Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Математика пәні бойынша бірлестіктің жұмыс жоспары(үлгі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика бірлестік жетекшісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




115 Оразбай атындағы негізгі орта мектебінің

математика, химия және биология, физика және информатика әдістемелік бірлестігінің 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс

ж о с п а р ы



















2018-2019 оқу жылы



«Бекітемін»

мектеп директоры:

____________Е.Ж.Алтыбаев




115 Оразбай атындағы негізгі орта мектебінің «Математика,химия және биология, физика және информатика» әдістемелік бірлестігінің

2018-2019 оқу жылына арналған

жұмыс жоспары



Мектеп ұжымының әдістемелік тақырыбы: «Оқушылардың шығармашылық қабілетін, дүниетанымын дамыту»


Математика, физика және информатика әдістемелік бірлестігінің әдістемелік тақырыбы: «Сабақта дамыта оқыту әдістерін пайдалана отырып оқушылардың белсенділігін арттыру»


Міндеттері: 1. ҚР «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру.

2. ҚР Білім беру стандартына сәйкес білім беру.


Мақсаты:

  • Адамгершілігі мол, шығармашылық қабілеті жоғары тұлғаны тәрбиелеу;

  • Оқушылардың білім сапасын арттыру;

  • Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру;

  • Мұғалімнің құзырлылығын арттыру және шеберлігін шыңдау;



















М А З М Ұ Н Ы

I – БӨЛІМ : математика, химия, биология, физика және информатика пәні бірлестігінің 2017-2018 оқу жылындағы атқарған жұмыстарын талдау, 2018-2019 оқу жылындағы әдістемелік бірлестіктің негізгі міндеттері.

II – БӨЛІМ: Әдістемелік бірлестіктің құрамы, мүшелері жөнінде мәлімет


III – БӨЛІМ: Мұғалімнің біліктілігін арттыру

IV – БӨЛІМ: Оқушының білім мен икем-дағдысын зерттеу.

V – БӨЛІМ: Озат тәжрибе мектебі

VI – БӨЛІМ: Пән кабинеті, кабинеттің оқу материалдық базасын нығайту.


VII – БӨЛІМ : Әдістемелік бірлестік отырыстарының жоспары.


























І бөлім

115 Оразбай атындағы негізгі орта мектебінің «Математика, химия және биология, физика және информатика» пәндер бірлестігінің

2017 – 2018 оқу жылындағы атқарған жұмыстарының есебін талдау

Педагогикалық кадрлар жайлы

Математика, информатика және физика, химия және биология пәндер әдістемелік бірлестігінде 5 мұғалім жұмыс жасайды.

Базалық білімі бойынша педагогтардың сандық және сапалық құрамы

Сапалық құрамы

Оқу жылы

2017-2018

Жалпы мұғалімдер саны

5

Жоғары санатты мұғалімдер

1

І білікті санатты мұғалімдер

2

ІІ білікті санатты мұғалімдер

1

Санатсыз мұғалімдер

1

Пән мұғалімдері өз мамандықтары бойынша сабақ береді. Мұғалімдердің сапалық құрамы

Деңгейлік курсын аяқтаған мұғалімдер саны

Оқу жылы

Барлығы

І негізгі

деңгей

ІІ негізгі

деңгей

ІІІ базалық

2017-2018

-

-

-

-

Педагог кадрлардың шығармашылық тақырыбтары

Мұғалімнің аты-жөні

Шығармашылық тақырыбтары

1

Садырбаева Клара

Дарынды балдармен жүргізілетін жұмыс жолдары

2

Нурокова Зағипа

Ойынның белсенді түрлерін пайдалана отырып дамыта оқыту

3

Джаримбетова Шырынгуль

Физика есептерін математикалық жолмен шешу

4

Ахатова Кулпан

Оқушылардың өзіндік ізденістері арқылы шығармашылығын арттыру

5

Киргизбаева Раушан

Үлгерімі төмен балалармен жұмыс жүргізу

жолдары



Мектептің әдістемелік жұмыс тақырыбы:

«Педагогикалық жаңа әдіс тәсілдерді оқушылардың танымдық деңгейін дамыту негізінде пайдалану»

Міндеттері: 1. ҚР «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру

2. ҚР Білім беру стандартына сәйкес білім беру

3.Оқушылардың МИФ және ХБ пәндерінен білім сапасын арттыру және оқушыларды ОЖСБ-ға сапалы дайындау

Мақсаты:

  • Адамгершілігі мол, шығармашылық қабілеті жоғары тұлғаны тәрбиелеу;

  • Оқушылардың білім сапасын арттыру;

  • Пәнді оқытудың әдіс тәсілдерін жетілдіру ;

  • Мұғалімнің құзырлылығын арттыру және шеберлігін шыңдау;

  • Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру;

Жыл басында 2017-2018 оқу жылының жылдық жоспары түзіліп және бекітілді, жүктемелер бөлініп берілді. Әрбір мұғалім өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, сабақтарын өз деңгейінде өткізіп келеді. Пән мұғалімдері өз сабақтарында көрнекі құралдарды тиімді пайдалануға дағдыланған. МИФ және ХБ пәні бойынша дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізіліп, оларға арнайы жоспарлар дайындалған.

Бірлестік мұғалімдері бүгінгі ұрпақты ұлтжандылық пен ізгілікке тәрбиелеу және оқушыларға сапалы білім беруде озық технология мен үрдістерді пайдалану барысында төмендегідей сабақтан тыс ашық сабақтармен сыныптан тыс семинар, конференция, дөңгелек үстелдер өткізді.

2017-2018 оқу жылында әдістемелік бірлестік «Сабақты дамыта оқыту әдістерін пайдалана отырып оқушылардың белсенділігін арттыру» мәселесі бойынша жұмыс жасады.

Мектептің өзекті мәселесін іске асыру үшін жұмыс жасайтын әдістемелік бірлестік педагогтардың әдістемелік қызметін жетілдіруіне, ынталандыру, жағдай жасауға бағытталған жылдық жоспар құрып, сол бойынша біршама жұмыс атқарылды.

Мұғалімдердің бүгінгі күнгі оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы-сапалы білім берудің кепілі. Сондықтанда мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курстарынан уақытылы өтіп отыруы-мектептегі әдістемелік қызметтің маңызды саласы.

«МИФ және ХБ» пәндер бірлестігі апталығының

ЖОСПАРЫ

Жұмыс мазмұны

Пәні

Мерзімі

Сыныбы

Жауапты

1

Апталықтың ашылуы


22.01.2018


Бірлестік мүшелері

2

Ашық сабақ

«Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 зертханалық тәжірибе. №10 зертханалық тәжірибе. Сутекке сапалық реакция»

Химия

23.01.2018

Ахатова К.К.


3

Ашық сабақ

Қысқаша көбейту формулалары: «Екі өрнектің кубтарының қосындысы, айырмасы формулалары»

Алгебра

24.01.2018

7 Ә

Садырбаева К.С.

4

Ашық сабақ

«Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру»

Математика

24.01.2018

Нурокова З.Б.

5

Ашық сабақ

«Есептер шығару»

Физика

24.01.2018

8 Ә

Джаримбетова Ш.У

6

Ашық сабақ

«Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері»

Биология

24.01.2018

7 А

Ахатова К.К.


7

Сайыс сабақ: «Ойла, ізде, тап»

Математика

27.01.2018

6

Нурокова З.Б.

8

Сайыс сабақ: «Қызықты биология»

Биология

27.01.2018

7

Ахатова К.К.

9

«Әй осы математика» сайысы

Математика

27.01.2018

7

Садырбаева К.С.


Қорытынды


27.01.2018


Бірлестік мүшелері






Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды.Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді.

Енді апталықтың әр күніндеіг іс-шаралардың талдауы:

  1. 22.01 дүйсенбі .Апталықтың ашылуы

  2. 23.01.2018 күні. «Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 зертханалық тәжірибе. №10 зертханалық тәжірибе»- тақырыбында Ахатова Кульпан 7 ә сыныбында сабақ өткізді. Бұл сабақ та өте жоғарғы дәрежеде өтті, бірлестік мұғалімдері және мектеп директорының орынбасары Жантілеуов Б.Ә.. қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті. Оқушылардың химия тілдерін дамытуда да мұғалім жақсы жұмыс көрсете білді.

  3. 24.01.2018 күні «Екі өрнектің кубтарының қосындысы, айырмасы формулалары» алгебра, білім бекіту сабағы, танымдық- зерттеу сабағын математика пәні мұғалімі Садырбаева К.С. 7 Ә сыныпта өткізді. Жаңа технологияны, яғни ойын түрін танымдық зерттеумен ұштастырған бұл сабақта балалар алған білімдерін зерттеу арқылы жаңа білімге ұштастыра білді. Топтық жұмыста зерттеу әрине тиімді болады. Әр топ өз бағытында нәтижелі жұмыс көрсетті. Әсіресе, «формулаларды сәйкестендіру», «жалғасын тап» деген ойын түрлері тақырып бойынша оқушылар білімінің терең екенін дәлелдеді.


  4. Келесі сабақты  «Ондық бөлшек.Ондық бөлшектерді оқу және жазу» математика жаңа білім игеру сабағы,топтық - танымдық сабақ, 5 А сыныпта Нурокова Зағипа өткізді. Сабақта балалар тиянақты теориялық білімді есептер шығаруға қолдана білді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай А,В,С деңгейлі болып өте сауатты жоспарланған. Оқушылардың математикалық тілдерін дамытуда да мұғалім жақсы жұмыс көрсете білді.

  5. «Есептер шығару» физикадан практикалық сабағы,топтық - танымдық сабақ, 8 Ә сыныпта Джаримбетова Шырынгул өткізді. Сабақта балалар тиянақты теориялық білімді есептер шығаруға қолдана білді.

  6. 27.01.2018 күні. «Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері»- тақырыбында Ахатова Кульпан 7 А сыныбында сабақ өткізді. Бұл сабақ та өте жоғарғы дәрежеде өтті. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті.

  7. 27.01.2018 ж күні «Әй, осы математика, сыныптан тыс жұмысты 7 сыныптар арасында Садырбаева К.С. өткізді. Оқушылардың шеберліктерін шебер пайдаланған ұстаз бұл шараны өте қызықты әрі мазмұнды етіп өткізді.Көрнекіліктері эстетикалық талғаммен жасалуы да баланы қызықтыруға, талғамын тәрбиелеуге көп әсерін тигізді.Жарыс жанкүйерлері де белсенді болды

  8. «Ойла, ізде, тап  сайысын Нурокова Зағипа 6 сыныпта өткізді. Сабақтағы көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар өте мазмұнды болды.

  9. 27.01.2018 ж күні Ахатова К. 7 сыныптар арасында Қызықты биология тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Сабақ жақсы деңгейде өткізілді. Оқушылар өз білімдерін көрсете алды.

27.01.2018. сенбі ,Апталықты қортындылау 

Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.

Жоғарыда көрсетілген жоспар бойынша мұғалімдер ашық сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарын өтті.

ОЖСБ ға оқушыларды дайындау мақсатында жыл бойына оқушылармен үздіксіз жұмыс жүргізіліп, әр апта сайын тест жұмыстарын алып одан шыққан қорытындыға мониторинг жасалып, қателескен жауаптарын қайта қарап оқушылармен талқылау жұмыстары жүргізіліп отырды.

Жыл бойында мұғалімдердің тәжірибе алмасу мақсатында бірлестік мүшелерінің сабақтарына еніп отырдық. Бірлестік отырысында сабаққа ену кезіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді талқылап, қателіктерді болдырмау мақсатында әлі де оқушылармен дұрыс жұмыс істеу керектігін күшейту,дидактикалық материалдарды дұрыс пайдалануды, тесттерді, кеспе қағаздарын, картаны сабақ үстінде дұрыс пайдалану керектігін айтып отырдық.

2017-2018 оқу жылындағы «Математика» пәндер бойынша

оқушылардың жетістігі туралы мәлімет

1.Облыстық, қалалық байқаулар, сайыстар, олимпиадалар, т.б.


115 Оразбай атындағы негізгі орта мектебінде қараша айының 2-сі күні мектепішілік математика пәнінен олимпиада болып өтті. Олимпиадаға 8 А сынып оқушысы Әбіхан Нұрасыл мен 8 Ә сынып Абильдаева Асем қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша жоғары 70 балл жинаған Абильдаева Асем І орынға ие болып, қалалық олимпиадаға жіберілді. Қалалық олимпиададан 20 сұрақтың 13- не жауап бере отырып, аймақтық олимпиадаға жіберілді. Аймақтық олимпиададан өте алмады.

«Самұрық» математикалық зияткерлік

сайысы – облыстық кезең

Оқу жылы

Қатысушының аты-жөні

Сыныбы

Жетістігі

Жетекшісі

2017-2018

Жұмалы Сымбат

ІІІ

7 ә

Садырбаева К.С.

Сарсенбеков Арсен

ІІ

7 б

Садырбаева К.С.

Шымкентбай Елдана

ІІ

8 ә

Садырбаева К.С.

Жұмалы Ерсұлтан

ІІІ

9 а

Садырбаева К.С.

Оқушылардың алған жетістіктерінің көрсеткіші

Оқу жылдары

Алған орындары

Облыстық деңгейде

Барлығы

2017-2018

1 орын

-

-

2 орын

5

2

3 орын

8

4

Математика, информатика және физика, химия және биология пәндер әдістемелік бірлестігінде 5 мұғалім жұмыс жасайды.







Базалық білімі бойынша педагогтардың сандық және сапалық құрамы

Сапалық құрамы

2016-2017

Жалпы мұғалімдер саны

5

Жоғары санатты мұғалімдер

1

І білікті санатты мұғалімдер

2

ІІ білікті санатты мұғалімдер

1

Санатсыз мұғалімдер

1

Педагог кадрлардың шығармашылық тақырыбтары

Мұғалімнің аты-жөні

Шығармашылық тақырыбтары

1

Садырбаева Клара

Дарынды балдармен жүргізілетін жұмыс жолдары

2

Нурокова Зағипа

Ойынның белсенді түрлерін пайдалана отырып дамыта оқыту

3

Джаримбетова Шырынгуль

Физика есептерін математикалық жолмен шешу

4

Ахатова Кулпан

Оқушылардың өзіндік ізденістері арқылы шығармашылығын арттыру

5

Киргизбаева Раушан

Үлгерімі төмен балалармен жұмыс жүргізу

жолдары

Бірлестік бойынша 5 рет отырыс өткізілді. Бірінші бірлестік отырысында 2015-2016 оқу жылында атқарылатын жұмыстар мен міндеттемелер белгіленсе, 2- отырыста І тоқсандық оқу бағдарламасының орындалуы мен атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалынды.

3-отырыста ІІ тоқсанның оқу бағдарламасының орындалуы білім сапасының кейбір пәндер бойынша салыстырмалы түрде қарағанда төмендеуі мен көтерілуіне сараптама жасалынды. Шығармашылық топтармен жұмыстар жүргізіп жатқан топ жетекшілерінің жұмыстарына талдау жасалынды. Жоспарланған айлық жұмыстың алдағы уақытта уақытында және жоспары алдын-ала мектеп әкімшілігіне бекітілуі ескертілді.

Қорытынды:

Оқушылардың білімі мен ынтасын әлі де көтеру мақсатында бірлестік мүшелері алдағы жұмыс барысында мұғалім- ата-ана және сынып жетекші болып бірлесіп тығыз жұмыс жасау керек екендігін, әсіресе білім сапасы басқа сыныптарға қарағанда төмен сыныптармен тұрақты түрде үй тапсырмасы және сыныптағы жаттығулар орындалуы тексеріліп, тесттермен жұмыс түрлері жүргізілу керек.

Ұсыныс:

1.Оқушылардың білім сапасын әлі де өсуіне оқушылармен жаппай және жекелей жұмыс жасалсын.

2.Үлгірімі өте төмен оқушыларды қосымша сабақтар ұйымдастырылсын.

3.Мектеп бойынша дарынды балалардан шығармашылық топ құрылсын.

4.Қызығушылығын арттыру үшін сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылсын

6.Жаңа технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттырылсын.

7.Дарынды оқушыларды облыстық, аудандық пәндік олимпиадаларға дайындауда жеке жұмыстарды жүйелі жүргізілсін.





І.2 2017 – 2018 оқу жылындағы математика, химия және биология, физика және информатика пәндерінің әдістемелік жұмыстарының негізгі міндеттері

  • ҚР «Білім туралы Заңын», ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және «Тіл туралы Заңды» басшылыққа ала отырып оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыру;

  • Пәннің оқытылуын мемлекеттік стандарт талаптарына сай орындауды қамтамасыз ету;

  • Әдістемелік апталықтар мен түрлі іс-шараларды сапалы өткізу, оның педагогтардың кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін жетілдірудегі рөлін арттыру;

  • Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, барлық сабақтар мен сыныптан тысшараларды жоғары әдістемелік деңгейде өткізу;

  • Өзара тәжрибе алмасу жиындарын өткізе отырып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ету;

  • Оқытудың белсенді әдіс-формалары мен тиімді технологияларын іздестіре отырып, тәжрибе – сынақтар жүргізу;

  • Жаңа оқу- тәрбиелік, ғылыми әдістемелік дидактикалық материалдар мен оқу құралдарын жасай отырып, иновациялық білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

  • Оқу –тәрбие процесін жетілдіру барысын талдай отырып, шығармашыл мұғалімдердің озат тәжрибелерін зеріттеу, жалпылау және тарату;

  • Мектеп бітірушілердің білімдерінің ғылыми базасын нығайта отырып, тарих және география пәні бойынша жоғары оқу орнына түсуіне бағытталған дайындық жұмыстарын күшейту;

  • Оқушылардың бойында жоғары моральдік және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, оларды кешенді тәрбиелеу бағдарламаларын жетілдіру;

  • Педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және ғылыми әдебиеттердегі мақалалармен танысу, ендіру;

  • Оқу процесінің деңгейін қалай көтеру шараларын айқындау, оны жүзеге асыру;














ІІ – бөлім

Әдістемелік бірлестіктің құрамы, мүшелері жөнінде мәлімет

Аты - жөні

Туған жылы

Ұлты

Қызметі

Өтілі

Білімі

Диплом№ бітірген жылы

Диплом бойынша мамандығы

Санаты

Санат қай пәннен алынған

Аттестация өткен мезгілі

Курстан өткен уақыты

1

Садырбаева Клара

27.08.1982

қазақ

Математика пәні мұғалімі

15

Жоғары

МТБ 0012200 ОҚМУ 2006

Математика магистрі

ІІ

математика

-

2013 математика

2

Нурокова Загипа

03.02.1967

қазақ

Математика пәні мұғалімі

27

Жоғары

УВІ

072499

Математика пәнінің оқытушысы

І

математика

-

-

3

Ахатова Күлпан

06.04.1967

Қазақ

Химия және биология пәні мұғалімі

10

жоғары

ОҚМУ, ЖБ 0640357, 2005

Химия және биология

ІІ

Химия, биология


20082009ж химия

4

Джарымбетова Шырынгүль

22.02.1982

қазақ

Физика және информатика пәні мұғалімі

15

Жоғары

ЖБ 407736

МКТУ, 2003

Физика, информатика мұғалімі

жоғары

Физика және информатика

84 1.09.2007

2013 физика

2013 информатика

5













ІІІ – бөлім

Мұғалімнің біліктілігін арттыру

  1. Курсқа бару кестесі

р/с


Аты -жөні

Курсқа бару мерзімі

Шығармашылық тақырыптары



1

Садырбаева Клара

2019

Дарынды балдармен жүргізілетін жұмыс жолдары

2

Нурокова З.

2020

Ойынның белсенді түрлерін пайдалана отырып дамыта оқыту

3

Джарымбетова Ш.

2021

Физика есептерін математикалық жолмен шешу

4

Ахатова Күльпан

2022

Оқушылардың өзіндік ізденістері арқылы шығармашылығын арттыру




IV бөлім.

Оқушының білім мен икем – дағдысын зерттеу

1. Зерттеу жоспары

Іс-шара мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1.

Әкімшілік, тоқсандық, жарты жылдық бақылау және тест жұмыстарын алу

Ай сайын, тоқсан сайын, кестеге сай

Бірлестік жетекшісі, пән мұғалімдері

2.

Сыныптан тыс жұмыстар

Кесте бойынша, күнделікті

Пән мұғалімдері

3.

Өзара оқушы дәптерін тексеру.

Айына бір рет

Пән мұғалімдері

4.

Олимпиада, байқаулар нәтижелерін зерттеу.

Кезінде

Бірлестік мүшелері

5.

Мемлекеттік сыныптан-сыныпқа көшу емтихандар нәтижесін зерттеу.

Маусым

Бірлестік мүшелері

6.

ОЖСБ нәтижелерін зерттеу

Кезінде

Бірлестік мүшелері

7.

Пән апталығы немесе декада өткізу және т.б.

Кестеге сай

Бірлестік мүшелері



















V бөлім

Озат тәжірибе мектебі

Мектепте педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі таратылады.
Шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, таратуда бірлестігіндегі математика пәнінің мұғалімі К.Садырбаева мен физика пәнінің мұғалімі Ш,Джарымбетова іс-тәжірибесін жан-жақты талдап жұмыс жасауда.
Қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкес, өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табуда.
Озат тәжірибенің негізгі белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

Р/с

Іс-шаралар мазмұны

мерзімі

Жауаптылар

1

Озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін байланысты шыққан басылымдарды оқып-үйрену

Жыл бойы

Пән мұғалімдері

2

Шығармашылық топ құрап мұғалімдердің белсенділігін арттыру

қазан

Бірлестік жетекшісі

3

Сабақтарға талдау жасап, анықтамалар жазу

Жыл бойы

Бірлестік жетекшісі

4

Бүктеме, газетшығару, жинау

Жыл бойы

Пән мұғалімдері

5

Мектеп ішіндегі тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысу

Жыл бойы

Пән мұғалімдері

Р/с

Кім қатысады

Мерзімі

Кімге қатысады

1


Жыл бойы












VI бөлім

Пән кабинеті, кабинеттің оқу материалдық базасын нығайту.

1.Кабинеттің ашылуы туралы бұйрық көшірмесі.

2.Кабинет төлқұжаты.

3.Кабинет меңгерушісінің тағайындалуы туралы бұйрық көшірмесі.

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1.

Пән кабинеттерінің талапқа сай жабдықталуы

Жыл бойы

Кабинет меңгерушісі

2.

Дидактикалық құралдарды дайындау

Үнемі

Мұалімдер

3.

Әдістемелік көмекші құралдарды тақырып бойынша жинақтау

Жыл бойы

Мұғалімдер

4.

Диканттар, тесттер,мазмұндамаларды сынып бойынша жинақтау

Кезінде

мұғалімдер

5.

Техникалық қауіпсіздік ережесі

Оқу жылы басында

Кабинет меңгерушісі






















VII бөлім. Әдістемелік бірлестіктің отырыстарының жоспары

Жылына 5 рет өткізіледі (тамыз,қараша,қаңтар,наурыз,мамыр.)

 І отырыс – қыркүйек 

Тақырыбы

өтілу түрі

Жауапты

Уақыты

1

2017-2018 оқу жылы жұмысының анализі

талдау

Бірлестік жетекшісі

Бірлестік жетекшісі

 Тамыз

2

2018-2019 оқу жылының жұмыс жоспарын бекіту.

 Талдау

 Тамыз

3

2018-2019 оқу жылына берілген сағаттарды бөлу

Талдау

Бірлестік жетекшісі

Тамыз

4

9 сыныптардағы ОЖСБ-ның дайындау жоспарын құру, бекіттіру

Талдау

Пән мұғалімі

Тамыз

5

МИФ және ХБ бірлестігінің апталық жоспарын құру

Талдау

Пән мұғалімдері

Тамыз

Тексеру жұмыстары

Тақырыбы

Тексерудің мақсаты

1

Тақырыптық күнтізбелік жоспар құру

Күнтізбелік жоспар құру жүйесін тексеру.

2

5-9 сыныптарда алғашқы бақылау жұмыстарын өткізу.

Өткен оқу жылында өткен тақырыптарды қайталау арқылы оқушылар білімін тексеру.

3

Математика, физика, информатика, химия, биология пәндері бойынша сырттай олимпиада өткізу.

Женімпаздарды анықтау

4

Талантты балалармен жұмыс бағдарламасының барысы.

Оқушыларды олимпиадаға және ғылыми жобаға дайындау.

Бірлестік отырыстары арасындағы жұмыстар

 

Қаралатын  жұмыс. Мақсаты

Жауапты

Уақыты

1

Күнтізбелік жоспарды тексеру.

Сабақтарды жоспарлауда көмек көрсету.

Бірлестік жетекшісі

 Тамыз

2

5-9 сыныптарда алғашқы бақылау жұмыстарын өткізу.

Бақылау жұмысының мазмұнын құру. Асситент тағайындау. Нәтижесін анализдеу.

Бірлестік жетекшісі.

 Қыркүйек

3

Ақбота интелектуалды сайысқа дайындық .

Пән мұғалімдері.

 Жыл бойы


ІІ отырыс – қараша

Тақырыбы

Өту түрі

Жауапты

Уақыты

1

5-9 сыныптарда өткен бақылау жұмыстарының анализі.

Қорытынды анықтама

Пән мұғалімдері.

 Қараша

2

Сырттай олимпиада нәтижесі

Қорытынды анықтама.

Пән мұғалімдері

 Қараша


 Тексеру жұмыстары

 

Тексеру тақырыбы

Тексерудің мақсаты

1

8-9 сыныптар арасында (күндізгі) олимпиада өткізу.

Аудандық турға жеңімпаздарды  анықтау.

2

5-9 сыныптар бақылау жұмысын өткізу (тест)

Оқушылардың білімін тексеру.

3

Оқушылардың жұмыс дәптерлерін тексеру.

Жұмыс дәптерін тексеру режимін бақылау.

 

Бірлестік отырыстары арасындағы жұмыстар

 

Қаралатын жұмыс. Мақсаты.

Жауапты

Уақыты.

1

5-9 сыныптарда әкімшілік бақылау жұмыстарын өткізу.

Бақылау жұмысының мазмұнын құру. Ассистент тағайындау. Нәтижесін анализдеу.

Пән мұғалімдері

Кезінде

2

Олимпиада өткізу. Мазмұнын құру. Нәтижесін анализдеу.

Пән мұғалімдері

 Кезінде

 

ІІІ отырыс – қаңтар 


Тақырыбы

Өту түрі

Жауапты.

1

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және шығармашылыққа балу.

Тәжірибе алмасу

Пән мұғалімдері

2

5,9 сыныптарда өткізілген бақылау жұмысының анализі

Қорытынды анықтама

Мұғалімдер

3

Олимпиада анализі, аудандық олимпиада қорытындысы

Қорытынды анықтама

Пән мұғалімдері

4

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру. Аттестацияға дайындау.


 Пән мұғалімдері


Тексеру жұмыстары

 

Тексеру тақырыбы

Тексерудің мақсаты

1

5-9 сыныптардың білімдерін тексеру жұмыстарын өткізу.

Оқушылардың білімін тексеру.

2

«Кенгуру» интеллектуалды сайысқа дайындық


 

 Бірлестік отырыстары арасындағы жұмыстар

 

Қаралатын жұмыс. Мақсаты

Жауапты

Уақыты

1

Өзара сабаққа қатысу жұмысын ұйымдастыру.

Мұғалімдер.

 Үнемі

2

5-9 сыныптарда оқушылардың білімдерін тексеру. Ассистент тағайындау. Нәтижесін анализінің анықтамасы.

Пән мұғалімдері

Кезінде

3

5-9 сынып арасында сырттай олимпиада өткізу. Нәтижесін анализдеу.

Пән мұғалімдері

кезінде

  

IV отырыс – наурыз


 

Тақырыбы

Өтілу түрі

Жауапты

1

Математика, химия, биология, физика, информатика пәнін оқытуды оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, білім дағдысын арттыру.

Тәжірбие алмасу.

Пән мұғалімдері

2

Тексеру жұмыстарының нәтижесі

Анықтама

Бірлестік жетекшісі.





Тексеру  жұмыстары

 

Тексеру тақырыбы

Тексерудің мақсаты

1

МИФ және ХБ бойынша дәптерлерді тексеру

Жұмыс дәптерлерінің тексерілу режимін бақылау.

2

5-9 сынып оқушыларының білімін тексеру

Оқушылардың білімін тексеру.

3

8-9 сынып арасында өтетін аудандық олимпиадаға дайындау

Талантты балаларды анықтау.

 Бірлестік отырыстары арасындағы жұмыстар

Қаралатын жұмыс. Мақсаты

Жауапты

Уақыты.

1

Математика, химия, биология, физика, информатика пәндері бойынша 9 сыныпта бақылау жұмысын алу. Нәтижесінің анализі

Пән мұғалімдері


V. отырыс – мамыр.


Тақырыбы

Өту түрі

Жауапты.

1

Емтихан материалдарымен

танысу

және бекіту.

Талдау

Бірлестік жетекшісі.

 Тексеру жұмыстары

Тексеру тақырыбы

Тексерудің мақсаты.

1

5-9 сынып қорытынды бақылау жұмысы

Оқушы білімін тексеру мониторингін құру.

Бірлестік  отырыстары арасындағы жұмыстар.

Қаралатын жұмыс . Мақсаты

Жауапты

Уақыты

1

5-9 сыныпта өтілген қорытынды бақылау жұмысының анализі

Бірлестік жетекшісі

Мамыр

2

9 сыныптарды мемлекеттік емтиханға дайындау

Пән мұғалімдері

 Мамыр

3

Бірлестік жетекшісінің 2018-2019 оқу жылында жүргізілген жұмыстарының есебі

Бірлестік жетекшісі

Мамыр



Бірлестік жетекшісі: К.С.Садырбаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
2326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12