. Шалбарға арналған екі белбеуді көрсетіңіз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Олар тиімді ұсыныс айтуы мүмкін. Содан кейін екі оқушының көмегімен беттестіріп салу тәсілін көрсетіңіз. Белбеулерді бірінің үсті-не бірін, бір ұшы бір-бірімен сәйкес келетіндей етіп салыңыз. Ұзындықтарына қарай белбеулердің айырмашылығын тіркеңіз. Ал белбеулердің екінші ұшының сәйкес келмейтінін көрсетіңіз. Бұл нені білдіретінін сұраңыз, жауаптарын тыңдаңыз (бір белбеу — ұзын, екіншісі — қысқа).



Кіріспе тапсырма. Жұптағы оқушыларға қаттықағаздан жасалған екі жолақты беттестіріп салу тәсілімен салыстырып көруді ұсыныңыз. Әр оқушыға өз қағаз жолағын алып, оны партадағы көршісінің жолағымен салыстыруды және оның нәтижесін айту-ды ұйымдастырыңыз. Кейін екінші оқушы өз жолағын алып, басқа оқушының жолағымен салыстырсын. Сөй-тіп жұп құрамын ауыстырып отырыңыз. Тапсырманы орындауға қажетті уақыты жұмыс нәтижесіне қарай өзіңіз реттеңіз. Бұл тапсырма екі затты ұзындығына қарап беттестіріп салу тәсілімен салыстыру дағдысын қалыптастырады. Әрі қарай оқушыларға өлшеуішті (кеңсе қағазқыстырғышын алуына болады) таңдап алуына және осы өлшеуіштермен қағаз жолақтарды өлшеуге ұсыныс жасаңыз. Қажет болған жағдайда оқушыларға сандарды дөңгелектеуге көмектесіңіз. Өлшеу нәтижесін сұраңыз. Оқушыларға бірінші жолақ екінші жолақтан қанша қағазқыстырғышқа ұзын немесе қысқа екенін анықтатыңыз. Өлшеуіштер саны бойынша салыстырудың бұл тәсілі оқушыларды бір заттардан басқалардан қанша өлшем бірлікке ұзын немесе қысқа екенін анықтауға үйретеді. Қай қарындаш ұзын? Қайсысы қысқа

Тапсырманы оқушылардың барлығына орында-тып, артынан сұрақтар қойыңыз:

— Қай қарындаш ең ұзын?

— Қайсысы ең қысқа?

— Қарындаштарды ең қысқасынан ең ұзынына дейін ретімен ата.

Ағаштарды биіктігі бойынша салыстыр. Оқу-шыларға үйлердің, бұталардың, ағаштардың биік-тіктерінің (төменнен-жоғарыға қарай орналасқан заттар) де ұзындық болып табылатынын түсінді-ріңіз. Ағаштарды биіктіктеріне қарап салыстыруға ұсыныс жасаңыз. Тапсырманы сынып оқушыларының барлығына орындатыңыз және сұрақтар қойыңыз:

— Суретте қанша ағаш бейнеленген?



— Олар бойлары бойынша орналасқан ба? (биік-тіктері бойынша.)



— Олардың арасындағы ең биік ағаш қайсы?

— Қай ағаш ең аласа?

— Олардың арасында биіктігі тең ағаштар бар ма?



Ағаштарды бойлары бойынша қоюды ұсыныңыз: аласа ағаштан биік ағашқа дейін және керісінше.



Отбасы мүшелерін бойлары бойынша орна-ластыр. Адам денесінің ұзындығы, яғни адамның биіктігі — бұл оның бойы екенін түсіндіріңіз. Адамдарды бойларына қарап салыстыруда “ұзын”, “қысқа” сөздерін қолданыңыз.



Тапсырманың суретіне қарауды ұсыныңыз. Отбасы мүшелерін бойы бойынша орналастыруды сұра-ңыз. Оқушылар қандай ретпен орналастыратынын өздері таңдап алуы керек. Орындап көр. Барлық оқушыларды талқылауға қатыстырыңыз. Оқушыларға сыныптағы заттарды мұқият қарауды және көзбен ең биік, ең аласа заттарды анықтауды ұсыныңыз. Қай заттар партадан биік, ал терезенің жақтауынан аласа?

Шығарып көр. Оқушыларға суретке қарап, ненің ұзын екенін анықтауды ұсыныңыз: моншақ па, әлде таяқша ма? Тапсырманы орындау барысында оқушылар бұл екі заттың ұштары бір-бірімен дәл келетініне назар аударуы тиіс. Бірақ оқушылардың моншақтың ирек-ирек болып тұрғанына және таяқ-шаның түзу екеніне назар аударуын ескерту керек. Жауабы:

моншақ таяқшаға қарағанда ұзын, өйткені таяқша түзу, ал моншақтың жібі иілген.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Қосымша тапсырмалар



Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативтік дағдылары дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Ұзындықты өлше. Оқушылар иллюстрацияны пайдаланып, заттардың ұзындығын өлшеуіштің саны бойынша анықтайды. Олар ең ұзын затты анықтап, оны қызыл қарындашпен айналдыра сызады. Содан кейін ең қысқа затты анықтап, оны көк қарындашпен айналдыра сызулары керек.

Жауабы:

шанышқының ұзындығы 4 шегеге; пышақтың ұзындығы — 5 шегеге; ожаудың ұзындығы — 6 шегеге тең.

Таспа сал. Оқушылардан сызғышты қолданбай берілген таспадан ұзын немесе қысқа таспаны салуды сұраңыз. Көзбен шолу арқылы таспаның ұзын немесе қысқа болып шыққанын міндетті түрде анықтау қажет.

Үйдің суретін сал. Оқушыларға берілген үйге қарағанда биік үй салдырыңыз.

Бағалау Оқушылар сабақ соңында:

заттарды ұзындығына, биіктігіне және адамдарды бойына қарап салыстыруды;

заттарды ұзындығына қарап салыстыру нәтиже-сін тіркеуде салыстыру өлшемдерін білдіретін

сөздерді қолдануды меңгереді.

Оқушылардың сабақ материалын меңгеру дең-гейін тексеру үшін сұрақтар қойыңыз:

— Заттарды ұзындықтарына қарап қалай са-лыстыру керек? (Ненің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.)

— Заттарды биіктіктеріне қарап қалай салысты-ру керек? (Ненің биік немесе аласа екенін білу керек.)

— Адамдарды бойларына қарап қалай салысты-ру керек? (Кімнің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.)

— Неге биіктік пен бой ұзындыққа жатады? Сендер қалай ойлайсыңдар?

— Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеуге болады. Барлығы үшін ортақ стандартты өлшем бірліктері керек пе? Қалай ойлайсыңдар? Неліктен керек?

Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
3004
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12