«№4 ЖОББМ»КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту
СЫНЫП: 5ә
Пәні: Математика
Пән мұғалімі: Бисенбаева Гулсана Cансызбаевна
Шалқар қаласы
2018 - 2019 оқу жылы
Бағалау парағы
-
№
Аты - жөні
Кім жылдам?
Тез есептей білеміз бе?
Жасырылған
санды тап
Шығармашылық есеп
Тест жұмысы
1
2
3
4
5
6
7
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика пәнінен ашық сабақ: Аралас санды қосу және азайту, 5 сынып
Математика пәнінен ашық сабақ: Аралас санды қосу және азайту, 5 сынып
«№4 ЖОББМ»КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту
СЫНЫП: 5ә
Пәні: Математика
Пән мұғалімі: Бисенбаева Гулсана Cансызбаевна
Шалқар қаласы
2018 - 2019 оқу жылы
|
СЫНЫП: 5ә Мектеп: «№4 ЖОББМ»КММ |
Мұғалімнің аты- жөні: Бисенбаева Гулсана Cансызбаевна Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Аралас сандарды қосу және азайту |
|||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау; |
|||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушы: Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосуды және азайтуды біледі; Оқушылардың басым бөлігі: Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосуды және азайтуды біледі; Жай бөлшекке аралас санды қоса алады. Кейбір оқушылар: Натурал санға аралас санды қосуды және азайтуды біледі; Аралас санға натурал санды қосуды және азайтуды біледі; |
|||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Оқушылар: Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосуды және азайтуды біледі; Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосуды және азайтуды біледі; Натурал санға аралас санды қосуды және азайтуды біледі; Аралас санға натурал санды қосуды және азайтуды біледі; Жай бөлшекке аралас санды қоса алады. |
|||||||||
|
Тілдік мақсат |
Аралас сандарды қосып, азайту үшін бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімге келтіру керектігін түсінеді. Аралас сандардың бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімін табуды біледі. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Бұл есептегі .... аралас сан, себебі, ... ... аралас санды қосу үшін, ... деп ойлаймын ... аралас санды азайту үшін, .... деп ойлаймын ... ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз және ... Бұл аралас санның бүтін бөлігін ... |
|||||||||
|
Құндылықға баулу |
Бейбітшілік және Келісім сарайының әрбір жағы үшбұрыш болатынын мысалға келтіріп, «Қазақстан тәуелсіздігі және Астана» және «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылықтары арқылы патриоттық сезімдерін қалыптастырамын. |
|||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Құрастырғанда шығатын әр түрлі фигуралар бейнелу өнерінде, технологияда қол өнер бұйымдарын дайындағанда қолданылады. Астана туралы мәлімет арқылы географиямен, тарихпен байланыс жасалды. |
|||||||||
|
Алдыңғы білім |
Жай бөлшектерді қосу және азайту |
|||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||
|
Сабақтың басы
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, психологиялық ахуал тудыру үшін бүгінгі күнге сәттілік тілеу. 2. Биыл Астанамыздың 20 жылдығына байланысты оқушыларға сұрақтар қою. 3. Ол үшін «Бейбітшілік және келісім» сарайына көңіл аудартып, оның 9, 7, 5, 3, 1 үшбұрыштардан құралғандығын айта келіп, осы үшбұрыштардан стикерлерді таңдатамын. Ондағы жазылған сандар арқылы «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек», «Аралас сан» топтарына топтасады. Әр топ өз басшысын сайлайды және бағалау парағы таратылады. Өтілген материалдарды қайталау мақсатында әр топтан бір оқушы немесе топ оқушылары топтың атына байланысты жан - жақты мәлімет айтады, мысалдар келтіреді. 4. Оқушылар бір – бірінің дәптерлерін тексеріп, өзара бірін – бірі бағалайды |
Интербелсенді тақтаны қолдану
Суреттер, стикер
|
||||||||
|
|
Бүгінгі сабақ математикалық ойын түрінде өтеді. 1.Кім жылдам? 2.Тез есептей білеміз бе? 3.Жасырылған санды тап 4. Тест жұмысы 5. Шығармашылық есеп |
|
||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Бұл бөлімде әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа смайлик беріледі. Сұрақ барлық өткен тақырыптарды қамтиды. 1. Дұрыс бөлшек дегеніміз не? Жауабы: Алымы бөлімінен кіші жай бөлшек 2. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай салыстырамыз? Жауабы: бөлімдері бірдей жай бөлшектердің қайсысының алымы үлкен болса, сол жай бөлшек үлкен болады 3. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз? Жауабы: Бөлімдері бірдей жай бөлшектердің қосындысы алымы бөлшектердің алымдарының қосындысына, ал бөлімі өзгеріссіз қалдырылады 1. Бұрыс бөлшек дегеніміз не? Жауабы: Алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең жай бөлшек 3. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосамыз? Жауабы: бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қосу үшін оларды ең кіші ортақ бөлімге келтіріп, толықтауыш көбейткіштерін тауып, алымдарына көбейтіп барып қосамыз 3. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосуға мысал көрсет Жауабы: а b a+b ─ + ─ = ── c c c 1. Аралас сан дегеніміз не? Жауабы: жазылуында бүтін және бөлшек бөлігі бар сандар 2. Әріптердің көмегімен бөлімдері бірдей жай бөлшектердің азайту ережесін жазып көрсет. Жауабы: а b a-b ─ - ─ = ── c c c 3 . Аралас сандарды қалай қосамыз? Жауабы: 1) аралас сандарды бүтін және бөлшек бөліктерінің қосындысы ретінде жазу керек; 2) Бүтін бөліктерін және бөлшек бөліктерін бөлек қосу керек; (егер қосындының мәніндегі бөлшек бөлік бұрыс жай бөлшек болса, оның бүтін бөлігін айырып, бүтін бөлікке қосу керек) ; 3) шыққан қосындыны аралас сан түрінде жазу керек. Топтық жұмыс 2- бөлім. «Тез есептей білеміз бе?» Оқулық бойынша есептер: «Дұрыс бөлшек» тобына: №549 (1) «Бұрыс бөлшек» тобына: №549 (2) «Аралас сан» тобына: №551 Жеке жұмыс 3 бөлім. Жасырылған санды тап:
3 Жауабы: 2 6/5 4. Жауабы: 3
5 Жауабы: 5 6. Жауабы: 11 8/1
7. Жауабы: 2 8. Жауабы: 3
9. Жауабы: 4 6/1 Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс: әр топтағы оқушылардың біріккен кездегі сандар жазылған стикерлері арқылы есеп құрастыру ІV. Шығармашылық есептер. «Ойлан, жұптас, бөліс» 1. Әселдің туған күнін тойлауға анасы 4 торт сатып алды. Үстелге қоймастан бұрын әрқайсысын тең 8 бөлікке бөлді. Әселдің інісі кесілген торттың бір бөлігін жеп қойды. Неше бөлік қалды? 2. Арман, Айдос,Арман, Марат, Сұлтан 15 балық аулады. 4- еуі осы балықтарды қалай бөліседі? 3. Төмендегі сурет бойынша боялған фигураның ауданын тауып, нәтижені аралас сан түрінде жазып көрсет
7 см
11 см Sтікт.= 11 см • 7 см =
77cм2
Sбоялған
бөлік=
Саралау: Мақсат бойынша саралау
|
«Математи-ка» оқулығы 5 класс, Т.А. Алдамуратова, Қ.С.Байшоланова.Алматы, «Атамұра», 2017 ж
Т.Нұрғалиев «5 – 6 сыныптарға арналған логикалық есептер жинағы», «Алматыкі-тап» баспасы, 2015 ж.
|
||||||||
|
Сергіту сәті |
Логикалық жаттығу.
|
|
||||||||
|
Сабақтың соңы |
Тест (оқушы жауап кілттері арқылы өз- өздерін тексереді)
Кері байланыс: Оқушыларға әр тапсырма орындалып болған сайын кері байланыс беру. Рефлексия: «Жетістік шыңы». Оқушылар өздерінің қолындағы бастапқы алған стикерлерін өз білім деңгейіне қарай пирамидаға жабыстырады: төмен деңгей, орташа деңгей, жоғары деңгей Үйге тапсырма: №553 (Үй тапсырмасын қалай шығару керектігі туралы нұсқаулық беру). |
|
||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||
|
Саралаудың «диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіру мақсатында сұрақ-жауап жүргіземін. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке тапсырмалар орындалады. Үлгерімі төмен оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалар берілді. Тақырыпты жинақтау өмірмен байланыстыру мақсатында мәтін есеп беремін |
Дер кезінде кері байланыс беру арқылы, топтар бірін – бірі бағалайды, оқушылар бірін – бірі бағалайды және смайликтер арқылы бағалау, бағалау парағы арқылы бағалау. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. |
||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Сабақ /оқу мақсаттары шынай болды, яғни оқу жоспарына сәйкес. Бүгін оқушылар –бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосуды және азайтуды, бүтін бөлігін ұсақтауды үйренегендігін көрсете білді. Оқу мақсаты толықтай орындалды. |
|||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың ойын түрінде өтуі 2: Өмірмен байланысты есептерді шығару барысында оқушылардың қызығушылықпен қатысуы Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? Оқушылардың өздеріне тақырыпқа сай есептер құрастыруға тапсырма беруім қажет еді.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Оқушыларым аралас сандарды қосу және азайтуды толықтай меңгергендігін байқадым, ол тест барысында, оқулықпен жұмыс істеу барысында байқалды. Мен өз жоспарыма үлгерімі орташа оқушылармен әлі де жұмыс істеу үшін, олардың ішкі уәжін, өзіндік «менін» ояту мақсатында жеңіл есеп жазылған кеспеқағазды әлде де көбірек таратуым керек еді. |
||||||||||
Бағалау парағы
-
№
Аты - жөні
Кім жылдам?
Тез есептей білеміз бе?
Жасырылған
санды тап
Шығармашылық есеп
Тест жұмысы
1
2
3
4
5
6
7
шағым қалдыра аласыз
















