400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Мұндағы өлең - есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, достыққы, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 5 «А» және 5 «Ә» сынып

Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат!»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, достыққы, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, плакат, слайд, интерактивті тақта, стикер, маркер.


Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 5 «А» және 5 «В»  сынып оқушылары арасында өтетін «Математика әлеміне саяхат» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс жоспары:

  1. Таныстыру

  2. Сөзжұмбақ

  3. Жаңылмаймын

  4. Гүлдер тапсырмасы (есептер шығару)

  5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтел)

  6. Тапқырлар сайысы (логикалық сұрақтар)

  7. Сергіту сәті

  8. Қорытынды

Қолданылған нақыл сөздер: 
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. 
(К.Гаусс) 
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. 
(М.В.Ломоносов) 
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон) 

Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.- деп

Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
5 «А» сынып «Алғырлар» тобы 
1) Топ басшысы  - Жақсылық Нұрислам

5 «В» сынып «Білгірлер» тобы
1) Топ басшысы – Мусабаев Даулет


Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.
І. Таныстыру.
«Алғырлар» тобы

Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.


«Білгірлер» тобы

Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.




ІІ. Жұмбақтар 
Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызда қиналмай
сөзжұмбақты шешіп алайық.

Е кі
топқа сөзжұмбақ беріледі 2 мин ішінде

Қай топ неше сөз табады?











ІІІ . «Жаңылмаймын» 
30-ға дейін санау керек, 3-ке еселік сан орнына «жаңылмаймын» деп айту керек. Қателескен  оқушылар шығып қалады. 

ІV. Гулдер тапсырмасы (Есептер шығару)

Әр топтан оқушысы шығып өздеріне гүлді алып онда берілген тапсырмадағы есептерді шығарады.

Есептер:

  1. 2,13+7,1=9,23

  2. 7 - 0,25 = 6,75

  3. 2,38+12,4 =14,71

  4. 12,4- 9,35 =3,05

  5. 0,9 + 0,45 =1,35

  6. 41-32,5 =8,5

  7. 2,41 + 13 =15,41

  8. 45,3 – 8,07 =53,37

  9. 17,3 – 8,91 =26,21

V. Ойымды жалғастыр (Мақал-мәтелді жалғастыру). Екі топқа жалпы тасталады. Қай топ бірінші жауап берсе сол топқа ұпай беріледі.

  1. Жеті жұрттың тілін біл, .... түрлі білім біл. (Жеті-семь-seven)

  2. Білекті бірді жығар, білімді ...... жығар. (Мың-тысяча- one thousand) 

  3. Екі жақсы қас болмас, ...... жаман дос болмас (екі-два- two) 

  4. Досыңды үш күн сынама, ...... жыл сына (үш-три- three) 

  5. Бір елі ауызға – ....... елі қақпақ  (екі-два- two) 

  6. Отыз тістен шыққан сөз, ...... елге тарайды (отыз-тридцать-thirty)

  7. Білгенің бір тоғыз, білмегенің .......(тоқсан тоғыз-девяносто девядь-ninety nine) 

  8. ..... кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді. (Бір-один-one)

VІ. Тапқырлар сайысы (Логикалық сұрақтар)

«Алғырлар» тобына

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг) 
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) 
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ) 


«Білгірлер» тобына. 
1. 3 жұмыртқа 3 мин қайнап піседі, 5 жұмыртқа қанша минутта піседі?

(3 мин) 
2. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. 
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала ) 
3. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )



VІІ. Сергіту сәті

«Фигураларды ұтып ал!»

VІІІ. Қорытынды.

Әр топтың жинаған ұпайлары саналып, топ орындары анықталып, марапатталады.











Рефлексия

Мен, математика пәнінің мұғалімі Мамадярова Г.К , 2025-2026 оқу жылының 20.10.2025ж күні 5 «А» және 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Математика әлеміне саяхат» тақырыбы бойынша сайыс сабақ өткіздім. Әр сыныптан үлгерімі жоғары және орта 7 оқушыдан іріктеп алынды.

Сабақ басында жоспар бойынша әр топ ұранын айтып, топбасшыларымен таныстырды.

І топ 5 «А» сынып – «Алғырлар» тобы, топбасшы Исманов Ахрор.

ІІ топ 5 «Ә» сынып – «Білгірлер» тобы, топбасшы Ибадуллаева Мадина.

Жоспар бойынша екінші кезеңде сөзжұмбақтар жасырылды. Екі топқа сөзжұмбақ берілді 2 мин ішінде қай топ неше сөз табатынын анықтадық. Бұл тапсырмада «Алғырлар» тобы басым түсіп 12 сөзді тапты.

Үшінші кезең «Жаңылмаймын» ойыны ойналды. Ойынның шарты бойынша екі топ шаттық шеңберін құрып, кезекпен 30-ға дейін санайды, алайда 3-ке еселік сан орнына жаңылмаймын деп айту керек. Қателескен оқушылар шеңберден шығып отырды. Бұл тапсырмада да «Білгірлер» тобы басым түсті.

Келесі тапсырма «Гүлдер» тапсырмасы «Эстафета» әдісі арқылы әр топ тізбектеліп тұрып, кезекпен шығып гүлді алып ондағы тапсырманы тақтаға орындады. Тапсырма тартысты өтті және бұл кезеңде «Білгірлер» тобы өзін көрсете алды.

Келесі тапсырма «Ойымды жалғастыр» яғни екі топқа бірдей мақал жасырылып ондағы жоқ сөзді тауып үш тілде : қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тауып айтты.

Соңғы тапсырма оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыру мақсатында логикалық тапсырмаларды «Фишбоун» әдісі арқылы шығарды. Логикалық тапсырмаларды екі топта дұрыс орындап, түсіндіре алды.

Сарапшылар қай топ басым түскенін анықтап, ұпай санын есептеп жатқанда оқушылар сергіту сәті ретінде «Фигураларды ұтып ал» ойынын ойнады. Жіпке тізіліп фигуралар ілінді, екі топбасшының көздері байланып, фигураларды қолымен ұстамай қайшымен қырқу керек, ал қалған оқушылар оларға бағыт бағдар беріп отырды.

Жалпы сайыс мақсатына жетті, себебі сабақ өте қызықты, тартысты өтті. Әсіресе соңғы сергіту сәті оқушылардың қызығушылығын оятып естерінде қалды. Сайыстың қорытындысы бойынша 5 «ә» сынып оқушылары басым түсіп, 1-ші орын иеленді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 сәуір
16
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі