Материалдар / Математика әлеміне саяхат

Математика әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне тәжірибе жинақтауға көмегі бар
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Математика әлеміне саяхат

Мақсаты: 

Білімділік: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру. Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру.

Дамытушылық: Математикалық ойлау дәрежесін арттыра түсу, білімін тереңдету, математикалық білімділігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Есептер шығарта отырып, жылдамдыққа,ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.


Бүгінгі біздің «Математика әлеміне саяхат» атты кешімізге қош келдіңіздер! Қатысушылар: 9 «А» сынып оқушылары.


1-жүргізуші

Армысыздар ағайын

Ағайын тілін табайын

2-жүргізуші

Бармысыздар бауырлар

Өкпе жоқ бізде бауыр бар

1-жүргізуші

Есенбісіз ұстаздар

Шаршамайтын қыс жаздар

2-жүргізуші

Ізетке ие ілінер

Інілер еті тірілер

1-жүргізуші

Кешке келген сайланып

Отырам деп жайланып

2-жүргізуші

Көрермендер аманба

Отырған анау ойланып

2-еуі бірге –бәріңізге бір сәлем

1-жүргізуші

Енді кешті бастайық

2-жүргізуші

Екеуміз асып саспайық

1-жүргізуші

Біз бүгін математика әлеміне саяхат жасаймыз.

Кел балалар саналық

Санап көріп алайық

Азайтайық қосайық

Бөліп қосып ойнайық

Бәрін біліп алыңдар

Дұрыс санау білмеген

Дұрыс есеп білмеген

Артта қалған өмірден

2-жүргізуші

Математика бұл пәннің өзі сандардан есептерден тұрады сол үшін сандар есептер әлеміне көз жүгіртсек .

Адамдар 25-30 мың жылдар бұрын санап үйренген. Алғашқыда олар сандарды ағашқа белгілеген. Келе-келе сызықшамен белгілеу тәсілі шықты.

1-жүргізуші

Бірнеше жыл бұрын Археологтар көне адамдар тұрған жерден қасқырдың сүйегін тапқан. Сол сүйекте 30 мың жыл бұрын аңшы 55 сызықша белгілеген. 5 сызықтан белгілеген. Кейбір сызықшалар 3.5.7 сызықтармен бөлінген. Міне біз сандар әлеміне саяхат жасадық енді есеп жайлы Ғалымдар жайлы айтатын боламыз.

Оған дейін бір көрініс тамашалап алсақ. Көрініс: «Математика сабағы».

2-жүргізуші

Әрине ғалым дегенде бірден ойымызға Пифагор, Рене, Декарт және т.б ғалымдар түседі. Математика ғалымдарының бәрінің есте жақсы сақталатын бір бір заңдары бар. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген. Әбу Насыр Әл-Фарабидің де математикаға сіңірген еңбегі зор.

Ғалымдар жайлы біраз нәрсе білген боларсыздар. Енді кезекті ойынға берсек. Гүлжаухар ойынды өзің өткізсең қайтеді

1-жүргізуші
Не болып қалды?

2-жүргізуші

Менің есеп шығарғым келіп тұр, осы шабытымды пайдаланбасам есеп шығара алмай қалам.

1-жүргізуші

Жарайды, бірақ келесі ойынды міндетті түрде сен жүргізесің.

2- жүргізуші

Жарайды келістік мен кеттім.

1-жүргізуші

Біздің бұл ойынымыз логикалық сұрақтар деп аталады.

Мен қазір сіздерге сұрақтар қоямын кім бірінші қол көтерсе сол оқушы жауап береді. Біздің жеңімпазға сыйымыз бар ал бастаймыз.

1) Бір тонна мақта ауырма әлде бір тонна темір ауырма? (екеуі тең)

2) Қатар тұрған 3 санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 ға тең. (1,2,3)

3) Барлық уақыт өлшемдері бола тұра ғасыр, жыл және сағаттан табылмай минут пен секундтан табылатын не нәрсе? (Н әріпі)

4) Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше тауык неше бұзау болуы мүмкін (2 бұзау 1 тауық)

2 –жүргізуші

Жас достарым

Мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы

Құрметтеуге лайық

Дүниедегі құбылыстың мәніне

Табиғаттың қозғалысы бәрінде

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де,- деп бір би тамашалайық 9 сынып қыздары .

1-жүргізуші

Ия бұл жолы еш қайда қаша алмассың бұл ойынды өзің жүргіз.

2- жүргізуші

Ия айтатын сылтауымда қалмады жарайды ойын болса ойын. Ендеше бастаймыз мен сіздерге логикалық жұмбақтар жасырамын.

  1. Көлден ұшты 50 қаз

Қайтіп қонды 20 қаз

Қонбады оның нешеуі

Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

  1. Аулада 60 үйрек

Қорада 20 үйрек

10 үйрек тығылды

10 үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

  1. 11 Түйе 5 жылқы

2 сиыр бір ешкі

2 қоян 3 түлкі

Болды сонда нешеуі? (24)

  1. 6 алманың екеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (4)

  1. Талдан ұшты көп торғай

Емес бірақ көп торғай

Алдында оның бастаушы

Артында оның қостаушы

Және тағы қарасақ

Қайта оны санасақ

Соңында біреу қап келді

Алдында төртеу көп келді

Үшеуі қатар жарысқан

Түзіліп үшеу қалыспан

Ойың жүйрік болса егер

Торғай нешеу есепкер? (5 торғай)

Ойын осымен тәмәм.

Би флешмоб .

1-жүргізуші

Келесі сайыс функциялар вальсі деп аталады. Бұл ойынның шарты әр қатысушының кеудесіне функциялармен сол функцияның графиктерін іліп қоямыз. Бізде вальс басталады. Билеп жүріп графиктердің жауаптарын тауып бір-бірімен вальс билеу керек. Кім жауабын дұрыс тапса сол ойыншы жеңімпаз атанады. Бастаймыз

Жеңімпазды құттықтаймыз келесі кезекте би 9б сынып қыздары .

2-жүргізуші

Ойын бізге 4 қатысушы қажет ойынның шарты математикаға байланысты мақал-мәтел айту қажет. Кім көп айтса сол жеңімпаз.

  1. Жүргізуші

Бұл ойын шатасқан сандар деп аталады ойынға екі топ қажет екі топта 4 адамнан болады, яғни бізге 8 қатысушы керек.

Ойынның шарты сіздердің кеуделеріңізге және арқаларыңызға сандар жапсырамыз. Сол сандармен есеп шығару керек мен есеп айтамын сіздер менін айтқанымды жазып сол есепті жауабымен жазу керек. Мен сіздерге баста демейінше бастамаймыз. 1- ші топқа мен айтам, ал 2-ші топқа Бибол айтады келістікпе олай болса бастаймыз.

1-ш топ

25+23=48 15+33=48 33+15=48

48-15=33 48-33=15 40-25=15

2-ш топ

13+40=53 18+35=53 35+13=48

53-18=35 53-35=18 53-40=13

Жарайсындар.

2-жүргізуші

Құрметті математика кешінің қонақтары. Сіздерге кешке қатысушылар және ұйымдастырушылар атынан көп-көп алғыс білдіреміз.

Сіздерді шын жүректен құттыктаймыз.

Қош сау болыңыздар!

10 Қаңтар 2019
826
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі