Математика бастамалары және шығу тарихы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика бастамалары және шығу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика өзінің туып, өрбу барысында тарихи дамудың ұзақ жолын басып өтті. Екі нүктенің ең жақын ара қашықтығы түзудің кесіндісі болатыны туралы және ең бастапқы сандар жайлы өте қарапайым білімдерден басталған математика өзінің қазір нақты пәні мақсаты әдіс-тәсілдері бар аса күрделі абстракты ғылымға айналып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі


«Математика бастамалары және шығу тарихы»

Жаксилыков Бекзат Бақытжанұлы, БҚЕ-24-9К3 тобының 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Әміртаева Жанар Нұрлыбекқызы

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі, математика пәнінің оқытушысы

Аннотация

В данной статье написано о происхождении и истории математики.

Annotation

This article is about the origin and history of mathematics.


Қазіргі ғылым, оның іргетасы – математика заманымыздың аса мәдени құбылысы, жалпы өркениетіміздің бөлінбес маңызды бір бөлігі болып отыр.

Мәдениет тарихын баяндауға арналған еңбектерде математика тарихына осы кезге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей жүр. Тіпті болашақ математика мамандарын дайындауды көздейтін университеттер мен педагогика институттарында да математика тарихы көп жағдайда өтілмей келеді.

Ғылым тарихын зерттеп білудің ғылымның өзі үшін де маңызы зор. Көрнекті математика тарихшысы Поль Таннедің сөзімен айтсақ, тарихтың бірден-бір түпкі мақсаты тіпті де бекер әуесқойлықты қанағаттандыру емес, оны зерттеп білу, сайып келгенде, болашақты нұрландыру деген. Мысалы тарихи тұрғыдан алып қарағанда, Ньютон ХVII ғасырдағы физика-математика ғылымдарындағы ең көрнекті тұлға. Оның еңбектеріне қазіргі кездегі жаратылыстану ғылымдарының көп саласы негізделеді. Ньютонның механикасы осы заманғы физикаға іргетас қалады, ол қазіргі астрономияның да негізін салушылардың бірі. Алайда ежелгі грек оқымыстылары – Архимед, Аполлоний, Птоломей еңбектері болмаса, одан кейін шыққан Галилей, Коперник болмаса, Ньютон болмас еді. «Мен жұрттан алысырақ көремін, өйткені мен алыптардың иығында тұрмын» - деп Ньютонның өзі айтқан екен. Ал Ньютон болмаса, ұлы Энштейннің физикасы дүниеге келмес еді. Осындай сабақтастықтың заңдылықтарын зерттеп ашып, ғылыми жұртшылық пен қалың бұқараға жеткізіп отыру – ғылым тарихы мен ғылым тарихшыларының негізгі міндеті. Кейбіреулер математика өте баяу дамитын, тіпті өзгермейтін ғылым деп қарайды. Бұл түбірімен дұрыс емес. Адамзат мұқтаждығын, қоғамдық прогресс талабын өтеу жолында математика ғылымы ұдайы дамып, кемелденіп келеді. Математиканың арифметика, алгебра, геометрия, математикалық анализ сияқты классикалық салаларына қоғам қажеттігін, прогресс талабын өтеу, сондай-ақ математиканың дамуының өзінің ішкі логикалық талаптарын қанағаттандыру барысында функциялық анализ, математикалық логика, математикалық статистика, кибернетика, хабарлар теориясы және толып жатқан жаңа салалардың қосылуы бұл айтқанымызды толық дәлелдейді. Бұл процесс қазір де толассыз жүріп жатыр. Математика өзінің туып, өрбу барысында тарихи дамудың ұзақ жолын басып өтті. Екі нүктенің ең жақын ара қашықтығы түзудің кесіндісі болатыны туралы және ең бастапқы сандар жайлы өте қарапайым білімдерден басталған математика өзінің қазір нақты пәні мақсаты әдіс-тәсілдері бар аса күрделі абстракты ғылымға айналып отыр.

Математика тарихы математиканың бір саласы болып есептеледі. Ол – математика дамуының объективтік заңдылықтары туралы ғылым. Осыған сәйкес математика тарихының көп мәселелерді қарастыруына тура келеді. Тарихи-математикалық зерттеулер:

  1. Математиканың дамуындағы фактілер мен мағлұматтар байлығын ашады;

  2. Математиканың практикалық мұқтаждығын және адам әрекеттерін, басқа ғылымдардың дамуын, қоғамның әлеуметтік және таптық құрылысы мен қатысын, байланысын ашуға тырысады;

  3. Математиканың логикалық құрылымының тарихи шарттылығын, оның өзгеру диалектикасын көрсетеді. Белгілі дәрежеде оның болашағын, перспективасын болжауға мүмкіндік береді.

Математика тарихының методологиялық негізі – диалектикалық материализм болып табылады.

