400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Математика пәнінен 5-сыныпқа арналған Сабақтың тақырыбы: "Санды өрнектер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Оқушыларға санды және әріпті өрнектер туралы ақпараттар беру. Дамытушылық: Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, ой өрісін дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, қамқорлыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, денгейлік тапсырма, суреттер, карта, слайд 2 – слайд Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 3-слайд Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, тарих, қазақ тілі. Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, СТО стратегиясы , интерактивті тақта.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер 1 — слайд

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға санды және әріпті өрнектер туралы ақпараттар беру.

Дамытушылық: Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, қамқорлыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, денгейлік тапсырма, суреттер, карта, слайд

2 – слайд

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ                 3-слайд

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, тарих, қазақ тілі.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, СТО стратегиясы , интерактивті  тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Ән тыңдау «Елбасы – елдің  тұтқасы»       4-слайд

-Бұл ән кімге арналған ? Неге мен сабағымызды  осы әннен бастады  деп  ойлайсыңдар?

-Дұрыс. 1желтоқсан-Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні.Сонымен қатар,  Елбасымыз «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауда  біздің еліміздің ертеңінің жарқын, нұрлы болатындығы туралы  айтылған.Осы Жолдаудың  іске асуына біз де  үлесімізді  қосуымыз керек. Сондықтан осы  тапсырмаларды  орындауымыз қажет. Сабақ  бойы  осы  тапсырмаларды  орындасақ,  біздің  де   ел  болашағы,  Жолдаудың  іске асуына  қосқан  кішкене ғана үлесіміз  болады.         5-слайд

6 – слайд  Біздің  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:

 “Қазақстанды ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден – бір құдірет – білім, білімді ұрпақ”. –дегендей  білім алып,  ол  білімімізді  көрсете  білуіміз керек.

   7-слайд                                                                                     

Б) Оқушыларды топқа бөлу

Ә)Балалар,  бәріміз ортаға  шығайық. Сендерге  қазір дөңгелектер  үлестіремін. Сан жазылған дөңгелектер  І топқа,  әріптер жазылғандар ІІ топқа  бөлінеді.

І топ Өрнек                 ІІ  топ  Теңсіздік

Балалар, Картада  көрсетілгендей  6 тапсырма  берілген. Осы  тапсырмаларды  мұқият  орындауымыз  керек.

(Күннің  жадын жазу)  8- слайд

Бағалау парағы   9- слайд

30-28- ұпай  жинаса «5 –тік  баға»

26-24- ұпай  жинаса «4 –тік  баға»

20-24- ұпай  жинаса «3 –тік  баға»

(бағалау  парағын  үлестіру)

Балдық жүйе

Өткенді пысықтау

Тест

Оқулықпен жұмыс

Сұрақ-жауап

Ойын

Жұмбақ

3







4







5







 

ІІ.Өткенді  пысықтау: 10- слайд

І топ Өрнек                 ІІ  топ  Теңсіздік

Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Тез ойла!» ойыны ойналады.

І топ Өрнек    

  1. Қосу амалының компоненттерін ата, мысал келтір

  2. Өрнектерді салыстыр

10х5     *    10х3

10:5      *    40:5

  1. Есепті шығар.

Әуежайда 20 ұшақ,  ал тікұшақ одан 2 есе кем. Әуежайда қанша тікұшақ

бар.

  1. 1 сағатта неше минут бар?

ІІ  топ  Теңсіздік             11 слайд

  1. Азайту амалының компоненттерін ата, мысал келтір

  2. Өрнектерді салыстыр

10х7     *    10х2

12:2            18:2

3.Аялдамада 9 автобус, ал такси одан 3 есе артық. Аялдамада қанша такси бар?

4.1 тәулікте қанша сағат бар?

Тест тапсырмасы  12 – слайд 

1.5 жүздік  6 ондық  3 бірліктен құралатын сан?

а) 563                  в) 635                  с) 536

  1. 739 санын разрядтық қосынды түрінде жаз, жауабын көрсет?

а) 739=730+9      в) 739=700+30=9                  с) 739=700+39

  1. Бақшадан 40кг қызанақ және 20 кг сәбіз жинап алды.Барлық жиналған көкөніс қанша?

а) 40                    в)20                     с)60

4.Санды өрнекті белгіле?

а) а+100              в) х+2=10            с) 70+6

 

ІІІ.Жаңа сабақ: 13-слайд

28+20=48

180-40=140  бұл не?          Өрнек

Міне осындай сандар мен амал таңбаларынан құралған өрнектерді санды өрнектер дейміз.

А+40          50+с           с-400

Математикада белгісіз санның орнына әріп жазады.

Осы өрнектер неден құралып тұр?

Мұндай құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек дейміз?

Оқулықпен жұмыс 14 – слайд

№1 Мына жазбаларды қай топтарға бөлуге болады?

І топ санды  өрнектерді        ІІ топ әріпті  өрнектерді  тауып  топтап  жазамыз.

І топ Өрнек                          ІІ топ. Теңсіздік

965-452=513                                    а+456

24+68+45=237                           a+456

   (56-654)-451= 259                       d-456    

№2    Әріпті  өрнектердің  мәнін тап         15-слайд

І топ

D

6

7

8

9

10

d*9






ІІ топ

R

6

7

8

9

10

R*8






№3 Есептерді шығар, өрнегін жаз. 16 – слайд

А)  8кг х 6 -24= 24 кг (картоп қалды)

Ә) 100-7х9 =37 л су қалды.

Б) 100+ (7х5) =135  л су болды.

В)d хk-b

ІҮ.Сергіту сәті  17 – слайд «Көңілді  күн»

Сұрақ-жауап  18 – слайд

  1. «Кем» ұғымынына қарсы ұғым.

  2. Кіші ұғымына қарсы ұғым.

  3. Сол ұғымына қарсы ұғым.

  4. Екінші разрядтың атауы.

  5. Ұзындық өлшем бірлігі.

  6. Уақыт өлшем бірлігі.

 

 

№ 4   Ойын: «Кім жылдам ?».            19 – слайд

4*8             5*9             5*7             4*2        56:7

81:9            16:8            7*8            9*6        9*3

«Кім тапқыр?» жұмбақты шеш 20 – слайд

І топ

1.Бес бұтақты ағашта,

Бұтақ сайын 5 алма.

Біреуін бер Омарға,

Сонда қалмақ неше алма?    (24)

ІІ топ

Бір алманы  4-ке бөлдім,

Бір  бөлігін жеп те көрдім

Қалған  үлкен 3 бөлігін

Қасымдағы 3 досыма  бердім.

Қолымда  менің  не қалды? (0)

Ү.Қорытынды: Семантикалық карта. Әр жауаптың қасына қосу таңбасын қой. 21 – слайд

Тапсырма

Санды өрнек

Теңдеу

Әріпті өрнек

80 + 60




Х * 5=15




С + 60




100 — 80




10 : х = 2




а * 90




Бүкіл тапсырмаларды жақсы  орындап  болдық.

22-слайд ҮІ.Бағалау: Бағалау  парағы  бойынша, қорытынды жасап, сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

 

ҮІІ.Үйге тапсырма: №6,7 23 – слайд

24-слайд

-Балалар алдарыңда  екі  құмыра  тұр.Егерде сендерге сабақ  ұнаса  қызыл гүлді  қызыл  құмыраға, сабақ  ұнамаса  жасыл  гүлді  жасыл  құмараға салу  керек.

Рахмет. Сабақ аяқталды , сау  болыңдар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
774
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі