Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы "Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әдістемелік нұсқаулық тақырыбы:
Математика пәнінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану (Мектеп оқушыларына арналған оқу құралы)
Автор: Айтмухамбетова Жамила Алдамбергеновна
Математика пәні мұғалімі
2025 оқу жылы
Пікір берушілер:
1
2.
Құрастырушы: Айтмухамбетова Жамила Алдамбергеновна "Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жалпы 30 бет. 2025 жыл.
Бұл әдістемелік нұсқаулықта математика пәнінде тиімді оқыту мен оқуда қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдердің мазмұны мен ерекшеліктері қарастырылады. Құжатта оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға, шығармашылық қабілетін оятуға бағытталған тәсілдер қамтылған. Атап айтқанда, топтық және жұптық жұмыс, жобалау әдісі, саралап оқыту, проблемалық оқыту, цифрлық технологияларды пайдалану жолдары көрсетілген. Сонымен қатар, әрбір әдістің сабақтағы қолданылу мысалдары мен практикалық ұсыныстар берілген. Нұсқаулық жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әсіресе математика пәнінің ұстаздарына арналған. Ол мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, оқу үдерісін жандандыруға көмектеседі. Нұсқаулық заманауи білім беру талаптарына сай білім беруді ұйымдастыруда әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
1
Әдістемелік нұсқаулықтың жоспары:
Аннотация______________________________________3
Мақсаты мен міндеттері_______________________4
Нұсқаулықтың өзектілігі_______________________5
1.Кіріспе________________________________________6
2.Негізгі бөлім
Заманауи әдіс-тәсілдердің сипаттамасы ______________7
Математика сабағында қолданылатын белсенді әдістер ___________8
Цифрлық технологияларды мен жасанды интеллектті қолдану_____________11
3.Сабақ үлгілері мен практикалық тапсырмалар________________________17
4. Қорытынды және ұсыныстар______________________________________28
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі___________________________________30
2
Аңдатпа
Бұл әдістемелік нұсқаулық математика пәні мұғалімдеріне арналған және білім беру үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын қарастырады. Негізгі мақсат – оқушылардың математикалық ойлау қабілетін, логикалық түсінуін, шығармашылық белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын ояту. Қазіргі заманда білім алушылардан тек теорияны меңгеру ғана емес, оны өмірлік жағдаяттарда қолдана білу, сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу қабілеттері талап етіледі.Нұсқаулықта топтық жұмыс, жобалық әдіс, саралап оқыту, АКТ қолдану, формативті бағалау, кері байланыс жүргізу, ойын арқылы оқыту және сыни ойлауға негізделген әдістердің мазмұны мен қолданыс ерекшеліктері берілген. Сонымен қатар, цифрлық платформаларды (GeoGebra, Desmos, Quizizz, Kahoot) қолдану арқылы сабақты түрлендіру жолдары көрсетілген.Бұл материал мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Нұсқаулық математика сабағын жаңаша форматта өткізуге көмектесетін әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.
Аннотация
Данное методическое пособие предназначено для учителей математики и рассматривает пути эффективного использования современных методов в учебном процессе. Основная цель – повысить способности учащихся к математическому мышлению, логическому пониманию, творческой активности и вызвать интерес к предмету. В наше время от студентов требуется не только овладение теорией, но и необходимы умение использовать его в реальных жизненных ситуациях, навыки критического мышления и решения проблем. В пособии представлены содержание и применение методов, основанных на групповой работе, методе проектов, дифференцированном обучении, использовании ИКТ, формативном оценивании, обратной связи, обучении через игры и критическом мышлении. Кроме того, показаны способы трансформации урока с помощью цифровых платформ (GeoGebra, Desmos, Quizizz, Kahoot). Данный материал направлен на повышение профессионального мастерства учителей, эффективную организацию учебного процесса, развитие функциональной грамотности учащихся. Пособие предлагается как методическое пособие, которое поможет провести урок математики в новом формате.
3
Annotation
This methodological manual is intended for mathematics teachers and examines ways of effectively using modern methods in the educational process. The main goal is to improve students' abilities in mathematical thinking, logical understanding, creative activity and to arouse interest in the subject. Nowadays, students are required not only to master the theory, but also to be able to use it in real life situations, critical thinking and problem solving skills. The manual presents the content and application of methods based on group work, the project method, differentiated learning, the use of ICT, , formative assessment, feedback, game-based learning and critical thinking. In addition, ways to transform a lesson using digital platforms (GeoGebra, Desmos, Quizizz, Kahoot) are shown. This material is aimed at improving the professional skills of teachers, effective organization of the educational process, development of functional literacy of students. The manual is offered as a methodological manual that will help to conduct a mathematics lesson in a new format.
Әдістемелік нұсқаулық мақсаты: Бұл әдістемелік нұсқаулықтың басты мақсаты – математика пәнін оқытуда заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы білім беру сапасын арттыру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының тек дайын білімді қабылдаушы емес, өздігінен ойлайтын, талдайтын, шешім қабылдай алатын тұлға ретінде қалыптасуы маңызды. Осы мақсатта, мұғалімдердің оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау, саралап оқыту, жобалық әдіс, АКТ құралдарын пайдалану, ойын технологиялары сияқты заманауи тәсілдерді қолдануы – оқушының математикалық сауаттылығын, логикалық және шығармашылық қабілетін дамытудың негізгі жолы болып табылады. Нұсқаулық мұғалімдерге тиімді сабақ жоспарлау, белсенді оқыту әдістерін таңдау, цифрлық ресурстарды кіріктіру, оқушыны бағалау және кері байланыс ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар береді. Нәтижесінде, оқушылардың білімге деген құштарлығы артып, оқу жетістіктері жоғарылайды. Әдістемелік нұсқаулық міндеттері: Мұғалімдерге оқытуда қолдануға болатын заманауи әдіс-тәсілдер туралы ғылыми-әдістемелік мәлімет беру. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған оқыту тәсілдерін ұсыну. Саралап оқыту, жобалық оқыту, топтық жұмыс, проблемалық оқыту сияқты тәсілдердің ерекшеліктерін сипаттап, сабаққа енгізу жолдарын көрсету. АКТ құралдарын (GeoGebra, Desmos, Kahoot, Quizizz және т.б.) пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.
4
Формативті бағалау, кері байланыс және оқушы белсенділігін арттыру әдістерін көрсету. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға үлес қосу.
Нұсқаулықтың өзектілігі:Қазіргі заманғы білім беру жүйесі жаңартылған мазмұнға, құзыреттілікке негізделген оқытуды талап етеді. Бұл үдерісте мұғалімнің рөлі өзгереді – ол білім беруші ғана емес, оқушының жеке дамуын қолдаушы, бағыттаушы тұлғаға айналады. Сондықтан математика пәнінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану – білім беру мазмұнының жаңаруына сәйкес келетін өзекті мәселе.Математика – логикалық ойлауды, дәлдікті, нақты шешім қабылдауды қажет ететін пән. Алайда көптеген оқушылардың бұл пәнге қызығушылығы төмен, себебі оқытуда әлі де дәстүрлі, репродуктивті тәсілдер басым. Осы жағдай заманауи, интерактивті, оқушыны белсенді қатыстырушы әдістерді енгізуді талап етеді. Бұл нұсқаулық оқыту сапасын арттыру, оқушылардың математикалық сауаттылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті заманауи әдіс-тәсілдерді ұсынады.Нұсқаулықтың өзектілігі – білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оны оқу үдерісінің белсенді қатысушысына айналдыру, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру және жаңа форматтағы сабақ жүргізуге бағытталған тәжірибелік қолдау көрсетуінде.
5
КІРІСПЕ
Қазіргі білім беру жүйесі қоғамның қарқынды дамуына, жаһандану үдерістеріне және технологиялық ілгерілеуге тікелей байланысты түбегейлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бүгінгі күннің талабына сай, білім алушы тек қана ақпаратты меңгеруші емес, оны тиімді қолдана алатын, сыни тұрғыдан ойлайтын, өз бетімен шешім қабылдайтын, шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуы тиіс. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен әдістемелік сауаттылығы шешуші рөл атқарады. Сондықтан мектептегі әрбір пән, соның ішінде математика, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, өмірмен байланыстыра отырып білім беру міндеттеріне бейімделуі қажет.Математика – нақты ғылымдардың негізі, логикалық және сыни ойлауды дамытатын, оқушының танымдық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіретін пән. Ол – тек формулалар мен есептер жинағы ғана емес, әлемді санмен және қисынмен танудың тілі. Алайда мектеп тәжірибесінде оқушылардың математика пәніне қызығушылығы төмен, бұл пән «қиын» немесе «құрғақ теория» ретінде қабылданатын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай көзқарасты өзгерту үшін заманауи оқыту әдістері мен технологияларын тиімді пайдалану – басты талаптардың бірі.Бүгінде білім беру мазмұнының жаңартылуы мұғалімдерге оқу-тәрбие үдерісін қайта қарауға, педагогикалық қызметтің әдіс-тәсілдерін жетілдіруге жол ашты. Заманауи педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер – білім беру сапасын арттырудың, оқушы белсенділігін күшейтудің, білімді өмірлік жағдаяттарда қолдана білудің кілті болып отыр. Осы орайда, математика пәнінде оқытудың дәстүрлі формаларын инновациялық әдістермен ұштастыру – уақыт талабы.Оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері – бұл оқушы мен мұғалім арасындағы өзара әрекеттестікті жаңаша құруға мүмкіндік беретін, оқушының білім алуына белсенді түрде араласуын қамтамасыз ететін, білімді өз бетімен меңгеруге жетелейтін тәсілдер жиынтығы. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жобалық әдіс, саралап оқыту, топтық жұмыс, АКТ қолдану, кері байланыс, формативті бағалау, оқыту ойындары және тағы басқа тәсілдер – оқушыны орталыққа қоятын, тұлғалық-бағдарлы оқытуға негізделген құралдар.Бұл әдістемелік нұсқаулық математика пәні мұғалімдеріне заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеру және оларды оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдарын ұсынады. Нұсқаулықта жоғарыда аталған әдістердің теориялық негіздері, оларды сабақ барысында қолдану жолдары, практикалық мысалдар, үлгі сабақ жоспарлары мен тапсырмалар қамтылған. Мұғалім осы құралды пайдалану арқылы өз тәжірибесін жетілдіре отырып, оқушылардың білім сапасын арттыра алады.Математика пәнінде қолданылатын заманауи әдістер оқушының ойлау қабілетін дамытуға, мәселелерді шешуде шығармашылық танытуға, білімге деген қызығушылығын оятуға бағытталған.
6
Олар арқылы оқушылар тек қана дайын білімді емес, оны талдап, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге, топпен және жеке жұмыс істеуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушының метатанымдық қабілеттерін, коммуникативтік және зерттеушілік дағдыларын дамытады.Нұсқаулықта келтірілген әдістер оқу үрдісінде қолжетімді, тиімді және оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне бейімделген. Әрбір әдіске қысқаша сипаттама беріліп, оны қолданудың нақты мысалдары ұсынылады. Сонымен қатар, нұсқаулық мұғалімнің креативтілігін дамытуға, кәсіби өсуіне септігін тигізеді. Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы математика пәнінің мазмұнын меңгеру оқушылар үшін қызықты, мазмұнды және тиімді болады. Бұл оқушының жан-жақты дамуына, пәнге деген оң көзқарасының қалыптасуына, өмірлік қажетті дағдыларды меңгеруіне негіз қалайды. Сондықтан да әрбір мұғалімнің басты мақсаты – білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді үздіксіз үйрену және тәжірибеде тиімді қолдану болмақ.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Заманауи әдіс-тәсілдердің сипаттамасы. Заманауи білім беру жүйесінде математика пәні оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін дамытуда ерекше орын алады. Осы мақсатқа жету үшін заманауи педагогикалық технологиялар мен оқыту әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылуда. Бұл әдіс-тәсілдер білім алушылардың оқу үрдісіне белсене қатысуына, өздігінен білім алуға және алған білімдерін өмірде қолдануға үйретеді. Қазіргі таңда математика пәнін оқытуда кеңінен қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерге мыналар жатады: жобалық оқыту, сыни ойлауды дамыту технологиясы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану, саралап оқыту, дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту, STEM-білім беру және т.б. Әрбір әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігі мен тиімділігі бар.Жобалық оқыту әдісі оқушылардың нақты өмірлік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар орындау арқылы білім алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыта отырып, математикалық білімін тереңдетуге әсер етеді.Сыни ойлауды дамыту технологиясы оқушыларды өз ойларын дәлелдей білуге, түрлі көзқарастарды саралап, қорытынды жасауға үйретеді. Бұл тәсіл математикадағы дәлелдеу, есеп шығару, логикалық байланыстарды табу сияқты маңызды дағдыларды дамытады.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылар интерактивті тапсырмалар орындайды, анимациялар мен симуляциялар арқылы күрделі математикалық ұғымдарды терең түсіне алады. Геогебра, Desmos сияқты цифрлық құралдар оқыту үрдісін қызықты әрі тиімді етеді.Саралап оқыту – оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әрқайсысына жеке тәсіл қолдану. Бұл әдіс арқылы оқушылар өз деңгейіне сай тапсырмаларды орындай отырып, біртіндеп күрделіге өтеді.
7
Оқушының жетістікке жетуі оның жеке қарқыны мен мүмкіндігін ескеруге байланысты жүзеге асады.Дамыта оқыту әдісі оқушының оқу барысында танымдық белсенділігін арттырып, өз бетімен ой қорытуына мүмкіндік береді. Мысалы, математикалық есепті шешу барысында оқушы тек дайын алгоритмді қолданбай, мәселені жан-жақты талдайды, өз шешімін ұсынады.Деңгейлеп оқыту әдісі білім алушылардың дайындық деңгейіне қарай тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай орындауын көздейді. Бұл тәсіл әр оқушының мүмкіндігін толық ашуға және өзіне сенімділікпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.STEM-білім беру технологиясы ғылым, технология, инженерия және математика пәндерін біріктіре отырып, оқушылардың шынайы өмірмен байланыс орнатуына жағдай жасайды. Математика сабақтарында STEM элементтерін қолдану арқылы оқушылар практикалық міндеттерді шешеді, есептеулер мен өлшеулер жүргізеді, прототиптер жасайды.Сонымен қатар, математиканы оқытуда ойын элементтерін қолдану, топтық жұмыс, дебат, миға шабуыл, «INSERT», «RAFT», «Фишбоун», «Сәйкестендір», «Кластер» сияқты стратегиялар да жиі қолданылады. Бұл тәсілдер оқушылардың белсенділігін арттырып, пәнге қызығушылығын оятады.Заманауи әдіс-тәсілдер мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты өзгертіп, оқушыны білім алуда басты тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мұғалім – бағыт беруші, ал оқушы – ізденуші, зерттеуші рөлін атқарады. Бұл тәсілдер оқытудың нәтижелілігін арттырып қана қоймай, оқушылардың өмір бойы білім алуға деген ынтасын қалыптастырады.Осы әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану үшін мұғалім үнемі ізденісте болып, кәсіби дамып отыруы қажет. Сонымен қатар, әдістерді оқу мақсатына, оқушылардың деңгейіне, сабақтың мазмұнына сай іріктеп қолдану маңызды. Сабақ барысында түрлі әдістерді ұштастыра отырып қолдану, әр оқушыны білімге жетелейді. Математика пәнінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану білім сапасын арттырып қана қоймай, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде тұлғаның жан-жақты дамуына, болашақ өмірге бейімделуіне жол ашады.
Математика сабағында қолданылатын белсенді әдістер. Математика пәнін оқытуда белсенді әдістерді қолдану – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, білімді саналы түрде меңгеруге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға және шығармашылық тұрғыдан жетілуіне ықпал ететін маңызды құрал. Белсенді оқыту әдістері – бұл оқушыларды білім алу үрдісіне белсенді түрде қатыстыру арқылы олардың танымдық әрекеттерін дамытатын педагогикалық тәсілдер жиынтығы.Қазіргі білім беру үдерісі оқушыны оқу үдерісінің пассивті объектісі емес, белсенді субъектісі ретінде қарастырады. Сондықтан математика сабағында қолданылатын белсенді әдістер оқушының жеке тәжірибесіне сүйеніп, өз бетімен шешім қабылдауға, білімді игеруге және қолдануға бағытталған болуы тиіс.
8
Мұғалім бұл процесте бағыттаушы және кеңес беруші рөлін атқарады.Белсенді әдістердің бірнеше түрлері бар және олардың әрқайсысы сабақтың мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас ерекшелігіне, пән мазмұнына қарай таңдалады. Төменде математика сабағында жиі қолданылатын белсенді әдістерге сипаттама беріледі.
1.Миға шабуыл (Brainstorming) .Мақсаты – оқушылардың бір тақырып аясында мүмкіндігінше көп идея ұсынуына жағдай жасау. Бұл әдіс жаңа сабаққа кіріспе кезінде немесе есепті шешудің әртүрлі жолдарын талдау барысында тиімді. «Миға шабуыл» – оқушылардың шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдісі. Бұл әдісті математика сабағында жаңа тақырыпты бастамас бұрын, оқушылардың алдын ала білімін анықтау немесе бір есептің бірнеше шешу жолдарын табу мақсатында тиімді қолдануға болады.Мысалы, «Функция» тақырыбын бастамас бұрын оқушыларға «Функция деген не?» деген сұрақ қойылады. Барлық оқушы өз ойын ашық айтып, тақтаға немесе флипчартқа жазылады. Ұсынылған идеялар сынға ұшырамайды, керісінше талқылау арқылы жалпыланады. Нәтижесінде, оқушылар тақырыпты меңгеруге алдын ала дайындалады.Сондай-ақ, күрделі есепті шешу кезінде «Бұл есепті қандай жолмен шешуге болады?» деген сұрақ қойылып, оқушылар әртүрлі әдістерді (теңдеу құру, график салу, формула қолдану) ұсына алады. Осы арқылы олар өздерінің математикалық ойлауын дамытып, логикалық қорытынды жасауға дағдыланады.«Миға шабуыл» әдісі – оқушыларды белсенді қатысуға ынталандырып, топтық жұмысты жандандыратын, математика сабағын қызықты әрі мазмұнды ететін тиімді тәсілдердің бірі.Оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді, мұғалім барлық ұсыныстарды қабылдайды, кейін оларды талдап, қорытынды шығарады.
2. Топтық жұмыс . Топтық жұмыс — оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу, пікір алмасу, өзара көмектесу дағдыларын дамытатын белсенді оқыту әдісі. Математика пәнінде бұл әдісті қолдану оқушылардың математикалық ойлауын жетілдіріп, есептерді шешуде шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Сабақ барысында оқушыларды 3–5 адамнан тұратын топтарға бөліп, әр топқа бірдей немесе деңгейлік тапсырмалар беріледі. Мысалы, «Үшбұрыштың ауданы» тақырыбында әр топқа үшбұрыштың түрлі типтері (теңқабырғалы, тікбұрышты, теңбүйірлі) беріледі де, олардан осы фигуралардың ауданын табу жолдарын талқылап, ортақ шешім ұсыну сұралады. Бұл жағдайда оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, логикалық және аналитикалық дағдыларын қолданады.Топтық жұмыс — өзара сыйластық пен жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Жұмыс соңында әр топ өз шешімін сынып алдында қорғап, дәлел келтіреді. Мұндай тапсырмалар оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамытып қана қоймай, математикаға деген қызығушылығын арттырады.
9
Сонымен қатар, топта жұмыс істеу — әлсіз оқушыларға да белсенділік танытып, өз білімін көрсетуге мүмкіндік береді.
3.«Фишбоун» әдісі (Fishbone diagram) «Фишбоун» немесе «балық қаңқасы» әдісі — оқушылардың сыни ойлауын дамытып, есепті немесе мәселені жан-жақты талдауға бағытталған графикалық тәсіл. Бұл әдіс көбінесе мәтіндік есептерді шешуде, себеп-салдарды анықтауда және күрделі тақырыптарды жүйелеуде тиімді қолданылады. Математика сабағында «Фишбоун» әдісін қолдану үшін алдымен оқушыларға нақты есеп немесе мәселе беріледі. Балықтың "басы" — есептің немесе тақырыптың атауы, "қаңқалары" — есептің шешіміне әсер ететін негізгі факторлар (берілгендер, формулалар, қосымша шарттар, шешу жолдары), ал "құйрығы" — қорытынды немесе дұрыс шешім.Мысалы, «Квадрат теңдеуді шешу» тақырыбында оқушылар теңдеуді шешуге қандай әдістер бар екенін, дискриминант формуласын, түбір табу жолдарын, графиктік тәсілмен шешу жолдарын «Фишбоун» диаграммасына түсіреді. Осылайша олар тақырыпты тереңірек түсініп, өз ойларын жүйелі жеткізе алады.Бұл әдіс оқушылардың логикалық ойлауын, ақпаратты талдау және жүйелеу қабілетін арттырады. Сонымен қатар, визуалды түрде көрсетілген ақпарат оқушылардың есте сақтауына оң әсер етеді және сабақтың тиімділігін арттырады.
4. «Кластер» әдісі .Белгілі бір тақырып төңірегінде идеяларды топтастыру. Бұл әдіс ұғымдар арасындағы байланысты анықтауға көмектеседі. Мысалы, «Функция» тақырыбында оқушылар кластер құрастырып, оның түрлерін, қасиеттерін, графиктерін, қолдану аясын көрсетеді. «Кластер» әдісі – белгілі бір ұғымды немесе тақырыпты мағынасына қарай жүйелеуге мүмкіндік беретін графикалық ұйымдастыру тәсілі. Бұл әдіс оқушылардың ойлау қабілетін, ұғымдар арасындағы байланысты көре білуін және логикалық ойлауын дамытуда маңызды рөл атқарады.Математика сабағында «Кластер» әдісін жаңа тақырыпты бастау кезінде немесе қайталау, бекіту кезеңінде қолдануға болады. Оқушылар берілген негізгі ұғымнан тарайтын қосымша идеяларды, анықтамаларды, формулаларды немесе мысалдарды топтастырып жазады. Мысалы, «Квадрат теңдеу» тақырыбы бойынша оқушылар кластерге оның анықтамасын, түрлерін, шешу тәсілдерін (дискриминант арқылы, толық квадратқа келтіру, Виет теоремасы), графигін және өмірмен байланысын қосып шығарады.Бұл әдіс арқылы оқушылар күрделі ақпаратты реттеп, өз білімдерін визуалды түрде көрсете алады. Кластер құрастыру кезінде олар бір-бірімен ой бөлісіп, ортақ пікірге келуді үйренеді. Сонымен қатар, бұл тәсіл оқушылардың есте сақтау қабілетін күшейтіп, тақырыпты жан-жақты меңгеруіне көмектеседі. Мұғалім үшін де оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтауға ыңғайлы құрал болып табылады.
10
5. «INSERT» әдісі Мәтінмен жұмыс істеу арқылы ақпаратты таңдау, бағалау және түсіну дағдысын қалыптастырады. Бұл әдіс арқылы оқушылар жаңа ақпаратты бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, оны жүйелейді. «INSERT» әдісі — оқушылардың жаңа ақпаратпен жұмыс істеу барысында өз білімін белсенді түрде бағалап, салыстыруға мүмкіндік беретін тиімді стратегия. Бұл әдіс әсіресе жаңа тақырыпты меңгеру кезінде, мәтінмен немесе теориялық материалмен жұмыс барысында қолданылады.Математика пәнінде «INSERT» әдісін қолдану үшін оқушыларға белгілі бір мәтін немесе теориялық материал (мысалы, жаңа формула, анықтама, қасиет) беріледі. Оқушылар оны оқи отырып, арнайы белгілер арқылы өз реакциясын білдіреді:✔ — мен мұны білемін,✖ — мен мұнымен келіспеймін немесе түсінбедім,— мен үшін бұл жаңа ақпарат,? — менде сұрақ туындады.Мысалы, «Функция және оның қасиеттері» тақырыбын өткенде, оқушылар INSERT кестесі арқылы берілген анықтамалар мен қасиеттерді белгілейді. Бұл олардың алдын ала білімін анықтап, жаңа біліммен салыстыруға мүмкіндік береді.INSERT әдісі оқушыларды мәтінді талдап оқуға, сыни ойлауға, өз білімін шынайы бағалауға үйретеді. Сонымен қатар, мұғалімге оқушылардың түсіну деңгейін бақылауға, қай тұста қиындық бар екенін анықтауға көмектеседі. Бұл тәсіл сабақты жандандырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады.
6. Дебат әдісі .Оқушылар белгілі бір тақырып аясында қарама-қарсы көзқараста пікірталас жүргізеді. Математикада бұл әдісті есептің шешу жолдарын дәлелдеу, математикалық тұжырымдарды қорғау кезінде қолдануға болады. «Дебат» әдісі – оқушылардың ойлау, дәлелдеу және қарсы пікір айту дағдыларын дамытуға арналған тиімді тәсіл. Бұл әдіс көбіне гуманитарлық пәндерде қолданылғанымен, математикада да оны тиімді пайдалануға болады, әсіресе математикалық тұжырымдар, шешу жолдары немесе логикалық дәлелдер талқыланатын сәттерде.Математика пәнінде «Дебат» әдісін қолдану арқылы оқушыларға бір мәселе немесе есептің бірнеше шешу жолын ұсынуға және сол шешімдердің тиімділігін талқылауға мүмкіндік беріледі. Мысалы, «Квадрат теңдеуді дискриминант арқылы шешу тиімді ме, әлде толық квадратқа келтіру әдісі ме?» деген сұрақ төңірегінде екі топ өз пікірлерін дәлелдеп, қарсы аргументтер келтіреді.Бұл әдіс оқушылардың математикалық тілде сөйлеу, логикалық ойлау және өз ойын нақты дәлелдермен жеткізе білу қабілетін арттырады. Сонымен қатар, пікірталас барысында оқушылар әртүрлі көзқарастармен танысып, математикалық мәселеге кеңірек көзқараспен қарауға үйренеді. «Дебат» әдісі арқылы математика сабағы белсенді, қызықты әрі танымдық сипатқа ие болады.
7. Жоба әдісі (Project-based learning) .Оқушылар нақты тақырып бойынша зерттеу жасап, жоба қорғайды. Бұл әдіс математиканың практикалық қолданысын көрсетуге мүмкіндік береді.
11
Мысалы, «Үй құрылысына қажет материалдардың есебі», «Саяхат маршруты және оның ұзындығы», «Геометриялық пішіндер және дизайн» сияқты жобалар. «Жоба» әдісі – оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана отырып, нақты бір мәселені зерттеп, өз бетінше немесе топпен жұмыс жасап, шығармашылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін оқыту тәсілі. Бұл әдіс математика пәнінде оқушылардың зерттеу, жоспарлау, талдау және қорытынды жасау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Математика сабағында жоба әдісін қолдану арқылы оқушылар өздерінің күнделікті өмірмен байланысты мәселелерді математикалық тұрғыдан қарастыра алады. Мысалы, «Үй құрылысына қажетті материалдардың мөлшерін есептеу», «Отбасының айлық шығынын жоспарлау», «Қала көшелеріндегі көлік ағынын зерттеу» сынды жобалар арқылы оқушылар математика пәнінің өмірмен тығыз байланысын түсінеді.Жоба барысында оқушылар ақпарат жинайды, есептеулер жүргізеді, кесте немесе графиктер құрастырады, нәтижелерді талдайды және оларды таныстырады. Мұндай жұмыс түрі оқушылардың зерттеушілік қабілетін, ұжыммен жұмыс жасау дағдысын, жауапкершілігін арттырады.«Жоба» әдісі оқушылардың пәнге қызығушылығын оятып, алған білімдерін практикалық жағдайда қолдануға үйретеді. Сонымен қатар, бұл әдіс оқу үдерісін оқушыға бағыттап, оларды өздігінен ізденуге баулиды.
8. Ойын әдістері— оқушылардың оқу әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді педагогикалық құрал. Математика сабағында ойын элементтерін енгізу арқылы оқушылар күрделі ұғымдарды жеңіл қабылдап, білімді шығармашылық тұрғыдан меңгереді.Математикада қолданылатын ойындар түрлі формада болуы мүмкін: математикалық викториналар, ребустар, есептер жарысы, логикалық жұмбақтар, математикалық лото, шын–жалған тапсырмалар, "Қазына іздеу", "Кім жылдам?", "Сандар сөйлейді" секілді ойындар. Мысалы, «Сиқырлы квадрат» ойыны арқылы оқушылар сандар арасындағы байланысты табуға машықтанады немесе «Есепті шеш — басқышқа көтеріл» ойыны арқылы есеп шығару дағдысын дамытады.Ойын әдісі арқылы оқушылардың логикалық ойлауы, есте сақтау қабілеті, топта жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Сабақта ойын қолдану білімді меңгеруді қызықты әрі әсерлі етіп қана қоймай, оқушылардың өз күшіне деген сенімін арттырады. Сонымен қатар, ойын арқылы мұғалім де оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқай алады. Ойын әдістері – математиканы өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын таптырмас құрал.«Математикалық жарыс», «Қазына іздеу», «Брейн-ринг», «Лото» сияқты ойын элементтері оқушылардың қызығушылығын арттырып, бәсекелестік жағдайында білімдерін тексеруге мүмкіндік береді.
12
9. АКТ қолдану. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) математика пәнінде қолдану – білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдарының бірі. АКТ құралдары арқылы мұғалімдер сабақ барысында түрлі көрнекіліктерді, интерактивті тапсырмаларды, слайдтар мен бейнематериалдарды пайдалана отырып, оқушылардың оқу үдерісіне деген қызығушылығын арттырады.Мысалы, интерактивті тақтада геометриялық фигураларды қозғалту арқылы олардың қасиеттерін визуалды түрде түсіндіруге болады. GeoGebra, Desmos, Kahoot, Quizizz сияқты онлайн платформалар оқушыларға күрделі ұғымдарды жеңіл әрі қызықты түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, графиктер салу, формулалармен жұмыс істеу, есептерді модельдеу сияқты тапсырмалар АКТ арқылы тиімді әрі нақты орындалады.АКТ-ны қолдану оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттырып қана қоймай, логикалық ойлау, талдау және салыстыру қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, бұл тәсіл оқытудың даралануына, оқушының өз қарқынымен жұмыс жасауына жағдай жасайды.АКТ – математиканы заманауи, тартымды және өмірмен байланыстыра отырып оқытуға мүмкіндік беретін маңызды әдістемелік құрал.GeoGebra, Desmos, Kahoot, Quizizz, LearningApps платформаларын пайдалану арқылы есептерді визуализациялау, тест өткізу, кері байланыс алу жүзеге асады.
10. Деңгейлік тапсырмалар .Оқушылардың дайындық деңгейіне сәйкес тапсырмалар беріледі. Бұл әдіс әр оқушының мүмкіндігіне сай жұмыс жасауына жағдай жасайды. Деңгейлік тапсырмалар – оқушылардың білім деңгейіне, қабілетіне және оқу қарқынына сай саралап оқытуды жүзеге асыруға арналған тиімді әдістердің бірі. Математика пәнінде бұл тәсіл оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды білім алу барысында өз мүмкіндігінше дамуға жетелейді.Деңгейлік тапсырмалар әдетте төрт деңгейге бөлінеді: репродуктивтік (А деңгейі) – қарапайым есептер мен формулаларды қолдану; конструктивтік (В деңгейі) – білімін қолдану арқылы жаңа жағдайдағы есептерді шешу; шығармашылық (С деңгейі) – логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын қажет ететін күрделі тапсырмалар; ал кейде жоғары деңгей – олимпиадалық есептер немесе жобалық тапсырмалар ұсынылады.Мысалы, квадрат теңдеулер тақырыбында А деңгейінде формула бойынша шешу тапсырылса, В деңгейінде коэффициенттерді өзгертіп, салыстыру сұралады, ал С деңгейінде мәтіндік есептер мен өмірмен байланысты тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын, математикалық тілде сөйлеуін, логикалық ойлауын дамытады. Сонымен қатар, оқушы өз деңгейіне сай тапсырманы орындап, біртіндеп жоғары деңгейге көтерілу арқылы жетістікке жету сезімін бастан кешіреді.
13
11. «RAFFT», «Сәйкестендір», «Сұрақ-жауап» әдістері. Математика пәнінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және білімді терең меңгерту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Солардың ішінде «RAFFT», «Сәйкестендір» және «Сұрақ-жауап» әдістері тиімділігімен ерекшеленеді.«RAFFT» әдісі (Рөл, Аудитория, Форма, Тақырып, Тон) – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған. Бұл әдісті математикада қолдану арқылы оқушылар қандай да бір математикалық ұғымды (мысалы, функция, процент, теңдеу) белгілі бір рөлде (мысалы, мұғалім, тележүргізуші, блогер) аудиторияға (оқушылар, ата-аналар) сәйкес формада (хат, сұхбат, бейнежазба) және лайықты үнмен (ресми, бейресми) түсіндіреді.«Сәйкестендір» әдісі – ұғымдар мен олардың сипаттамаларын, формулалар мен атауларын, графиктер мен теңдеулерді сәйкестендіруге арналған. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтауын, логикалық ойлауын, байланыс орнату қабілетін арттырады.«Сұрақ-жауап» әдісі – сабақ барысында диалог құру, білімді бекіту және кері байланыс алуда қолданылады. Мұғалім мен оқушы арасындағы интерактивті қарым-қатынас оқушылардың белсенділігін арттырып, сыни ойлауын дамытады.Бұл әдістердің барлығы сабақта оқушыны белсенді қатысушы етіп, нәтижелі білім алуға жетелейді.
.Белсенді әдістерді қолдану барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
- оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады;
- логикалық және сыни ойлау дамиды;
- коммуникативтік қабілеттері қалыптасады;
- оқушылар өз ойын еркін жеткізе алады;
- білімді қолдана білу дағдылары дамиды;
- бірлесіп жұмыс істеу, жауапкершілік сезімі артады.
Мұғалім белсенді әдістерді қолдану барысында сабақ құрылымын нақты жоспарлап, әр кезеңде оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар дайындауы тиіс. Әр әдістің тиімділігі оны дұрыс таңдап, мақсатқа сай қолдануға байланысты. Математика сабағында белсенді оқыту әдістерін қолдану – заманауи білім беру талабына толық сай келеді. Бұл әдістер оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың функционалдық сауаттылығын, шығармашылық қабілетін, өмірлік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мұғалімдер осы әдістерді тиімді пайдаланса, оқу сапасының артатыны сөзсіз.
Цифрлық технологияларды мен жасанды интеллектті қолдану.21 ғасыр – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект (ЖИ) дәуірі.
14
Бұл технологиялар қоғамның барлық салаларына – экономиканың, денсаулық сақтаудың, өнеркәсіптің, тіпті білім берудің де ажырамас бөлігіне айналды. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқушылардың білім алу тәсілдеріне, мұғалімдердің оқыту әдістеріне және оқу процесінің ұйымдастырылуына әсер етіп отыр. Әсіресе, математика пәнінде цифрлық құралдарды және жасанды интеллектті тиімді қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, логикалық пайымдау мен модельдеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Математика – абстрактілі ойлау мен нақты дәлдікке негізделген ғылым. Сондықтан бұл пәнге цифрлық технологияларды енгізу, оның ішкі құрылымын жақсырақ түсінуге және күрделі ұғымдарды визуализациялауға көмектеседі. Цифрлық құралдар арқылы:Қазіргі таңда білім беру жүйесінде кеңінен қолданылып жүрген платформаларға мыналар жатады:GeoGebra – алгебра, геометрия, статистика және есептеу құралдарын біріктіретін тегін интерактивті бағдарлама.Desmos – онлайн графикалық калькулятор, күрделі теңдеулердің графиктерін салуға қолайлы.Khan Academy, Bilimland, LearningApps, Quizizz – оқушының білімін бағалауға және жетілдіруге бағытталған интерактивті платформалар.Жасанды интеллект – адамның интеллектуалдық қабілеттерін еліктейтін компьютерлік жүйелердің жиынтығы. ЖИ көмегімен компьютер жүйелері сөйлеуді тану, табиғи тілді өңдеу, бейнелерді тану, шешім қабылдау сияқты күрделі процестерді жүзеге асыра алады.ЖИ мен цифрлық технологияларды математика сабақтарында қолдану жолдарыЖасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін платформалар әр оқушының білім деңгейін талдап, оған сәйкес материал ұсына алады. Бұл – адаптивті оқыту жүйесінің негізі. Мысалы, Socratic немесе Photomath сияқты қосымшалар оқушының нақты есепті қалай шешіп жатқанын қарап, сол бойынша кеңес береді.Күрделі математикалық ұғымдарды оқушыларға түсіндіру үшін графиктер, анимациялар, 3D модельдер қолданылады. Мысалы, кеңістіктегі геометриялық денелерді айналдыру, қиылыстыру немесе қиықтарын көру арқылы оқушының кеңістіктік ойлау қабілеті дамиды.ЖИ көмегімен дайындалған тапсырмалар оқушының өткен тапсырмалардағы жетістіктеріне негізделіп беріледі. Бұл оқушыға өз деңгейінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, автоматты түрде кері байланыс беретін жүйелер оқушыны өз қатесін тануға, оны түзетуге итермелейді.Математика мұғалімі үшін цифрлық және ЖИ құралдарының тиімділігі. Цифрлық технологиялар мен ЖИ құралдарын қолдану мұғалімдер үшін:уақытты үнемдеу – үй тапсырмасын тексеру, тестілеу, деректерді жинау автоматтандырылады;оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру – әр оқушының жеке траекториясын құруға мүмкіндік береді;бағалау мен талдау – нақты деректер негізінде оқушылардың жетістіктерін талдау мүмкіндігі артады;шығармашылық пен инновацияны дамыту – сабақтар қызықты және интерактивті түрде өтеді.
15
Қашықтықтан оқыту және гибридті білім беру жағдайында маңызы.Пандемия кезеңінде бүкіл әлем қашықтықтан оқытуға көшті. Бұл – цифрлық технологиялар мен ЖИ-дің маңызын айқын көрсетті. Онлайн платформалар мен білім беру жүйелері:Zoom, Google Classroom, Microsoft Teams, Mektep Online арқылы сабақ жүргізу;интерактивті тақталар мен бейнематериалдарды қолдану;онлайн бақылау жұмыстары мен тестілеулер жүргізу мүмкіндігін берді.
Гибридті білім беру (дәстүрлі + онлайн) болашақта негізгі форматтардың бірі болуы мүмкін.Photomath Камера арқылы есептің суретін түсіріп, шешімін көрсетеді.Microsoft Math Solver Алгебралық және күрделі есептерді шешуге көмектеседі.Symbolab Теңдеулерді, туындыларды, интегралдарды шешуге мүмкіндік береді.WolframAlpha Ғылыми есептеулер мен логикалық сұраныстарға жауап береді.Khan Academy Видеосабақтар мен жаттығулар ұсынатын тегін платформа.Цифрлық технологияларды қолдану кезінде келесі әдістер жиі қолданылады:Флиппед класс (Flipped classroom): теория үйде онлайн түрде қаралады, сабақта практика мен талқылау жүреді;Gamification: оқу процесіне ойын элементтерін енгізу;EdTech құралдары: интерактивті тақта, онлайн викторина, QR-код арқылы тапсырмалар.
Артықшылықтары:Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;Жекелендірілген оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігі;Уақыт үнемдеу және тиімділік артады;Көрнекілік пен интерактивтілік.
Кемшіліктері:Интернетке тәуелділік;Барлық оқушылардың техникамен қамтылмауы;Мұғалімдердің кейбірінің цифрлық сауаттылығының төмендігі; Оқушылардың өзіндік бақылау деңгейінің төмендеуі.
Қазақстандағы тәжірибе және болашағы.Қазақстанда цифрлық білім беруге басымдық беріліп келеді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мектептер кең жолақты интернетпен, цифрлық құрылғылармен қамтамасыз етілуде. Білім беру мазмұны жаңартылып, оқытудың жаңа әдістемелері енгізілуде. 2020 жылдан бастап Қазақстанда «Цифрлық мұғалім», «Жасанды интеллект негіздері», «Мектептегі IT» сияқты жобалар іске қосылып, бұл бағыттағы дамуды жеделдетіп отыр.Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті математика сабақтарына енгізу – уақыт талабы. Бұл оқыту процесін тиімді, қызықты әрі жекелендірілген етеді. Мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады, оқу процесі интерактивті әрі шығармашылыққа толы болады. Алайда бұл жаңашылдықтармен қатар жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер де жүктеледі. Сондықтан цифрлық сауаттылық пен үздіксіз кәсіби даму – қазіргі заман мұғалімінің басты құндылықтарының бірі болуы тиіс.Математика – нақты логикаға сүйенетін, дәлелдеу мен модельдеуге негізделген ғылым.
16
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және практикалық дағдысын қалыптастыру үшін сабақ барысында әртүрлі тәжірибелік тапсырмалар мен сабақ үлгілерін қолдану аса маңызды.
Сабақ үлгілері мен практикалық тапсырмалар
8 сынып Төртбұрыштар және үшбұрыштардың аудандары
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Аудан |
Мектеп: «Р. Тоқатаев атындағы орта мектеп» КММ |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Ж. Айтмухамбетова |
|
Күні: |
24.01.25ж |
|
Сыныбы: 8 «А» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Төртбұрыштар және үшбұрыштардың аудандары |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.1.3.11параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану |
|
Сабақтың мақсаты: |
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 минут
10 минут |
Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа кешікпеуін қадағалау. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
Сабақтың тақырыбы бойынша «Келісемін, келіспеймін» стратегиясын қолданып дұрыс тұжырымдаманы табады. 1.Тең көпбұрыштардың аудандары да тең. (келісемін) 2.Квадраттың ауданы оның қабырғасының кубына тең. (келіспеймін) 3. Тік төртбұрыштың ауданы оның қарама-қарсы қабырғаларының көбейтіндісіне тең. (келіспеймін) 4. Параллелограмның ауданы оның қабырғасы мен осы қабырғаға жүргізілген биіктігінің көбейтіндісіне тең. (келісемін) 5. Егер тік төртбұрыштардың аудандары тең болса, онда бұл тік төртбұрыштар тең. (келісемін) 6. Ромбының ауданы оның диагональдарының ұзындықтарының көбейтіндісіне тең. (келіспеймін) 7. Ромбының ауданы оның диагональдарының ұзындықтарының көбейтіндісінің жартысына тең (келісемін) 8. Параллелограмның ауданы оның іргелес қабырғаларының көбейтіндісіне тең. (келіспеймін) 9. Егер көпбұрыш бірнеше көпбұрыштардан құралған болса, онда оның ауданы осы көпбұрыштардың аудандарының қосындысына тең. (келісемін) 10. Параллелограмның ауданы оның іргелес қабырғаларының көбейтіндісі мен арасындағы сүйір бұрышының синусына тең (келісемін). |
Психологиялық ахуал («Мен елімді сүйемін) Жүргізілуі: Егер сіз өзіңізді жақсы көрсеңіз, басыңызды сипаңыз; Егер сіз ата-анаңызды жақсы көрсеңіз жүрегіңізді ұстаңыз, Егер сіз мектепті жақсы көрсеңіз, сол қолыңызды көтеріңіз; Егер сіз Отанымызды жақсы көрсеңіз, оң қолыңызды көтеріңіз; 3 рет шапалақ соғыңыз. Рахмет.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді
|
«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға балл беріледі Бағалау парағында әр балл алған сайын балл жазып отырады
|
Слайд
Сұрақтар топтамасы |
|
Сабақтың ортасы
4 минут
|
Сабақтың тақырыбы бойынша «Дұрыс формуланы көрсет» стратегиясын қолданып дұрыс тұжырымдаманы табады.
1.Берілген параллелограмм үшін дұрыс формулаларды көрсетіңіз.
2. Ромб берілген. Төмендегі формулалардың дұрысын көрсетіңіз |
|
«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға балл беріледі Бағалау парағында әр балл алған сайын балл жазып отырады |
Слайд |
|
23 минут |
Оқулықпен жұмыс №3 есепті балаларға ұсынамын. (95 бет)
Топтық жұмыс «Кім ұшқыр? Кім жылдам?» Есептер шығарады. |
Оқушылар берілген тапсырманы тақтаға шығып шығарады
Оқушылар берілген тапсырманы бірлесе отырып орындайды. Есептің дұрыс жауабын сыныптың ішінде жасырылған қағаздар арасынан тауып жабыстырады.
№1
№2
№3
№4
№5
|
«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Бағалау парағында әр дұрыс жауапқа балл балл жазып отырады

Дескриптор: Дескриптор: -ромб ауданының формуласын қолданады -дұрыс есептейді Дескриптор: параллелограмм ауданының формуласын қолданады -дұрыс есептейді |
8 сынып, геометрия оқулығы, Алматы «Мектеп» 2018 ж.
Слайд |
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Бағалау: Бағалау парағы арқылы бағаланады Үйге тапсырма: №16 есеп, 97 бет Кері байланыс: «Тау шыңы» әдісі - Таудың басы- егер барлығын түсінсең,келесі оқушыға түсіндіре аласың. - Таудың ортасы-барлығын түсіндім,бірақ түсіндіруге қиналамын. - Таудың етегі-маған кейбір тапсырмалар қиын. - Таудың маңайы - маған барлық тапсырмалар қиын болды. Рефлексия: «Арал» әдісі |
Оқушылар әр балл алған сайын жазып отырады. Оқушылар өтілген сабаққа кері байланыс береді. Өздерінің сабақтағы іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды |
Өзін-өзі бағалау
« |
Стикер Қима қағаздар
|
8 сынып Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Комбинаторика элементтері |

Күні: 13.10.23ж |
|
|
Сыныбы: 9 «Б» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
9.3.1.5 - Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару; |
|
Сабақтың мақсаты: |
- Факториал ұғымының мағынасын,орналастыру,алмастыру, теру ұғымдарын біледі. - Комбинаториканың негізгі түсініктері мен ережелерінқолдана отырып есептер шығара алады. - Комбинаторика формулаларын қолданып есептерді шеше алады. |
|
Бағалау критерийлері |
- Факториал ұғымының мағынасын,орналастыру,алмастыру, теру ұғымдарын біледі. - Комбинаториканың негізгі түсініктері мен ережелерін қолдана отырып есептер шығарады -Комбинаторика формулаларын қолданып есептерді шешеді. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут |
Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа кешікпеуін қадағалау. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Мозайка» әдісі арқылы Оқушыларға парта үстінде жатқан бүгінгі сабағымызға қатысты үш формула жазылған қиындыларды ұсынамын. Қиындылары қолданып формулаларды құрастыру арқылы үш топқа біріктіремін.
«Жылдам сұрақтар» әдісі арқылы кейбір оқушыларға сұрақтар таратамын. Комбиноторикалық есептер дегеніміз не? Қосынды ережесі Қосынды ережесінің екінші тұжырымдамасы Көбейтінді ережесі Қайталанбайтын алмастырулар Қайталанбайтын алмастыруларға формуласы Қайталанбайтын орналастырулар Орналастыру формуласы Қайталанбайтын терулер Қайталанбайтын терулер Формуласы n элементтен тұратын жиыннның қанша ішкі жиыны бар? |
Оқушылар парта үстінде жатқан бүгінгі сабағымызға қатысты үш формула жазылған қиындыларды таңдап алады, қиындылары қолданып формулаларды құрастыру арқылы үш топқа бірігеді. Мозайка арқылы жиналған сурет болады. Сол суретте тақырыпқа қатысты формулалар жазылған.

Түрлі түсті қима қағаздар
Сұрақтар топтамасы |
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 10 минут 20 минут
|
Оқулықпен жұмыс №10.1 есепті балаларға ұсынамын.
Топтық жұмыс "Өкіл"(Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір-екі адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады) І топ 1."Алгоритм" сөзінің барлық әріптерінен жасалған алмасытрулар санын тап? Шешуі: Р8=1*2*3*4*5*6*7*8= 40320
2.4 бос қызмет орнына 9 үміткер қанша тәсілмен қол жеткізе алады? Шешуі: 3.Бір қатарға 5 ұл мен 4 қызды қыздар қатар тұрмайтындай етіп,қанша тәсілмен орналастыруға болады? Шешуі: ІІ топ 1."Теңіз" сөзінің барлық әріптерінен жасалған алмасытрулар санын тап? Шешуі: Р5=1*2*3*4*5= 120
2.Жүгіруге 8 адам қатысты.Оларға үш бастапқы орынды өзара үлестірудің қанша тәсілі бар? Шешуі: 3.5 қызметкерге бірдей үш сыйақы бөлінді.Қызметкерлерді сыйақымен марапаттаудың қанша тәсілі бар? Шешуі: ІІІ топ 1."Жаңбыр" сөзінің барлық әріптерінен жасалған алмасытрулар санын тап? Шешуі: Р6=1*2*3*4*5*6= 720
2.Қазақ, орыс, ағылшын, француз және неміс тілдерінен осы тілдердің кез келгеніне аударма жасау үшін қанша сөздік басып шығару керек? Шешуі: 3.Сыныпта 20 оқушы бар.Олардың ішінен кезекшілікке екі оқушыны неше тәсілмен таңдап аліға болады? Шешуі: Топпен жасалған жұмыстарын тексеремін.
Сергіту сәті «Қағазды оркестр» жасатамын

Оқушылар берілген тапсырманы бірлесе отырып орындайды
Оқушылар берілген «қағазды оркестр» әдісі бойынша музыка ырғағына сәйкес қағазбен дыбыс жасайды. |

Дескриптор: -санның факториалмен берілген мәнін есептейді; -қайталанбайтын алмастыруды ажыратады және формуласын қолданады; -қайталанбайтын орналастыруды ажыратады және формуласын қолданады; -қайталанбайтын теруді ажыратады және формуласын қолданады.
|
9 сынып, Алгебра оқулығы, Алматы «Мектеп» 2018 ж. |
||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Бағалау: Бағалау парағы арқылы бағаланады Үйге тапсырма: №10.12 есеп Кері байланыс: «Тау шыңы» әдісі - Таудың басы- егер барлығын түсінсең,келесі оқушыға түсіндіре аласың. - Таудың ортасы-барлығын түсіндім,бірақ түсіндіруге қиналамын. - Таудың етегі-маған кейбір тапсырмалар қиын. - Таудың маңайы - маған барлық тапсырмалар қиын болды. Рефлексия: «Арал» әдісі |

Өзін-өзі бағалау «Тау шыңы» әдісі |
Стикер Қима қағаздар
|
8 сынып Квадраттық функция және оның графигі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |

Күні: 16.02.23ж |
|
|
Сыныбы: 8 «Б» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Квадраттық функция және оның графигі |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.4.1.3. y=ax2+bx+c,a≠0, түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу; 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу. |
|
Сабақтың мақсаты: |
-оқушыларға y=ax2+bx+c,a≠0 түріндегі квадраттық функцияның графиктерін түрлі әдістермен көрнекі етіп салуды және олардың қасиеттерін сипаттай алады; -аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін, және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін таба алады. |
|
Бағалау критерийлері |
- Квадраттық функцияның қасиеттерін анықтайды; - квадраттық функцияның графигін салады; - аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады; - функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа кешікпеуін қадағалау. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылармен «Сұрақтарға толы себет» атты әдісті қолданып бүгінгі қарастырылатын оқу мақсатына тиісті анықтама, термин, ереже тағы басқа білетіндерін парақшаға жазып қоржынға салу сұралады (парақшаға оқушы аты-жөні жазылады). Бір-бірден парақшаны ала отырып есімі жазылмаған оқушыдан алынған парақшадағы тұжырымдамаға толық сипаттама беруін сұраймын. |
Оқушылар «Сұрақтарға толы себет» атты әдісті қолданып бүгінгі қарастырылатын оқу мақсатына тиісті анықтама, термин, ереже тағы басқа білетіндерін парақшаға жазып қоржынға салады (парақшаға оқушы аты-жөні жазылады). Парақшадағы сұрақтарға жауап береді. |
«Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Көп сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға «сәттілік купоны» беріледі |
Түрлі түсті қима қағаздар |
|
Сабақтың ортасы |
Оқушыларды киноға кіруге арналған билеттер арқылы біріктіремін. Топ басшысы сайланады. Топ басшысына бағалау парағы беріледі. Сыныппен жұмыс. Оқулықтағы 13.3 есепті шығарамыз Топтық жұмыс. «Ұнаған кино немесе мультфильмді таңда». Берілген функцияның графигін саламыз. Функцияның қасиеттерін сипаттаймыз. №1 есеп у═ №2 есеп у═ №3 есеп у═ Топтық жұмыс кезінде оқушылардың жұмысын бақылаймын. Қосымша сұрақтар туындағанда, сұрақтарға жауап беруіне көмек беремін. «Біреуі үйде, қалғаны қонақта» әдісі арқылы оқушыларға тапсырма орындалады. Оқушылар өздеріне берілген функцияның графиктерін салып болған соң, баяндамашы басқа топқа барып түсіндіруі керек. Осылайша ол барлық топты аралап шығады. |
Оқушылар берілген билеттерді алу арқылы топтарға бірігеді. Есепке қай оқушының саны кездейсоқ санды таңдау арқылы таңдалған бойынша тақтаға келіп есепті шығарады Әр топ оқушылар өздеріне ұнаған киноны таңдау арқылы топтық есептерін таңдайды. Топ болып бірігіп есеп шығарады. Жұмыс аяқталған соң, әр топта (кинозалда) бір оқушыдан қалады. Қалған топ оқушылары ламбада биін билеп аралап шығады. Оқушылар өздеріне берілген функцияның графиктерін салып болған соң, баяндамашы басқа топқа барып түсіндіруі керек. Осылайша ол барлық топты аралап шығады. Дескриптор: 1. төбесінің координатасын табады 2. Симметрия осінің теңдеуін жазады 3. функцияның нөлдерін табады 4. парабола осіне қатысты симметриялы тағы екі нүкте белгілейді 5. графигін салады 1. функцияның анықталу облысын табады 2. функцияның мәндер жиынын табады 3. функцияның өсу аралығын көрсетеді 4. функцияның кему аралығын көрсетеді 5. параболаның симметрия осінің теңдеуін жазады 6. функцияның ең үлкен мәнін табады 7. функцияның ең кіші мәнін табады 8. Функцияның теріс оң мән қабылдайтын аралығын көрсетеді 9. Функцияның оң мән қабылдайтын аралығын көрсетеді 10. функцияның нөлге тең мәнін есептейді. |
«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Әрбір дұрыс есепке 1 балл беріледі Дескриптор арқылы бағалайды |
8 сынып, Алгебра оқулығы, Алматы «Мектеп» 2018 ж. |
|
Сабақтың соңы |
Жеке жұмыс. Білімді бекіту Тест сұрақтары Kahoot платформасы арқылы беріледі Үйге тапсырма: №14.42 есеп Кері байланыс: «Диск» әдісі Рефлексия: «Кинофильмге пікір» |
Оқушылар берілген тест тапсырмаларын толық орындап шығады. Оқушылар өтілген сабаққа кері байланыс береді. Өздерінің сабақтағы іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды |
Әрбір дұрыс жауапқа бір баллдан беріледі |
|
27
Қорытынды
Бүгінгі білім беру жүйесі қарқынды өзгерістерге ұшырап отырған кезеңде оқыту процесіне қойылатын талаптар да күрделеніп келеді. Бұл әсіресе жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге, соның ішінде математика пәніне тікелей қатысты. Математика – тек формулалар мен теоремалар жиынтығы ғана емес, логикалық ойлау, дәлелдеу, талдау, модельдеу және нақты шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыратын жетекші пән. Сондықтан бұл пәнді оқытудың мазмұны да, әдіс-тәсілдері де уақыт талабына сай жаңарып отыруы қажет.Заманауи оқыту технологияларын, инновациялық әдіс-тәсілдерді, цифрлық құралдар мен жасанды интеллект элементтерін тиімді қолдану – оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың функционалдық сауаттылығы мен өмірлік дағдыларын дамытудың негізгі жолдарының бірі болып саналады. Жоғары сынып оқушыларын математикаға тереңінен баулу, оларды ҰБТ, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындау барысында дәстүрлі әдістермен қатар, сын тұрғысынан ойлау, жобалау әдісі, оқушының оқу жетістігін бағалау, кері байланыс, деңгейлік тапсырмалар, коллаборативті оқыту, цифрлық платформалар сияқты заманауи тәсілдердің тиімділігі зор екені тәжірибе барысында дәлелденді.Цифрлық дәуірде оқушының ақпаратты іздеп таба білуі жеткіліксіз – ол оны талдай білуі, өз көзқарасын қалыптастыруы, қолдана алуы маңызды. Бұл талаптарды қанағаттандыру үшін мұғалімнің рөлі енді жай ғана білім көзі емес, оқу процесінің ұйымдастырушысы, бағыттаушысы, фасилитаторы ретінде айқындалады. Осы рөлді сапалы атқару үшін мұғалім өзі де үнемі ізденісте болып, педагогикалық шеберлігін арттыруы қажет. Жалпы алғанда, заманауи әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану:оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады;сабақтағы уақытты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі; сараланған және жеке оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;оқушылардың өзара қарым-қатынасын, ынтымақтастық дағдыларын дамытады;пәндік нәтижемен қатар, метапәндік және тұлғалық нәтижелерге қол жеткізеді.Осы аталған артықшылықтарды негізге ала отырып, математиканы оқытудың сапасын арттыруда заманауи әдістердің орны орасан екеніне көз жеткіземіз.
Ұсыныстар 1. Заманауи технологиялар мен цифрлық құралдарды кеңінен енгізу.Бүгінде көптеген цифрлық платформалар, виртуалды ресурстар, интерактивті тапсырмалар, автоматты бағалау жүйелері мұғалімдер мен оқушыларға қолжетімді. GeoGebra, Desmos, Kahoot, Quizizz, Microsoft Math, Matific сияқты құралдар:математикалық ұғымдарды визуализациялауға;формулалардың қолданылуын нақты модельдеу арқылы көрсетуге;оқушылардың белсенді қатысуына;нақты уақыт режимінде кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
28
Мұғалімдер осындай құралдарды күнделікті сабақта жүйелі пайдалану арқылы сабақты қызықты әрі мазмұнды ете алады.
2. Саралап оқыту мен жеке оқу траекториясын іске асыру.Әрбір оқушының қабілет деңгейі мен оқу қарқыны әртүрлі. Заманауи тәсілдердің бірі – оқушылардың жас ерекшелігі мен оқу стиліне бейімделген саралап оқыту. Бұл тәсіл:оқушылардың үлгерімін арттырады;өзіндік жұмысты дамытуға жағдай жасайды;білім беру процесін тұлғалық бағытта ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Мысалы, деңгейлік тапсырмалар (А, В, С деңгейі), жобалық жұмыс, зертханалық жұмыс, математикалық эссе сияқты тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығы мен қабілетіне сай білім беруге болады.
3. Жасанды интеллект пен Big Data технологияларын қолдану.Болашақта оқыту процесінде жасанды интеллект (AI) пен үлкен деректер (Big Data) жинағы маңызды рөл атқарады. Математикада бұл:оқушының оқу траекториясын талдауға;қай тұстан қате жіберетінін анықтауға;жеке оқыту жолын ұсынуға көмектеседі.AI негізіндегі оқыту платформаларын (мысалы, Sova, Khan Academy, ChatGPT, MathGPT) қолдану мұғалім жұмысын жеңілдетіп, оқушыға нақты кері байланыс береді.
4. Сабақты өмірмен байланыстыру және пәнаралық интеграция.Математиканы күнделікті өмірмен байланыстыру – оқушы үшін пәннің маңыздылығын арттырады. Мысалы:Қаржы сауаттылығы: пайыз, несие, валюта, инфляция есептері.Физика және информатикамен байланыс: қозғалыс траекториясы, алгоритмдер.География: картографиядағы масштаб, координаталар.Пәнаралық жобалар арқылы оқушының комплексті ойлау дағдысы дамиды.
5. Мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы.Заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үшін мұғалім:педагогикалық шеберлікті үздіксіз дамытып отыруы;EdTech саласындағы жаңалықтардан хабардар болуы;әдістемелік қауымдастықтарға қатысып, тәжірибе алмасуы қажет.Осы орайда мектептер мен білім беру ұйымдары мұғалімдерге арнап тұрақты түрде семинарлар, вебинарлар, шеберлік сабақтарын ұйымдастырғаны жөн.
Математика – болашақ инженерлердің, экономистердің, ІТ мамандарының, ғалымдардың негізгі іргетасы. Сондықтан бұл пәнді оқыту сапасы – ел болашағының сапасы деп айтуға болады. Заманауи әдістерді қолдану – жай ғана жаңашылдық емес, оқушыны болашаққа дайындаудың нақты жолы. Сол себепті әрбір ұстаз өз тәжірибесіне сай жаңа тәсілдерді шеберлікпен енгізіп, білім беруді тиімді ұйымдастыруы керек
29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Назарбаев, Н.Ә. (2010). Қазақстан халқына Жолдау. Бәсекеге қабілетті ел болу – білім мен ғылымға негізделеді. Астана. 2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. (2021). Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Нұр-Сұлтан. 3.Математика пәні бойынша алынған мазмұндық бағдарлама. (2019). ҚР БҒМ «НЗМ» ДББҰ. Астана. 4.Қасымова, Р.Қ., & Төлегенова, М.Ә. (2020). Математика сабақтарында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары. Алматы: Білім баспасы. 5.Жанпейісова, М.М. (2002). Модульдік оқыту технологиясы оқушыларды дамыту құралы ретінде. Алматы. 6.Сатыбалдинова, Ш. (2021). «Математика сабағында саралап оқытудың тиімді жолдары», Білім-Инновация журналы , №2, 32–36 бет. 7.Выготский, Л.С. (1978). Қоғамдағы ақыл: жоғары психологиялық процестердің дамуы. Гарвард университетінің баспасөзі. 8.Блум, BS (1956). Білім беру мақсаттарының таксономиясы: Білім беру мақсаттарының классификациясы. I анықтамалық: Когнитивтік домен. 9.Марзано, РДЖ (2003). Жұмыс істейтін сыныптық нұсқаулық: Оқушылардың жетістіктерін арттырудың зерттеуге негізделген стратегиялары. ASCD. 10.Хэтти, Дж. (2009). Көрінетін оқыту: Жетістікке қатысты 800-ден астам мета-анализдердің синтезі. Routledge. 11.Нұрғожина, Ж.Қ. (2022). «Цифрлық технологияларды математикада қолданудың тиімділігі», Мұғалім тәжірибесі , №4, 18–21 бет.
Оқушыларға: 1.Әбілқасымова, А.Е. және т.б. (2021). Математика. 10-сынып (жаратылыстану бағыты) . Алматы: Мектеп. 2.Нұрғожина, Ж.Қ., Сейітқұлова, Г.Т. (2021). Математика. 11-сынып (жалпы бағыт) . Алматы: Мектеп. 3.Тойшыбаев, Р., Сатыбалды, Ж. (2020). Математика есептер жинағы (7–11 сыныпқа арналған) . Алматы. 4.Мұқанов, А. (2019). Алгебра және талдау бастамалары. 10-11 сыныпқа арналған есептер жинағы. Алматы : Арман - ПВАлматы: Арман-ПВ.
30
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Математика пәнінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану"

шағым қалдыра аласыз

Тау шыңы»
әдісі