Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика 2 сынып.Жиын және логика элементтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қатыспағандар саны: Оқу мақсаты: деректерді жинақтайды, жүйелейді және толықтырады; қолда бар материалдарды пайдаланып кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________



Сабақ тақырыбы: Жиын және логика элементтері

Пиктограмма Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: -сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: деректерді жинақтайды, жүйелейді және толықтырады; қолда бар материалдарды пайдаланып кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастырады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар: А3 пішімдегі төрт парақ;

әртүрлі пішіндегі текшелер жиынтығы;

жемістердің муляждар жиынтығы;

көгөністердің муляждар жиынтығы;

пиктограммалар сызылған стикерлер.

Тірек сөздер пиктограмма.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пиктограммалармен таныстыру, мәліметтерді­ жинау дағдысын қалыптастыру, алған мәліметтерді жүйелеу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер



Пиктограмма — бұл белгі немесе бір нәрсені шартты бейнелеуде қолданылатын шағын кескін. Пик­ тограм­маны­ адамдар жазу болмаған кезде қолданған. Олар қазіргі заманда жол белгілерін, картадағы шартты белгілерде, ауа райының шартты белгілерінде және т.б. қолданылады. Мәліметтер жиынын көрсету үшін пиктограмманы қолдану өте ыңғайлы.Мысалы, жемістер жиынтығымен­ жұмыс істейтін­ топ алдымен барлық жемістерді бөлек-бөлек топтап жинап алулары тиіс: алмалар, алмұрттар,­ шабда­лылар­ және т.б. Содан кейін олар парақтағы бірінші­ бағанға жиынтықта бар алманы немесе сон­ша дөңгелекті бейнелеулері керек, содан соң екінші бағанға жиынтықта қанша алмұрт бар болса, сонша дөңгелекті салулары тиіс және т. б. Әр бағанды міндетті түрде таңбалап жазулары­ керек: алмалар, алмұрттар және т.б.

Осыдан кейін топтарға өз жұмыстарының нәти­ желерін айтуды ұсыныңыз. Топ мүшелері мәлімет­тер­ жазылған парақпен шығып, айтып береді. Оқушыларға­ мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Қай жемістер көп?

— Қай жемістер аз?

— Қай жемістердің саны тең?

Әр топ өз жұмыстарының нәтижесін көрсетуі тиіс. Оқушылардың парақтарда пиктограммаларды бейнелегенін айтыңыз. Олар берілген жемістерге ұқсатып бейнеледі. Олардан пиктограм­маларды­ қол­­ данып,­ нені білгендері туралы сұраңыз­. Оқушылардыоқулықтағы ережемен таныстырыңыз­.

Сүйікті жемістер. Мектеп оқушыларының бір тобынан­ сауалнама алынып, олардың қандай жемістерді­ жақсы көретіні туралы мәліметтердің мына пиктограммада (жемістердің суреттері) көрсетілгені туралы айтыңыз. Оларға суреттерге мұқият­ қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз­. Жауаптарды салыстыру үшін бірнеше оқу­ шыға сұрақтар қойыңыз:

— Оқушыларға жемістердің қайсысы ұнайды?

— Оқушыларға жемістердің қайсысы ұнамайды?

— Қай жемістер бірдей ұнайды?

— Саған қай жемістер бәрінен қатты ұнайды? Сен өз жауабыңды қай бағанға енгізер едің?

Жауабы:

6 оқушы алманы ұнатады.

4 оқушы алмұртты ұнатады.

3 оқушы апельсинді ұнатады.

6 оқушы бананды жақсы көреді.

Қатты ұнататын жеміс — алма мен банан. Онша ұнатпайтыны — апельсин.

Үстелді сана. Оқушылардан қай пик­тограмма­ үстелді білдіретінін сұраңыз. Сынып­та­ қандай түстегі үстелдер көп? Қандай­ үстелдер аз? Сыныпта барлығы неше үстел бар? Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Әр түсті үстелдерді­ санау, шыққан мәліметтерді салыстыру­ды­ ұсыныңыз. Тапсырманы жылдам орындаған жұптарға қосымша тапсырма беріңіз: түсі әртүрлі үстелдердің санын өсу және кему ретімен­ ататыңыз.



Жауабы:



барлығы 17 үстел, жасыл үстелдер аз, көк үстелдер көп.



Шығарып көр. Оқушыларға суретті қарап шығуды­ ұсыныңыз. Неше оқушының алма шырынын, нешеуі­ апельсинді, нешеуі шиені жақсы көретінін­ сұраңыз. Есептің сұрақтарына жауап беру үшін нені білу керектігін айтқызыңыз (алма, апель­син және шие шырындарын жақсы көретін оқушы­лар­дың­ жалпы саны). Оқушыларға осы санды табуды ұсыныңыз. Кейбіреулері пиктограммадағы элементтерді тізбектеп санайды, кейбіреулері қосу амалын қолда­­ нады. Оқушыларға есептің сұрағына жауап беру үшін уақыт беріңіз.



Жауабы:



сыныпта 5 оқушы қызанақ шырынын ұнатады.



Орындап көр. Оқушыларға зерттеу жүргізіп, күн­­ делікті­ өмірден пиктограммаларды табуды ұсыныңыз­. Олардың суретін қағазға салуды немесе суретке­ түсіріп алуды өтініңіз. Оқушылар пиктограммаларды қайда кездестіргенін және олардың мағынасын айтып бере алуы тиіс. Бұл тапсырманы үйде орындатыңыз.



Жауабы:

жол белгілері, қаптамадағы пиктограммалар т.б.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар



Сынып қабырғаларына және жиһаздарға көңіл күй, жол белгілері мен күн, бұлт, ерніне тақап ұстап тұрған саусақ және т.с.с. бейнеленген парақшаларды алдын ала жабыстырып қойыңыз. Топтарға сынып ішінде экскурсия ұйымдастырыңыз. Оқушылар пиктог­раммалары­ бар парақшаларды тауып, оны тақтаға өз топтарының нөмірі жазылған бағанға жапсыруы тиіс. Парақшалар саны көп топтың оқу­ шылары жеңіске жетеді. Оқушылардан әр пикто­ грамма нені білдіретінін сұраңыз. Таңғы ас. Айгүлдің отбасы таңғы асқа қандай тағамдарды жейтінін алдын ала сұраңыз. Әр тағамды жеке санап алып, шыққан санына сәйкес суретін кестеге салғызыңыз. Содан кейін жұпта жұмыс істеп, шыққан нәтижелерімен алмасуды және сөйлемдерді толықтырып жазуды ұсыныңыз.

Жауабы:

4 жұмыртқа, 2 йогурт, 5 печенье, 3 бутерброд,

3 стақан шырын. Таңғы асқа печенье көбірек желінеді. Ең аз желінетіні — йогурт.

Ауа райын бақылау. Алмас ауа райын бақылап, кесте құрды. Оқушылардан әр пиктограмма нені білдіре­тінін­ сұраңыз. Тапсырманы өз бетінше орын­ дауларына­ уақыт беріңіз. Содан соң жұптың құрамын ауыстырып, бірін-бірі тексеруді ұйымдастырыңыз.

Пиктограммадағы тапсырма. Оқушылар әр пик­ тограмманың­ нені білдіретінін анықтай алады және сәй­кесінше заттарды санауға берілген тапсыр­маны орындайды,­ мысалдарды шешеді, сәйкестікті­ табады және теңдік құрады.

Бағалау Оқушылар сабақ соңында:

пиктограмма ұғымының мағынасын түсінеді;

мәліметтерді пиктограмма түрінде көрсетеді;

мәліметтерді кестеде жүйелеуді меңгереді.

Оқушылардың жаңа сабақ материалын меңгеру­ деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойыңыз:­

— пиктограмма дегеніміз не? Оларды қайда кез­ дестіруге болады?

— Сыныпта қанша терезе, есік, шкаф бар? Оларды сана. Нәтижені қағазға пиктограмма түрінде бей­не­ леп сал. Өз пиктограммаларыңды пайдаланып мына сұраққа жауап беріңдер: сыныпта не көп: терезе­ ме, шкаф па, әлде есік пе?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өз-өзін бағалатыңыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1126
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12