жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика 1 сынып.Түзу.Кесінді.Сынық сызық.
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: Түзу. Кесінді. Сынық сызық Мектеп:
Күні : Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:-
Оқу мақсаты: геометриялық фигуралар (нүкте, түзу, қисықтар, сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле) туралы түсінігі болады және оларды ажырата біледі.
берілген ұзындық бойынша кесінді сызады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар: Түзу. Кесінді. Сынық сызық
Тірек сөздер түзу;
кесінді; тұйықталған сынық сызық;
тұйықталмаған сынық сызық.
Сабақтың мақсаты: жіп;
екі қыстырғыш;
әр жұпқа А4 қағаздары;
әрбір оқушыға жез немесе алюминий сымдарының бөліктері.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Түзу, кесінді, сынық сызықты түсіндіру, олардың ерекшеліктерін көрсету және жазықтықта бейнелей білуге үйрету.
Түзу бір сызықтың бойында орналасқан көптеген нүктеден тұрады. Түзудің басы мен аяғы болмайды. Бір нүкте арқылы шексіз көп түзулер жүргізуге болады. Екі нүкте арқылы тек бір ғана түзу жүргізуге болады. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігін кесінді деп атайды. Ал нүктелерді кесіндінің ұштары дейді.
Сынық сызық — бұл геометриялық фигура, оны құрайтын кесіндінің алғашқысының соңы екіншісінің басы, екіншінің соңы үшіншінің басы және т.с.с. жалғас қан кесінділерден тұрады. Сынық сызықты құрайтын әрбір кесінді сынық сызықтың буыны болып табылады. Әр буынның соңы сынық сызықтың төбесі болып табылады. Түзу, кесінді, сынық сызықты салуда сызғыш қолданылады.
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға сыныптың немеседәліздің бос жерінде ойын ойнауды ұсыныңыз.
“Нүктелер” ойыны.
Көз алдарыңа елестетіңдер. Сендер нүктесіңдер. Бір-бірлеріңе жақын тұрыңдар.
— Қандай фигура шықты? (Сызық.)
— Сендер қандай сызықтарды білесіңдер? (Тұйықталған қисық және тұйықталмаған қисық.) Шетте тұрған оқушыларға жіпті ұстатып, оны тартып тұруды сұраймын.
— Оларда қандай сызық шықты? (Түзу.)
— Егер, біздің жібіміз бітпесе, сызықты әрі қарай жалғастыра беруге бола ма?
Оқушыларға түзудің басы мен аяғы болмайтыны туралы тұжырым жасат-н.. Оларды оқулықтағы ережемен таныстыр-н.
Түзу сызықтарды сана. Оқушыларға өз беттерінше түзулерді санап, қанша түзу санаса, қол дарындағы сонша саусақты көрсетуді ұсын-н. Олардың қандай түспен бейнеленгенін сұрап, Қосымша мынадай сұрақтар қоямын.
— суретте қандай сызықтар бейнеленген?
— Олар қалай аталады?
барлық кесінділерді тауып, оларды атауды ұсы н.. Қай кесіндінің ұзын екенін сұраңыз. Қосымша сұрақтар қоямын.
— АС кесіндісі қандай кесінділерден тұрады?
— Ең қысқа кесінді қайсы?
Жауабы:
үш кесінді: АВ, АС, ВС. Ең ұзыны: АС.
Оқушыларға жіңішке таяқшаны көрсет-н.Олар дан таяқшаны кесінді деп санауға бола ма?” — деп сұраймын. (Иә, оның екі ұшы бар). Одан кейін таяқшаны сындыруды ұсыныңыз. Сосын не істегендерін сұра н.(Таяқшаны сындырдық.) Оқушыларға мате матикада бұл фигураны сынық сызық деп атайтынын айтамын. Оқушыларға өз бетінше жұмыс жасау үшін жез немесе алюминий сымдарының бөліктерін қолдануды ұсын-н.. Алдын ала әрбір оқушыға жез немесе алюминий сымдарының бөліктерін дайындап қоямын..
Нұсқаулық бойынша жұмыс жасауды ұсын-н.
Сымды екі жерден бүгіңдер де, шыққан гео метриялық фигураны атаңдар.
Осы сынық сызық бөліктерін санаңдар. Олар қалай аталады?
Сынық сызықтың ұштарының санын санаңдар.
Сынық сызықтың екі ұшын бір-біріне қосыңдар. Қандай сынық сызық пайда болды?
Оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстыры ңыз. Сынық сызықтың буынының бір ұшы екіншісінің басы болатынына оқушылардың назарын аудар-н.
Шығарып көр. Оқушыларға жұппен жасалатынжұмыс ұсын-н. Тапсырманы жұпта талқылаған соң тақтаға шығып жұмысты сыныптағы оқушыларға айтып беруге шақырыңыз. Қосымша тапсырмалар беріңіз: 1) қай сынық сызықтың буыны басқаларға қарағанда артық; қайсынікі басқаларға қарағанда кем? 2) қай сынық сызықтардың буындарының саны бірдей?
Орындап көр. Оқушыларға топта талқылаудыұсыныңыз. Содан соң әр топтан суреттердің біреуін талдауын сұрап, Олардан суреттен қандай сызықтарды көргенін сұраймын.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Оқушыларды тірек сөздерді және “түзу, кесінді, кесіндінің ұзындығы, тұйықталған сынық, тұйық талмаған сынық, сынықтар буыны, сынықтардың ұштары” сөз тіркестерін оқулықтағы суреттермен жұмыс істегенде және белсенді жұмыс түрін жүргізгенде қолдануға жаттықтыр-н. Түзулер. Оқушылардан т үзудің ұштары болатынын болмайтынын сұрап, Берілген нүктелерде шектелмей, әрі қарай созылған түзулерді көрсететін үлгіні ұсыныңыз. Оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беремін. Сызғышпен жұмыс істеуге дағдыланбаған оқушыларға көмек көрсет-н. Оқушылардан оларда неше түзу пайда болғанын сұраңыз. Осы нүктелер арқылы тағы түзулер сызуға бола ма? Неге?
Кесінділер. а) Оқушыларға түзу бойында ретімен үш нүкте салуды және оларды әріптермен белгілеуді ұсын-н. Кесінділерді өз бетінше сана. Кейбір оқу шылардан тақтадағы кесінділерді көрсетуді және олардың атауын сұраймын. (Үш кесінді.)
ә) Тапсырманы рет-ретімен біртіндеп орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың сызғышты дұрыс қоюын қадағала-н.Содан соң жұпта өзара тексеруді ұсын-н.
Сынық сызықты жинақта. Оқушыларға алдын ала сынық сызықтың алғашқы буынының ұшы екінші буынының басы болатынын ескертіңіз, ал тұйық талған сынық сызықтың екі ұшы бір -бірімен сәйкес келетінін айт-н.. Тапсырманы өз бетінше орын дауды ұсын-н. Сызғышпен жұмыс істеуге қиналатын
оқушыларға көмек көрсет-н.
Сызықтар. Бұл тапсырма тез жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша ретінде берілген. Сондай-ақ бұл тапсырманы үй жұмысы ретінде ұсынуға болады.
Бағалау Оқушылар сабақ соңында:
түзу, кесінді, қисық, сынық сызықты ажырата біледі;
тұйықталған және тұйықталмаған сынықтарды ажырата алады;
түзу, кесінді және сынық сызықтарды сала алады.
Оқушыларға мына сөйлемдерді аяқтауды ұсы н
— екі нүкте арқылы тек қана ________ түзу жүргізу ге болады;
— кесінді — бұл екі жағынан ________ түзудің бір бөлігі;
— сынық сызықтардың құрамы — бұл ___________ .
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо йынша өзін-өзі бағалауды ұйымдастыр-н.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген