Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық тобына өткізген ашық сабағым.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалар пішіндер туралы білімдерін толықтыру, оларды ажырата атай білуге үйрету, пішіндерді бақылау арқылы айналдағы заттардың пішіндерін ұқсастығын салыстыра отырып, ажырата білуін және ой-өрісін жетілдіру. Балаларды дамыту ойындар арқылы математикалық түсініктері туралы білімдерін бекіту. Баланың логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен ізденушілігін қалыптастыру. Балалардың тілін жетілдіру,сөздік қорын дамыту.

Міндеттер:

Білімділік: - 1-10 ға дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту, геометриялық пішіндерді айырып,салыстыруларын бекіту.

Дамытушылық: - Балалардың логикалық ойлауыларын, есте сақтау мен шығармашылық қабілететтерін дамыту, тапқырлығын арттыру.

Тәрбиелік: - Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндердің суреті, слайд, 1-10 сандары, үлестірмелі материалдар, саяхат жасау, сұрақ қою, ойын,қиынды геометриялық денелер.

Әдіс-тәсілдер: санау,әңгімелеу,сұрақ-жауап, салыстыру,түсіндіру,ойын.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика, сурет.

Меңгерілетін сөздер: түрлі-түсті, шаршы,тіктөртбұрыш, қабырға,ауызша есептеу, қосу,санау.


Оқу

іс-әрекетінің кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотавациялық -қозғаушылық

Балалар шеңбер бойымен тұрады.

Тәрбиеші: -Сәлеметсіздер ме,балалар!

Қонақтармен сәлемдесейік!

Жылулық шеңбері

Армысың, ару күн,

Армысың, көк аспан.

Армысың, жер ана,

Армысың, қонақтар.

Армысың достарым,

Тілейміз, баршаңызға сәттілік!

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші, қане балалар мен сендерге жақсы тілектер айтайын.

  • Еліміз,аман болсын,бақытты болайық,нан көп болсын,аналарымыз аман болсын, достарымыз көп болсын!


Сұрақ-жауап:

  • Балалар қалдарың қалай?

  • Көңіл-күйлерің қалай?

  • Балалар біз қай Республикада тұрамыз?

  • Қазақстан туралы кім тақпақ айтып береді?

  • Бүгін қай күн? Жылдың қай мезгілі?

  • Балалар бір аптада неше күн бар?

  • Кім апта күндерің айтып береді?




Балалар келген қонақтармен амандасады.
















Жақсы.

Көңіл күйіміз өте жақсы.

Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Бүгін – Дүсенбі. Күз мезгілі.

7 күн бар.

Дүйсенбі,Сейсенбі,Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі,Жексенбі

Ұйымдастырушылық- ізденістік


Түсіндіру:

Сандар – бізге математика әлеміне келген, сол әлемге барғыларың келеді ме? Олай болса көздеріңді жұмыңдар.

Математика әлеміне келу.

Математика ханшайымы келіп балаларға қарап:

  • Сендер кімсіңдер? Қайдан келдіңдер?

  • Сендер қайда келгендеріңді білесіңдер ме?

  • Бұл- білім әлемі. Мен осы білім әлемнің- «Математика Ханшайымымын».

  • Сендер ойнауды,санауды жақсы көресіңдер ме?

  • Мен де жақсы көремін. Мен білімді балаларды өзіме шәкірт ретінде аламын. Менің шәкіртім болғыларың келе ме?

Олай болса менің мына тапсырмаларымды орындаңдар.

1-Тапсырма



Сергіту сәті:

Оң қолымда оң саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бәрін қоссам- он саусақ.

Көзге арналған жаттғу.

Ал енді Ө-дыбысын көзбен сызайық.



  • Иә,барғымыз келеді. Көздерін жұмады.


Біз балалармыз, Мектепалды даярлық тобынан келдік,- деп айтады.

  • Иә,дейді.



  • Иә, жақсы көреміз.




  • Иә, болғымыз келеді.







Сергіту сәтін барлығы бірдей тұрып орындайды.


  • Көзге арналған

жаттығуды орындайды.

Рефлекцялық-түзетушілік


Теледидардан «Сиқырлы сандар» - бейне сюжет көру.

  • Қорытындылай келе бүгін біз не істедік?Балалар қонаққа біз кім келді?

  • Тапсырмалар қандай болды?

  • Белсенді қатыс Жақсы ,балалар сендер өте білімді,ақылды және көп нәрсе біледі екенсіңдер. Менің сендерге әкелген сыйлығым бар.

Санамақтар айтып береді.

Сыйлық тарату. Көздерін жұмып, Бөлмелеріне оралады.

  • Сыйлықтар алады.

  • Балалар сабақ ұнады ма?

  • Өз көңіл күйімізді саламыз. (күн,бұлт,жаңбыр)

Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.




  • Ханшайым келді.

  • Тапсырмалар өте қызықты болды.





  • Көздерін жұмады.

Бөлмелеріне барады.

  • Сыйлықтарын алады.

  • Сабақ ұнады.

  • Көңіл-күйлеріміз күн дейді.



Күтілетін нәтиже:

Балалардың оқып-үйренуі: балаларға 1-10 көлеміндегі сандарды ауызша және жазбаша санай білуді үйрету, көп,аз таңбалары арқылы сандарды салыстыра біледі,геометриялық денелерді қазақ тілінде атауды үйреніп және сипаттайды,логикалық есептер шығару арқылы балалардың белсенділігін артады, есептерді дұрыс шығара білуді үйренеді.

Түсінігі: математика маңызды ғылым екенін түсінеді.

Іс-әрекет дағдылары: Балалардың математика сабағына қызығушылығн, сүйіспеншілігін ояту.


Сандар әлеміне саяхат

Жарияланды 19-01-2016, 16:39 Категориясы: Мектепалды дайындық 

Екібастұз қаласы, Шиқылдақ ауылы,
Комсомол жалпы орта мектебі даярлық тобының мұғалімі
Адилхан Жанаргул

Тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат 1 - 10 сандарды қайталау
Мақсаты: балаларды 1 - 10 сандарды қайталату, 10 санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін кеңейту, есептер шығаруға үйрету
Әдіс тәсіл; ой қозғау, сұрақ жауап, ойын тапсырмалар, т.б.
Көрнекілігі; 1 - 10 дейінгі сандар, 10 саны мен цифрының жазылу үлгісі, суреттер, таратпа карточкалар, сәбіз муляжы, математикадан арнайы дәптер,

Сабақ барысы;
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Армысың асыл күн
Армысың көк аспан
Армысың жан досым
Армысыз қонақтар!
Қызықтыру кезеңі; тақтаның алдында Себет тұрады
Балалар қараңдаршы, анда себет тұр ішінде не бар екенің көрейік пе? (Иә)
Балалар егер себетті ашқыларын келсе, менің тапсырмаларымды орындауларын керек
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(Қыс)
- Қыс мезгілінің ерекшелігі неде?
- жаңа жыл, аяз ата, күн суытады, боран, дала ақ түске айналады
- Бір аптада неше күн бар? (7) Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі
Балалар апта күндері туралы мына өлең жолдарын қайталайықшы

Дүйсенбіде - доп ойнадым далада
Сейсенбіде - серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде - сурет салдым сәндетіп,
Бейсенбіде - би биледім әндетіп
Жұма - күні жидек тердім
Сенбіде - кино көрдім
Жексенбіде - үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта
- балалар қанекей себетті ашайық па? Олай болса менің тапсырмаларымды орындап себетті ашайық
- Балалар қоян нені жақсы көреді?
Себетте сәбіз бар екен, қане кім санап береді?
- барлығы неше сәбіз екен? (10)
- Енді балалар осы сәбіздерден 1 сәбізді алып оның тапсырмасын орындайық

1 - сәбіздің тапсырмасы 1 - 10 дейінгі сандарды санау, 1 - 10 ға дейін тура және кері санау
2 - сәбіздің тапсырмасы «Шатасқан сандар» ойыны
шарты; балаларға 1 - 10ға дейінгі сандар таратылады. Музыка әуенің естігенде олар жүгіріп билейді, тоқтағанда 1 - 10 ға дейін сандар ретімен тұра қалады.
3 - сәбіз тапсырмасы 8, 9, 7 сандарының көршілерін атап беру
4 - сәбіз тапсырмасы алдарында тұрған қағазға 1, 10 дейін жазыңдар
5 - сәбіз тапсырмасы балаларға жеке жеке есеп карточкалары таратылады есеп шығару
6 - сәбіз тапсырмасы сендер шаршап қалған сияқтысыңдар 6 сәбізіне сергіту сәтін жасайық Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз

7 - сәбіз тапсырмасы бұл сәбізде логикалық есептер бар екен
Ағашта 5 құс отыр, оның 2 ұшып кетті ағашта неше құс қалды?(3)
Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы неше алма?(5)

8 - сәбіз тапсырмасы сандар туралы санамақ білесіңдер ме?
1 - дегенім білеу
2 - дегенім егеу
3 - дегенім үстел
4 - дегенім төсек
5 - дегенім бесік
6 - дегенім асық
7 - Дегенім желке
8 - Дегенім серке
9 - Дегенім торқа
10 - Дегенім оймақ

9 - сәбіз тапсырмасы дәптермен жұмыс
10 - тосын сый
Балаларға кәмпиттер тарату
Назарларыңызға рахмет!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.06.2018
785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11