МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА STEM/ЅТЕАМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА STEM/ЅТЕАМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін мектептердің математика пәні мұғалімдері, педагог-зерттеушілер мен сарапшылар, әдіскерлер, жаңартылған білім беру мазмұны аясында STEM/STEAM технологияларын оқу процесіне кіріктіруге қызығушылық танытқан ұстаздар қауымы мен білім беру ұйымдарының әкімшілік-әдістемелік қызметкерлері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАҒДАРЛАМА

элективті курс

МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА STEM/ЅТЕАМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

11 сынып оқушыларына арналған

(аптасына 1 сағат, барлығы 34)



Жамбыл облысы, Шу қаласы,

Педагогика ғылымдарының магистрі,

Омарова Баян Абаевна


№40 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі


Пікір жазғандар:

Қашқынбаева З.Қ - Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің п.ғ.к, кафедрасының қауымдастырған профессоры

А.А.Сманова- М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті « Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің PhD, қауымдастырылған профессоры

Дүйсембиева А.А - Шу қаласы Е.Бекмаханов атындағы математика пәні мұғалімі, педагог-шебер.


1-ҚҰРЫЛЫМ

Түсінік хат


«Математика пәнін оқытуда STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану”

курсы 11 сыныпқа арналған математикадан стандартты курстың толықтырылуы болып саналады.

Курстың мақсаты:

Оқушылардың 9-11 сынып аралығында математика пәні бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

Оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту және пәнді оқып-үйренудегі құлшыныстарын дамыту;

Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

Курстың міндеті:

Есептер шығаруда теориялық білімімен ұштастыра алу;

Есептерді шешудің әр түрлі идеялар мен тәсілдерімен танысу;

Есеп шығару үрдісінде оқушылардың жеке және ұжымдық (топтық) белсенділіктерін ұйымдастыру;

Білім мен іскерлік дағдыларын кеңейту,түрлі проблемалық жағдаяттарды шешу дағдыларын қалыптастыру;

Оқушының пәнге деген ынтасын арттыру.




Курстың өзектілігі:

математика курсында оқушылардың 9-11 сыныптарда өтілген тақырыптарын игеру. Бағдарламаның өзектілігі жалпы білім беретін мектепте аталған тақырыпты оқытуға бөлінген сағат санының аздығынан оқушылар көп жағдайда осы тақырыпты меңгеруде қиыншылықтарға тап болады. Сондай-ақ бұл бағдарламада төменгі сыныптатардан белгілі білімдерін негізге ала отырып, «жеңілден күрделіге» өту жүйелілік және бірізділік принципі жүзеге асырылған.

Элективті курс барлығы 34 сағатқа арналып жасалынды. Берілген сағат саны оқу жылына аптасына 1 сағаттан 34 сағат. Курс теориялық және прaктикалық бағытта жүргізіледі. Курс барысында оқушылардың математика пәні бойынша дайындық деңгейі көтеріледі, әр оқушының қызығушылықтары артады деп күтіледі.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру жекелей және топпен жұмыс aрқылы жүргізіледі. Сабaқты өткізуде оқушының өз бетімен ізденуіне мүмкіндік беретін практикалық жұмыстар, практикалық есептер шығару, презентациялар дайындау, реферaттар қорғау зерттеу жұмыстары сияқты оқыту әдістері қолданылады.

Ұсынылатын курс 9-11 сыныптың программалық материалына сәйкес және оны тереңдетілген деңгейде кеңейтуге бағытталған. Бағдарлама «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтaмасыз ету туралы ереже» (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңына ((27.08.2022 ж. № 382 бұйрығы) қосымша 2023 жылғы 27 наурызда № 216-VII Заңымен 5-баптың екінші бөлігіне өзгеріс енгізілді. Бұл өзгеріс 2024 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енді. 2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен енгізілген өзгерістермен) (1-4 сыныптарда 08.02.2024ж. №27 бұйрығының №6,7 қосымшасы, 5-9 сыныптарда 26.10.2023 жылғы № 323 6,7 қосымшасы,10-11 сыныптарда 26.10.2023 жылғы № 323 131,132 қосымшасы) бекітілген))негізінде әзірленді.


Авторлық курстың қысқаша тұжырымдары:

1. Математика пәнін оқытуда STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану курсы мазмұны фундементальді матемaтиканың заңдары мен принциптердің (сақталу заңдары, сәйкестік пен симметрия принциптері т.б)

2. Математика пәнін оқытуда STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдануда көрнекілік принциптерін жүзеге асыру әдістемесін талдау.

3. 34-сағатқа түрлі тақырыптар бойынша практикалық – инновациялық тәсілдермен практикалық тапсырмалар құрастырылды.



Курсының ерекшеліктері.

Оқушылардың ойлау мен интеллектуальды қабілеттерді қалыптастырудың негізі болып табылатын интуиция мен елестету қабілеттерін дамыту;

Курс әсіресе олимпиада, интеллектуалды марафондар, интеллектуалды турнирге қатысушылар үшін аса маңызды.

Ғылыми-әдістемелік деңгейі: Зерттеу әдістері зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алынды және оқу және әдістемелік әдебиеттерді оқу мен талдаудың теориялық әдістері мен отандық және шетелдік практикаға салыстырмалы талдаудан тұрады. Есеп шығаруда оқыту практикасында мәселенің жай-күйіне талдау жасау. Математика пәнін оқытуда STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдануды математика пәні курсымен байланыстыру. Математика пәнін оқытуда STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану курсының мазмұны фундементальді математика ғылымының заңдары мен принциптердің (сақталу заңдары, сәйкестік пен симметрия принциптері т.б) болуы;

Бағыттылығы: Қазіргі білім берудің ең айқын сипаттамаларының бірі-оқушылар, ал мұғалімдер әлі де нұсқаулық болып табылады. Оқу бағдарламалары мен оқыту модельдері оқушылардың бір бөлігіне тікелей бағытталған.


Қызмет негізінде

Мұғалімдер оқу үдерісін өте қызықты құруда. Олар оқушыларды қызықтыратын түрлі іс-шараларды жоспарлайды. Іс-шаралар ғана емес, сонымен қатар оқушылар де осы үлгілер арқылы сыныптағы талқылауларға қатысуға шақырылады. Бұл олардың сенімділігін арттырады және өзара әрекеттесу тәсілін жақсартады.

Интегративті сипат

Қазіргі білім интегративті. Мұғалімдер өз оқушыларын тегістеуге бағытталған және сол әрекетті орындау үшін олар әр түрлі тақырыптағы сұрақтарды біріктіреді. Осылайша оқушылар тиімдірек және тиімдірек үйренеді.

Ресурстық. Білімді және тапқыр болу-бұл әр түрлі нәрсе. Мұғалімдер бүгінде тапқыр. Олар оқушылардың білімін кеңейтетін ақпаратты жинайды және таратады. Қазіргі білімнен кейінгі мұғалімдер олардың күш-жігерін бағалау үшін тапқыр болуы керек.

Қазіргі білім-бұл әртүрлі сипаттамаларға арналған термин. Көптеген айырмашылықтарға қарамастан, қазіргі білім мен дәстүрлі модельдердің рөлі өзгеріссіз қалады.

Курстың нысаны: мектептің математика пәнін оқытуда STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану, математика сабағының әр түрлі сатыларында оқу үрдісін ұйымдастыру.

Курстың жаңалығы: Оқу материалдарының жүйесін математика пәнін оқытуда STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану арқылы оқушылардың жұмысын қолдау болып табылады.

Курстың практикалық маңыздылығы: Ұсынылатын материал математика пәнінің сабақтарында мұғалімдер және оқушыларға қолдану мүмкіндігін береді.

2-ҚҰРЫЛЫМ


ТҰРАҚТЫЛАУ МАЗМҰНДЫҚ – БӨЛІМ


Оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны барынша толық және нақты бейнеленген математикалық курстан тұрады. Бағдарламаның негізі нақты пәннің мазмұндық құрылымы мен теориялық аспектісін таңдау болып табылады. Оқу пәнінің мазмұнын тұрақтылау курсы нақты.Бағдарламаның түсінік хатында көрсетілген барлық мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру бойынша жазылған.

Кіріспе. Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері.

1-сағат. – оқушылар екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелерін үйрету.

Ньютон биномы және оның қасиеттері 1-сағат. – Ньютон биномы және оның қасиеттері; - тақырып бойынша есептерді шығару арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері. 1-сағат. Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттерін қолдана отырып есептеу жолдарын үйрету

Функция. Анықталу облысы және мәндер жиыны. 1-сағат. Функция. Анықталу облысы және мәндер жиыны қосу, азайту, көбейту және бөлшекке бөлу амалдарын қолдану.

Функция, оның қасиеттері және графигі. 1-сағат. Функция, оның қасиеттері және графигін қолдану; жиындарға есептер шығару жолдарын үйрету.

Түрлендірулердің көмегімен тригонометриялық функциялардың графиктерін салу. 1-сағат. Түрлендірулердің көмегімен тригонометриялық функциялардың графиктерін салу жолдарын үйрету.

Ықтималдықтар теориясының негіздері. 1-сағат. Ықтималдықтар теориясының негіздерін қолдану; - диаграммаларды қолданып тапсырмалар орындау.

Көпмүшелер. 1-сағат. Бірнеше айнымалысы бар көпмүшенінің анықтамасын білу және оны стандарт түрге келтіру, стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесін анықтау; мәтінді есептерді шығаруда пропорцияны қолдану.

Туынды. 2-сағат. Функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу;- тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу сандарды есептеуде қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарын қолдану.

Квадраттық функция және оның графигі. 2-сағат. y = a(x - m)2, y = ax2 + n , y = a(x - m)2 + n, a≠0;түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін және графиктерін салу әдістерін қолдану.

Теңсіздіктер. 2-сағат. Санды теңсіздіктер мен квадраттық теңсіздіктерді шешуде инновациялық әдістерді қолдану; мәтінді есептер шығару.

Кездейсоқ шамалар. 2-сағат. Кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін және оларға мысалдар келтіру; ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу әдістерін қолданып түсіндіру.

Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл. 2-сағат. Иннтегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде түсіну алғашқы функция және анықталмаған интегралдың анықтамасын білу әдістерді қолдану арқылы түсіндіру.

Орта үрдіс өлшемі және вариация көрсеткіштері, дисперсия. 2-сағат. Вариация көрсеткіштерінің мәндеріне түсініктеме беру (өзгеріс ауқымы, квартиларалық өзгеріс ауқымы, дисперсия, орташа квадраттық ауытқу); әр жағдайда вариацияның қай көрсеткіші қолдануға лайық екенін анықтауды, тапсырмаларды орындауда инновациялық әдістерді қолдану.

Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары. 2-сағат. Кездейсоқ шамалардың түрлерін ажырата білу; Әртүрлі кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдылықтарын құра білу; дискреттік кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептей алуды, инновациялық әдістерді қолдану.

Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. 2-сағат. Алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдануға дағдыландыру.

Қарапайым иррационал теңдеулер. 2-сағат. Функцияны формула арқылы есептеуге, кестемен, графиктік тәсілмен есептеу жолдарын үйрету.

Логарифмдік функция оның графигі және қасиеті. 2-сағат. Логарифмдік функцияның анықтамасын, қасиеттерін білу және оның графигін салу; оқушылардың мәтінді есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.

Инфрақызыл және ультакүлгін сәулелену. 2-сағат. Электромагниттік сәулеленудің табиғатта пайда болуы мен затпен әрекеттесуін түсіндіру; практикалық тапсырмада анықтау арқылы есептің мәнін есептеуге дағдыландыру.

Қиық пирамида. 1-сағат. Қиық пирамида анықтамасын білу, оны жазықтықта кескіндей алу; көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;.

Цилиндр мен конус жазбалары. 1-сағат. Цилиндр мен конустың 3D модельдерін құрастыру үшін жазбаларын есептеуде инновациялық әдістерді қолдану.

Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешу. 2-сағат. Айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешу; есептер шығару жолдарын үйрету.










3-ҚҰРЫЛЫМ

НОРМАТИВТІ БӨЛІМ

КҮНТІЗБЕЛІК -ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

СЫНЫП-11, АПТАСЫНА 1-САҒАТ, БАРЛЫҒЫ-34 САҒАТ


Р/С

Бөлім

Бөлімше

Тақырып

Оқу мақсаты

САҒАТ-САНЫ

КУРСТЫ

МЕҢГЕРУДЕГІ БІЛІМ ӨНІМІ МЕН НӘТИЖЕСІ

Барлығы

Лекция/

Теория/

Практика1

Прак-тика /

Практика2

1 бөлім. STEM/STEAM ТЕХНОЛОГИЯСЫ 9-11-СЫНЫПТЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА

Барлығы 8 сағат

1

Кіріспе. Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері

мәтін есептерді теңдеулер және теңдеулер жүйесінің көмегімен шешу


1

1

1

-оқушылар екі айнымалысы бар теңдеулер және теңсіздіктер, және олардың жүйелері туралы ақпарат алады;


2

Ньютон биномы және оның қасиеттері


Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін білу және қолдану;


1

1

1

оқушылар Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін біледі және қолданады;


3

Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері


-сандар тізбегі туралы түсінік болу;

- тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы: ;


1

1

1

-оқушылар бірнеше күштің әсерінен пайда болатын дененің қозғалысын анықтауға арналған тапсырмаларды орындайды;

- Ньютон заңдарының маңыздылығын тәжірибе барысында ұйымдастырады.

4

Функция. Анықталу облысы және мәндер жиыны

-жұп және тақ функциялардың анықтамасын білу;

- функцияның жұптығы мен тақтығын анықтау;

- периодты функциялардың анықтамасын білу және функцияның периодын анықтау

1

1

1

- оқушылар тақырыпты түсінеді, инертті функцияның жұптығы мен тақтығын анықтайды

5

Функция, оның қасиеттері және графигі

кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу

Өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;

1

1

1

кері функцияның анықтамасын біледі және берілген функцияға кері функцияны табады.

Өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін біледі;

6

Түрлендірулердің көмегімен тригонометриялық функциялардың графиктерін салу


-тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу

1

1

1

тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала біледі.

7

Ықтималдықтар теориясының негіздері

-Оқиғалардың ықтималдығын қосу ережесін қарастыру ;

-Оқиғалардың ықтималдығын қосу ережесіне есептер шығару

1

1

1

-оқушылар Оқиғалардың ықтималдығын қосу ережесін қарастырады ;

-Оқиғалардың ықтималдығын қосу ережесіне есептер шығарады

8

Көпмүшелер

бірнеше айнымалысы бар көпмүшенің анықтамасын білу және оны стандарт түрге келтіру, стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесін анықтау;

1

1

1

- оқушылар бірнеше айнымалысы бар көпмүшенінің анықтамасын біледі және оны стандарт түрге келтіреді стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесін анықтайды;

2 бөлім. ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

9-10

Туынды


- функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу;

- тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;


2

1

1

- оқушылар сипаттауда STEAM технологиясын тиімді қолданады.

11-12

Квадраттық функция және оның графигі


y = a(x - m)2, y = ax2 + n , y = a(x - m)2 + n, a≠0;

түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу;

2

1

1

-оқушылар квадраттық функция және оның графигін біледі


13-14

Теңсіздіктер

Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектің мүмкін мәндер облысын анықтау

2

1

1

- оқушылар Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектің мүмкін мәндер облысын анықтайды.

15-16

Кездейсоқ шамалар


-кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

- ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептей алу.

2

1

1

- оқушылар ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеуді үйренеді

17-18

Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл


-интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде түсіну

- алғашқы функция және анықталмаған интегралдың анықтамасын білу;


2

1

1

- оқушылар алғашқы функция және анықталмаған интегралдың анықтамасын біледі

.

19-20

Орта үрдіс өлшемі және вариация көрсеткіштері, дисперсия


-вариация көрсеткіштерінің мәндеріне түсініктеме беру (өзгеріс ауқымы, квартиларалық өзгеріс ауқымы, дисперсия, орташа квадраттық ауытқу);

- әр жағдайда вариацияның қай көрсеткіші қолдануға лайық екенін анықтау

2

1

1

- оқушылар ақпарат алады;

- тақырып бойынша талдау тапсырмасын орындай алады.

21-22

Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары.


Кездейсоқ шамалардың түрлерін ажырата білу;

- Әртүрлі кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдылықтарын құра білу;

- «математикалық күтім», «дисперсия» және «стандартты ауытқу» («орташа квадраттық ауытқу») терминдерін түсіне білу;

- дискреттік кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептей алу;


2

1

1

- оқушылар Кездейсоқ шамалардың түрлерін ажырата біледі

- Әртүрлі кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдылықтарын құра біледі;


23-24

Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру


алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану.


2

1

1

- оқушылар алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданады


25-26

Қарапайым иррационал теңдеулер


-қарапайым иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу мысалы, ,

2

1

1

- оқушылар қарапайым иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешеді

27-28

Логарифм функция оның графигі және қасиеті


логарифмдік функцияның анықтамасын, қасиеттерін білу және оның графигін салу;.

2

1

1

- оқушылар логарифмдік функцияның анықтамасын, қасиеттерін біледі және оның графигін салады.

29-30

Инфрақызыл және ультакүлгін сәулелену

оқушыларға электромагниттік сәулеленудің табиғатта пайда болуы мен затпен әрекеттесуін түсіндіру;

практикалық тапсырмада анықтау.

2

1

1

-оқушылар электромагниттік сәулеленудің табиғатта пайда болуы мен затпен әрекеттесуін түсінеді;

- практикалық тапсырмаларда орындайды.

31

Қиық пирамида


-қиық пирамида анықтамасын білу, оны жазықтықта кескіндей алу;

көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;

2

1

1

оқушылар тапсырмаларды орындауда қолданады;

- тұлғалар туралы ақпарат алады.

32

Цилиндр мен конус жазбалары


цилиндр мен конустың 3D модельдерін құрастыру үшін жазбаларын есептеу

2

1

1

оқушылар цилиндр мен конустың 3D модельдерін құрастыру үшін жазбаларын есептейді

33-34

Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешу


-айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешу;

2

1

1

оқушылар айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешеді



БІЛІМ ӨНІМІ: оқушылардың курс барысындағы танымдық пен жан-жақтылық пен зерттеушілік іс-әрекеттерінің барысында дайындалатын деректер.


ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ ӨНІМІ: есептер шығаруда анықтама, тезистер, талдау, ізденіс жұмыстары, тақырыптар, мәтіндер, ғаламтор деректері, ой қорыту, инновациялық тапсырмаларды нәтижелі талдау.


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ - еліміздің болашағын жасайтын ұрпақтарымыздың жауапкершілігі мықты, бірлескен жұмыс, ашық көзқарас, мықты білім, жақсы қарым-қатынас, жан-жақты дағдыларды меңгерген ұрпақ.








4-ҚҰРЫЛЫМ


АҚПАРАТТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК – БӨЛІМ


Мектеп оқушыларына арналған «Математика пәнін оқытуда STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану» авторлық бағдарламасындағы түсінік хатта көрсетілгендей мақсат, міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған бағдарлама. Бағдарламадағы алынған тақырыптар 9-11 сыныптарда білім беру стандартына сай игеруге тиіс бағдарламаны қамтыған.

Тақырыптарды игеруде оқу барысында қолданылатын жаңартылған білім берудің әдіс-тәсілдері аталған тақырыптарды толық меңгеруге көмектеседі.

Жаңартылған білім берудің әдіс-тәсілдер арқылы орындалатын әр тапсырмалар зерттеу жұмыстарын қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістері арқылы бағаланады.

Шығармашылығын дамытатын, тақырыпқа сай берілген тапсырмалар оқушылардың дамуын бақылап, мониторинг жасауға көмектеседі және жоғарғы оқу орнына түсу үшін, жаратылыстану-математикалық бағытқа қажеті мол.


ОҚУШЫ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУДА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРГЕ:


  • Оқушының тапсырманы түсініп оқып, мәтінмен жұмыс жасауына, топтық, жеке, жұптық тапсырмаларды орындауына;

  • Талапқа сай, зерттеу дағдысын игеріп, тапсырмаларын орындап, өз көзқарасын ашық айта білу шеберлігіне;

  • Тапсырмаларды орындап, өтілген материалдарды тереңірек меңгеруі мен берілген қадамдарын толығымен игеруіне;

  • Шығармашылық пен ізденіс жұмыстары мен зерттеушілікпен айналысуына баса назар аударған жөн.


«Математика пәнін оқытуда STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану»


БОЙЫНША ОРЫНДАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ.

«9-10» оқушы тапсырмалардағы тақырыпты толық ашып, мазмұны мен идеясын еркін түсініп, жұмысты мұқият орындауына қойылады

«7-8» Оқушы тапсырмаларды орындауда қателер жіберсе, ойын жеткізуде немесе тапсырмалар орындауда 1-2 өате жіберсе қойылады.

«5-6» Тапсырмаларды орындамай, талаптарын сақтамай қателері болса қойылады,

«3-4» Оқушылар бірнеше қателер жіберіп, тақырыптан ауытқушылықтар орын алғанда қойылады.

«1-2» Тапсырмаларды орындауда талартарын сақтамай бағдарламаны игермегенде қойылады.













«Математика пәнін оқытуда STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану»


ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:


КРИТЕРИЙЛЕР

ДЕСКРИПТОР

БАЛЛ

Тапсырмалардың мазмұны

Тапсырмадағы ойдың мазмұнын түсініп аша алмаған.

0

Тапсырма тақырыбын ашқан, бірақ тапсырмаларды орындауы орташа

1

Тапсырмалар тақырыбын ашқан, зерттеу дағдылары қалыптасқан, формуланы дұрыс пайдаланған, есептеуі нақты.

2

БАРЛЫҒЫ:

3 БАЛЛ

Зерттеу дағдылары

Тапсырмаларды орындауда фопмула мен есептеуінде қателік көп

0

Тапсырмаларды орындауда формуланы дұрыс пайдаланған, бірақ есептеуінде қателіктер кездеседі.

1

Формуланы дүрыс пайдаланып, есептеуін толық жазған

2

Барлығы


3 балл


Пайдаланылған әдебиеттері тізімі:


Мұғалімдер үшін:

1.Алдамұратова Т.А, Байшоланова Қ.С., Байшоланов Е.С. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Екі бөлімді. – Алматы: Атамұра. 2017. – 223 б.

2.Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық: 2 бөлімнен тұрады. – Алматы: Мектеп, 2018. – 184 б., сур.

3.Әбілқасвова А.Е., Кучер Т.П., Корчевский В.Е., Жұмағұлова З.Ә. Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2017. – 272 б.

4. Әбілқасвова А.Е., Кучер Т.П., Корчевский В.Е., Жұмағұлова З.Ә. Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2018. – 200 б.

5. Әбілқасвова А.Е., Кучер Т.П., Корчевский В.Е., Жұмағұлова З.Ә. Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 1-бөлім. – Алматы: Мектеп, 2019. – 176 б., сур.

6. Әбілқасвова А.Е., Кучер Т.П., Корчевский В.Е., Жұмағұлова З.Ә. Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 2-бөлім. – Алматы: Мектеп, 2019. – 152 б., сур.

7. Әбілқасвова А.Е., Кучер Т.П., Корчевский В.Е., Жұмағұлова З.Ә. Алгебра және анализ бастамалары. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. 1-бөлім. – Алматы: Мектеп, 2019. – 240 б., сур.

8. Әбілқасвова А.Е., Кучер Т.П., Корчевский В.Е., Жұмағұлова З.Ә. Алгебра және анализ бастамалары. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. 2-бөлім. – Алматы: Мектеп, 2019. – 176 б, сур.

Оқушылар үшін қажетті әдебиеттер:

1.Әбілқасымова А.Е., Жұмағұлова З.Ә. Дидактикалық материалдар. Алгебра және анализ бастамалары. – Алматы: Мектеп, 2007 ж.

2.Әбілқасымова А.Е., Шойынбеков К., Жұмағұлова З. Есептер жинағы: Алгебра және анализ бастамалары. – Алматы: Мектеп, 2007 ж.

3.Гусев В., Қайдосов Д., Дидактикалық материалдар. Геометрия. – Алматы: Мектеп, 2007 ж.

4.Виленкин Н. Я., Потапов В. Г. Комбинаторика мен математикалық статистиканың элементтері бойынша ықтималдықтар теориясынан есептік – практикум. А.,1982 ж.

5. Қазешев А. Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы, 2005 ж.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2025
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі