Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Математика 1 сынып.Заттарды көлемі бойынша салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
екі санды немесе затты, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________



Сабақ тақырыбы: Заттарды көлемі бойынша салыстыру Мектеп: №49

Күні : Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: екі санды немесе затты, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады;



ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамала-рын ажыратады; оларды өлшеу үшін құрал-дарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді.



Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар: суы бар шелек, бояулармен жұмыс істеуге арналған стақан;

көлемдерінде сәл ғана айырмашылығы бар біреуі биік әрі жіңішке, екіншісі аласа әрі жалпақ екі қорап, өлшемдері бірдей ойыншық текшелер (текшелер саны қораптың ішін толтыратындай мөлшерде болуы керек);



көрсетуге қажетті заттар: А4 пішімдегі қағаз парағы, түсті қағаздан қиылған үшбұрыш пен дөңгелек, компакт-диск, көлемдері әртүрлі ыдыстар;



әр оқушыға бір-бірден Рубик текшесі;

кесе, асқасық (саны сыныптағы оқушылар жұбы-ның әрқайсысына жететіндей).

Тірек сөздер көлем.



Сабақтың мақсаты: Ыдыстың ішіндегі толтыруға болатын кеңістік түсінігі арқылы көлем ұғымын енгізу; заттарды кө-лемі бойынша салыстыру.



Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер



Көлем — бұл ыдыстың және заттың ішіндегі сұ-йық, қатты және сусымалы заттармен толтыруға болатын кеңістік. Бұл сабақта оқушылар заттарды көлемдері бойынша салыстырады, яғни салыстыру үшін қандай өлшем керектігін анықтайды.





Сабақты екі ыдысты көрсетуден бастаңыз, мы-салы: стақан және бояулармен жұмыс істегенде су төгілмейтін арнайы стақан. Оқушыларға қай ыдысқа көп сұйық құюға болатынын анықтауды ұсыныңыз. Қалай істеу керектігін сұраңыз. Салыстыру жұмы-сын жұппен орындауға мүмкіндік беріңіз. Шешімі:бірінші ыдысқа су толтырып, екіншісіне құю. Егер онда бос орын қалса, демек бірінші ыдыс екінші ыдысқа қарағанда көлемі жағынан кіші және керісінше. Оқушылардан қандай қасиеттері бойынша салыстырғанын сұраңыз. (Оқушылар көлем деген сөзді білмеуі мүмкін. Олардың ойларын тыңдаңыз. Тек содан кейін ғана өзіңіз көлем деген ұғымды айтуыңызға болады.) Көлемі жағынан салыстырылғанын хабарлаңыз. Көлем — бұл сұйықпен толтыруға болатын ыдыстың ішіндегі бос кеңістік. Көлемді жұмсалған сұйық арқылы салыстыруға болады. Көлем ыдыстың сыйымдылық қасиетін көрсетеді. Оқушыларға логикалық сұрақ қойыңыз: көлемді салыстыру үшін әрдайым сұйықтық құю керек пе? Кей кезде ыдыстардың көлемін сырттай байқау арқылы салыстыруға болады. Мысалы: шелектің көлемі бөшкенің көлемінен кіші. Оқушылардан қандай заттарды көлем бойынша салыстыруға болатындығын сұраңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Олар тек сұйықтыққа арналған ыдыстарды атауы мүмкін.



Кіріспе тапсырма. Көлем қасиеті тек ыдыстарға ғана емес, басқа да сұйық емес заттарға да тән екені туралы түсінікті қалыптастыру үшін топтармен мынадай жұмыс ұйымдастырыңыз.



Қораптың да көлемін өлшеуге болады, себебі оған да заттар салуға болатынын айтыңыз. Ішіне сұйықтық құюға болмайтын заттардың да көлемі болатынын ескертіңіз. Көлем жағынан аздаған айырмашылығы бар екі қорапты көрсетіңіз. Екі қораптың көлемін қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Оқушыларға су құйылған стақан, дақыл салынған стақан және текшелер арасынан таңдау жасауды ұсыныңыз. Өлшем ретінде текше ыңғайлырақ екені туралы қорытындыға әкеліңіз. Текшелерді бетіне дейін толтырып бір қорапқа салыңыз. Содан кейін осы текшелерді екінші қорапқа салыңыз. Қай қорапқа текшелер көбірек, қайсысына азырақ сыйғанын сұраңыз. Қандай қасиеті бойынша салыстыру жүргізгенін нақтылаңыз. Көлем — бұл өлшенетін затқа қатысты өлшеуіштердің сыйымдылық қасиеті деген қорытынды жасаңыз. Егер зат сұйыққа арналған болса, онда кіші көлемді ыдыс өлшеуіш болып табылады. Егер зат сұйықтыққа арналмаған болса, онда кіші текшелер немесе басқа да заттар өлшеуіш болып табылады.

Құмыра мен қораптың көлемін тап. Тапсыр-маны бүкіл сыныппен орындауды ұйымдастырыңыз.



Оқулықтағы суреттерге қарап, мынадай сұрақ-тарға жауап беруді өтініңіз:



— Құмыраның ішіндегі кеңістікті немен толтыру-ға болады? (Шырын, су, т.б. сұйықтар.)

— Құмыраға неше стақан су сыяды? (8 стақан.)



— Құмыраның көлемі қандай болатыны жайында қорытынды жасаңдар. (8 стақан.)

— Қораптың ішіндегі кеңістікті немен толтыруға болады? (Текшелермен.)

— Қорапты толтыру үшін неше текше керек? (15 текше.)— Қораптың көлемі қандай? (15 текше.)



— Кесе мен текшелер өлшеу кезінде ненің қызметін атқарды? (Өлшеуіштер рөлін атқарды.)



Жауабы:



8 стақан; 15 текше.



Екі ыдыстың көлемін салыстыр. Тапсырманы жалпы сыныппен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқу-лықтағы иллюстрация бойынша әңгіме жүргізіңіз.



Жауабы:



а) А бөтелкенің көлемі Ә бөтелкенің көлемінен артық. Себебі, А бөтелкеге 6 кесе сұйық сыяды, Ә бөтелкеге 5 кесе сұйық сыяды.



ә) Б шелектің көлемі В шелектің көлемінен кем, себебі Б шелекке 3 бөтелке сұйық сыяды, В шелекке 4 бөтелке сұйық сыяды.



Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Берілген фигураның көлемін анықтау үшін әр фигураны құрастыруға кеткен кіші текшелердің санын санайды. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда сұрақтар қойып бағыт беріңіз:



Бірінші (екінші, үшінші) фигура неше кіші текше-лерден тұрады?



Жауабы:



7 текше; 6 текше; 8 текше.



Орындап көр. Берілген тапсырма оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тапсыр-маны жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар жұпта өздерінің рөлдерін бөліп алады. Біреуі құйып тұруы мүмкін, екіншісі неше қасық болғанын санап тұрады.



Жауабы:



кесе мен асқасықтың көлеміне байланысты шама-мен 25-30 асқасық шығуы мүмкін.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар



Заттардың көлемін салыстыру барысында оқу-шылардың сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтуына көңіл бөліңіз. Мысалы: “Құмыра 5 стақанға тең” деп айтуға болмайтынын ескерту керек. Дұрыс жауап мынадай болу керек: “Құмыраның көлемі 5 стақанның көлеміне тең”. Суреттегі әрбір екі ыдыстың ішінен көлемі үлкенін таңда. Ыдыстарды көз мөлшермен сырттай



салыстырып, қай ыдыстың көлемі үлкен екенін анық-тауы тиіс.



Ыдыстарды салыстырып, үлкенін тапқан соң оны қызыл түске бояйды.



Әр фигурадағы текшелерді сана. Оқушылар әр фигураның көлемін анықтап, нәтижесін сан-мен жазады. Содан кейін фигуралардың арасында көлемдері тең фигураларды табуы тиіс. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, пішіні әртүрлі фигу-ралардың көлемі бірдей болуы мүмкін деген қоры-тындыға келеді.



Жауабы:



а) 7 текше; ә) 8 текше; б) 7 текше.

а) және б) фигураларының көлемдері бірдей.



Қай ыдысқа көп су құюға болады?



Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар көлемі үлкен ыдысты бояулары керек.



Ыдыстардың көлемдерін салыстыр.



Оқушыларға тапсырманың мәтінін мұқият оқып шығуды ұсыныңыз. Осы үш ыдысты толтыру үшін қайсысына аз су қажет екенін анықтап, оны қоршап сызу керек.

Бағалау Оқушылар сабақ соңында:



көлем ұғымын ыдыстың ішіндегі кеңістік ретінде түсінеді;



заттарды көлемі бойынша салыстыруды меңге-реді.



Оқушылардың тақырып бойынша алған білім-

дерін сұрақтар қойып тексеріңіз:

— Шәйнекке 30 кесе су сыяды. Шәйнектің көле-мі қандай?



— Қораптың көлемі 20 текшеге тең. Қорапқа неше текше сыяды?



— Қалай ойлайсыңдар, көлемді өлшеу үшін бірдей өлшеуіш керек пе?



Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
664
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12