400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«МАТЕМАТИКА ПӘНІ ӘДІСТЕМЕЛІК ОНКҮНДІГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ» Әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні мұғалімдеріне, әдістеме бірлестік жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

DrawObject1





Әдістемелік нұсқаулық Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің педагогикалық кеңесінде баспаға ұсынылған, №4 хаттама 04.01.2019ж.




Құрастырушылар:

Шахзадова Р.З. –«Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты математика пәні мұғалімі, математика пәні әдістеме бірлестігінің жетекшісі.

Исаева З.А –«Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты математика пәні мұғалімі


Пікір айтушылар:

Акылбекова Ж.С – «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Реңдібаева С. – Ордабасы аудандық математика пәндерінің әдіскері

Адилбекова Э.Т . – ОҚМПИ математика ғылымдарының кандидаты.








Ұсынылып отырған әдістемелік құралда білім беру мекемелерінде математика пәні әдістемелік онкүндіктерді ұйымдастыруға қойылатын талаптар, онкүндік барысында жүргізілетін жұмыс түрлері баяндалып, нақты ұсыныстар мен үлгілік жоспарлар берілген.

Әдістемелік құрал білім беру мекемелерінің басшыларына, әдіскерлерге, математика пәні әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, математика пәні мұғалімдеріне арналған.













МАЗМҰНЫ



Кіріспе .................................................................................................

4

І. Математика пәні әдістемелік онкүндігін ұйымдастыру

1.1.

Математика пәні әдістемелік онкүндігін жоспарлау технологиясы.................

6

1.2.

Математика пәні әдістемелік онкүндігін ережесі........................

7

1.3.

Математика пәні әдістемелік онкүндігін бағалау критерийлері мен талаптары ........

8

1.4. Математика пәні әдістемелік онкүндігінің жоспарлары мен математикалық кештердің үлгілері................................................

9-76



Глоссарий .................................................................................................. 79


Әдебиеттер .........................................................................................

80
























КІРІСПЕ

ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Әлемдік білім кеңістігінде білім беру идеологиясы «бүкіл өміріңнің білімі» принципінен «өмір бойғы білімге» ауысуда. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән білім алушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс екендігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілді.

«Бәсекеге қабілеттілік мәселесі- бұл ең алдымен сапа мәселесі»,- деп атап көрсетті Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты математика пәні бойынша білім сапасын жетілдіру мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Математика пәнін сапалы оқытудың негізгі мәселелері:

1. Қазіргі білім беру саясатына сәйкес келетін кәсіби құзыретті маман даярлау сапасын артыру;

2. Әр мұғалімнің өмір бойы оқуын және өздігінен білім алуын қамтамасыз ету;

3. Сапалы оқулықтар мен оқу құралдарының, әдістемелік кешендері мен орта білім беру мекемелерінде пән апталықтарының әртүллілігі   болуы;

4.Таңдау еркіндігін беретін бағдарлы оқытуды жүйелі жолға қою.

Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру аясында әдістемелік қызметті қайта қалыптастырылып, оған қойылатын талаптарға сай бағыттауда әдістемелік қызметті үйлестірушілерге зор міндеттер жүктеледі. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер мектеп мұғалімінің педагогикалық шығармашылық еркіндігіне мүмкіндік берді. Мектептің дамуы үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет.

Мектептегі математика пәнінің әдістемелік жұмыс формасының бірі – әдістемелік онкүндік. Бұл жоспар түрінің басқалардан айырмашылығы – бірнеше күн барысында мұғалімдер пән бойынша түрлі ашық сабақтар іс шараларын ұйымдастырып, өз әріптестерімен апта бойы тәжірибе алмасып өз тәжірибе қорыжындарын байытады, тың идеялар, түрлі әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Бүгінгі таңда мектепте өткізілетін математика пәнінің апталықтар мен онкүндіктері бір сарынды, дәстүрлі іс шараларды қамтып (ашық сабақ, көрме, сайыс сабақ, т.с.с.), көпшілігінде мұғалімдерді де, оқушыларды да ешқандай жаңашылдыққа, шығармашылыққа ғылыми ізденіске түсуіне жол ашпайды. Қалыптасып қалған бұрынғы дәстүрдің таптауырыныан шығалмай келуде

Білім берудің жаңа кезеңіне көшу жағдайында орта білім беру мекемелеріндегі математика пәнінің әдістемелік жұмысына көптеген, бірнеше өзгерістерді енгізу қажет деп есептеймін. Математика пән аптықтарына дәстүрлі іс шаралармен қатар әдістемелік жұмыстың жаңа формаларын, тәсілдерін ,түрлерін ,талаптарын, криитерилерін ендіру – білім сапасын көтеру мен білім алушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру кепілі деп есептеймін. Білім беру ұйымдарындағы математика пәні әдістемелік жұмыстың тәжірибесінде ұйымдастырылуы, мазмұны, мерзімділігі, жұмыс кезеңдері бойынша әдістемелік онкүндіктерінің әр түрлері кездеседі. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта математика пәні әдістемелік апталықты ұйымдастыруға қойылатын талаптар, оның ішінде нақты бір үлгілері сипатталып, онкүндік барысында жүргізілетін жұмыс түрлері баяндалып, мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтіледі. Сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына негіз болатын проблемаларға ұсыныстар, және онкүндікті өткізуде қолданылытын түрлі математикалық кештердің жоспарлары берілген. Ал бұл өз кезегінде педагогтердің теориялық және тәжірибелік құзыреттіліктерін арттырса, ал оқушылар үшін пәнге деген қызығушылығы артып, ғылыми тұрғыдан пікірлеп, шығармашылықпен айналысуға үлкен септігін тигізері анық.

Математика пәніне ұсынып отырған дәстүрлер мен жаңашылдықтардың салыстырмалы сипаттамасы мен жаңа ұсыныстар мен өзгерістерді төмендегі кестеде көрсетіп баяндауды жөн санадым.



І. МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ОНКҮНДІГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

1.1. Математика пәнінің әдістемелік онкүндігін жоспарлау түрлері

Кезеңдер

Мақсаты

Мазмұны

Қажеттілікті-талдаушылық

Кезең

Қажеттіліктерді анықтау

  1. Мұғалімдер және оқушыларды сауалнамалау: өткен оқу жылдарындағы өткізілген пән апталықтары туралы пікірлерін білу, олардың идеяларын, ұсыныстарын жинақтау

  2. Өткен жылғы пән апталықтарының талдауын қарап шығу

Ұйымдастырушылық кезең

Онкүндіктің жан-жақты, жүйелі жоспарын құру, күтілетін нәтижелерді болжамдау

  1. Апталықтың тақырыбын анықтау.

  2. Апталықтың мақсаттарын, міндеттерін белгілеу.

  3. Апталықтың жаңа моделін құру

  4. Міндеттерді бөлісу

  5. Апталық барысында өткізілетін іс шаралар жоспарларын, сценарийлерін әзірлеу, қажетті материалдарды жинақтау

  6. Марапаттау жүйесін қарастыру

Тәжірибе жасау саралау кезеңі

Жоспарланған іс шараларды жүзеге асыру, жүргізу

  1. Дәстүрден тыс сабақтар

  2. Сабақтан тыс іс шаралар

  3. Жұмыс сапасына аралық

Бақылау

Қорытындылау/ талқылыу кезеңі


  1. Материалдарды жинақтау

  2. Математика пәнінің әдістемелік бірлестік

отырысын өткізу

  1. Математика пәнінің әдістемелік кеңесінде талқылау

  2. Жаңа идеялар мен озық тәжірибелерді ұжымда насихаттау6 тарату








Сипаты

Мақсаты

Нәтижеде

Математика пәні әдістемелік онкүндіктің мақсаттары

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, методика алмасу, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушы біліміндегі бос білімді толықтыру




Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды өз бетінше шығармашылық қызметке тарту

Математика пәні әдістемелік онкүндіктің мазмұны

  • Ашық сабақтар

  • Көрмелер

  • Байқаулар

  • Ток шоулар

  • Ойындар

  • Семинарлар

  • Олимпиада

  • Фокустар

  • Логикалық гимнастикалар

  • Шебер сыныптар


  • Үздік пікірлер себеті

  • Озық тәжірибелер сатысы

  • Педагогикалық сахна

  • Кейс-стади тәсілі

  • Коучинг , Ток -шоу

  • Шебер-сынып

  • Қашықтық олимпиадалары

  • Әдістемелер қоймасы

  • « Идеялар галереясы»

  • «Мұғалімнің шығармашылық зертханасына саяхат»

  • «Баспалдақ құру»

Әдістемелік онкүндіктің өткізу формалары

  • Апталық /онкүндік

  • Әдістемелік қоржын

  • Фестиваль,конференция

  • Іскерлік ойын


Білім беру ұйымдарындағы математика пәні әдістемелік жұмыстың тәжірибесінде ұйымдастырылуы, мазмұны, мерзімділігі, жұмыс кезеңдері бойынша әдістемелік онкүндіктерінің әр түрлері кездеседі. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта білім беру мекемелерінде математика пәні әдістемелік апталықты ұйымдастыруға қойылатын талаптар, оның ішінде нақты бір үлгілері сипатталып, онкүндік барысында жүргізілетін жұмыс түрлері баяндалып, мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтіледі. Сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына негіз болатын проблемаларға ұсыныстар, және онкүндікті өткізуде қолданылытын түрлі математикалық кештердің жоспарлары берілген. Ал бұл өз кезегінде педагогтердің теориялық және тәжірибелік құзыреттіліктерін арттырса, ал оқушылар үшін пәнге деген қызығушылығы артып, ғылыми тұрғыдан пікірлеп, шығармашылықпен айналысуға үлкен мүмкіндік болмақ


1.2.

Математика пәні әдістемелік онкүндігін ережесі


1. Жалпы ережелер

1. Оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен танымдық дамуы үшін ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік-эксперименталды жұмыс шеңберінде мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттыру мақсатында әдістемелік бірлестіктерде жыл сайын мектепішілік онкүндіктері өткізіледі.

2. Математика онкүндігінің міндеттері:

  • ашық сабақтар өткізу, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру;

  • оқушыларды өзіндік шығармашылықпен жұмысқа тарту, олардың оқуға қызығушылығын көтеру;

2. Математика онкүндігін өткізу және ұйымдастыру

  • Онкүндігінің әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

  • Математика онкүндігінің тақырыптары мен мерзімдері ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында оқу жылының басында анықталады.

  • Өткізілетін іс-шаралар мазмұны апталықтың мақсаты мен тақырыбына сәйкестендірілуі керек.

  • Математика онкүндігін ұйымдастырушысы болып әдістемелік бірлестік табылады.

  • Математика онкүндігіне қатысушылары:

  • пән мұғалімдері;

  • мектеп оқушылары.

3.Математика онкүндігінің мазмұны:

  • пән бойынша дәстүрлі және дәстүрден тыс ашық сабақтар;

  • сыныпаралық сыныптан тыс іс-шаралар;

  • жалпы мектеп іс-шаралары;

  • ұжымдық шығармашылық жұмыстар;

  • оқу-тәрбие жұмыстарының басқа да формалары.

4.Математика онкүндігінің жоспарын түзу барысында ескерілетін мәселелер:

  • әдістемелік бірлестіктің барлық мұғалімдерінің шоғырландырылуы;

  • іс-шаралар мен сабақ өткізудің түрлі формалары;

  • бір ай бұрын әдістемелік жұмыстар бойынша директор орынбасарына апталық барысында өткізілетін іс-шаралар кестесін (күні, уақыты, жауапты тұлғалар нақты белгіленген) көрсету.

Шығармашылық апталықтың жоспар-кестесі әдістемелік бірлестік отырысында талқыланып, әдістемелік жұмыстар бойынша директор орынбасарымен келісіледі.

  • Онкүндіктің тақырыбы бойынша әр пән мұғалімі бір сабақтан кем емес ашық сабақ өткізуі керек.

  • Әр пән мұғалімі біреуден кем емес тақырыптық іс-шара өткізуі мүмкін.

  • Онкүндікті өткізу барысында мектеп бөлмелерінде көрнекі ақпараттар көрсетіледі.

5. Онкүндіктің қорытындысын шығару

  • Математика пәні бірлестік отырысында онкүндіктің өткізілу нәтижелері талқыланады.

  • Математика онкүндігінің нәтижесі директордың әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасарына келесі құжаттар түрінде тапсырылады:

  • Математика онкүндігін өткізу кестесі;

  • Математика пән олимпиадалары бойынша тапсырма мәтіндері мен өткізу нәтижесі хаттамалары;

  • ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жоспарлары;

  • Математика пәні онкүндігі нәтижесі туралы есеп, марапатталған оқушылар

мен мұғалімдер тізімі.

  • Озық-тәжірибесі таратылатын мұғалімдер өткізген іс-шараларының және сабақтарының жоспарларын мектепішілік тарату.

  • Онкүндіктің нәтижесі мектеп директорының қорытынды бұйрығында көрсетіледі.




1.3. Математика пәні әдістемелік онкүндігін бағалау критерийлері мен талаптары


р/с

Критерийлер

Талаптары

Ұпайлар

1.

Онкүндіктің тақырыбы

Тақырыптың өзектілігі

3 балл

2.

Онкүндіктің мақсат-міндеттері

Нақтылығы

1 балл

Өлшемділігі

1 балл

Қолжетімділігі

1 балл

Маңыздылығы

1 балл

Тақырыпқа сәйкестігі

1 балл

3.

Жоспарлау

Онкүндік ұйымдастырудың жаңа формасы

2 балл

Онкүндік іс шараларының жаңашыл формалары

2 балл

Іс шаралар ресурстарының қолжетімділігі

2 балл

ӘБ мүшелерінің қамтылуы

3 балл

Іс шараларға қатысушылардың белсенділігі, қызығушылығы

3 балл



4.

Онкүндік портфолиосы

Онкүндік ережесі, бұйрығы, жоспары

1 балл

Өткізілген іс шаралар жоспарлары мен сценарийлері

2 балл

Онкүндік талдауы

2 балл


Барлығы


25 балл

Онкүндіктің бағалаудың ең жоғарғы балл саны – 25. Қойылатын балдар санын дәстүрлі бағалау нормаларына сай келесі жүйеде көрсетуге болады:

- 20-тен 25-ке дейін – жоғары деңгей;

- 14-дан 19 %-ке дейін – орта деңгей;

- 10-ден 13-ке дейін – төмен деңгей;


1.4. Математика пәні әдістемелік онкүндігінің жоспарлары мен математикалық кештердің үлгілері


№1 «МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ – ЦИКЛДІК» ОНКҮНДІК ЖОСПАРЫ


№

Күні, уақыты

Өткізілетін шараның атауы (тақырыбы, пәннің атауы, тобы)

Ұйымдастыру түрі

Өтетін орны

1


Апталықтың ашылуы

 

Презентация

317 каб.

2


«Алтын сандық»

Математика пәнінен

Интеллектуалдық ойын 11 сыныптар

Кітапхана оқу залы

3


Мамандық таңдаудағы менің рөлім

Ата-аналар және оқушылар

Акт зал

4


«Тапқырлар сайысы»

Сыныптан тыс шара

Кітапхана оқу залы

5


«Логикалық есептер шешу сайысы»

Сыныптан тысіш-шара

317 каб.

6


Математика пәнінен «Ортогонал проекциялар. Перпендикуляр және көлбеу»

Ашық сабақ

408 каб.

7


«Инноваторлар алаңы» жастар қалашығы

10 сыныптар байқауы

Акт залы

8


«Брейнг-ринг»

6 сыныптар арасында

интеллектуалдық ойын

Акт залы

   9


Математика пәнінен ашық сабақ

Ашық сабақ

317 каб.

10


Ғылыми жобалар байқауы

Мектепішілік

219 каб.

11


SMART оқытудың тиімділігі

Шеберлік сыныбы

Кітапхана оқу залы

12


Математика пәнінен «Тригонометрические функции»

Ашық сабақ

408 каб.

13


Цилиндрдің көлемі

Шеберлік сыныбы

408 каб.






14


Біз және қоршаған орта

Коучинг-семинар

219 каб.

15


Онкүндікті қорытындылау, белсенділігімен көзге түскен оқушылар мен оқытушылардымарапаттау

Презентация

317 каб.




№3.Халық педагогикасын математика он күндігінде насихаттау.

Мақсаты: Оқушылардың санасына ұлттық құндылықтарды, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді бойына сіңіре отырып, математикамен халық педагогикасын кіріктірулерін оқушылар бойына сіңдіру.

 Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары — халықтық педагогиканы ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен яғни математикамен байланысын зерттеу.

Жоспар

№

Мерзімі

Тақырыбы

Іс-шара түрі

Өткізілетін орны

Өткізетін мұғалім

1


Он күндіктің ашылуы

Презентация

Спорт зал

ӘБ ЖЕТЕКШІСІ

2


«Тарихи мағлұматтар»ға шолу

Дөңгелек үстел

кітапхана


3


«Ежелгі рим цифрлары мен Рим математикасы»

Тарихшы этнографтар мен кеш



4


«Даналық мәйегі –мақал», мәтінді есептерді шешу

Ашық сабақ

№32


5


«Әлемнің 7 кереметі және математика»

Инттелектуалды ойыны



6


«Ұлы даланың 7 қыры және Тәуке ханның 7» жарғысындағы математиканың байланысы

Математикалық кеш



7


« Қасиетті 7 саны және тізбекті арифметика»

Арифметикалық прогрессия

Ашық сабақ



9


«Ұлттық ойындар математикада»

Кім жүйрік сайысы



10


«Ұлттық бұйымдар және Геометрия»

Сфера және шар

Ашық сабақ



11


« Қазақтың өлшем бірліктері»

Ашық сабақ








№3.КЕЙС - СТАДИ АМАЛ-ТӘСІЛІ НЕМЕСЕ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ЖАҒДАЯТТАР ӘДІСІ арқыла математика апталығын өткізу.



ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың көз ілеспес жылдамдық пен даму заманы, сондықтан уақыт талабына сай білімді де парасатты, жан дүниесі кемелденген, намысшыл ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетіндегі сөйлеген сөзінде «бізге интеллектуалды ұлт құру қажет. Халықаралық деңгейде бәсекеге түсетін эрудициялы адамдар керек» деген болатын.

Жаратылыстану пәндерді оқытқанда, алдымен, оқушының білім алуға деген талпынысын оятып алу қажет екенін жете білген жөн. Эрудициялы адамдар тобын құру үшін алдымен шәкірттердің бойына білім-біліктерін зердесіне қалай ұялатудың ұтымды жолдарын, әдістерін талмай іздеу – әр ұстаздың міндеті. 1592-1670 жылдары өмір сүрген чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский былай деп сұрақ қояды: «Ұстаз оқушыға өзінің тәсілдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет екенін ойлайтын біреу бар ма екен?»[2].

Шәкірттің қабілетін көру үшін білімді қызықтыра жеткізу қажет. Оқушыларға саналы, терең және берік білім беру үшін мен өз сабақтарымда кейс технологиясын пайдаланғанды жөн көрдім.

Кейс-стади амал тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі (метод конкретных учебных ситуаций) Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің шағын мектептерінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.

Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіген, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т.б. салаларда жемісті қолданылуда.

Кейс амал-тәсілі бойынша төмендегі функциялар жүзеге асырылады:

Мұғалім → бағыт-бағдар беруші;

Оқушылар → бірнеше микротоптарға бөлінуі;

Лидер → әр топтың жетекшісінің басшылығы;

Дерек көзі → тақырыпқа байланысты материалдарды алдын-ала

оқушылардың өздері ізденіп, тауып келуі.

Жағдаяттарға байланысты пікірсайыстар ұйымдастырылады:

1.Мұғалім оқушыға қарсы сұрақ қояды.

2.Мұғалім оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.

3.оқушы рольдік ойндарды көрсетеді.

4.Микротоптар немесе топ жетекшілерінің пікірталасы

Кейс біріңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш бөлімнен тұрады:

1.Кейс дайындау бөлімі → жаңа тақырып бойынша оқушылардың қосымша деректі өздері дайындап келуі (слайт көрсетілімдері, қосымша деректі материалдар);

2.Нақты жағдаяттар бөлімі → сөйлеу, сөз саптау, білімді жетілдіру үшін топтардың қақтығысын тудыру;

3.Кейске кіретін қосымша тапсырмалар → мұғалімнің немесе жалпы топтардың алма-кезек сұрақ-жауап кезеңі.

Кейс технологиясын қолдана отырып «Қазақ тіл және әдебиет» бөлімінің оқушыларымен өткізген сабағымнан мысал келтіре кетейін.

Онкүндіктің жалпы мақсаты:

  • Кейс амал – тәсілін пайдалана отырып, жаңа сабағымыздың тақырыбын ашып, оны жан – жақты талдап, ой туындататын сұрақтарға жауап іздеп, салыстырмалы түрде қарастырып, шешімдер қабылдау;

  • Мәселені шешу жолындағы берілген өмір тарихын баяндайтын материалдарға сілтеме жасау.

Мектептегі бес сыныптан тұратын 5 микротопқа бөлінеді. Әр топтың жетекшісі бар және сырттан бақылаушы (сарапшы) сайланды. Топқа берілген тақырып «математиканы меңгерудегі қиындықтар». Әр топта талқыланатын тапсырма тақырыптары төмендегідей:

І бөлім Математика тарихына шолу

1-сұрақ Математика қалай және қашан пайда болды?

2-сұрақ Математик ғалымдардың есімдері не үшін математика ережелері мен формулалары болып саналады?

3-сұрақ Әр сыныптағы негізгі формулалардың байланысы қандай?

4-сұрақ Неге геометрия бөлімін сызамыз және дәлелдеп сипаттама береміз?

5-сұрақ Математиканы оқудың түпкі мақсаты не мысал келтір?

ІІ бөлім Математикалық диктант

1. Геометриялық фигуралардың зерттелуі зерттелуі

2. Көне математиканың жанры

3. Математиканың көркемдік ерекшелігі,стилі

4. Алгебра және геометрияның айырмашылығы

5. «Ал-жабр вал мукобала» кітабына сипаттама



ІІІ бөлім Жалпы топтарға қойылатын ортақ сұрақ

а) Математикадағы ең қиын және ең оңай тақырыптар және олардың қиындығы мен қызықтылығы?

б) Есептің шарты белгісіз болса, онда қолданған көріктеу құралдары, көркемдік тәсілдер, сол есептерге тән бе?. Бұл ненің дәлелі деуге болады?

в) Математика Өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында суреттейді, көркемдеп, әсірелеп жеткізіп отырады деген қаншалықты рас. Мысалы:

г) Математикалық есептерді шығаруда, өмірдегі қажеттіліктер орнымен пайдаланылған. Мысалы:

Кестені толтыр

Формуланың немесе теореманың пайдаболған уақыты

Не үшін қажет болды

Нәтижеде неге қол жеткізді











Бұл берілген тапсырмалардың барлығын әр топтағы оқушылары өздігінен ізденіп, дербес жұмыс жасай отырып, қақтығыс тудырып, жауап береді. Бейне көрсетілімдер (слайт арқылы), нақты жағдаяттар келтіру, қойылған сұрақтың жан-жақты зерттелуі, болжам жасау әр топ үшін қызықты әрі тартымды болады. Сабақты бекіту көбінесе топ арасында алма-кезек сұрақ-жауап кезеңімен, пікірталас арқылы жүргізіледі. Ал қорытынды кезең, сарапшының әр топтың сұрақ-жауаптарын және өзінің қосымша толықтыруы арқыл жүзеге асады.

Нәтижесінде, білім алушы нақты жағдайды талдау бойынша мәселелі материал ұсынуды, жинауды, құрылымы жүйелі сұрақ қақтығысын тудыруды, талдау үшін нақты ақпаратты жан-жақты зерттеуді, ой туындататын мәліметтерді түсінікті тілмен жеткізуді үйренеді және өздігінен шешім қабылдау, оны салыстыруға, талқылауға мүмкіндік алады.

Демек, оқушылардың ауызша сөйлеу, шығармашылықпен жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал тәсілін қолдану – қазіргі білім беру талабына білім алушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.

Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетінін мойындауы қажет. Бұл – өте қалыпты жағдай. Өйткені, адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады



№4.«Математиканы оқыту әдісі» немесе эвристикалық әдіс математика апталығында.

Оқытудағы эвристикалық әдіс деп - әдістемеде негізін диалогтық (сұрақ-жауап) формасынадғы эвристикалық әңгімені түсіндіреді. Мұнда мұғалім оқушыға білімді, ұғымды бірден дайын түрде бермей, өз орнымен қойылған сұрақтар арқылы оларда бұрын қалыптасқан білімдерімен бақылаулары және өмір тәжірибесіне сүйеніп, жаңа ұғымға ережелермен дәлелдеуге және есептеудің шешімін өзгертіп келтіру керек.

1.Бағдарламалық оқыту.

 2.Практикалық-лабораториялық жұмыстар.

3.Оқушылардың өзіндік жұмысы.

Математиканы оқыту әдістері  кез-келген  басқа  білім салалары сияқты  үнемі даму, жетілу үстіндегі  ғылым. Бұл әсіресе оқыту  әдістемесіндегі  орын  алып отырған  өзгерістерден  анық  байқалады. Математиканы  оқытудың    қазіргі кездегі  ең басты  ерекшеліктері  мынадай:

1.Оқытудың барлық кезеңдерінде шәкірттердің  білім алу  белсенділігін арттыру. Мұнда  мұғалімнің  жәрдемімен  шәкірттердің  өздігінен білім ашуына аса  көңіл бөлінеді.

2.Оқу үрдісінде оқушылардың  математикалық  ойлау  интенсивтендіру, яғни оларды  математика  саласы  бойыншатеориялық  білім алу және рационал ойлаудың  негізгі  интенсивті  әдістерін  игеруге баулу.Оқыту  мұғалім  тарапынан, үйрету, ал шәкірт тарапынан  оқу, үйренуді қамтитын екі жақты үрдіс. Сондықтан да  оқыту  жемісі болу үшін бұлар арасында  әрқашанда  тура  және  кері байланыс болу  керек.

Оқытушы оқу  үрдісінің  жүруін  басқарып  отыру  үшін шәкіртте мұғалімге  ол  жөнінде  ақпарат  дер  кезінде жетіп  отыруы шарт. Тек  осындай  ақпаратты  ескере  отырып,  мұғалім  сабақ  үстінде  әр оқушының  оқуына білікті түрде  араласа алады. Бұл бағдарламалық  оқыту  идеясын туғызады.

1.Математиканы оқыту әдісін мұғалім мен шәкірттің оқып үйрену негізіндегі қызмет әрекет айырмашылықтарына қарай екі түрге бөлуге болады:1)Оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) – ақпараттық және оқушының қызметін басқару әдістері жатады. 2)Оқу әдістері (шәкірт әрекеті) – оқу материалдарын танып білу әдісі жатады. Математиканы оқып үйренудің әдістері деп оқушының өздерінің математика жөніндегі белсенді дербес тану әрекетін іске асыру ұйымдастыру тәсілдерін айтады. Бұл әдістер математиканы үйренудің ғылыми және оқу әдістері болып бөлінеді.

Біріншісі, математиканы ғылым ретінде зерттеп білуге құрал болады. Екіншісі, орта мектеп математика педагогикасында математиканы оқытуды күшейту үшін арнайы жасалған әдістер. Олар эвристикалық әдіс, модельдер арқылы үйрену әдісі және бағдарламалық әдістер жатады.Үйрену мен үйрету, оқу мен оқыту егіз жүретін үрдістер. Сондықтанда математика дидактикасында үйрету (оқыту) әдістерімен формаларына үлкен орын беріледі.Оқыту әдістері оқушыларға математикалық білім білік дағдылардың белгілі бір жүйесін беру болып табылады. Оқыту әдістеріне мұғалімнің үйретуші кеңесі, әңгімесі, дәрістері түсіндіру жаттығу ретіндегі өзіндік жұмысты басқару шәкірттің оқу әдебиеті мен жұмысына әсер етуі жатады.

Сабақтың түрі

Негізгі әдіс-тәсілдері белгілері

Қандай сабақтарда пайдалануға болады

Тиімділігі

1.Дәріс сабақ.

Сөздік әдісі оның ішінде лекция, пікірлесу, сұрақ-жауап.

Жаңа білім беруде материал мол күрделі қосымша хабарламаларға бай, әрі көп деректер беретін сабақтар бар.

1)мол беріп үлгереді; 2)әрі тыңдайды, әрі конспект жазады. 3)оқулықтан тыс хабарлар, деректер беріледі.

Семинар сабақ.

1)Семинар сұрақтары;

2)сұрақ-жауап; 3)Баяндама; 4)Ғылыми қосымша материалдар мен өздік жұмыс.

Қорытынды қайталау сабақтары және шолу тақырыптарда.

1)Өздік жұмыстарға баулиды. 2)Баяндама жасауға дағдыландырады, жинақы тұжырымды сөйлеуге дағдыландырады.

Конференция сабақтар.

1)Баянадама, лекция.

2)Сұрақ-жауап, сұхбат түріндегі пікірталас.

Үлкен маңызды тақырыпты қорытындылағанда

Пікір айта білу, сұрақ қоя білу. Қысқа нақты дәлелді пікір айту. Толықтыра білу дағдыларын жетілдіреді.

Сот сабағы

Сұрақ-жауап түсіндірмелі әдіс, тартыс айтыс, дәлелдеу.



Жәрмеңке сабақ

Концерт, инцинировка элементі бар көріністер. Халықтық педагогика әдет-дәстүрлерді сабаққа пайдалану.

Бекіту, дағдыларын дамыту, қайталау сабағы күрделі емес сабақтарда

Сатылатын заттарды ойын арқылы білімдерін қайталау, бекіту. Шығармашылық қабілетін дамыту.

Концерт сабақтар. Монтаж композициялық сабақтар.

Рольдерге бөлу арқылы көріністер көрсету.

Қорытынды, қайталау сабақтарында жаңа тақырыптарды игерту, үй тапсырмасын сұрау.

Дарынын, қабілетін дамыту. Өнер деп танып білу, шығармашылық жұмыстарға баулу.

Көкпар жарыс сабақтар.

Топтық, жұптық жеке жұмыстар сұрақ-жауап білім жарысына түсу. Білім сабағы

Білім сайысы кез-келген тақырыптарда өтуге болады.Алған білім- дерін бекіту

Алғырлық, ептілік, шапшаңдық, тапқырлыққа баулиды.т.с.с. Кокпар туралы түсініктерді тереңдетеді және ойнай отырып ойлауіс әрекетін жетілдіреді

Реферат қорғау, пікір қорғау іздендіру сабақтары.

Проблемалық сұрақтарға негізделген тапсырмалар проблеманышешу сол мақсатта іздену, салыстыру, қорытынды жасау.

Ерекше маңызды қызықты тақырыптарда оқушылардың өзіндік ойлауы ізденуін тақырыптарға шығармашылық бағытта қарау

Ғылыми жұмыстарға баулу зерттеу ізденіске жетелеу өз бетімен қорытынды жасай білуге, пікірлерін дәлелдей білу, дағдылану, реферат жазуға баулу.





№5.Блум таксономиясының жоғары үш деңгейін(талдау ,жинақтау, бағалау) зерттейтін математикалық-практикум апталығының жоспары.

Мақсаты: Есеп шығару барысында оқушыларды тұлғалық-бағдарлық оқытуға жағдай жасайтын мазмұндық және әдістемелік құрамдастарды айқындап алуға үйрету.

Оқушыларға математикалық ойлаудың жеткілікті түрдегі жоғары деңгейін қалыптастыру қажет. Ойлау мен есеп шығару үрдісінің тығыз байланыстылығын оқушыға сезіндіру қажет. Математикалық ойлаудын дамуы, жалпы ойлау мәдениеті ретінде қазіргі оқу-тәрбие мәселелерінің әрдайым басында тұрады, сондықтан, математика оқу пәні ретінде де, ғылым ретінде де ойлау әрекетінің дамуына өте маңызды ықпал етеді. Ойлау әрекеті көбінесе әр түрлі мәселе қоюдан көрінеді, есеп шығару барысында дамиды, сондықтан оқыту әдістемесі жөніндегі іргелі зерттеулерді талдау есептер жүйесін құрудың төмендегідей жоспарымен әдістемелік ерекшеліктерін ұсынамын.

Жоспар:

р/с

Зерттелу мазмұны

Тақырып

Откізу орны мен мерзімі

1

есеп мазмұнындағы мәліметтердің ғылымшылығы

Тригонометриялық функциялар

Сынып

2

есеп шығаруды үйретудің дамытушы сипаты;


Үшбұрыштар


3

есепті кәсіби түрде шығара білуді қалыптастыру мен дамытудың жүйелілігі және сабақтастығы

Мәтінді есептер


4

есеп мазмұнының кәсіби бағыттылығы

Теңдеу.Теңдеуді шешу


5

есеп мазмұнында мәселе көтерілуі;


Пирамида.(Геометрия сабағында)



6

есеп шығаруды үйретудегі саналылық пен мақсаттылық

Қатынас және Пропорция. Процент.


7

қолданбалы сипаттағы есептердің математикалық моделін құра білу;


Ықтималдықтар теориясы


8

есепті талқылау барысын әдістемелік жағынан сауатты баяндау, түсіндіру;


Пифагор.Фалес теоремалары


9

математикалық тапсырмаларды дәлелдеудің және есеп шығарудың әдіс-тәсілдерін білу, салыстырулар

Теңсіздіктер


10

жазып толтыру, сызу жұмыстарын мұқият орындау;


Функцияның графиктік тәсілмен берілуі.




"Есепті шығару" ұғымы ойлау психологиясын да, оқыту психологиясын да өзінде біріктіреді. Есепті шығару үрдісінде адамның ойлау қызметінің негізгі заңдылықтары көрінеді, сонымен қатар, бір мезгілде білімді меңгеру және қолдану үрдісі жүріп жатады. Ойлау бұл жағдайда бірыңғай, сонымен қатар, әр түрлі операцияларда өтіп жататын, өзінің формасы бойынша әр алуан қызмет болып табылады. Олардың ең бастыларына анализ (талдау) бен синтез (біріктіру) жатады. Анализ дегеніміз заттар мен құбылыстарды оларды құрайтын бөліктерге ойша жіктей отырып, сол бөліктердің елеулі белгілерін, қатынастарын және элеметтерін айқындап көрсету болып табылады. Синтез элементтер араларындағы елеулі байланыстар мен қатынастарды аша отырып, анализ арқылы жіктелгендерді бүтін етіп қайта қалпына келтіруге мүмкіндік жасайды. Белгілі бір амалдарды орындағанда ойлау операцияларының бірінің екіншісіне қарағанда біршама басым келетіндігі туралы ғана айтуға болады, өйткені оларды шектеп тастау мүлде мүмкін емес. Анализ бен синтез бірлікте, белгілі бір өзара байланыста өмір сүре отырып, есеп шығару үрдісінде біртұтас аналитикалық - синтетикалық қызмет атқарады. Сонымен, "есепті шығару" ұғымы — нақты құрылымы бар, күрделі динамикалық ұғым. Оның мінездемесі әртүрлі жәйттармен анықталады: үрдіс мақсатымен, түрлендірілетін ахуал мазмұнымен, шешудің қолда бар әдістері және тәсілдерімен, есеп мазмұны және оны шығару құралдарының өзара үйлесімділігімен, шығарылатын есептің нақты типі және түрімен.

Әрбір математика пәні мұғалімін қиңайтын ортақ бір мәселе оқушыларды есеп шығаруға үйрету. Тақырыпты оқушылар түгел түсінгендей программалық білім, білік дағдыларын игерген сияқты. Ал, бақылау жұмысының нәтижесі төмен. Мұның себебі не? Себептер жеткілікті.

Соның біразына тоқталып керейік.

1. Оқушы таңдап алынған әдістің берілген есепті шығаруга тиімділігін болжауды білмейді.

2. Оқушы есепті шығару тәсілін білгенмен оны орындау барысында қателіктер жібереді, яғни өздері жіберген қателерді іздеп табу жолдарын білмейді.

3. Оқушының математикалық, білімдері жүйесіз, оны қолдана білмейді.

4. Оқушы есепті шығаруға қажет әдіс-тәсілді білгенмен оны қай кезде қалай қалдану қажеттігін бімейді.

5. Оқушы есепті шешуге психологиялық тұрғыда дайын емес, яғни есептің «түрін көріп-ақ, оны шеше алмаймын», — деп алыдын ала болжап қаяды.

Осылардың бәрін жинақтай келіп оқушылардың есеп шығара білмеулерінің себебі — математикалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін білмеуі және оларды толық меңгермеуі деп айтуға болады





№6«Пифагор теоремасының ғажайыптары» атты математика пәнінің онкүндігін өткізу.


Мақсаты: Бұл тақырыптағы онкүндікті өткізудегі мақсат- білім алушыларға пифагор теоремасының математика пәніндегі алатын орнымен, шығу тарихын түсіндіріп, оқушыларға білім мен тәрбиені қатар беріп, теорияны тәжірибемен ұштастыру


№

Тақырыбы

Атқарылатын жұмыс

1

«Пифагор және оның ғажайып теоремас»

Баяндама: ғалымның өмірбаяны мен теореманың шығу тарихына шолу

2

Пифагор теоремасының түрлі қолданылулары

Есептер шығру

3

Пифагорға арнау

Жыр байқау

4

Пифагор сандары

Оқушылар шығармашылығы

5

Қызықты тарихи мағлұматтар

Баяндама жасау

6

Егіз ойлар мен егіз пікірлер.

Ток шоу

7

Ойлан, ізден ,тап! Пифагор есептері туралы сайыс

Практикалық тапсырмалар. (Бақылау жұмыстары)

9

Пифагор теоремасы қоршаған ортада

Сахналық көріністер

10

Ертедегі қызықты есептер

Практикалық тапсырмалар

10

Мараппатау.Апталықтың жабылуы.

Музыкалық бағдарлама


Үлгі:

«Ертедегі қызықты есептер» де Пифагор теоремасының қолданылуы.











а) б)


а) Ежелгі үнді есебі: Көл бетінен биіктігі жарты фут болатын әсем гүлді су өсімдігі бой көтеріпті. Ол жалғыз өсіпті. Бір күні қатты соққан жел гүлді басқа жаққа қарай бұрып әкетіпті. Таңертең ерте көлге келген балықшы су бетінен тек гүлі ғана көрініп тұрған әсем гүлді бастапқы өсіп тұрған жерінен екі фут қашықтықтан тауып алыпты. Сонымен сұрақ: көлдің тереңдігі қандай? (1 фут жуықтағанда 0,3 м-ге тең)

Шешуі:

Көл тереңдігі АС =Х болсын, онда AD = AB = Х + 0,5 .

ACB үшбұрышын қарастырсақ, Пифагор теоремас бойынша AB2 – AC2 = BC2,

(Х + 0,5)2 – Х2 = 22 , Х2 + Х + 0,25 – Х2 = 4, Х = 3,75. 3, 75 • 0,3 = 1,125 (м)

Жауабы: 3,75 фут немесе 1, 125 м.

XI ғасырдағы араб математиктерінің есебі

Өзеннің екі жағында бір-біріне қарама- қарсы екі пальма ағашы өсіп тұр.Біреуінің биіктігі 30сүймен, екіншісінікі – 20сүймен.Пальмалардың табандарының ара қашықтығы – 50 сүймен. Әр пальманың төбесінде құс отыр. Бір мезетте пальмалардың арасындағы су бетіне жүзіп шыққан балықты екі құста байқап қалып, екеуі де ұшып барып, бір уақытта балықты ұстады. Балық биік пальманың табанынан қандай қашықтықта көрінді?

Шешуі: АDВ: АВ2 =ВD2 +АD2 АВ2=302 +Х2 АВ2=900+Х2;

АЕС: АС2= СЕ2+АЕ2 АС2=202+(50 – Х)2

АС2=400+2500 – 100Х+Х2 АС2=2900 – 100Х+Х2.

Бірақ АВ=АС, сондықтан АВ2 =АС2 , 900+Х2 =2900 – 100Х+Х2, 100Х=2000, Х=20, АD=20.

Осындай есептерді бере отырып, геометриядағы көп есептерді шешуде пифагор теоремасының қолданылатынын көрсетіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып.,шығармашылық ізденістерге жетелеуге болады.




№7«Тәжірибеде жүзеге асып, нәтиже беретін математикалық жоба».тақырыбындағы математика пәнінің онкүндігі.

Мақсаты: Технология бойынша әдістемелік жүйенің басты компоненті – оқыту мақсаты болып қалады. Мұндағы мақсат – өздігінен білім алу мақсаты. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің жаңа компоненттерін тәжірибеде қолдана отырып жоба жасау мен зерттеу талаптарын енгізу.Білім мазмұнын деңгейлік түрде ұсыну дамыта оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беру, өйткені оқулық та тапсырмалар да деңгейленіп жасалған, оны біртіндеп деңгей бойынша меңгерту, және мұндағы білімнің кейбір жетекші элементтерін: фактілер, ұғымдар, ережелер, заңдылықтарды т.б. оқушылардың өздері анықтап, зерттеп, саралап ашады.

Жоба-дегеніміз «Әдістемелік жүйе мен дидактикалық үрдістің» бірлігі.Жобаны қорғау (мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, түрі, құралы) бұл оқытудағы сабақ жоспарына сәйкес келеді және ол арқылы нәтижеге жетелейтін оқушы мен мұғалім арасындағы жүзеге асатын процесс.



Жоспар:


№

Жобаның түрлерімен деңгейлері


Жас ерекшеліктері

1

Онкүндік ашылуы. Тақырыбы, мақсаты мен міндеті түсіндіріледі

Барлық сынып

2

Оқушылық деңгей

Пән мұғалімдер мен сыныптарды анықтау

3

Үйренушілік деңгей

5-6 сыныптар

4

Алгоритмдік деңгей

7-8 сыныптар

5

Эвристикалық деңгей

9-10 сыныптар

6

Шығармашылық деңгей

11 сыныптар

7

«Экономикадағы математикалық модельдеу»

11 сыныптар

8

«Бизнес - математика»

10 сыныптар

9

«Көрнекі геометрия»

8 сыныптар

10

«Қолданбалы математика»

9 сыныптар

11

Жобаларды салыстыру және қорытындылау

Барлық сыныптар

І. Оқушылық деңгейде бала мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды алдындағы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады. Өнімсіз – репродуктивтік деңгей – мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды.

ІІ. Алгоритмдік деңгейде мақсат пен шешілуге тиісті ситуация анық, оқушы бұрынғы жинақталған білімін пайдалана отырып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

ІІІ. Эвристикалық деңгейде мақсат ашық, ситуация түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді, яғни бұрынғы білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей - өнімді деңгей.

ІҮ. Шығармашылық деңгей – мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі.Деңгейлік тапсырмалардың алғашқы үш деңгейі мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейін құрайды. Төртінші деңгейде шығармашылық тапсырмаларын оқытушы жеке баланың қабілетіне қарай өзі құрастырады.

Қойылған мақсатқа жету үшін ҮӘЖ технологиясы оқыту сапасын оқыту мақсаттары мен нәтижелерінің арасындағы арақатынасы деп береді.


№8.«Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындайды» тақырыбында математика пәні онкүндігінің жоспары.


Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан, математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтауға емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі әлемдік тенденцияларға сәйкес мектептегі білім берудің жаңа басымдықтарын белгіледі. Олардың ішінде жетекші болып табылатын мектепте білім берудің сапасы Қазақстан Республикасының білім беру дамуының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, сонымен қатар 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады. Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет.
Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде.

Әрбір сабақ- мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушының есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Жаңа тәсілдер арқылы сабақты жоспарлау сабақтың структуралық құрылымына өзгеріс енгізе алады. Олар:

а) нәтижелі оқу еңбегіне уақыт көбейеді;

ә) сабақта жаңа материалды игеруге деген көзқарас күшейеді;

б) сабақ сұраудың жоспарлы және жүйелі түрі күшейтіліп, сапасы артады;

в) оқушының жас ерекшелігі мен психо-педагогикалық дамуы қатаң есепке алынады.



Жоспар:

№

Дағды

Іс-шараның атауы

Атқарылатын жұмыстар

1

Қызығушылық дағдысын қалыптастыру

Онкүндіктің ашылуы

Көрмелер ұйымдастыру

2

Математикалық дағдысын қалыптастыру

Қоршаған ортада пайда болатын және математикалық сауаттылық арқылы шешілетін мәселелерді тани білу;

Дөңгелек устел

6-7 сыныптар

3

Математикалық дәлел дағдысын қалыптастыру

Математикалық мәселе есептерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолданып шешу.

Спиральды сабақ

5-6-7 сыныптарда

4

Коммуникациялық,баяндау дағдысын қалыптастыру

Коммуникациялық дағды – математикалық мазмұндағы мәселелердің бәрінде ауызша, жазбаша түрде сахналастыру

Сахналық көрініс

8-9-10 сыныптар

5

Символдық, техникалық және формулалық тілдерді интерпретациялау дағдысын қалыптастыру

Символдық, техникалық және формулалық тілдерді түрлі интерпретацияда қолданып, практикамен ұштастыру

Практикалық, ашық сабақ.

7 сыныптар

6

Логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру

Негізгілер- математикалық компотенттілік негізгі математикалық түсініктерді ықтималдық теориясында қолдану


7

Функционалдық сауаттылққа бейімделу дағдысын қалыптастыру

Математикалық сауаттылық элементтерінің тақырыппен байланысын зерттеу

Ашық сабақтарда, саралау есептерін тереңінен қолдану

8

Шығармашылық дағдысын қалыптастыру

Онкүндікті қорытындылау

«Математикалық сауаттылық әлемінде бір күн» кеш өткізу


Математикалық сауаттылық ұғымына оқушылардың келесі қабілеттіліктерін шыңдау үшін осы онкүндікті ұймдастыру қажет деп есептеймін.

-Қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешілетін мәселелерді тани білу;

- Оны математика тілінде құрастыру;

-Бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолданып шешу;

-Шешімдерде қолданған әдістерді талдау;

-Қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижені түсіндіру;

-Нәтижелерді құрастырып жазу.

Әр тапсырма математиканың мына бөліктерінің біріне сәйкес келеді:

-сандар;

-кеңістік және форма;

-өзгерістер мен қатынастар;

-белгісіздік.

Сонымен бірге математикалық сауаттылық деңгейі математикалық құзіреттіліктің даму деңгейімен сипатталады. Ол үш деңгеймен сипатталады, яғни елестету деңгейі, байланыс орнату, ойлау деңгейі.

Сондықтан, оқыту мақсаты үшін математикалық сауаттылық аспектілерінің санын анықтау қажет. Мұндай аспектілер- негізгі және қосалқы.

Негізгілер- математикалық компотенттілік негізгі математикалық түсініктер. Негізгі математикалық ұғымдар тобының кейбіреулері, мысалы: ықтималдық, өзгеру мен өсу, тәуелділік пен өзара байланыс.



№9 Математикапәнінде «Lesson Study» тәсілін қоладну


Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Қазіргі уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда.

Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:

• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.

• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды.

• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.

• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.

• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.

• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.

• Lesson Study-ді талқылайды.

Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.

Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:

• әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;

• мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты

көруге;

• оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша

қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;

• Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және

топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға;

• Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде

қолдануға көмектеседі.

Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі, бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.

Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.


LessonStudy бойынша сабақты бақылау және таталдау картасы

Пәні ________оқу мақсаты_____________________

Мұғалім__________________сыныбы_______________

Бақылаушы____________мерзімі___________зерттеу сабағы№__________

Сабақ кезеңдері сабақты жоспарлау кезеңдерінде негізгі элементтерді сипаттау

Кейс оқушы____________________

Сабақтың жетістік кретерийі

Тапсырма Фокустағы оқушының болжамды жауабы

Фокустағы оқушының жауабын түртіп алу

Сабақтың бастапқы кезеңі



Сабақтың негізгі кезеңі



Сабақтың қорытынды кезеңі



Сабақтың жай кезеңінде және оқушылардан оқу тәсілінің тамаша әдісін байқадыңыз





Зерттеу сабағынан соң оқушыдан алынатын кері байланыс түрі



Бақылаудағы оқушыға сабақ соңында қойылатын сұрақтар

Саған сабақта бәрінен де ұнады?


Сен нені үйрендің?Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың


Оқытудың қай бөлігі сен үшін тиімді болады?


Егер дәл осы сабақ болса,нені өзгертер едің?








Әрбір зерттеу сабағының оқу мақсаттарндағы жетісітік критерийі бойынша кейс-оқушылар мен басқа оқушылардың жеткен

прогрестерінің қорытындысы


Оқушылар саны

Жетістік кретерийін орындағандар

Жетістік кретерийін асыра орындағандар

Жетістік кретерийін орындамағандар

Сіздің LessonStudyбойынша өткізген үш зерттеу сабағында




А кейс-оқушы




В кейс-оқушы




С-кейс-оқушы






САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ЖОСПАРЛАУ


Мүмкіндігінше, сіздің пәніңіз бойынша сабақ беретін және/немесе сіздің оқушыларыңыздың жасындағы оқушылармен жұмыс істейтін басқа мұғаліммен жұптасып жұмыс істеңіз.


Бірлесіп сабақ жоспарын жасаңыз, ол «Сабақты зерттеуге» кіруі мүмкін.


Төмендегі қадамдарды қолданыңыз.


  1. Оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында өз сабақтарыңызда сынап көргіңіз келген «оқыту/оқудағы жаңа тәсілді» айқындаңыз. Мысалы:


  • Белгілі бір критерийлерді пайдалана отырып, әріптестердің жазбаша жұмысын бағалау;

  • Топтық жұмыста дарынды және талантты оқушыларға топты басқаруды тапсыру;

  • Оқушылар жұптарының арасында диалогті ынталандыру үшін интернет-ресурстарды пайдалану т.б.


  1. Оқу жоспарының (тақырыбының) қандай бөлігінде бұл тәсіл аса ықпалды болатынын шешіңіз. Мысалы:


  • Мәтінді есептердітеңдеудің көмегімен шығаруды зерттеу;

  • Мәтінді есептерді шешуде қандай заңдылықтар бар екенін айқындаумен есептерді шығару;

  • Қазақстанның қай саласында болсын мәтінді есептің қолданылуын зерделеу т.б.


  1. Тақырыбына қарай, сіздің оқушыларыңызға лайықты, нақты күтілетін оқу нәтижесін айқындаңыз. Мысалы:


  • оқушылар затты, мәтін, сан, айнымалы, теңдеу туралы білуі тиіс. Олар мәтінді есептің мағынасы неге арналғанын білетін болады.


  1. Енді кейс-стадиға қосу үшін сіздің сабақтарыңызда оқушылардың түрлі топтарын көрсететін оқушыларды «іріктеп» алыңыз.

Бұл жазу сияқты пәнаралық дағдыларға қатысты немесе ғылыми терминологияны білу сияқты арнайы дағдыларға қатысты оқу үлгерімі жақсы, орташа және нашар оқушылар болғаны дұрыс.


Әр мұғалім өз оқушыларының таңдалған тақырыптар бойынша үлгерімінің динамикасы туралы білімін реттеу үшін «18-ресурс. Олардың оқу үлгеріміне сәйкес оқушылар моделі» кестесін пайдалану керек.


Осы материалдың соңында келтірілген сабақ жоспарының шаблонын пайдалана отырып, сабақ жоспарының а), b), c) және d) бөлімдерін орындаңыз.


Мысал:


a) Оқыту/оқудағы тәсіл

«Бірлесіп ойлау» мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтық жұмысты пайдалану

b) Тақырып (оқу жоспарының бөлігі)

Мәтінді есептер

c) Оқытудың нақты нәтижесі

Оқушылар гүлдеген өсімдіктерде тамыры, сабақтары, жапырақтары мен гүлдері болатынын білуі тиіс. Олар өсімдіктің әр бөлшегінің неге арналғанын білетін болады.

d) Сабақ

Оқушылар төрт адамнан тұратын топтарға бөлініп, мәтінді есептер құрастырады және қалай шешу керек жолын ойланады.

Сосын олар мәтінді оқиды, түсінеді,айнымалыны анықтайды, шешу жолын жазады.

Олар шешу жолын талқылайды және оларды қағазға жазады.


e) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (A)





f) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (B)





g) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (C)







Сабақ жоспарының шаблоны



a) Оқыту/оқудағы тәсіл



b) Тақырып (оқу жоспарының бөлігі)


c) Оқытудың нақты нәтижесі


d) Сабақ


e) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (A)


f) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (B)


g) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (C)





«Lesson Study» түсінігін қалыптастыру бойынша

мұғалімдерге өткізілгенкоучинг сабақ жоспары

Өткізілетін орны

Б. Нұрлыбеков атындағы ЖОМ, Деңгейлік кабинеті.

Өткізетін

II деңгей мұғалімі, мектеп тренері:Уябаева Н.

Коучинг тақырыбы

Lesson Study –іс-әрекеттегі зерттеудің тиімді жолы

Өткізілетін мерзімі

Сілтеме:

Lesson study әдісі
(II деңгей мұғаліміне арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар, интернет ресурстары)

Жалпы мақсаты:

Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.Пікір алмасу ба-рысындағы тең құқылы, ынтымақты серіктестік құру.

Білім алу сапасын арттыруда Lesson study әдісінің тиімділігі айқын-далады және тәжірибеге енгізуге бағыт-бағдар беріледі.

Күтілетін нәтижелері:

Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапа-сын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын;

Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзі-нің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады;

Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.

Нақты мақсат қоя алады;
Оқушыларды зерттей алады;
Бағалауды практикада қолдана алады;

Коучингта туындайтын негізгі идеялар:

1.Lesson Study-сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.

2.Lesson Study-мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамыту-дағы ынтымақтастық тәсілі.

3. Lesson Study – оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл.

Материалдар және ресурстар


Компьютер, интерактивті тақта, бейнежазба,үлестірме материалдар, маркерлер, стикерлер, плакаттар, тапсырмалар.


Коучингтің барысы


Коучинг кезеңдері мен тапсырмалар түрі

Атқарылатын жұмыстар

Ресурстар

Жағымды ахуал орнату 3 минут

«Видеороликті тамашалау». Жағымды психологиялық ахуалды орнату

А3 парақшалары

Топтарға бөлу

2 минут

Бүгінгі ауа-райын анықтайтын сын есімдер бойынша топқа бөліну.

Топ көрсеткіштер

Таныстырылым:

Кіріспе тапсырмалар

5 минут

«Lesson Study» әдісі туралы жалпы түсінік береді.(Лессон Стади жайлы слайдты тамашалайды Кіріспені презентация «PowerPoint» арқылы көрсету. Lesson study сабақтарын жоспарлау кезеңі.



Слайдтар


Жеке жұмыс.

"Түйінді он сөз"

3 минут

Мұғалімдер тақырып аясында ой түйеді.Әр мұғалім таныстырылымнан есте сақтаған түйінді ойды білдіретін 10 сөз жазады.

Стикерлер

Ой шақыру:

7 минут

«Пікірлер себеті». Қойылатын сұрақтар:

Lesson study туралы не білесіздер?

1/Берілген материалды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба?

2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны қамтып, бақылау жасауға мүмкіндік бола ма?

3. Берілген материал бойынша сұрақтарға барлық оқушы өз пікірлерін білдіріп, жауап беру үшін не істейсіз?

4. Мұғалімге өз сабағында барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік бар ма?

5. Қабілет дағдысы орташа немесе әлсіз оқушыларға көмек, қолдау көрсетуде қандай әдіс-тәсілдер қолданар едіңіз?

6. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты зерттеп, бақылауда басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасайсыз ба?

7. Сабақ барысындағы оқушының іс-әрекетін зерттеу сапалы білім берудің -кепілі деген пікірмен келісесіз бе? Неге?

8. Сыныптағы оқушыларды зерттеу барысында сізгі қандай іс-әрекеттерді жүргізу маңызды деп ойлайсыз?

«Пікірлер себеті»

Негізгі түйінді идеялар

5 минут

Lesson Study тәсілімен «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерде-леу» үдерісін іске асыру;
Бағалаудың түрлерін қолдану.

Мұғалімдер мұқият тыңдап, слайдтар арқылы түсінік алады

Интерактивті тақта, слайдтар

1 тапсырма (топтық жұмыс)

12 минут

Топтық жұмыс.

1 топ- Lesson Study қалай өткізіледі? Қандай мақсатпен?

2 топ- Ол қалай жоспарланады? Зерттеу үшін оқушылар қалай таңдалады?

3-топ - Lesson Study жүргізген соң ол қалай талқыланады?

Lesson study-ді қалай ұйымдастыруға болады және күтілетін нәтижелер» (постер дайындау)

Плакат, стикерлер, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар.

Бағалау

3 минут

Өзара бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек».

Топтар бір-біріне баға береді.

Стикерлер

Сергіту сәті

5 минут

Мінезді анықтауға арналған 5 минуттық тест

Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз. 


ИКТ, ноутбук

2 тапсырма

(топтық жұмыс)

15 минут

Lesson study кезеңдерін көрініс ретінде көрсету:

1 топ: жоспарлау кезеңі

2 топ : зерттеу сабағының кезеңі

3 топ: талдау, жүйелеу кезеңі

Тақырыпты өздері таңдап алып, жұмыстарын қорғайды.

Слайдтар

Бағалау

Өзара бағалау - «Бас бармақ» әдісі.

Топтар бір-біріне баға береді.


3 тапсырма

15 минут

«Бұрыштар әдісі»

1 топ - Lesson study сабақтарын өткізуді жақтайды,

2 топ – қарсы,

3 топ - саралайды

МАН, үлестірме материалдар

Бағалау

5 минут

Критерийлер бойынша бағалау


Қорытынды рефлексия

5 минут

Рефлексия .Топ мүшелеріне  сұрақтар қойылып, жауап алынады?

1.Коучинг –сессия басталғанда біз қандай әрекет орындадық?

2.Осы әрекетті сыныпта қолдануғабола  ма? Неге?

3. Біз  қандай  тәсілмен таныстық?

4.Сіз  өз мектебіңізде «LessonStudy»  тәсілін  жүргізермедіңіз? Неге?

5. Бірлесіп  зерттеу жұмысын жүргізер әріптес бар деп ойлайсыз ба?

Коучингіден алған әсерлерін ауызша талдайды.

Өз ой – пікірлерін стикерлерге жазып бағалайды.


Стикерлер





Шебер-сынып жоспары.

 
Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет. 
қалап қана қойған аз, оны жасау қажет.
 

И.В.Гете 
ТАҚЫРЫП: «Сабақ мақсаттарына қол жеткізудегі мотивация кезеңінің ролі»

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: Педагог қызметінің жалпы және  кәсіби құзырлығын  қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу.Шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету.Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі.Үйренушілердің қызығушылығын тудыру;Оқу материалдарын тиімді меңгеру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: қатысушылардың білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Әдіс-тәсілдерді өмірде қолдана алады.

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Шебер-сынып қатысушылары

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ: ұйымдастыру, мақсаты мен міндетін таныстыру, табыс критерийлерін белгілеу, сабақ ұранымен таныстыру, топқа бөлу, топтарға арналған тапсырмалар жүйесін беру, қосымша мәліметтермен, нұсқаулық материалымен таныстыру, рефлексия жасау, кері байланыс

ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР: Тренинг, “Блум таксономиясы», SMART, «Сәйкестіктер», «Сабақ мақсатын құрастыру», формативті бағалау түрлері

ҚҰРАЛДАР: актив тақта, презентация, постерлер, мәтіндер жазылған парақтар, А-3, А-4 парақтары, маркер, қалам 

Шеберлік сыныбының   жүргізілуі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. Мен Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Уябаева Нұршагул Серикбаевна және әріптесім Исаева Закура Амирхановна.. Презентация арқылы шебер сыныптың мақсаты мен міндетін, сабақ ұранын хабарлау.


Тренинг - психологиялық ахуал туғызу. ( Бейне жазба көрсету)

Тренер-мұғалім:  «сандар топтамасы» ( 3адам шығады, олардың қолдарына ұстатып –«бірденеге үйреніңдер» деп айтылады) 

Сұрақ: Нені байқаймыз?Алдарына мақсат қойылмады! Мақсат толық айтылмады, мақсат нақты қойылмады, мақсат анық және түсінікті болмады, мақсат қолжетімді болу керек. 

Сұрақ: Құрметті әріптестер! Оқушыларға сабақтың мақсатын неге түсіндіру қажет деп ойлайсыздар ? 

Жауап.

1. Бүгінгі сабақта не біледі, не білді, не білу қажет екенін ұғындыру үшін.

2. Жаңа білімге баланы ынталандыру үшін.

3. Оқушыны белгілі бір көлемде алатын білім, білік дағдыларын қалыптастыру үшін.

4. Оқушының өзін-өзі бағалауы үшін. 

Заманауи мектептегі 
сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленуі тиіс. Сабақ мақсаты нақты, көрсетілетін және өлшенетін болуы керек. Мысалы: білімін жинақтау мен жүйелеу, дағдыларын нығайту, өзін бақылау мен ұқыптылықтың дағдыларын дамыту болуы мүмкін. Бұл мақсаттар жеткілікті дәрежеде күрделі. 

Сабақты сабақ соңында барлық оқушылар мақсатқа жеткеніне сенімді болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Мұндай мониторингтің нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынуына болады. Сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда өз қатеңді дұрыстауға және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеу қажет. Мақсатқа жету «иә» және «жоқ» бағаларымен анықталады. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің!
Сабақ мақсатын белгілеудің өзі мен үшін жаңалық болды. Дәстүрлі оқытуда оқытудың үш мақсатын білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын қою қай мұғалімге болмасын қиынға түскені анық. 1981 Джордж Доран енгізген Smart мақсат - спецификалық, нақтылы, өлшеуге болатын, қолжетімді, шындыққа негізделген, белгілі бір уақыт аралығымен шектелген қасиеттерімен сабақ мақсатының мәнін аша түсті. 

Мақсат қоюға SMART талаптары: 

S Спецификалық, нақтылы. Яғни не нәрсеге қол жеткізу қажет 

M Өлшеуге болатын, яғни мақсатқа жеттік деп айта алатындай болуы керек 

А Қолжетімді. Яғни іс-әрекетке негізделген. Себебі нақтылы қандай іс-әрекет өзімізге қажет нәтиже беретінін түсінуіміз қажет. 

R Шындыққа негізделген. Яғни қойылған мақсатқа жете алатындай 

T Нақтылы мерзімі және мақсатты жүзеге асыратын орынды құралдары болуы керек 
 

математикадан «Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу» тақырыбы бойынша: 

Сыныптағы оқушылардың кем дегенде 80 пайызы(орта) координаталық түзуді кескіндей алуы), 5 минут ішіндеоң немесе теріс бағытқа қарай жүргізуді ешбір қатесіз анықтай алуы керек (деңгей) анықтаған бағыт бойынша бірлік кесінділерді санап мәнін жазу керек(әрекет). 

Тапсырма: Берілген мақсаттарға талдау жасап, мақсаттардың ішінен қайсысы мұғалімге, қайсысы оқушыға бағытталғанын анықтап жіктеу. 


1.
«Теріс рационал сандарды қосу» тақырыбының ережесін жаттау. 


2.Оң сандар мен теріс сандардың айырмашылығын түсіндіріп таныстырып, мысалдар келтіру. 


3.Тақырып соңындағы кестені жұмыс дәптерлеріне толтырып келу. 


4.Өмірмен байланыстыру арқылы теріс сандардың маңызын танып білу. 


5.Суреттер және мысалдар арқылы теріс сандардың қатарын жазу. 


6.Оң сандар мен теріс сандарды кестеге жаз. 


7.Таңбалары бірдей рационал сандарды қосу мен таныстыру. 

8.Таңбалары әр түрлі сандарды өсу және кему ретімен жазуды көрсету


Психологиялық тренинг «Мен қандаймын?»  

Мұғалімдер 1-ден 10-ға дейінгі сандарды бір мезгілде екі қолымен жазуы керек: мәселен, оң қолымен де, сол қолымен де «1» санын, одан кейін «2» санын және әрі қарай жалғастырып. Жазу барысында қалай жазылғандығына (әдемі, нашар) назар аудармау керек. Содан кейін олар жазғандарының ішінен жазылуы бір-біріне ұқсас бір жұп санды таңдауы керек.  
Оқытушы енді мұғалімдерге олардың жеке бастарының қасиеттерін сипаттайтын келесідей тізімді оқып береді:  
- егер «1» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар – 
эгоистер дегенді білдіреді;  
- «2» сандарының ұқсастығы бұл адамдар 
іскер адамдар, болашақ басшылар екендігін меңзейді;  
- егер «3» сандары ұқсас келсе, онда бұлар - 
бейбіт өмірді жақтайтын, әрқашан да  
бітімге 
келе білетін адамдар;  
- егер «4» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар - 
өздері өз басына қиыншылық  
туғызып, оларды өздері жеңе білетін адамдар;
  
- «5» сандарының ұқсастығы бұл адамдар 
ақылды екендігін көрсетеді;  
- егер «6» сандары ұқсас келсе, 
онда бұлар өз  
жынысының озық өкілдері: нағыз еркек немесе нағыз әйел;
  
- егер «7» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар 
жан-жақты дамыған;  
- егер «8» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар 
қауіпті дегенді білдіреді;  
- «9» сандарының ұқсастығы бұл адамдарға 
сенім артуға болады дегенді білдіреді.  
Әрине, бұл жерде мұндай тестердің барлығы да әзілге негізделетіндігін ұмытпау керек 

Мақсат туралы

1.Мақсатқа жеткісі келген адам оны жақсы білуі керек.

2.Өлшенетін нәрсе ғана өнімдірек жасалады. 

3. Жоспарлаған адам ғана жақсы ұйымдастыра алады. 

4.Мұхитты жүзіп өту үшін кемені өзің жасауың керек. 


Б.Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категориялары. (Слайд көрсету)

Блум, Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) –америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы.
1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған. 1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарды: «Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу». 



Білу 


Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз. 


1-2 ұпай

Тамаша! 

Бәрі есіңде екен!

Не деген есте сақтау қабілет!


Түсіну 


Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен ай
тыңыз. 


3-4 ұпай 

Жақсы жұмыс

Сенің қолыңнан келетініне сенгенмін!


Қолдану 


Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз. 


5-6 ұпай 

Қабілетің ерекші!

Жарайсың тамаша жұмыс!


Жүйелеу (талдау) 


Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз. 


7-8 ұпай 

Талабыңа нұр жаусын!

Кереметсің, сенің қолыңнан келетінін білгенмін!


Жинақтау (топтау) 


Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз. 


9-10 ұпай

Мен күткен нөтиже!

Үздік жұмыс сен бүгінгі сабақтың жүлдергерісің


Білімді бағалау 


Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз? 


11-12 ұпай 


Сенде көшбасшылық қабілет бар!





Мақсаттар 





Пайдаланылатын етістіктер 




Білу 


еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу 


Түсіну 





қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау
 


Қолдану 





көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу 


Жүйелеу (талдау) 







ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу 


Жинақтау (топтау) 







тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау 


Бағалау 





жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау 



Топтық тапсырма:

Топ бойынша әр мұғалім өз сабағының мақсатын жазу керек

Үлгі: 1) Сабақ тақырыбы: Теріс рационал сандарды қосу

сабақ мақсаты: топтар орындайды
Топтар бір-бірін "екі жұлдыз, бір ұсыныс" бойынша бағалайды. (Топтық бағалау) 

Тиімді әдістер:

  1. Пинг-понг

  2. Лоси әдісі

  3. Сандар әдісі

  4. Синквейн

Рефлексия:Жұмыстар өте қызу және белсенділікпен жүргізілді. Мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерін қолдана отырып, теориялық мәліметтік мәтінді талқылады. Топ мүшелері толық қатысуға тырысты, барлығы өз ойларын айтты. 

ІІ. Соңы – барлық істің тәжі. Бұл қысқаша уақытта сабақтың мақсатына жеткен-жетпегенін анықтау және оқушылардың сабақтағы қызметін бағалау қажет. Дәстүрлі сабақта сабақ соңында бағалау әр оқушыға тимейді. Ұсынылып отырған сабақта сабаққа қатысып отырған әр оқушы баға алады. Ол үшін мұғалімнің көп түрлері мен әдістері бар білімді бақылау ,өзара бағалау және т.б.

Бұл кезеңде оқушылардың маңызды құзыреттіліктердің бірі - өзін-өзі бағалауға үйренуі қалыптасады. Бұл құзыреттілік өмір бойына және әсіресе, өзінің білім траекториясын жобалаудың бастапқы кезеңінде қажетті болып табылады.


Рефлексия парағы 


  • ақпарат Сіз үшін қаншалықты жаңа болды: --------------------------------------------------------- 

--------------------------------------------------------------------------




  • нақты жұмыс үшін алған білім мен дағдылардың пайдалылығы: -----------------------


  • шебер сынып қаншалықты қызықты болды: ------------------------------------------------



  • практикаға енгізу үшін сіздің дайындық деңгейіңіз: -------------------------------------------- 




Кері байланыс 

Қатысушының аты- жөні 


Маған не ұнады? 


 




Менің қосарым... 


 




Іс-тәжірибемде қолданамын 


 



Менің тілегім 


 

























№1.«Қызықты математика әлемінде бір күн» тақырыбындағы математикалық кеш.

1-жүргізуші. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Қызықты математика әлемінде бір күн» тақырыбындағы кешімізге қош келдіңідер.

2 –жүргізуші: Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойынан тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

«Білімді азамат –ел ертеңі» , «білекті бірді, білімді мыңды жығар»- деген халықтың даналық сөзі бар.

  1. Жүргізуші: Сәлеметсіздерме оқушылар!

Нақты ғылымға қызығушылар.

Естігенін есінде сақтап,

Оқығанын санаға тоқушылар!

  1. Жүргізуші: Математика ғылымдар патшасы деп,

Мойындаған бар ғылым жер шарында

Сол қағида тағыда дәлелденбек

Бүгінгі кештің бағдарлы жоспарында


Кештің жоспары:



  1. Кіріспе.

  2. Бір бөлімнен тұратын сахналық көрніс.


  1. Профессор- Ғалым Тоқсанұлы. 10г сынып оқушысы

  2. Ассистент:- Көркем Білімқызы. 10г сынып оқушысы


Сахна ашылады. Сахнада сынып тақтасы. Стол және үш орындық.

1-жүргізуші хабарлайды:

-Құрметті көрермен. Математикалық сеанс басталды. Бұл сеансты физика-математика пәндері докторы, профессор ғалым және оның ассистенті өткізеді.( Сахнада «ақ сақалды», көзілдірікті профессор мен жас ассистент қыз келеді)

- Профессор: - Саламатсыздарма құрметті жас ғалымдар,математиктер және оқушылар.Өзімді жүргізуші таныстырды сол үшін өзімді таныстырмай-ақ қояйын.

- Ассистент:- Жолдас профессор жүргізуші менің ассистент және сіздің профессор екеніңізді айтты, бірақ аты-жөніңізді айтпады.

-Профессор:-онда аты-жөнімізді айтып таныстырайық.

Ассистент: Бүгінгі біздің кездесуіміз математикалық сеанс болғандықтан, көрермендерге бір номер көрсетеміз, оның шешімі біздің аты-жөніміз болады. Солай олар біздің аты-жөндерімізді білетін болады.

Профессор:- өте дұрыс, бұл қызықты болады.

Ассистент:- Егер сіз қарсы болмасаңыз,осы номерді өзім көрсетейін.

Профессор:- Сахнадан шығып кетеді.

( Ассистент сахнадан шығып кетіп,дөңгелек секторды алып келеді, кіші сектор центрі бойыншы айналады. Ассистент оны айналдырып 33 цифры жазылған секторға Ғалым Тоқсанұлы дегенге туралап қояды).

Ассистент:- Құрметті көрермендер сіздермен жай арақашықтық амалын орындайды. Мына үлкен дөңгелекте ұлы математиктердің аты-жөні жазылған және алдарыңыздағы профессордың да есімі жазылған.

Профессор: Мына қағаздада менің аты-жөнім жазылған, кім тапса, көрсетуіңізге болады.(аты-жөні жазылған


DrawObject2



Ассистент:- әр бір оқушы кез келген секторға санды таңдап, сол сектордан бастап сағат стрелкасын теріс санап шықсам: Мысалы: 9 саны тұрған секторды таңдадық, енді осы 9 секторы тұрған сектордан сағат тіліне қарсы бағытта 1;2;3;,,,,,,,,9 секторын санаймыз. т.б солай санаймыз. (Ассистент бірнеше оқушыдан сұраған соң, Ғалым Тоқсанұлы секторына келіп тоқтағанын байқайды)

1 оқушы: Ғалым Тоқсанұлы

2 оқушы: Ғалым Тоқсанұлы

3 оқушы: Ғалым Тоқсанұлы,,,,,,,,

Ассистент:( дөңгелек секторды 33 саны жазылғанын секторға туралап қояды, көрермендерге көрсетеді, сонымен өзінің есімі табылады)

DrawObject3






Көркем: - Ал,Ғалым ағай, көрермендермен танысып алдық, енді сеансты бастаймыз ба?

Ғалым профессор сіз өте тамаша ойлап тауыпсыз.сізге рахмет. Ал мен шаршап қалдым. Демалғым келіп отыр.

Көркем- неге шаршайсыз,сіз жассызғой, сонда жасыңыз қаншада(профессор сахнадағы столға отыра кетеді).

Ассистент сахна алдына шығып: құрметті көрермен! Біздің Ғалым демалып алғанша, мен бірнеше достарымды шақырған едім, соларды шақырайын деп шетке барып(1-2 қызбен әңгімелеседі).

Сахнада : Би «Учитель школе, учитель школе»

Ассистент:- Ал профессор ғалым аға демалып қалған болар,ол кісінің жасын сұраған едім біліп алайын (деп қасына жэақындайды, сұрайды).

Профессор менің жасым сіңлімнің жасынан 650 есе үлкен, сіңлімнің жасы, туылғанына жарты сағат болған немеремнің жасынан 1464 есе үлкен,(ассистент күледі). Неге күлесін. Мен дұрысын айттым. Өзің білесң көрермендерді есептеп беруге көмекке шақыр.(Бір оқушы оратға шығады).

½*1464=732. Сағат, 732*650=475800 сағат

475800/24=19825 (күн, сутка) 19825/365=54.3 жыл.

Ассистент орындаған оқушыдан сұрайды: Профессордың жасы нешеде екен?

Оқушы:-54,3 жаста. Сіз бұл тапсырманы дұрыс орындадыңыз. Сіз жылды анықтау үшін 365-ке бөлдіңіз. Бірақ нақты есептесеңіз, 365 күн 5 сағат48 минут 47 секундтан тұрады.

Профессор оқушыға сыйлық жазылған талон береді. Сеанс соңында осы номердегі сыйлығыңызды аласыз.

Ал, мен жас екенмін, енді қызықты сеанстарымды бастайын.

Көрермен сіздер маған «Шар мен жібімді» алып келіп берсеңіздер.

Профессор мен математиканың, қыр-сырын,ереже,анықтамаларын,мұқият үйренгенім үшін жансыз нәрселер менің бұйрығымды орындайды.

DrawObject4

DrawObject5

1) Жіп

ЖӘНЕ

Дөңгелектің жылжыуын көрсетеді.

2) Фокус « шишалар»

DrawObject6







Жіпті дөңгелек тесігінен өткізіп, бір ұшы қолында екінші ұшын аяқтың астына қояды. Шарды жоғары көтеріп жібереді. Шар төменге түседі.Бұл әдісті бірнеше рет қайталайды.Сосын көрермендерге қарап, шар қай жерде тоқтасын дейді?

Көрермендер:- жіптің ортасында тоқтасын дейді.

Профессор жақсы, шарды жоғары көтереді, жіпті созып атартады. Шар әсте-әсте түсе бастайды, ортасына келгенде жіпті қатты созады. Щшар тоқтап қалады. Көріңіздер мен шарға түс десем, түсе бастайды. «Төмен түс «-деп бұйыра сөйлейді. Жіпті азғана босатады, шар төмен жылжып түсе бастайды.

Ассистент бұл номеріңіз өте күшті екен. Ал математикамен қандай байланыс бар.

Профессор бұл номердің математикамен өте тығыз байланыс бар. Сырын менің шәкірттерім түсіндіріп береді.(Бір ұл бала түсіндіредлі).

Оқушы: кім шеңбердің хордасымен диаметрдің анықтамасын біледі.(бір екі көрермен жауап береді) және сынық сызық ережесінде сұрайды. Демек бұл номердің сыры осында. Мұнда шишаны көрсетеді шар хорда немесе диаметр бойынша алынбаған, ол сынық сызық бойынша жасалған. Резина жіпті тартқанда, сынық сызық кесіндіге қарап жылжыйды.Нәтижесінде шар тоқтап қалады.

Ал математикаға тиісті, тиісті емес номерлерде өте көп. Оларды цирктерде көп қолданады.

-Екі шиша бутылканы алып шығады. Жіпті аузы ашық бутылкаға салып көрсетеді, жіпті кіргізіп, шығарып көрсетеді. Егер 2-ші бутылкаға жіпті салып, үстіне су құйсақ, жіп шықпай қалады.

Ассистент не үшін жіп шықпай қалады? ( осы фокусты көрсеткен оқушы сырын айтады) Бутылкалар қараға боялған, біреуінің ішіне тығып салынған болады.

Профессор:Келесі сеансты көрсетейік.

Бір шәкіртім, және үш оқушы керек. Шәкірттің көзін орамалмен байлап, 1,2,3 орындыққа үш оқушыны отырғызамыз. Орындыққа отырмай тұрып олардың есімдерін біліп алыңыз. Мысалы: ДИАНА,МЕРУЕРТ,РОЗА енді қалаған орындықтарыңызға отырыңыздар.

Көркем: қайсы столда диана отырған болса, орындық номерін 2-ге көбейт, Меруерт отырған орындықты 9-ға көбейт, Роза отырған орындықты 10-ға көбейт. Болдыма? Шыққан сандарды қосып тақтаға жазады. Олар осы сандарды жазған соң (көзі байланған шәкірт 60 тан шыққан санды азайтып, айырманы 8-ге бөледі, шыққан бөлінді, өз номерін 2-ге көбейткен оқушы, яғни Диана отырған орындық. Қалдық Меруерт отырған стол номері, Мысалы шыққан сан -41.

60-41=196 19/8=2(3 )

Диана -2 орындықта,Меруерт-3 орындықта, Роза-1-де.

Құрметті көрермендер бүгінгі сеанс сіздерге ұнадыма?

Олай болса ,бүгінгі кешіміз аяқталды .Сау саламат болыңыздар!





№2.Математика-информатика онкүндігінің ашылу кеші



Кіріспе сөз:

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Математика-информатика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылығын арттыруда пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушыларға информатика мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс-шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы осы пәндерге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді оятуға барынша атсалысамыз. Олай болса, бүгінгі апталыққа байланысты дайындап келген оқушылардың өлеңдерін тыңдайық.

1-оқушы:
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа,
Жасықтан емессің сен қаталдансың,
Ақыл
-ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың.

2-оқушы: 
Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен,
Роботтай адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен,
Компьютер емей немене!
Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген,
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген!

Компьютер емей немене!

3-оқушы
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің мыңның ісін
қопарасың.
Ақпарат, ақпараттық әрекетті
,
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
,
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
.
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
.

4-оқушы 

Қатысыңыздар! Қолдаңыздар!

Есептен шет қалмаңыздар!

Ойлаңыздар! Ойнаңыздар!

Жайбарақат болмаңыздар!

Кірісейік жұмысқа!

Есеп додасы басталды,

Қатыратын ой-миды,

Апталық міне басталды!

Викторина.

Информатка мен математика пәні бойынша білімдерімізді толықтырайық.

1. «Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей-ақ қойсын» деген кімнің сөзі? (Платон)

2. Информатика қандай ғылым (ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зерттейтiн жаңа ғылыми пән.)

3. Арифметика дегеніміз – бұл математиканың негізі. Осы сөзді айтқан орыс жазушысы кім? (Л.Н.Толстой)

4. Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата (2-ге: негізгі және қосымша).

5. Бірінші баланың әкесі ұлына 150 сом, ал екінші ұлына 100 сом берді. Дегенмен екі ұлы бірігіп өздерінің қорларына 150 сомға ғана көбейткені белгілі болды. Неліктен?

6. Самолет А-дан В қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минутта ұшып өтті. Ал қайтар жолда 80-ақ минутта ұшты. Бұл қалай?

7. Ақпараттар ағынын есіңде мол сақтайды.

Оқушының сенімін ол әркез ақтайды (Ж: процессор).

8. Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма, білмеймін,

Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Ж: Флешка)

9. Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жобасын жасады.)

10. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болуы қажет? (Ж: 50-70 см).

11. Microsoft фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс).

12. Ақпараттың ең кіші өлшем бірліктері (Ж: Бит).

13. Теріс санды «бересі» демей нөлден кіші сан деп атаған математиктер кімдер? (Ж: Неміс математиктері М.Штифель, А.Жирар)

14. Windows сөзінің қазақша баламасы қалай аталады? (Ж: Терезе).

15. Айнымалы шама ұғымын ең алғаш математикаға енгізген француздың атақты математигі кім? (Ж: 1641 жылы Лейбниц)

16. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Ж: Антивирус)

17. Жиын теориясының негізін салушы кім? (ХІХ ғасырдың екінші жартысы, Г.Контер)

18. Қазіргі қолданылып жүрген теңдік (=) белгісін бірінші рет қолданған ағылшын дәрігері кім? (Рекорд, 1557 жыл)


Компьютердің айналасындағы әзіл-қалжыңдар.

1. Баласының ұмытқанын көрген әкесі баласына: «Балам-ау, сенің жадын форматталып кеткен ба? Әлде вирус кіріп кеткен ба? Не қарап тұрсың? - депті.

3. Бір тарақан өлтіру үшін неше программалаушы қажет? (Екеу: біреуі тарақанды ұстап тұрады, екіншісі оны тышқанмен бастырады).

4. Оқушы программалаушыдан Windows 95, Windows XP, DOS операциялық жүйелерінің айырмасын түсіндіруді сұрады. Программалаушы оған:

– Аэропортқа келдің дейік. Ұшуға дайындалып тұр, ішке кірсең кілем, күшті орындықтар, шамдары жарқырап тұр. Жолаушылар отырған соң, ұшақ аэропортты бір айналады да, қайта қонып жолаушылардың одан шығуын сұрады. Бұл – Windows XP.

– Келесі орында тағы бір ұшақ тұр, оған жолаушылар отырған соң, ол аэропортты бір айналады да жарылып, жерге құлайды. Бұл – Windows 95.

– Ал үшіншісі ұшақтың түрі нашар, сырты кір, дөңгелектері де қисайған секілді .Жолаушылар жүктерін ұшаққа тиеп, өздері оны итеріп оталдырып, ішіне секіріп мінген соң, ақырын ұшып барып барар жеріне жетеді. Бұл – DOS деп түсіндіреді.

Апталық жоспарымен таныстыру.

Қорытынды сөз:

Елбасымыз: «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп айтқан. Математика – ғылымдар патшасы, информатика – ақпараттар ғылымы. Яғни, оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосуы керек.

Апталықты «Білімсіз адам тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым келіп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмыс жасайық. Білімді және Белсенді болыңдар!


№3. Математикалық ринг


Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың берері көп. Математикалық кештер оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Оқушылардың өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету.
2.Дамытушылық. Оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу
үрдісінің логикалық құрылымына, оқушылардың ойлау қабілетін есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Тәлімдік.
Көрнекілік:Интерактивті тақта.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар!Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін өткізіліп отырған 9 – сынып пен 10 – сынып оқушыларының арасындағы математикалық сайысқа қош келдіңіздер!

Жас достарым мұны жақсы ұғайық,
Математика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Ортаға 9 –сынып оқушыларынан құралған «Архимед» тобын және
10 – сынып оқушыларынан құралған «Пифагор» топтарын шақырамыз.

Сайыстың шарттары:
I. Сәлемдесу.
II. «Зерделілер» сайысы
III. «Кім көп біледі?» (сұрақтарға жауап беру)
IY. Формулаларды білесің бе?
Y. Жұмбақтар сайысы
YI. Топ жетекшілерінің сайысы (жаңылтпаш айту).
I.Топтардың таныстыруы.

«Архимед»тобы:
Ұраны: «Нақтылы жауап, сапалы білім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл».

Сәлемдесуі: Мәселенің түйінін
Мазмұннан білеміз.
Ізделінді нәрсені
Тез - ақ тауып береміз.
Сайысқа түсу сіздермен
Біздер үшін мол бақыт.
Математикалық фокусты
Көрсетуге біз дайын.
Сайыскерлер сәлемін
Қабылдашы ағайын.
Сайысқа біз түсейік
Жанкүйерлер қолдасын.
Тәртіп болсын арада,
Тыныштықты сақтайық,
Көңілденіп баршамыз,
Үйімізге тарқайық.

«Пифагор» тобы:
Ұраны: « Қандай сынақ болса дағы беріспе
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске».

Сәлемдесуі: Ақыл – оймен кеңескен,
Күштілермен күрескен.
Біз Пифагор тобы
Жеңілмейміз күрестен.
Қойылған сұрақ – есепке
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты біз өткізбей
Лезде шешіп берейік.
Математика сырларын
Білсек достым заңдарын.
Формула мен заңдарын
Ойға жаттап берейік.
Ұтсақ та,егер ұтылса
Ренжулер болмасын.
Жіберілген қателік
Екінші рет болмасын.

II. «Зерделілер» сайысы
Топ екі математик жайлы қысқаша баяндап береді.

III. «Кім көп біледі?»
«Архимед» тобының сұрақтары:
Глобус қандай фигураға ұқсайды? (Шар)
Геометрия сөзінің мағынасы? (Жер өлшеу)
Төрт қабырғасы тең төртбұрыш? (Квадрат)
Вектор дегеніміз? (Бағытталған кесінді)
ах+by = c қандай теңдеу ? (Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу)
Сандар тізбегін неше тәсілмен шешуге болады? (4)
Шексіз кемел геометриялық прогрессия дегеніміз? (Еселігі [q<1]болатын геометриялық прогрессия)
Қозғалыс дегеніміз не? (Жазықтықтағы нүктелер жұбының ара қашықтығын сақтайтын түрлердіру)
x 2 + y 2 = R 2 функциясының графигі (шеңбер)
«Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей – ақ қойсын» сөзінің авторы? (Платон)

«Пифагор» тобының сұрақтары:
Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер. (Айқас түзулер)
Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам? (Р.Декарт)
Жарты түзудің басқаша атауы? (Сәуле)
3 пен 4-тің арасына қандай таңба қойғанда, 3-тен кем 4-тен артық сан шығады? (үтір)
Конус дегеніміз? (Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің бірінен айналдырғанда пайда болатын геометриялық денені айтамыз)
y = sin x функциясының графигі? (Синусоида)
y = tg x қандай функция? (тақ,периодты)
Тригонометриялық теңдеу дегеніміз? (Айнымалысы функция таңбасының ішінде болатын теңдеу)
Функция дегеніміз? (Х жиынындағы х - тің әрбір мәніне У жиынының нақты бір мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық)
«Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика математиканың патшасы» сөзінің авторы? (Гаусс)

IY. Формулаларды білесің бе? (әр командаға 5 формуладан)

«Архимед» тобына:
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы?
Геометриялық прогрессияның n мүшесінің формуласы?
Синустар теоремасы .
Екі вектордың скаляр көбейтіндісі?
Квадраттың ауданы?

«Пифагор» тобына:
Тік бұрышты параллелипипедтің көлемі?
Геометриялық прогрессияның n мүшесінің қосындысының формуласы?
sin α – sin β айырымын көбейтіндіге түрлендір?
Косинустар теоремасы?
sin х = а теңдеуінің жалпы шешімі.

Y. Жұмбақтар сайысы

Дүниеде бүтін сан бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар, достарым айтыңдаршы.
(Бөлшек сан)

Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі
(Кесінді)

Нүктеден екі сәуледен
Құрылған айтшы бұл не екен?
(Бұрыш)

Айналған шешу құралынан
Төрт саны араласқан құрамына
Теңдеудің түбірі нешеу деген
Қандай сан жауап берет сұрағыңа.
(Дискриминант)

Егіз туған қос жүйрік
Жарысқа шауып терлейді.
Бірін – бірі көрмейді
Бір мәреге келмейді.
(Параллель тузулер)

Бірдей сан бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады
(Дәреже)

Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан – жағыңа қарамай
(Натурал сан)

Күшіне мінген бір мықты
Жығып салып сегізді
(Шексіздік)

Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтпассың сен оны.
(Квадрат түбір)

Он екі бұтағы бар алып емен,
Елу екі шыбық тарап өсіп өнген.
Шыбық сайын жетіден жапырағы,
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген
(12 ай, 1 жылда 52 апта, 1 аптада 7 күн)

YI. Топ жетекшілерінің сайысы (жаңылтпаш айту).
«Архимед» тобына :
Шеңбер, шеңбер доп емес.
Доп сияқты, доп емес.
Доп, доп, доп сен оны
Ойлама шеңбер ол емес.

Бес түп алма бестік алғандікі,
Төрттік алма төрттік алғандікі.
Бестік алған бес түп алма алмайды.
Төрттік алған төрт түп алма алмайды.

«Пифагор» тобына

Рационал сан, иррационал сан,
Иррационал сан, рационал сан.
Біріккен сан болған соң
Нақты сан деп аталған сан.

Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш,
Тең, тең бұрыш тұтас бұрыш.
Тұтас бұрыш тұстас бұрыш
Сәйкес бұрыш құрған бұрыш
Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.

Қорытынды.
Сайыста көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

2011 жыл келді төрімізге,
Жаңа ғасыр басталды елімізде.
Жаңа ғасыр, жаңа күн, жаңа бақыт.
Бәріміздің тек қана үйімізде.

Көңіл бөліп бұл кеште,
Келгендерге көп рахмет,
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет!!!

№4.Сайыс түріндегі математикалық кеш


Қымбатты ұстаздар, өнер-білім сүйгіш жас достар.Бүгінгі біздің сайыс түріндегі математикалық кешімізге қош келдіңіздер! 
І-жүргізуші: -Уа, халайық, халайық, 
Бәріңе жар салайық 
Бүгінгі кеш төрінде 
Математика елінде 
Математика тілінде 
Есеп шешіп жарысып 
Жұмбақ шешіп аңдысып. 
ІІ-жүргізуші:- Шабыт тасып шалқысып 
Есеппен ән салысып 
Көңілді кеш жасайық 
Жұмбақ шерді шашайық. 
Ат салысып аянбай 
Бар өнерге басайық. 
І-жүргізуші:- Асып әсте саспайық 
Батыл қадам бастайық 
Еркінді билеп барынша 
Жарыста сірә қалыспа 
Кеш қызығын, ей достар, 
Осылайша шабытпен 
Қане енді бастайық. 
ІІ-жүргізуші:-Мұнда қызық табылар 
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар. 
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ 
Суретті жұмбақ шеш жұмбақ 
О-о-ой, бір қызық кеш болар 
Өздеріңмен бес болар! 
І-жүргізуші:- Ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттерді тауып,көңілді отыруларыңызға тілектеспіз. 
ІІ-жүргізуші:-Олай болса бұл не тұрыс, 
Кешімізді бастайық 
Әділ баға беретін 
Әділ қазыларды таныстырайық. 
Бүгінгі кеш әділ қазылары: 
1. 
2. 
3. 
І-жүргізуші: Әдеби-музыкалық монтаж. 

1.Математика ғылымдар патшасы деп 
Мойындаған бар ғалым жер шарында, 
Сол қағида тағыда дәлелденбек 
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында. 
2.Математика төрт амал негізінде 
Туындатқан талай заң келбетінде 
Жұмбақ әлем болғанмен, ей замандас, 
Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде. 
3.Математика, математика қандай қиын 
Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін 
Ал өмірде тек соның көмегімен 
Орындалар заңдылық, байлам дүйім. 
4.Мақтануға математика лайық та, 
Шындық іске бір сәт мойын бұрайық та. 
Парақтаумен әр ғылым, әрбір пәнді 
Байланысын ашық айтып тұрайық та. 
5. Физика жақын туыс мына бізге 
Қозғалыс,Энергия, қуат, күште 
Біздерсіз есептелу мүмкін емес 
Жария ғып айтайықшы мұны бізде. 
6. Шабыттанып шалқытқан ақын сөзі 
Құлағын сал біздерге нақыл сөзі 
«Өлең құрау тұнған бұл математика 
4 амал бағынар заңды жүзі» 
7.Осылайша математика дараланды, 
Қадір-қасиет айтылды сараланды. 
Шабыт келіп достар-ау, алдарында 
Көсілдік те шамамыз шамаланды. 
8.Болашақ білім, ғылым тұтқасында 
Мұны әркез әркім есте ұстасын да 
Заманның компьютердей кезеңінде 
Математика тағы тұр көш басында. 
9. Елімнің үміт артар ұл-қызымыз 
Дарынды әр оқушы жұлдызымыз 
Математика кешінде, бірін достар 
Ән боп енді шырқалар ғасырымыз. 
10. 2030-дың бағдарлы биігі 
Білімнің еншісі мұны әркім біледі. 
Сондықтан достар-ау дарынды қайрайық, 
Алынбас қамал жоқ, шыңдайық жігерді. 
ІІ-жүргізуші:Біздің мектепте бүгін математика пәнінің «Алгебра» және «Геометрия» топтары күш сынаспақ. 

Шақырамыз,келіңдер жарысуға, 
Күш,өнер,білімменен алысуға. 
Бар өнерді салайық ортамызға, 
Қанеки кім шығады сайысуға деп ортаға сайыскерлерді шақырайық. 
«Алгебра» және «Геометрия» тобын шақыру 
І-жүргізуші:- «Алгебра» тобының ұраны, сәлемдесуі 
Ұраны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл» 
Сәлемдесуі: Білімге толы санамыз 
Бүгінгі күн жеңісті. 
Алғырлықпен аламыз, 
Есепті біз шешеміз 
Оны мақтан етеміз. 
Геометрия тобына 
Кете қоймас есеміз. 
Сендермен жарысуға біз де келдік. Иіліп, «Геометрия» тобына сәлем бердік. 
ІІ-жүргізуші: «Геометрия» тобының ұраны, сәлемдесуін тыңдайық. 
Ұраны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе 
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске » 
Сәлемдесуі: Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа 
Есеп білсек жетеміз ғой табысқа. 
Сайыстарда біз оңай беріспейміз 
Тең ойынға тағы да келіспейміз 
Тапқырлықта алдыға жан салмаймыз, 
«Алгебра» тобынан ешқашанда қалмаймыз. 
Көбейтейік қосып алып, бөлейік 
Білімменен сынасып бір көрейік. 
І-жүргізуші:- Жарыс заңы ежелден 
Жеңімпаз болу шарты сол 
Еңбектен жалықпай 
Сәт сапар тілеп бәріңе 
Сайысты біздер бастайық 
Көрсетіңдер білімді 
Қалмаңыздар жасқанып. 
І- бөлім (2 топқа білімді тексеру сұрақтары қойылады) 
Қиылыспайтын түзулер қалай аталады? ( параллель) 
Нүктенің абциссасы, ординатасы қалай аталады? (кордината) 
«П» әрпінен басталатын сөздерді атаңдар? (Параллель,пирамида,планиметрия,периметр.) 
Үстел беті төртбұрышты оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ,неше бұрыш қалады?(5бұрыш) 
Үш пар ат 30 км-ге шапса,әр ат қанша км-ге шабады? (30 км) 
Бір санды 9 есе арттырғанда 27 шығады.Ол қай сан? (3) 
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0) 
Бүйір қабырғасы тең үшбұрыш. (тең бүйірлі) 
Бір жанұяда екі әке және екі ұл бар.Барлығы қанша адам? (3 адам:ата,әке,бала) 
Кім барлық тілде сөйлейді ? (Жауабы:Жаңғырық) 
ІІ-жүргізуші: (ІІ-топ тапсырмалары) 
1.Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы. (үш қабырғасы тең болады) 
2.Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын бір жарым есе арттыр? (999) 
3. Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш? (квадрат) 
4.Математикаға кординаталар әдісін енгізген француз математигі әрі физигі (Рене Декарт) 
5. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем ? (теорема) 
6.1 тонна мақта ауырма,10 центнер темір ауыр ма ? (тең) 
7. «К» әрпімен басталатын математикалық сөздерді ата? (көбейткіш,көбейгіш,көбейтінді,кесінді...) 
8.Торда қоян ,тауық бар.Жалпы саны 49,аяғы 100.Қоян нешеу,тауық нешеу? (1 қоян, 48 тауық ) 
9.Катет қай үшбұрышта болады? (тік бұрышты үшбұрышта болады) 
10.Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (құс жолы) 
І-жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар, 
Қызықты бір жиын болсын. 
Білімдірек шәкірт озар, 
Сұрақтары қиын болсын дей отырып сайысымыздың ІІ- бөлімі (шахмат ойыны) 
Шахмат тақтасының бір бөлігі кескінделген . Шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқығанда қазақ математиктерінің қанатты сөздері шығады.Олай болса іске сәт. 
1.Жауап: «Сан-математика ғылымының іргетасы»-бұл цитатаны айтқан Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков физика-математика ғылымының қазақ арасынан шыққан тұңғыш докторы 220-дай еңбегі жарияланған. 
2. Жауап: «Із кесуде – графтар теориясы жатыр» бұл қанатты сөзді айтқан Жаңбырбаев Бегалы Сәдуақасұлы қазақтың үздік математиктерінің бірі 30-дан астам еңбегі бар. 
ІІ-жүргізуші: «Үшбұрыштар әлеміне саяхат»-көріністі тамашалаңыздар. 
І-жүргізуші:- Ауыздан ауызға таралып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықымыздың ауызша есептері бүгінгі заманымызда да өңін түсірген жоқ. «Ұштап ойды тағы бір, Тереңінен ойлай біл!» деп аталатын келесі бөлімде ойдың ұшқырлығын қажет ететін тапсырмалар ұсынылады. 
І-топ 
1.Мен стақандағы шайдың 1/6 ішіп, қалғанын сүтпен толтырдым.Содан соң стакандағы шайдың жартысын ішіп,тағы да сүтпен толтырдым. Ең соңында стақандағы шайды ішіп қойдым.Мен сонда сүтті көп іштім бе, әлде шәйді іштім бе? (Жауап: 1/6+1/3+1/3=1) 

2.Жүздің жартысын жартыға бөлсе нешеден келеді? (Жауап: 100:2 =50; 50: 1/2 = 100) 

ІІ-топ 
1.Магазиннен 19 теңгеге сауда жасадық, бірақ сенде кілең 3 теңгеліктер бар. Ал сатушыда кілең 5 теңгеліктер ғана бар. Тығырықтан шығар жол бар ма? ( 3×8=24) 

2. Бөлмеде 4 мысық отыр, әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? ( Жауап: 4 ) 
ІІ-жүргізуші:- Математика сырлары, 
Қызықтырды біздерді 
Ойынға бірге қатысуға , 
Шақырамыз сіздерді. 
Білмеймін деп қысылма, 
Талабың болса бабында 
Өнерлінің ырысы, 
Жарқырап жатыр жолында 
«Ойымды жалғастыр» көрермендермен сергіту сәті . Екі топқа бөлініп саны бар мақал-мәтелдерді шапшаң жалғастыру керек. 
1.......жылда ел жаңа (50) 
.....жылда қазан (100) 
2.Білекті .... жығады (бірді) 
Білімді..... жығады. (мыңды) 
3.Жеті рет өлшеп.....(1 рет кес) 
4. Сегіз қырлы...... (1 сырлы) 
5. ......ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. 
6. Екі аяқтыда бөле тату..........( 4 аяқтыда бота тату) 
7.Жүзден біреу-шешен...........(1000-нан біреу көсем) 
8.Бесік баласы..........( 5 түлейді) 
І-жүргізуші: ІІІ-бөліміздің жауаптарын тыңдайық. 
ІІ-жүргізуші:Осымен сайысымыз мәресіне жетті қазылар алқасы ұпай санын шығарғанша Тұрғазиев Ерболдың орындауында ән. 
І-жүргізуші:Сайысымыздың жеңімпаздарын құттықтап қошеметтейік.Сайысымыз осымен аяқталды. Ортаға құрметті қонақтарымызды шақырайық. 
ІІ-жүргізуші:Құрметті қонақтар! Сіздердің жұмыс істейтін салаларыңызда математика қажет пе? Осы туралы пікірлеріңізді айтсаңыздар. 
І-жүргізуші:Алдыңызға жайнаған жүздер әні 
Сіздермен кездесерміз біздер әлі 
Әділ-қазы,көрермендер сау тұрыңдар 
Күтеді бізді жарқын күндер әлі. Осымен математикалық кешіміз аяқталды.Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар. 



№5.«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»атты математикалық сайыс.

Математикалық жаңа бағдарламаның түсіндірмесінде оқушылардың математикалық білімін байыту, олардың математика пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға тікелей байланысты деліеген. Дұрыс ұйымдастырылған математикалық сыныптан тыс жұмыстар біріншіден оқушылардың сабақ үлгерімің көтерсе, екіншіден олардаң шығармашылық қабілетің дамытып, ой-өрісің кеңейтеді. Әдетте апталықта немесе тарау соңында оқушылардың білімін пысықтау мақсатында мұғалімнің ұйымдастыруымен кештер өткізіліп жатады. Сондай –ақ қазіргі заман талабына ой күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдармаларды негізге ала отырып, сайыс кештер өткізілсе нұр үстіне нұр болатыныанық. Төменде халықтық педагогиканың бір элементі – ауыз әдебиеті қолданып «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» теле – ойыны негізде өткізілген математикалық жұмбақтар мен мақалдар сайысың үлгісін юойынша сыныптан тыс сабақ.

Кештің мақсаты:

Жұмбақтарды тез шешуге, мақал мәтінін түсіне білуге баулу, мақал – 

мәтел, жұмбақтарды математика пәніне де қолдана білуге үйрету. 

Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Оқушылардың ой- өрісін дамыту. Шығармашылыққа, шапшаңдыққа 

баулу.

Салт – дәстүрді өмірмен байланыстыру.

Сөз мәйегін түсіне білуге, өмірде қолдана білуге үйрету.

Көрнекілігі: Плакаттар: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», бағдарлама, 

түрлі – түсті шарлар.

Түрі: ойын – сайыс.

Өту барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі: (Бағдарламамен таныстыру, 

ойынға қатысатың оқушыларды таныстыру).

Бағдарлама: 1. Мақалшылар сайысы

2. Көрермендер сайысы

3. Жұмбақшылар сайысы

4. Көрермендер сайысы

5. Шешуші сайыс

II. Мақалшылар сайысы:

а) Жүргізуші мақалдардың бір бөлігін айтады, ойыншылар әрі қарай жалғайды. Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

1. Бір түйір дәнде, бір тамшы тер бар.

2. Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
3. Екі жақсы қос болмас,

Екі жаман дос болмас.

4. Бес бармақ жиылса, жұдырық болады.

5. Алдыңа бір қарасаң,

Артыңа оң қара.

6. Досыңның мың болғанына мақтан,

Дұшпаның жалғыз болсада сақтан.

7. Алты аға бігіріп әке болмас,
Жеті жеңге бігіріп ана болмас.
8. Дос сегіз болса,

Дұшпан сегіз.

9. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

10. Бермегенде бесеу де көп,

Алғанға он болса да аз.

ә) Қалған екі мақалшының біреу екіншісіне мақал айтады. Екіншісі сол мақалдың ішіндегі бір сөзге мақал құрастырады. Мақалдардың ішінде сан есімдер болуы шарт.

III. Көрермендер сайысы. Мақалдар.

  1. Ер бір рет өледі, қорқақ мын рет өледі.

  2. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.

  3. Жалқаудың екі досы бар:

  4. Бірі – ұйқы, бірі – күлкі.
    Бір кісі қазған құдықтаң,

  5. Мың кісі су ішеді.
    Білгенің бір тоғыз.

  6. Білмегенің тоқсан тоғыз.

IV. Жұмбақшылар сайысы.

а) жүргізуші жұмбақтарды айтады, ойыншылар шешеді. Ең аз ұпй жинаған ойыншы ойыннан шығады.

1. Өз төрт қанатты және алты аяқты,

Сөйтсе де тіқұшақтың көшірмесі сияқты.

(Инелік)

2. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

(Сиыр)


3. Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр – шиыр жолы көп.

(қалам)

4. Екі ағайынды,

Екеуі де бір үйде,

Бірін – бірі көрмейді.

(көз)

5.Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты,

Кешке үш аяқты.

(адамның қартаю кезеңі)

6.Бес ін, бес іннің аузы бір ін.
(қолғап)

Екі желім – күйдің көрігі, әннің көлігі.
(домбыра)
III. Көрермендер сайысы. Жұмбақтар.

V. Шешуші сайыс (жеңген мақалшы мен жұмбақшы жарысады)

VI. Қорытынды. Жеңіпаздарды марапаттау.



№6Математикалық кеш
Математикалық кештің мақсаты:

- математикалық білімді насихаттау және пәнге қызығушылықты арттыру;

- оқушылардың ойлау қабілеттілігін дамыту, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін көтеру;

- Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу

- Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.

- Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым- қатынасты дамыту

1-жүргізуші:

Мінеки,залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Математика жайындағы,

Кешімізді бастаймыз!

2- жүргізуші:

Бүгінгі ойын төрінде,

Математика елінде,

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып

Көңілді ойын жасайық.

1- жүргізуші:

Математика ғылымы – ермек емес балалық.

2- жүргізуші:

Математика ғылымы-көрегендік даналық.

1- жүргізуші:

Қайырлы күн ,қымбатты достар ! 
Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.

2- жүргізуші:

Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
1- жүргізуші:

Бүгінгі кеш бағдарламасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші.Апталықтың ашылуынан көрініс.
2-жүргізуші. Көрініс «Тең қабырғалы үшбұрыштың сырласуы».

1-жүргізуші. Жарнамадағы есеп: «100 теңгеге 1 қой»

Лақ , қой , жылқы қанша тұрады?


Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп.

2-жүргізуші. Апталықта өткен сабақтарға шолу жасайық.

1-жүргізуші. Халықтық логикалық есептер. 
Біздің ата –бабаларымыз өте ақылды болған.Оны мына есептерден көруге болады.

1-есеп.Ерте заманда бір кемпір жалғыз өзі өмір сүріпті.Кемпір жалғыз өзі өмір сүрсе де өте пысық болыпты да, оның азын –аулақ малы бар екен .Мұны білген ұрылар кемпірдің жалғыздығын пайдаланып оның малын ұрламақшы болыпты,мұны сезген кемпір ақылдылығының арқасында олардан оңай құтылыпты.Енді осының шешімін табайық .Ұры келген кезде кемпір былай депті:
«Сапырып - сапырып Сарманға бер,
Құйып - құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те,маған бер.»- деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар.Бұл үй толы кісі,әрі бізден екі есе артық екен,кетейік,» - деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде неше адам,неше ұры?

Бұл есепті шығарушы ортаға шығып өз ойын алдымен қағаз бетіне түсіріп алуы керек.
Жауабы:10 адам,5 ұры

Енді өздеріңізге арналған музыкалық ән –шашуымызды қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші. 2-есепті тыңдаңыздар.

Ертеде бір бай өзі өмірден өткен соң артында қалған 17 түйесін 3 баласына төмендегідей бөліп алыңдар деп өсиет жазып кетеді. Түйелерінің екіден бір бөлігін үлкен ұлына , үштен бір бөлігін ортаншы ұлына ал енді тоғыздан бір бөлігін кіші ұлына қалдырады. Әкесі дүниеден өткен соң балалары әкесінің өсиетін орындамақшы болып түйелерді бөледі.Бірақ дұрыс бөле алмайды.Сол кезде олардың жанынан түйесіне мінген жолаушы өтіп бара жатады, басқа амалы қалмаған олар жолаушыға әке өсиетін айтады. Жолаушы көп ойланбастан оларға түйені әкесі айтқандай етіп бөліп береді.Сен қалай ойлайсың оларға түйені дұрыс бөліп бере алды ма?

Бұл есепті шығарушы ортаға шығып өз ойын алдымен қағаз бетіне түсіріп алуы керек

Жауабы:үлкен ұлына 9 түйе,ортаншы ұлына 6 түйе,кіші ұлына 2 түйе.

1-жүргізуші.Келесі сіздерге ұсынылып отырған өлең цифрлармен берілген , осы өлеңді мәнерлеп оқимын деген адам болса ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші. Апталықта өткен сабақтарға шолу жасайық.

1-жүргізуші.Ал ендігі кезекті « Үзілісте күлейік » айдарына берейік.

1.Мұғалім мен оқушы.

2.Дүкенші мен тұтынушы.

3.Жарнама.

4. Мұғалім мен оқушы.

2-жүргізуші.Ребус шеше білеміз бе?

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа


1-жүргізуші. Апталықта өткен сабақтарға шолу жасайық.


2-жүргізуші.Тағы да логикалық есептерге кезек берейік.

Апталықта ат салысқан белсенді оқушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер.

 Екі жүргізуші бірігіп назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

№7. Интеллектуалдық шоу «Екі жұлдыз»

Мақсаты:Оқушылардың белсенділіктерін арттырып, ізденімпаздыққа, өз

беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу,

түрі:     сайыс  сабағы

Жүру барысы:

  1. «Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған».

  2. «Сіз білесіз бе?»

  3. «Математика – ғылымдар патшасы»

  4. Қорытындылау.

 

Жүргізуші:

 

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

 

Назарларыңызға «Екі жұлдыз» аттты математикалық интеллектуалды шоуымызды ұсынбақпыз, ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып алуларыңызға тілектеспіз.

 

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін»

Нағыз пән математика атанғансың! – дей келе ортаға жұлдыздарымызды шақырамыз.

 

Бар табыстың жетекшісі өзіңсің

Бар ғылымның төре биі өзіңсің

Өмір сүру формуласы адамның

Сенің өзің аталғансың содан да дей келе «Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған.» деп аталатын бірінші турымызды бастаймыз. Бұл турда жарысқа қатысушылардың әр жұбына 3 сұрақтан беріледі, сол сұрақтарға кідірмей жауап бересіздер. Әр сұраққа 1 балдан беріледі.

 

І – тур. «Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған».

 

  1. Алғаш адамдар нелерді және қалай санап үйренді?

                              /Адам әуелі заттарды жекелеп, топтап, түстеп санады./

  1. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек». Бұл сөздің авторы кім? /Г. Галилей/

  2. Косинустар теоремасын ашқан кім? /Орта Азияда Әл-Беруни/

  3. Квадриллион неше нольмен өрнектеледі? /24 нөлмен/

  4. Егер түнгі сағат 12-де күн жауып тұрса, онда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма? /84 сағат , 3,5 сөтке, тал түс ашық күнді көруге болады/

  5. Қай академияның кіре берісінде «Геометрияны білмеген кісі академияға кірмесін» деп жазылған?

/Ежелгі гректің идеалист философы Платон б.э. (427-247) философиямен шұғылданғысы келгендер математиканы білуі керек деп, Академияның кіре берісіне жоғарыда айтылған сөзді жазғызыпты/.

  1. Әкесі баласынан 25 жас үлкен, неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады?

/Әкесі баласынан ешуақытта 30 жас үлкен болмайды. Себебі жас айырмасы ешуақытта өзгермейді/.

  1. Арифметикалық амалдар бұрын шықты ма, әлде амал таңбалары бұрын шықты ма?

/арифметикалық амал таңбалары болмаған кезде арифметикалық амал ұзақ сөзбен жазылып орындалды/

  1. Бес тоғыздықты пайдаланып амалдар қолданып 10 санын жаз.

                                                                       /9+99:99=10;   99:9-9:9=10/

  1. Миллион қай елде, қай жылы жарыққа шықты? /1500 жылы Италияда/

  2. Квинтильон неше нөлмен өрнектеледі? /30 нөлмен/

  3. «Миллион» деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы.

/Ы.Алтынсарин/

 


Көрермендермен ойын.

 

 

 

  1. Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар?

/5 және 3/

Жүргізуші:

Құрметті, әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың І-турдың  қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласыңыздар. Әділқазылар бағасы мен көрермендердіңберген дауысының қосындысы бойынша ұпайы төмен жұп жұлдызды ойыннан ортаға шығарып саламыз.

 

Шын сөйлеуге, адалдыққа үйреттің

Жалған ойды дәлелде деп күйреттің

Қызық пәнсің, қиын пәнсің өмірде

 

Қарамайтын ешқашанда көңілге дей келе «Сіз білесіз бе?» деп аталатын турымызды бастаймыз. Бұл тур бойынша үйге берілген тапсырма. Жарысқа қатысушылар өздері дайындағанматематика тарихынан қызықты мәліметтерді 2 минут уақыт аралығында береді.

 

ІІ – тур.  «Сіз білесіз бе?»

 

Оқушылардың өздері тауып келген мәліметтері айтылады.

Екінші турға қосымша сұрақтар:

  1. Цифрларының қосындысы 2-ге тең болатын бес таңбалы қанша сан бар?

                                                       /20000, 11000, 10100, 10010, 10001/

  1. Галилео Галилей математика және тағы да қандай ғылым салаларымен айналысқан?

/философиямен, сурет өнерімен, музыкамен, астрономиямен, физикамен/

  1. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым кім?

А) Бируни   Б)  Әл-Фараби   В) Хорезми

Көрермендермен ойын.

 

  1. С әрпімен басталатын, геометрияда қолданылатын терминдерді ата.

                                                  (сәуле, сектор, сегмент, сфера, синус)

 

«Туған күніңіз қашан?»  /математикалық фокус/

 

Досыңа калькулятор беріп, оған өзінің туған айының нөмірін енгізуді сұраңыз.

-осы санды 4-ке көбейтсін

-оған 13-ті қоссын

-оны 25-ке көбейтсін

-одан 200-ді алып тастасын

-туған айының күнін қоссын

-оны 2-ге көбейтсін

-40-ты алып тастасын

-оны 50-ге көбейтсін

-өзінің туған жылының соңғы екі санын қоссын

-10500-ді алып тастасын.

Шыққан санға қарауын өтін, содан соң досыңның туған жылын, айын, күнін толық айтып бер. Бірінші немесе алғашқы сандар – туған айын, екінші екі цифр – туған күнін, ал соңғылары туған жылын көрсетеді.

 

Жүргізуші:

Құрметті әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың ІІ-турдың қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласаңыздар. Әділқазылар бағасы мен көрермендердің берген даусының қосындысы бойынша ұпайы төмен жұп жұлдызды ойыннан шығарып саламыз.

 

Ойлай білу қажет әрбір адамға,

Санау қажет данаға да наданға.

Білу үшін сенің терең сырыңды

Кереметтей керек бізге төзім шын дей келе «Математика – ғылымдар патшасы» атты турымызды бастаймыз. Бұл турда әр пәндер бойынша есептер беріледі. Сол есептерді 5 минут ішінде шығарып үлгерулеріңіз керек. Тапсырмалар бір-ақ рет оқылады.

ІІІ – тур.  «Математика – ғылымдар патшасы»

  1. Сәбит Мұханов 1900 жылдың 11-шілдесінде Жамбыл ауданы Жаманшұбар ауылында дүниеге келген. «Ботакөз», «Сырдария», «Есею жылдары»,  «Мөлдір махаббат» романдарын жазған белгілі жазушы ол 1973 жылы ақпанда дүниеден өткен. Жазушы қанша ай өмір сүрген?   /860 ай/

 

  1. 100 г асқабақтан 8 мг С витаминін алуға болады. 100 мг витамин алу үшін қанша асқабақ қажет? /1,25 кг/

 

Жүргізуші:

Құрметті әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың ІІІ-турдың қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласаңыздар. Әділқазылар бағасы мен көрермендердің берген дауысының қосындысы боынша жұлдыздарымызға орындарын тағайындасаңыздар.

Оқимыз біз, үйренеміз талпынып,

Қиналсақ та, қысылсақ та алқынып

Асу бермес болсаң дағы сен алып,

Меңгереміз, үйренеміз сені анық.

 

Құрметті қонақтар, ұстаздар, жарысқа қатысқан жұлдыздар осымен «Екі жұлдыз» атты математикалық интеллектуалды шоуымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.



№8.Математикалық кеш: «Тапқырлар тартысы».



Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
«Тапқырлар тартысы» деп аталатын математикалық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Уа, жарандар, жарандар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысымызды бастаймыз.
Математика ермек емес балалық,
Математика – көрегендік даналық.
Математика құрметтеуге лайық
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!
Үлгілі тәртіп жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты,
Алғырларды ортаға шақырайық

2-ж: Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Тапқырлар тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық.
Сайысқа қатысатын оқушылар орындарына келіп отырады.

1-ж: Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер.

Сайысымызды бастамас бұрын оқушылардың білімдерін әділ бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап алайық!
1. Туманбаева Ардақ
2.Уалиева Куляш
3.Мухажанова Алтынұя
4. Абдрахманова Лаззат

2-ж. « Тапқырлар тартысы» сайысы 5-турдан тұрады
1. Сәлемдесу / аты, ұраны, төс белгісі/
Ұран: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!»
Ұран: «Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске»

2. Мықты болсаң жеңіп көр!
Әр топқа 10 сұрақ қойылады, ойланбастан бірден жауап беру қажет.
Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
Бүгінгі күн сайыста
Сен ешкімнен қалыспа
Біліміңді көрсетер
Сұрақтарға жауап бер!

1-топ
1.Квадрат теңдеудің анықтамасын айтып бер.
2.Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді.Торғайдың қаншасы қалды? /екеуі қалды/
3.30 минутты сағатқа айналдыр./ 0,5сағат/
4. Параллелограмм деп қандай геометриялық фигураны айтады?
5.Егер екі кірпіштің салмағы8 кгболса, 1,5 кірпіштің салмағын тап. /6кг/
6. Болат сенбі күні кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады. /1 сағат/
7. Виет теоремасын айтып бер.
8.1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/
9. Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырау тұруы мүмкін бе? / мүмкін емес/
10. Рене Декарт қай елдің математигі? / Француз/

2- топ
1.Виет теоремасына кері теореманы айтып бер.
2. Алғашқы математик әйел. /С.Ковалевская/
3. Парабола деген сөз қай тілден шыққан, қандай мағынаны береді?
4. 8-наурызда екі шешей мен 2 қызына, әжей мен немересіне орамал сыйға тартылды. Неше орамал, бұл қалай? /3 орамал. Әжей, шешей, қыз/
5. Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? /түйе құс ұшпайды./
6. Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім? /Қ.Сатпаев/
7.Барлық сандардың көбейтіндісі көп пе, әлде қосындысы көп пе? /қосындысы/
8. Пифагордың туған жері /Самос аралы/
9. Қандай көпмүше квадрат үшмүше деп аталады?
10. α сүйір бұрышына қарсы жатқан катет? / сүйір бұрыштың синусы/

3-топ

«Жүз өгіз есебі» қалай айтылады? /Пифагор теоремесы/
Миллион деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы. /1879ж. Ы.Алтынсарин/
«Геометрия» пәнінің негізін салушы. /Евклид/
Квадрат үшмүшенің қанша түбірі болуы мүмкін?
Түйе құс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? /1пұт/
Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? /»Әл жебр деген араб сөзі»/
Шеңбердің үлкен хордасы /диаметр/
Жүзден бір бөлік /процент/
Математика ғылымының докторы. Дүниежүзілік математика конгресінде ғылыми баяндама жасаған тұңғыш қазақ. Біздің жерлесіміз. /Төлеубай Ыдырысұлы Аманов/
8 класс Алгебра оқулығының авторы кім? /Шыныбеков
3. «Кім жылдам?»
Бұл сайыста үш топқа да әлем халықтарының есептері оқылады. Кім жылдам, сол бірінші жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билер барынша,
Жарыста, сірә қалыспа.

1.Болгар халықтарының есебі:

Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа «Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсы»,- деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?

Шешуі:Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл, тоғыздың аяғын алып тастасаң нөл. Балықшы балық аулаған жоқ.

2.Греция халықтарының есебі:

Атақты Пифагордан « сенің әңгімеңді тыңдауға мектебіңе қанша адам келеді?» – деп сұрағанда Пифагор былай деп жауап береді. «Менің жарты оқушыларым математиканы, ¼ бөлігі музыканы,1/7 бөлігі уақытын үнсіз ойлануға жібереді, қалған бөлігі 3 оқушы»-деп жауап берген. Неше оқушы?

Шешуі: х/2+х/4+х/7 х
14х+7х+4х+84 28х
3х84
Х 28

Жауабы: 28 оқушы

3.Египет есебі

Әрбір 7 адамның әрқайсысында 7 мысық, әр мысық 7 тышқаннан, ал әр тышқан 7 бидай собығын жояды. Бір бидай собығында 7 уыс дән бар. Тышқандардан қанша уыс бидай дәнін сақтап қалады?

Шешуі:7*7*7*7*7-16807

4. «Сен маған, мен саған» сайысы. Әр топ өздері үйден бір сұрақ дайындап келеді. Сұрақ қалған екі топқа қойылады. Жауап бере алмаса, өздері жауап береді. Әр дұрыс жауап 635 ұпай.
5. «Білімдіге – биіктен орын» Әр топтың басшылары келіп, тапсырмалар алады. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Олар дайындалып болғанша, топтың қалған мүшелері арасында мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылады. Мақал-мәтелдер тек математикалық терминдер туралы болмақ.
1. Сәуледе 6 сақина бар оның біреуінің массасы қалғандарынан ауыр, бесеуінің салмағы бірдей. Табақты таразыға екі рет қана өлшеп, ауыр сақинаны қалай анықтауға болады?
Жауабы: Екі табаққа үштен бөліп өлшейміз, біреуі ауыр болғандықтан сол табақтағы үш сақинаны өлшейміз. Екі сақинаны табаққа саламыз, тең болса, жердегі сақина іздеген сақина болады.Әйтпесе қай төмен тартылғаны болады./

2. Дүкендегі бұйымның бағасы 8 процентке арзандатылды. Бір айда уақыт өткеннен кейін тағы да 8 проценке арзандатылды. Ал екінші дүкенде алғашқы айда бірден 16 процентке арзандатылды. Қай дүкендегі бұйым арзан?
Жауабы: екінші дүкендегі арзан, себебі 16 процент 8 процентке қарағанда үлкен сан

Азияда ойындарынан қайтқан Хамза атай шаңғымен сағатына10 кмжүрсе, өзінің немерелеріне талтүстен бір сағат асқанда жетеді, ал сағатына15 кмжүрсе, талтүстен бір сағат бұрын жетеді. Хамза атай өз қыстағына дәл талтүсте жету үшін ол қандай жылдамдықпен жүруі тиіс.
Жауабы: 12,5 км/сағат

6. «Математика өмірде» атты қабырға газеті сайысы. Әр топ өздері математиканың өмірдегі қолданысы туралы, маңызы туралы газет шығарады. Оны қорғайды.
7. Әділқазыларға сөз береміз.
Қорытынды.
Білім дегенбиік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа тілектеспін. 

№9.«Математика- ғылымдар патшасы»

Кештің мақсаты: Оқушылардың математикалық ой- өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу, өз бетімен жұмыс істей білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген класс бөлмесі, нақыл сөздер, кеспе қағаздары, логикалық есептер.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспар: 1. Топтың өзін таныстыруы.

2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)

3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)

4. Математикалық сұрақтар

5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)

7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Білімді бірге шыңдайық!» атты математикалық кешімізге қош келдіңіздер.

Бүгінгі кешіміз топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш»,»Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:

  1. тең қабырғалы үшбұрыш

  2. тең бүйірлі үшбұрыш

  3. әр қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:

  1. тік бұрышты үшбұрыш

  2. сүйір бұрышты үшбұрыш

  3. доғал бұрышты үшбұрыш

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

ІІ топ. «Квадрат» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне параллель тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

Қасиеттері: 1) диогональдары тең

2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады

3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.

ІІІ топ. «Трапеция» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты трапеция дейді.

Параллель қабырғалары табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-ғалары деп аталады.

Трапецияның түрлері: 1) тең бүйірлі

2) тік бұрышты

Трапецияның орта сызығының табандарына параллель және олардың қосын-дысының жартысына тең болады.

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан І-сайыстың қорытындысын сұраймыз.

2. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).

«Үшбұрыш» тобына.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

«Квадрат» тобына.

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

«Трапеция»тобына.

1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)



Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.

3. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).

«Үшбұрыш» тобына.

АВСД параллелограмның периметрі 81см, ал АС = 30см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.

«Квадрат» тобына.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.

«Трапеция» тобына.

Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар.

IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа бес сұрақтан)

«Үшбұрыш» тобына.

1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)

2. Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)

3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)

4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)

5. Мына формула бойынша нені табуға болады? (трапецияның ауданын)

«Квадрат» тобына.

1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).

2. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)

3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)

4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)

5. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)

«Трапеция» тобына.

1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)

2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)

3. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)

4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)

5. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)

4. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)

6. «Сөз жұмбақ» сайысы. (әр топқа бірдей тапсырма, карточка арқылы беріледі)

Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымдардың аты шығады.

18,147

64

5

22,804

-56,7

47,498

13










Д. √64 + √25 М. 0,7 * (-81)

А. 13,123 + 5,024

Е. 47,749 – 0,251 Х.-41,8 – 46,8

Р. (-2)6 И 9,004 + 13,8

7. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)

5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)

6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

7. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

11. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

12. 225 нешенің квадраты? (15)

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.



Арифметикалық ребустар

Сабақтың мақсаты:    -  оқушылардың  білім мен білік  дағдыларын  берілген  тақырыптар    көлемінде  қалыптастыра  отырып, арифметикалық амалдар арқылы дұрыс теңдік шығарып алуға, арифметикалық ребустар шешуге, құруға машықтандыру.

Міндеттері:

-  математикалық ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру.

-  пәнді оқудағы шеберліктерін, логикалық ойлауын дамыту, тапқырлық, шапшаңдығын, таным-белсенділігін арттыру.

-  меңгерген математикалық білімдерін омірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Көрнекілігі: слайд, таратпалар, нетбуктар

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұптық, ойын-жарыс

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.  Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.  Психологиялық  дайындық.

 Ғылымның сырын ұғына

Шығайық  білім шыңына!

Ұшқыр ой мен зеректік

Жеткізсін біздей өренді

Математика сырына.  

-Балалар, енді бір- бірімізге математикалық терминдері бар сөздер арқылы ізгі тілек арнайық. –......үнемі беспен оқы, 11-наурыз күнгі сабағымызға  сәттілік тілеймін, Достарымыз қосу амалының нәтижесіндей молайсын, Біліміміз көбейту амалының нәтижесіндей көбейсін, т.с.с

2.Миға шабуыл. Сұрақ-жауап (Сынақтан өткізу технологиясы)

  Келешекте математиканың биік шыңдарына жетеміз деген мақсаттарың орындалсын деген тілекпен бүгінгі сабағымызды гректің атақты математигі Пифагордың «Бар болмыстың бастамасы – сан» деген сөзінен бастағалы тұрмын. Сабақ барысында сендердің жауаптарыңа геометриялық фигуралар беріліп отырады. Сабақ соңында осы фигуралар бойынша қызықты тапсырма беріледі. Сондықтан білімімізді көрсетіп, фигураларды көп жинауға тырысайық. Ал, қазір балалар «Ұшқыр ой – ұтымды жауап»  ойынын ойнайық. Ұяшықтар таңдап, ұяшық сұрақтарына жауап береміз.

Слайдтан «Ұшқыр ой – ұтымды жауап»  ойыны

Оқушылар кезекпен ұяшықтар таңдап, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар логикалық есептерге байланысты алынады:

 1. Шанаға қосарланып жегілген үш ат 30км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? Ж:Әр ат 30 км жүріп өтті, себебі олар қосарланып жегілген аттар

2.Таксиден 2 жолаушы шыққанда жартысы таксиде қалды. Таксиде неше адам болған еді? Ж:3 адам болған, себебі 2-нің жартысы 1,  2+1=3

3. Екі адам шахматты 2 сағат ойнайды. Бір адам неше сағат ойнайды?

Ж:Бір адам 2 сағат ойнайды, себебі шахматты 2 адам ойнайды,  бір уақытта бастайды.

4.Сочи -2014  қысқы ойындар олимпиадасына елімізден спорттың 10 түрінен спортшылар қатысты, бұл барлық спортшылардың  бестен бір бөлігін құрайды. Сочи олимпиадасына еліміздің атынан неше спортшы қатысты ?

50 спортшы   қатысты, яғни 10х5=50

5.Мектеп оқушыларының арасында Халықаралық “Самұрық” зияткерлік сайысы болды. Оған сыныбымыздан 2013 жылы 7 оқушы, 2014 жылы 14 оқушы қатысты. 2013 жылға қарағанда, 2014 жылы неше есе артық оқушы қатысқан? Ж: 2 есе артық оқушы қатысқан, яғни 14:7=2

6. Қай санды төңкергенде басқа санға айналады? Ж: 6 саны төңкергенде 9 санына, 9 саны 6 санына айналады.)

7. Қай сандарды төңкергенде өзгермейді? Ж: 0,8 сандары төңкергенде өзгермейді.

 8. Бірліктері 8 болатын екі таңбалы сандарды кему ретімен ата.Ж. 98,88,78,68,58,48,38,28,18.

9. 9-дан 100-ге дейінгі сандарда қанша «9» саны кездеседі?(10)   

Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.

         3. Эвристикалық әдіс   сыни ойлап тақырып мазмұнын ашады.

-Жарайсыңдар, балалар, енді алдымыздағы 1-конверт бойынша жұптасып жұмыс жасаймыз. Бұл жұмысты ақ қағазға жапсырып, жазып орындайсыңдар. Тапсырманы орындап болған жұптар жұмыстарын қорғайды.

Әр оқушының алдына сандар мен арифметикалық   ребустар  қиындылары  бар 1-конверт тасталады. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Арифметикалық  ребустарды құрып, шешеді.  Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері түйіндеп шығарады, қорғайды.

1-конверт тапсырмасы

1-жұпқа:  4*4*4*4=8             Шешуі:     4+4+4-4=8, 4+4-4+4=8

2-жұпқа:   5*4*3*2*1=3       Шешуі:     5+4-3-2-1=3, 5-4+3-2+1=3

3-жұпқа:   6*6*6=30             Шешуі:     6х6-6 =30       

4-жұпқа:     5*5*5=5             Шешуі:             5+5-5=5, 5-5+5=5

5-жұпқа:    5*4*3*2*1=5      Шешуі:     5+4-3-2+1=5, 5-4+3+2-1=5

6-жұпқа:    6*6*6*6=12        Шешуі:          6+6+6-6=12       

Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.

4. -Бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ.

Сабақ тақырыбы: «Арифметикалық ребустар» (Слайдтан тақырыбы, мақсаты оқылады)

Қорытындылау:

-Сонымен ребус туралы  не білеміз?

-Ребус-бұл жасырынған сөздерді, сөйлемдерді  суреттің, әріптің, таңбалардың көмегімен  табу ойыны. Ребус латын тілінен аударғанда «зат, нәрсе» ұғымын білдіреді. Алғашқы ребустар Францияда 15-ғасырда пайда болған.

-Ребустың қандай түрлерін білесіңдер?

-Суретті ребустар, әріпті ребустар, математикалық ребустар, арифметикалық ребустар.

-Арифметикалық ребус  екенін қайдан білдіңдер ?

-Арифметикалық ребустарды  шешуде  нені басшылыққа аламыз?

Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.

-Ендеше арифметикалық ребустардың күрделірек түрін шешіп көрейік. Әр жұп 2-конвертті ашайық. Әр қатардан 1 жұп тақтада орындайды.

1-қатардан 1-жұп, 2-қатардан 1-жұп

Оқушыны ойландыру әдісі.

Осы тақырып көлемінде әр жұпқа  арифметикалық амалдар арқылы дұрыс теңдік шығарып алуға, арифметикалық ребустар  шешуге, тапсырмалар беріледі.

Кейбір цифрлардың арасына амал таңбаларын теңдік дұрыс болатындай етіп қойып шық:  1-2-3-жұпқа:

3  3  3=30                Шешуі:         33-3=30                    

3  3  3  3=30                            3*3*3+3=30                      

                        4-5-6-жұпқа:                  

7 7 7 7=1              Шешуі:       77:77=1

7 7 7 7=2                                7:7+7:7=2

Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.              -Ендігі кезекті математикалық ребустарға берейік. 3-конверт тапсырмасын орындаймыз.  Әрбір  әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді. Осы жазбаларды  анықтайық. Тақтаға 2 жұп шығады. 1-қатардан 2-жұп, 2-қатардан 2-жұп. Слайдтан ребус  шығады.

 1.АА х  А =  CC        1. Жауабы:   22х2=44, 33х3=99

2.  МННН- ККК = М              2.Жауабы: 1000-999 =1

Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.             

-Арифметикалық, математикалық ребустарды салыстырды. Өз ойларын ортаға салды.

Арифметикалық ребус                                                 Математикалық ребус

Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қою.

Арифметикалық амалдарға байланысты құрылады.

Екеуі де ребус

 

Теңдігі беріледі

Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді

Сандарға байланысты құрылады

 «Арифметикалық ребустардың  адам өмірінде алатын орны қандай?» сұрағына сыни тұрғыдан ойлана отырып, әр жұп өзіндік пікірін білдіреді.Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.              7. «Қызықты есептер»  Слайдтан

— Балалар, енді «Қызықты есептерге де тоқтала  кетейік. Барлығымыз экранға қарайық.

1.Асан мен Үсен футбол добын сатып алғысы келді. Оны сатып алу үшін Асанның 20 теңгесі, ал Үсеннің 30 теңгесі жетпеді. Олар ақшаларын қосып доп сатып алды және 60 теңге ақшасы қалды. Футбол добы қанша тұрады?

(Осы есептің тұжырымын іс жүзінде көрсету) Жұптарға 20, 30, 60 теңге тарату. Жауабы: Асан өзінің ақшасын Үсенге берген, олар доп сатып алған және оларда 60 теңге қалған. Олай болса, Асан Үсенге допты сатып алуға жетпей тұрған 20 теңгені берген және 60 теңге қалған, яғни Асан Үсенге өзінде бар барлық ақшаны 20+60=80 теңгені берген. Үсенге допты сатып алу үшін 30 теңге жетпеген, олай болса, доптың бағасы 110 теңге тұрады.

2. Есептің тұжырымын дәлелдеу үшін көз жеткізу жұмысы

7 литрлік шелек пен 3 литрлік банка арқылы кострюльге 5 литр суды қалай құюға болады. Жауабы: 3 литрлік банка арқылы 6 литр суды шелекке құямыз. Тағы да 3 литрлік банканы суға толтырып, оны 7 литрлік шелекке құямыз.Бұдан кейін 3 литрлік банкадағы қалған 2 литр суды кастрюльге құямыз. Енді оған 3 литрлік банкамен су құямыз. Сонда кастрюльдегі су 5 литр болып шығады.

( 7 литрлік шелек пен 3 литрлік банка, кострюльмен  су құйып  жұмыс жасайды)Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.             

Қорытынды:

-Экранға назар аударайық, «Білімпаз»  айдары.

Бейне таспадан сұрақ қойылады.

-Бұл ненің жылнамасы мен эмблемасы ?  -ЭКСПО-2017


-ЭКСПО-2017- мақсаты не екенін тыңдайық.

«Білімпаз» бейнетаспадан айтады.

EXPO-2017-нің мақсаты – қалпына келетін энергияның алдыңғы қатарлы технологияларын әлемге таныту

-Өзімізді бір сәт  сәулетші сезінейік.

EXPO-2017-нің мақсаты – қалпына келетін энергияның алдыңғы қатарлы технологияларын әлемге таныту болса, сендер күн энергиясы арқылы электр қуатын алатын үйдің макетін жауаптар бойынша жинаған фигуралардан құрастырыңдар.

Нетбукпен жұмыс.  Жұптағы 1 оқушы фигурамен көрсетсе, 2-оқушы нетбук арқылы көрсетеді. Құрастырған үй макетін қорғайды.  Біздің бүгінгі жетістіктерімізден құрастырған үй макеті келешектегі  математикалық жобалардың бастауы,   кішкене де болса ЭКСПО-2017 көрмесіне қосқан үлесіміз деп білейік.























ҚОРЫТЫНДЫ

Мектептердің бүгінгі ең басты міндеттерінің бірі – мұғалім шеберлігін, кәсіби құзыреттілігін дамыту. Мектеп ісінің алға басуы педагогикалық ұжымның шығармашылық қабілетіне тікелей байланысты болмақ. Әрбір білім беру ұйымдары өздерінің мақсат, міндеттеріне сәйкес ұжымның шығармашылығын арттыратын, нәтижелілікті қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді таңдап, әдістемелік қызметтің өзіндік моделін жасайды.

Қорыта айтқанда, мектеп ісінің алға басуы педагогикалық ұжымның шығармашылық қабілетіне тікелей байланысты болмақ. Мұғалімді шығармашылыққа ынталандыратын факторлардың бастысы – өзінің ғылымына, яғни оқытатын пәніне деген шығармашылық көзқарас, пәндік материалдың дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктерін көре білу. Егер тәжірибе ғылыми білімдермен нәрлендірілсе, оның жаңашылдық деңгейі жоғарылайды, ғылыми шығармашылық қалыптасады. Шығармашыл мұғалім – белгілі бір позиция мен әлеуметтік мәртебені иеленген, өзінің ішкі мүмакіндіктерін дамытуға, педагогикалық ақиқатқа жаңашылдық тұрғысынан өзгерістер жасауға мүмкіндігі бар, өзінің кәсіби мәнділігін жүзеге асыра алатын маман. Ондай мұғалім қоғам талап етіп отырған дамушы шығармашыл тұлғаны қалыптастырады.

Әдістемелік жұмыстың кең тараған түрлері болып педагогикалық оқулар, педагогикалық шеберлік мектептері, әдістемелік бірлестіктер, сынып жетекшілер семинарлары, ашық сабақтар болып есептелініп келді. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің модернизациялауына байланысты әдістемелік жұмыста көптеген жаңашылдықтар бар. Педагогтардың жаңаша ұйымдастырылған іс әрекеті бұл жұмысты жаңа жолға қоюды талап етуде.Осы әдістемелік нұсқаулықта бейнеленген әдістемелік жұмыстың формаларын мектеп тәжірибесіне ендіру – мұғалімнің жаңашылдығын, бастамашылдығын дамытудың, педагогикалық шеберлігін көтерудің, кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың кепілі болып табылатыны сөзсіз. Жалпы тарихи мәліметтерге сүйенсек, қай дәуірде болмасын халқымыз математикалық білімге ерекше мән бере білген. Сегіз қырлы, бір сырлы шығыс ғұламаларының басым көпшілігі математиканы терең меңгеріп, артында құнды ғылыми еңбектер қалдырған. Орта ғасырдағы Әл-Фараби бабамыздың еңбектерінен бастау алған ұлттық математикалық білім беру мазмұны ХХ ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты. Ол бүгінге дейін құндылығын жоймаған бірқатар еңбектер арқылы қамтамасыз етілді. Олар — Міржақып Дулатов, Сұлтанбек Қожанов, Кәрім Жәленов, Елдос Омаров, Әлімхан Ермеков, Қаныш Сәтбаев, Әлмағанбет Қасымовтардың математика пәні бойынша жазылған төл оқулықтары. Оларды зерттеу, оның пайдалы жағын алып, іске жарату математика мамандары үшін бұл істі қайта жалғастыру ғана емес, елжанды азаматтар аруағының алдындағы борышымыз деп ойлаймын. Сондай-ақ, аталған ғалымдардың ғылыми еңбектерін біріктіріп, жаңартып, мазмұнын бір жүйелі кіріктіріп,әртүрлі әдістемелік нұсқаулықты ұсыну педагогтардың кәсіби шеберлігін шыңдай түсері анық.












Глоссарий


Дарындылық

Дарыныдылық өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі

Зерттеу сабағы

Оқытуды жетілдірудің ерекше тәсілі. Ол бірнеше кезеңнен тұрады: проблеманы белгілеу, оны шешу шарттары мен жолдарын талқылау, ақпарат алмасу, қорытындылау

Коучинг

  • сөзбе –сөз дайындау, жаттықтыру, әріптестердің құпия белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі

Креативтілік

  • шығармашыл.жасампаз, проблемаларды ерекше тәсілмен шешу

Рефлексия

  • Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау

  • Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау

Lesson study/зерттеу сабағы

  • Lesson Study: сабақтың сапасын жақсарту үдерісі - сабақты жоспарлау, сабақтың жоспарын талқылау, өткізілген сабақты зерттеу, сабақтан кейін талқылау

  • Сабақты зерттеу: сабақты Lesson Study аясында зерттеу

  • Сабақтан соң талқылау: бақылаушылардың бақылау нәтижесімен бір бірімен алмасу мақсатында талқылау жүргізу немесе сабақты жақсарту үшін жаңа идеяларды ойлап шығару

Кейс-стади/ немесе қара жәшік ішіндегі жұмыс

Кейс-стади амал тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің шағын мектептерінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.

Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіген, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т.б. салаларда жемісті қолданылуда.










Пайдаланылған әдебиеттер тізім

  1. С.Елубаев «Қазақтың байырғы қара есептері» Алматы Қазақстан 1996ж.

  2. Қырық қазына.Ә.Доспамбетов-Алматы 1997

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрі.С.Қалие, М.Оразаев-Алматы 1994.

  1. Калегин Ю.М. Оганесян В.А. « Есеп шығаруды үйрен».Алматы «Мектеп» 1996 ж.

  1. «Математика және физика» журналдары  2005- 2009 ж.

  1. «Қырық бір қазына» Алматы

  1. Интернет материалдары 


8 .Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына

қарай 20 қадам. // Егемен Қазақстан №380-382 (27 456), 15 шілде,






1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
1549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі