Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
цифр сандар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған іс қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Боздақтарға тәу ету. Бүлдіршіндердің тілдік, сөздік қорын байыту. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Көрнекіліктер: ҚР Рәміздерінің суреттері, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев суреті.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

ҰОҚ барысы: Шеңберге тұрып «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.

Армысың, алтың күн,

Армысың, жер Ана.

Армысың, көк аспан,

Армысыңдар, достарым!

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі:

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді Қазақстан Республикасының гимнмен бастайық.

ҚР Гимн орындалады.

Сұрақ-жауап: Жыл ерекшеліктері:

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

3 ай бар

-Қыс айларын атайық?

Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Салқын, боран, аяз

-Үстімізге қандай киім киеміз?

Жылы киім киеміз

-Қандай ойындар ойнаймыз?

Сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз

Жарайсыңдар балалар!

Біз аспаны ашық, сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз. Ол ел –

Қазақстан

Біздің еліміз қалай аталады?

-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы

-Дұрыс, еліміз, Отанымыз, жеріміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады екен. Біздің тәуелсіздік алғанымызға биыл 26 жыл толып жатыр. Осы 26 жыл ішінде біздің еліміз Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Күні бүгінде Қазақстан Республикасын бүкіл әлем мойындады. Әр адамның өз Отаны, атажұрты, мекені, қонысы болады екен. Ал, біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады екен.

Балалар Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

1.Сагдиева Амина

2.Медина

3.Райымбек

4.Дінмухамед

-Елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?

-Касым-Жомарт Токаев

-Дұрыс айтасыңдар.

Желтоқсан айында бірнеше мереке бар. Олардың алғашқысы тәуелсіздік күні мерекесі екен.

-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?

-Ту, елтаңба, гимн.

-Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?

-Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс.

-Ел таңбамызда ненің бейнесі бар ?

-Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді. 

Азиза:

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес ұғып ал.

Сүйсіндірген өзіңді,

Түсіне біл таңбаны.

Ауызда ұшқыр төзімді,

Пырақ халық аманы.

Отан туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейікші.

Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

Отан оттанда ыстық.

Отанын саткан онбас.

Ойын: «Ұлттық киімдерді тап»

-Бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?

-Ия ұнады.

-Рәміздерді еске түсірейік

-Ту, елтаңба, гимн

-Тәуелсіздікке неше жыл толды?

-Тәуелсіздігіміз32жыл

Сонымен, біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды.

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

«Тәуелсіз елдің-ұланымыз!» ашық оқу қызметінен көріністер.















































МКҚК «Достық» балабақшасы















«Тәуелсіз елдің ұланымыз!»

13 «Балапан» ересек тобы




Тәрбиеші:

Сакишева Диана Юрьевна
















Көкшетау 2023ж




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2025
73
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11