Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Математика ғылымдар патшасы
Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
05 Маусым 2018
570
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Математика -ғылымдар патшасы
1.Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ,математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру ,алған білімін тереңдету.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге, жолдастыққа, алғырлыққа,белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
3.Көрнекілігі: Безендірілген зал,нақыл сөздер,карточкалық тапсырмалар,логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс, ойын түрінде.
1-жүргізуші: Cәлеметсіздер ме?
2-жүргізуші: Cәлеметсіздер ме?Оқушылар, ұстаздар және жиналған қауым!Бүгінгі Математика-ғылымдар патшасы атты математикалық сайысымызға қош келіпсіздер!
1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
2- жүргізуші: Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді,-дей сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады- деп ортаға сайысымызға қатысатын Архимед және Пифагор топтарын шақырамыз.
2-жүргізуші: Арифметика математиканың,ал математика ғылымдардың патшасы -деп Гаусс айтқан екен.
1-жүргізуші: Математика- барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те -деп Бэкон айтып кеткендей 7-сыныптың осы жарысқа арнайы жасаған математика ғылымдардың патшасы атты жобасына кезек берсек.
2- жүргізуші: Математика сайысының жоспары:
1.Сәлемдесу
2.Кім көп біледі
3.Тобыңды шыңға шығар
4.Құпиясын тап.
5.Кім жылдам?
6.Тапқырлық сайысы
7.Ойыңды жалғастыр
8.Жұмбақ
9.Красворд
1-жүргізуші: Сайыста жеңу үшін ,сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерін керек және тапсырмаларды орындауларын қажет.Әр дұрыс жауап үшін топ балл алады.
2-жүргізуші: Басталық ақыл- ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші.
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе-деп сайысымызды бастаймыз.
1-жүргізуші: Топтардың сәлемдесуінен бастаймыз Сәлемдесу бөлімі:
2- жүргізуші: Архимед тобынан бастаймыз.
1-жүргізуші: Кезекті Пифагор тобының сәлемдесуіне береміз.
1-жүргізуші: Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында-деп келесі кезекте Кім көп біледі ? бөліміне береміз.
2-жүргізуші: Архимед тобынан бастаймыз.
1.Амалдар таңбаларынан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылатын өрнек (жазу) қалай аталады?(Санды өрнек)
2.Жазықтықтағы геометриялық фигуралардың барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы қалай аталады?(Периметр)
3.Натурал сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал сан қалай аталады?(Ең үлкен ортақ бөлгіш).
4.Төрт қойдың неше аяғы бар?(16)
5.Бірлік кесіндісі берілген сәуле.(Координаталық сәуле)
6.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса қанша кг болады?(3 кг)
7. 3 пен 6-ның ең үлкен ортақ бөлгіші?(3 )
1-жүргізуші: Кезекте Пифагор тобына береміз.
1.Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?(Әріпті өрнек)
2.Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды қалай атаймыз?(Ең кіші ортақ еселік)
3.Бір жанұяның 5 ер баласы және олардың әрқайсысыны Әділқазы алқасына 2- сайыстың қорытындысын сұраймыз.
ң қарындастары бар.Жанұяның Мықты болсан – қанша баласы бар?(6)
4.Ұзындығы бірлік ретінде алынған кесінді.(Бірлік кесінді)
5.1 жұмыртқа 3 миутта піссе,4 жұмыртқа қанша минутта піседі?(3 минут)
6.4 пен 6-ның ең үлкен ортақ бөлгіші.(2)
7.Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр.Барлығы бөлмеде неше мысық отыр?(4мысық)
2-жүргізуші: Әділқазы алқасына 1- сайыстың қорытындысын сұраймыз.
1-жүргізуші: Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл тапсырманды алдағы -деп кезекті Тобыңды шыңға шығар сайысына береміз.
2-жүргізуші: Тобыңды шыңға шығар шарты бойынша әр топқа 7 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауап үшін 1 балдан беріледі.Әр топқа 5 минут беріледі. Сонымен Архимед тобынан бастаймыз.
1.Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш (квадрат)
2.0,2,4,6,8 цифрларын қандай цифр дейміз?(жұп сандар)
3.5-ке қарама-қарсы сан (-5)
4.20-ға 0-ді көбейтсек , қандай сан шығады? 0
5.5 үйректің неше аяғы бар?10
6.9 – дың квадраты .81
7.720-ны 9-ға бөлсек неше шығады? 80
1-жүргізуші: Пифагор тобы
1.1,3,5,7 қандай цифрлар дейміз? (тақ)
2. 8-ге қарама-қарсы сан? (-8)
3.17 қандай сан? (тақ)
4.кез келген санды 0-ге көбейтсек қандай сан шығады? 0
5.4 қойдың неше аяғы бар?16
6.15-тің квадраты?(225)
7.700-ді 20-ға бөлсек? (35)
2- жүргізуші: Әділқазы алқасына 2- сайыстың қорытындысын сұраймыз.
3-ші сайыс Құпиясын тап. Оқушылар адасқан әріптерді құрастырып математикалық мағынасы бар сөздер құрастырады
анс бешеңр
узтү метгеория
лельпарал луеәс
ларофму лшебкө
ұбшыр еңтуде
Кім жылдам? сайысында әр топқа 3-есептен беріледі.Әр дұрысжауапқа 2 ұпайдан беріледі.
1- жүргізуші: Мықты болсан – алдағыны басып оз,
Мықты болсан – арттағыны жеткізбе.!
Мықты болсан – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсан – бөгеттерді бұзып өт – деп келесі сайысымызда Тапқырлық сайысына (Логикалық есептер) кезек береміз.
2- жүргізуші: Бұл сайыста екі топқа ортақ 10 логикалық есептер беріледі.Қай топ бірінші жауап берсе сол топқа балл беріледі. Әр дұрыс жауап үшін бір балдан беріледі.
1- жүргізуші: Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады.Торғайдың қаншасы қалады? (10 Торғай)
2- жүргізуші: Мектепке келе жатқан 5 баллға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.Мектепке неше бала барды?(5 бала)
1- жүргізуші: Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр.Барлығы бөлмеде неше мысық отыр?
Бөлменің бөлмеде неше мысық отыр?(4-мысық)
2- жүргізуші: Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды?(Түйеқұс ұшпайды)
1- жүргізуші: Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен . Ал Ажар Жанардан үлкен болса,ең үлкені кім?( Ажар)
2- жүргізуші: Алманың жартысы неге ұқсас ? (Екінші жартысына)
жүргізуші 4 ұлда неше саусақ бар?(80)
2- жүргізуші Қораптағы шай кг.Неше қорап шай 1 кг шығады? 4
1-жүргізуші: Әділқазы алқасына 4- сайыстың қорытындысын сұраймыз.
2-жүргізуші: Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында

5-ші cайыс Ойымды жалғастыр.Мақал- мәтелдерді жалғастырады.
Архимед тобы
1.Жеті жұрттың тілін біл , (Жеті түрлі білім біл)
2.Білікті бірді жығар, (Білімді мыңды жығар)
3.Білгенің бір тоғыз, (Білмегенің тоқсан тоғыз)
4.жеті рет өлшеп, (Бір рет кес)
5. Бір елі ауызға, (Екі елі қақпақ )
6. Жүз сомың болғанша ,( Жүз досың болсын)
7.Отыз тістен шыққан сөз,(Отыз елге тарайды)
8.Екі жақсы қас болмас,(Екі жаман дос болмас)
9.Бір кісі қазған құдықтан,( Мың кісі су ішеді)
Пифагор тобы
1.Бір тал ексен, (Он тал ек)
2.Айдағаның бес ешкі, (Ысқырығын хер жарады)
3.Екі қошқардың басы, (Бір қазанға симайды)
4. Бас екеу болмай, (Мал екеу болмайды)
5.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Төртеу түгел болса , төбедегі келеді)
6.Күйеу –мың жылдық, (Құда жүз жылдық)
7.Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсан да, (Қарызыңнан құтыла алмайсың)
8.Бір жеңнен қол шығар, (Бір жағадан бас шығар)
9.Екі жарты –( бір бүтін)
Жұмбақ
Әр топ өз қарсыластарына 5 жұмбақтан жасырады.Әр жұмбақтың жауабы 1 баллдан беріледі.
1.Архимед
Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады. (Дәреже)
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан – жағыңа қарамай. ( Натурал сан)
Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ,қара қып бөлгенде
Бірін – бірі қуғандар
Ханы үшін де, жаны үшінде
Бермейді олар намысын. (Шахмат )
Күшіне сенген бір мықты
Жығып салды сегізді (шексіздік)
Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірін – бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да
Бір мәреге келмейді (параллель түзулер)
2.Пифагор тобы
Көк құтанша ақ айдында
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.(циркуль)
Оң сандарға қол шатырдай,
Қақпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтасң сен оны (квадрат түбір)
12 бұтағы бар алып емен,
52 шыбық тарап, өсіп өнген,
Шыбық сайын 7-ден жапырағы.
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген (жыл,12 ай, 52 апта,7 күн)
Дүниеде бүтін сан бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар, достарым айтыңдаршы (бөлшек сан)
Нүктеден екі сәуледен
Құрылған айтшы бұл не екен?(бұрыш)
Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)