Көрнекті математик А.Н.Колмогоровтың таратуы бойынша математика тарихын шартты түрде төрт дәуірге бөлуге болады.

Бірінші дәуір – математиканың туу, математикалық білім-дағдылардың, мағлұматтардың жиналу және қорлану дәуірі. Бұл жазба тарихқа дейінгі санаудан, алғашқы қауымнан басталып математика өзінің белгілі бір зерттеу пәні, мақсаты, әдістері, салалары барн дербес теориялық ғылым болып қалыптасқан (б.з.д. VI-V ғ.) грек математикасына дейін созылады. Бұл дәуірде математикалық негізгі ұғымдар, сандар, фигуралар т.б. қалыптасады.

Екінші дәуір – элементарлық математика дәуірі – б.з.д. VI-V ғасырлардан басталып б.з. ХVI ғасырымен аяқталады. Бұл кезеңде математикада бүтіндей дерлік тұрақты шамалар қарастырылады. Математиканың арифметика, алгебра, геометрия және тригонометрия деп аталатын дербес салалары пайда болады.

Үшінші дәуір – айнымалы шамалар математикасының туу дәуірі. Бұл кезеңде математиканың негізгі нысанасы, объектісі – процестерді, қозғалыстарды зерттеп білу. Бұл дәуір ХVІI ғасырдағы Декарт, Лейбниц, Ньютонның ашқан математикалық жаңалықтарынан басталып ХIХ ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Бұл аралықта математиканың бұрынғы салаларына аналитикалық геометрия, дифференциалдық және интегралдық есептеулер, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдық теориясы сияқты физика-математикалық, техникалық және басқа жоғары оқу орындарында оқытылып жүрген қазіргі математиканың классикалық негізі болып саналатын көптеген салалар қосылады.

Төртінші дәуір – қазіргі математика дәуірі. Бұл ХIХ ғасырдың бірінші жартысында ұлы математиктер Н.И.Лобачевский, Э.Галуа ашқан математикалық жетістіктерден басталады. Мұнда математика қамтитын кеңістік пішіндері мен сандық қатынастар мейлінше кеңейеді, бұл тұста сандар ғана емес, вектор, тензор, спинор тәрізді және басқа тектес шамалар қарастырыла бастайды. Кеңістік туралы ұғымның шеңбері кеңейіп, әр түрлі геометриялар (евклидтік емес) ашылады. Алгебраның мазмұны бүтіндей өзгеріске ұшырайды. Математиканың көптеген жаңа салалары қалыптасады. Математиканың өзін тарихи, логикалық және философиялық тұрғыдан негіздеу мәселесі қолға алынады; есептегіш машиналар пайда болады.

Математика грек тілінен қазақшаға аударғанда «білім, ғылым» деген мағынаны білдіреді. Ғылым тарауларын гректер «математ» деп атаған, осыдан математика деген термин қалыптасқан. Математиканың басқа ғылымдармен байланысын атап айту керек. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байланыстылығында дау жоқ. Ал тарихпен қандай байланысы бар? Тарих толығымен даталардан және соған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін математикалық ойлау қабілеті керек. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады. Әдебиетпен байланысы: көз алдыңызға логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіріңіз. Егер ол бір шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғаларды оңай еске түсіріп, шығарманың атын еске түсіре алады. Бейнелеу өнерінде де математиканың бар екенін көруге болады. Леонардо да Винчи Ф санын «Алтын қима» деп атады және осы санды ол өзінің суреттерін салғанда пайдаланды. Ренессанс дәуірінде суретшілер өздерінің суреттерінде үш өлшемді әсер жасау үшін математиканы қолданған. Ежелгі Грекия сәулетшілері Афиныдағы Парфенолды тұрғызу кезінде алтын тік төрт бұрыштарды пайдаланған.

Қорыта келе, шынында да математика өздігінен математикалық қүндылықтарды туғызбайды, ауруларды емдемейді, жер қойнауындағы байлықтарды ашпайды, машиналарды жүргізбейді. Бірақ оның қүнды пікірлері мен әдістерін үқыпты қолдану арқылы материалдық құндылықтарды сақтап қалуға, аурудың алдын алуға, жер қойнауындағы қазына байлықтың мөлшерін анықтауға оны қолданудағы экономикалық тиімділікті есептеуге мүмкіндік береді.Қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі, әр түрлі бағыттағы математикалык әдістерді қолданбаса ғылыми-прогрестің болуы мүмкін емес. «Математика барлық ғылымдар патшасы» деп Гаусс айтқандай математиканы да адамды сүйгендей сүйіп, адамды түсінгендей түсінген абзал.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Көбесов А., «Математика тарихы», 1993ж.

  2. Нұр Г.Қ., «Оқу үрдісіндегі математика тарихы», 2011ж.

  3. Серікбаева В.Е., «Математиканың пәнаралық байланыстары», 2007ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2025
112
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі