жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математика пәнінен 8-сынып оқушыларына арналған сайыс "Тапқырлар тартысы"
Т А П Қ Ы Р Л А Р Т А Р Т Ы С Ы
Тақырыбы: «Математика әлемінде» сайысы.
(8 в және 8д сыныптары оқушыларының арасында)
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет»,-деп Шоқан Уәлиханов айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Бүгін біздің гимназиямызда 8в, 8д-сыныптар арасында математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ.
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки кім шығады сайысуға,- дей келе «Математика әлемінде» атты сайысымызды бастаймыз.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.
Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелерін сайлау.
Алдымен қатысушы оқушыларды таныстыру.
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
І кезең – «Бәйге»
ІІ кезең – «Ғажайып үштік»
ІІІ кезең – «Дода»
«Көрермендер көрімдігі»
ІV кезең – «Тапқырлық»
Олай болса бірінші кезеңімізді бастаймыз. «Бәйге» кезеңінде командаларға сұрақтар қойылады. Бірінші жауап берген команданың жауабын тыңдаймыз. Әр дұрыс жауабы үшін 2 ұпай беріледі. Жауап нақты, тез болу керек.
Сұрақтар:
Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)
Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді (медиана)
Шеңбердің ең үлкен хордасы (диаметр)
2 ғасырда неше жыл бар? (200)
Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)
Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. (түзу)
Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ. (параллель)
Сыбайлас бұрыштардың қосындысы.... (180 градус)
Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
Тік бұрыш неше градусқа тең? (90 градус)
Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды? (құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атайды)
Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
Вертикаль бұрыштардың айырмасы.... (0 градус)
Геометриялық жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі. (планиметрия)
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180 градус)
Ары қарай, 2-кезең «Ғажайып үштікті» бастаймыз. Бұл бөлімде әр команда ұпай саны көрсетілген ұяшықтардың бірін таңдап, сұраққа жауап береді. Ендеше, біз бастаймыз. (әр команда 4 ұяшықтан таңдайды. 8 ұяшық ашылады)
«Ғажайып үштік» бөлімінің тапсырмалары
5(1) Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Сол санды табыңыз. Жауабы: 111
5(2) Төрт бірліктер арқылы ешқандай амалдар қолданбай ең үлкен санды жазыңыз. Жауабы: 1111
5 (3)Үш ағайынды кісінің жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз.
Жауабы: 53
10(1) 123456789 цифрларының ретін өзгертпей, олардың арасына “+”, “-” барлығы үш таңба қойып, 100 санын шығарыңыз.
Жауабы: 123-45-67+89=100
10(2)Қанат тізімде басынан санағанда 12-ші адам, ал Самат соңынан санағанда 17-ші болып тұр. Самат Қанаттың алдында тұр, ал олардың ортасында бір адам бар. Тізімде қанша адам тұр?
Жауабы: Тізімде 26 адам тұр
10(3)Қалтамда біраз ақша бар. Егер оған бар ақшамның жартысын, оның да жартысын қоссам, онда қалтамда 70теңге болады. Қалтамда қанша ақша бар? Жауабы: 40 теңге бар
15(1)Мұғалім емтиханда 25сұрақ қойды. Оқушы барлық сұраққа жауап берді және дұрыс жауап үшін 4-балл, қате жауап үшін (-1) балл алды.
60 балл алған оқушы қанша сұраққа дұрыс жауап берген?
Жауабы:17 сұраққа дұрыс жауап берген
15(2)Салтанат есепті бірінші болып шығарып, есептің шешуін 5 оқушыға, ал олардың әрқайсысы 5 оқушыға түсіндірді. Сонда сыныптағы барлық оқушылар есепті шығарып болды. Сыныпта қанша оқушы бар? Жауабы: Сыныпта 31 оқушы бар.
15(3)Екі бөлмеде 76 адам бар. Бір бөлмеден 30, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққан соң, бөлмелердегі адам саны бірдей болып қалды. Бастапқыда әр бөлмеде неше адам болған?
Жауабы: Бастапқыда әр бөлмеде 43 және 33 адам болған.
ІІІ кезең. «Дода»
«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді» - дей келе, сайысымыздың келесі кезеңі «Додаға» берейік. Енді «Дода» бөлімінде білімдеріңізді ортаға салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір команда көрсетілген ұпайлар бойынша 3 конверт таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.
Қазақтың байырғы есептері:
5-ұпай. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? – деп атасы немересіне қарады. (бір пұт)
10-ұпай. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттық – дейді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - деді.
Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып,
Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық? (1 бала-4, 2 бала – 18, 3 бала - 8)
15-ұпай. Ұлу биіктігі 10м ағаштың басына шығуы керек. Ол күндіз 4 м. Жоғары көтеріледі, түнде 3 м. Төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады?
(7 күнде)
20-ұпай. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? ( ¼)
«Ақбота» есептері:
5-ұпай. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеген?
А) 5 б) 9 с) 7 д) 8
10-ұпай. Оқушы кітаптың 0,3 бөлігін, кейін тағы да 0,1 бөлігін оқығандағы көлемі жарты кітаптан 18 бетке кем болып шықты. Кітапта неше бет болған?
А) 210 б) 200 с) 190 д) 180
«Кенгуру» есептері:
5-ұпай. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?
А) 27 б) 28 с) 31 д) 33 е) 56
10-ұпай. Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?
А) 6 б) 10 с) 16 д) 20 е) 32
15-ұпай. Мына сандардың ең үлкені қайсысы?
А) 999 б) 999 с) (99)9 д) 999 е) 9999
4. Викториналық сұрақтар:
5-ұпай. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
10-ұпай.Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (бір бала тәрелкесімен алады)
15-ұпай. Төрт дос бала мейрамханаға жиі барып, әрқашан бір үстелге отырады. Жалғастың әрқашан бір орынға отыра беретіні белгілі болса, достар неше түрлі тәсілмен үстелге отыра алады? (3)
«Көрермендер көрімдігі»
1. Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)
2. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы? (косинус)
3. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем? (аксиома)
4.1800-қа тең бұрыш? (жазыңқы бұрыш)
5.Қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш? (параллелограмм)
6. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең? (600)
7. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
8. Сүйір бұрыштың шамасы? (900 –тан кіші)
9. Синустың косинусқа қатынасы? (тангенс)
10. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш? (квадрат)
11.Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градус? (3600)
12. Берілген бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы? (синус)
13. Барлық қабырғасы тең параллелограмм? (ромб)
14. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем? (теорема)
15. Доғал бұрыштың шамасы? (900-тан үлкен, 1800-тан кіші)
16. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (тең қабырғалы үшбұрыш)
20. Диаметр дегеніміз не? (шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда)
21. Косинустың синусқа қатынасы? (котангенс)
22. Пропорция дегеніміз не? (екі қатынастың теңдігі)
23. Ең үлкен хорда? (диаметр)
ІV бөлім. «Тапқырлық»
Әр сөзінен қазынаны табатын,
Менің тілім – бұлақ сынды таза-тын
Ұлылар мен шешендерім сөзінен,
Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!
(Командалар 1-10 сандар жазылған парақты таңдап алып, мақал-мәтел айтып жарысады. Команда капитаны немесе қатысушылар арасында өтеді)
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Әділ қазы сіздерге сөз береміз,
Жеңімпазымыз кім болып сарапталды?
Олар жайлы төреші
Көрермендер өздерің
Ақ-қарасын айырып
Куә болды көздерің
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет! Мың рахмет!
Қорытынды. Жеңімпазды, барлық қатысушыларды марапаттау, кешті қорытындылау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген