жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика. Қысқа мерзімді жоспар.
Математика Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
1 Сандар және цифрлар Заттарды санау |
Мектеп: Амангелді |
||||
|
Күні :3.09.2019 |
|
Мұғалімнің есімі: Ахметова Умида |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
|
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
он көлеміндегі сандарды санауға арналған санау материалдары; заттардың суреттері салынған парақшалар: әрқайсысында 1-ден 10-ға дейінгі заттардың суреттері салынған он парақша; интерактивті тақта. |
|||||
|
Тірек сөздер |
қанша? (неше?); cанау; сан; саны. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Әр оқушы санағанда еркін қолданатын сан шегараларын анықтау; 10 көлеміндегі заттарды санау дағдыларын жетілдіру. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Сабақ заттарды санау тәжірибелік дағдыcын дамытуға бағытталады. Сабақта сандарды санау ұғымы қандай да бір жиын нысандарының санын анықтау үшін қолданылатын іс-әрекет түрінде енгізіледі. Санағанда есептік сан есімдер қолда-нылады. Есептік сан есімдер — “Қанша?” “Неше?” сұрақтарына жауап беретін сан есімдер. Заттарды санау бір санынан басталады. Заттарды санауға жетелейтін сұрақтар беру арқылы оқушылардың бір-бірімен және мектеппен алғашқы таныстығы туралы сөйлесіңіз. Ол үшін мынадай сұрақтар қойыңыз: — Терезенің жанында қанша бала отыр? — Сенің алдыңда қанша бала отыр? — Сенің артыңда қанша бала отыр? — Сыныпта сенімен бірге қанша бала бар? — Ал мұғаліммен бірге ше? Оқушылармен сөйлесу кезінде әрқайсысының санау дағдысын анықтап, 10-ға дейін санау дағдыcын бекітіңіз. Сыныптағы барлық қыздардың бір қатарға тұ-руын ұсыныңыз. Ұлдардан сыныптағы қыздарды санауды сұраңыз. Содан соң ұлдардың қыздарға қарама-қарсы бір қатарға тұруын ұсыныңыз (бұл жағдайда оқушыларды жұптарға бөлу жеңіл болады). Қыздарға сыныптағы ұлдарды санауды ұсыныңыз. Оқушылардан мыналарды сұраңыз: — Сыныпта ұлдар көп пе, әлде қыздар ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, неге? — Бүгін мектепке барлығы қанша оқушы келді? Айта аласыңдар ма? (Оқушылар “көп” деп жауап беру мүмкін.) Бұл сұрақтар арқылы сыныптағы қай оқушының оннан артық санай алатынын білуге болады. Содан соң қолмен ұстауға болатын деректі заттарды са-натыңыз. Мынадай сұрақтар қоюыңызға болады: — Сыныпта қанша қызыл түсті (немесе басқа түсті) мектеп сөмкесі бар? Бұл сұраққа жауап беру үшін осы түстес сөмке-сі бар оқушылар оларды бір қатарға қояды, ал басқалары хормен санайды: “Бір, екі, үш…” т.с.с. — Ақ түсті гүл саны қанша? — Сыныпта қанша парта бар? — Сынып бөлмесінде қанша орындық бар? Оқушыларға заттың санын анықтау үшін оларды санау керектігін түсіндіріңіз. Олардың назарын заттарды санау кезінде айтылатын сандарға аударыңыз: “бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он”. Оқушылардан кез келген заттарды санағанда барлығына ортақ қандай ерекшеліктер болатынын ойлап, жауап беруін сұраңыз. Заттарды санау әрқашан “бір” санынан басталатынын және сандарды рет-ретімен қалдырмай атау керек деген тұжырымға әкеліңіз. |
Дене жаттығуы түріндегі ойында оқушыларға мынадай тапсырмаларды орындатыңыз:
— Мен неше рет шапалақ ұрдым? (Мысалы: алақаныңызды алты рет соғыңыз. Оқушылар сізден кейін берілген шапалақ санын қайталап, сонша рет шапалақ соғуы тиіс.)
— Алақандарыңды төрт рет соғыңдар.
— Аяқтарыңды үш рет топырлатыңдар.
— “Алақай!” деп бес рет айтыңдар т.с.с.Суретке қара, сана. Тапсырманы жалпы сынып-қа орындатыңыз. Оқушылардан әр топтағы заттар санын санауды сұраңыз. Жауабы: екі ит; төрт мысық; жеті гүл; тоғыз шар. Шығарып көр. Берілген тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушыларға оқу құралдарын санауды ұсыныңыз. Оларға бір-біріне алма-кезек сұрақ қойып, суреттегі заттарды санатыңыз. Жауаптарды жұпта талқылауды қадағалаңыз. Жауабы: дәптер — 3 дана, альбом — 1 дана, кітап — 5 дана, түрлі түсті қарындаш — 10 дана. Біздің сыныбымызда. Оқушыларға төрт адам-нан топтарға бөлініп, өздері сұрақ ойлап тауып және оны топта бір-біріне қоюды ұсыныңыз.
Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындау-ды ұйымдастырыңыз. Оқушылар әрқайсысындағы түрлі түсті қарындаштарының санын табу үшін санауы тиіс. Тапсырма оқушылардың санау дағды-cын бекітеді. Егер қарындаш саны 10-нан артық болған жағдайда (оқушылар 10 көлемінде ғана санай алатын болса), онда ол өзінің жұбын көмек-ке шақырады немесе оның қарындашының саны 10-нан артық екенін айтады.
|
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Тірек сөздердің дұрыс айтылуын пысықтау үшін оқушыларға “Қанша?” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Бір оқушы заттың суретін көрсетеді де, “Қанша?” деген сұрақ қояды. Сұраққа бірінші болып дұрыс жауап берген оқушы жүргізуші болады. Ойын барлық оқушылар тірек сөздерді айтып болғанша жалғасады. |
Суреттер мен парақшаларды сызықпен қос. Нүктесінің саны суреті салынған заттар санына сәйкес келетін парақшаны тап. Олардың арасын сызықпен қос. Оқушылар заттар тобын сәйкес нүктелер санымен сызықтар арқылы қосу керек. Суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті боя. Тапсырмада оқушылар суреттің астында тұрған дөңгелектерді суретте бейнеленген заттардың санына байланысты бояйды. Өнім. Оқушылар иллюстрацияны мұқият қа-рап шығуы тиіс және себетте қанша қызанақ, қияр, шалқан, қызылша, сәбіз, пияз, кәдінің суреті барын санайды. Нәтижесін парақшадағы санмен жалғастыру керек. Жауабы: 5 дана — қияр, 9 дана — қызанақ, 10 дана — шалқан, 4 дана — қызылша, 7 дана — пияз, 4 дана — сәбіз, 1 дана — кәді. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында:
Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз: — Санауды қай саннан бастаймыз? (1 санынан бастап санаймыз.) — Суреттегі заттарды санаңдар. Қанша …? (10 көлеміндегі заттардың суреттері бар парақ-шаларды көрсетіңіз.) — Санағанда сандарды қалдырып кетуге бол-майды. Неліктен? Сен қалай ойлайсың? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
|||||
Математика Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Реттік санау |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: 28 |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
|
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
|
|||||
|
Тірек сөздер |
реттік санау; нешінші? |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Сандық және реттік сан есімдерді қолданып, заттарды орналасу ретімен реттік санау бойынша санау дағдысын дамыту; реттік және сандық санауды айыра білу дағдысын бекіту. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Реттік сан есім — бұл заттарды санау кезінде олардың ретін көрсететін сан есімдер класы. Оқушылар сандық санау туралы түсінікті бекітеді және он көлеміндегі заттарды реттік санау арқылы осы дағдыны қалыптастырады. Олар алғашқы ондық көлемінде сандарды орналасу реті бойынша атауға үйренеді. Реттік сан есімдерді қолданады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы.Сабақ заттарды сандық санауды қайталаудан бастаған мақсатқа сай келеді. Оқушылардың білімін қайталата отырып, заттарды сандық санай білу арқылы реттік санай білуді түсіндіруге болады. Оқушылармен он көлемінде тура және кері ретпен санауды қайталаңыз. Кіріспе тапсырма. Он оқушыны тақтаға ша-қырып, оларға бір қатарға тұруды ұсыныңыз. Қал-ған оқушыларға оларды санатыңыз. “Бір, екі, үш … он” деп санауды сұраңыз. Енді оқушыларды солдан оңға қарай санауды ұсыныңыз. “Кім бірінші тұр? (оқушының атын атап) санау бойынша нешінші болады? (ең соңғы тұрған оқушының атын атап) санау бойынша нешінші тұр?” — деп сұраңыз. Барлық оқушыларды ретімен санауды сұраңыз: “Бірінші, екінші, үшінші, …, оныншы”. Оқушылардан “Мына сөз тіркестерінде айырмашылық бар ма?” деп сұраңыз: “Он оқушы” және “Оныншы оқушы”. “Біз соңғы жағдайда реттік санауды қолдандық, яғни ретімен санадық”. Жаңа тақырыпты оқулықтағы сюжетті сурет бойынша бекітіңіз. Оқушылардан Айжанға кітапханадан кітап алуы-на көмектесуін сұраңыз. Оқулықтағы суретке мұқият қарауды ескертіңіз және қыздың сөреден неше кітап алғанын анықтатыңыз. Тақырыпты бекіту үшін қыздың іс-әрекетін көрсетіңіз. Оқушылардың назарын “бес кітап” және “бесінші кітап” деген ұғымдарға аудары-ңыз. Кітаптарды ретімен санап, (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші кітап) реттік санауды жүргіземіз. Оқушыларға заттарды реттік санау мен сандық са-наудың айырмашылығын түсінуге көмектесіңіз. Қол-данылып отырған сандарды салыстыра отырып, “не-шінші?” және “қанша?” сұрақтары арқылы “реттік” және “сандық” санаудың айырмашылығын түсіндіріңіз. |
Көңілді клоундар. Тапсырма заттардың реттік санау түсінігін бекітуге мүмкіндік береді. Сынып-пен топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға иллюстрацияға қарап, ондағы клоундардың аттарын оқып, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Оқушылар тапсырманы орындау барысында заттарды реттік санау санақ басына байланысты болатынын түсініп қорытынды жасайды (санау солдан немесе оңнан, жоғарыдан немесе төменнен, т.с.с.). Тапсырманы орындап болған соң, топпен тексеру жұмысын өткізіңіз. Жауабы: Сопақ; Екінші; Бесінші; Сөлпек; Бармақ. Бірінші. Шығарып көр. Тапсырма реттік сандарды сөйлеуде қолдану дағдысын дамытады. Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушылардан “Өз үйле-ріңнің мекенжайын білесіңдер ме?” деп сұраңыз. Олардың жауабын тыңдаңыз. Оларға өз үйінің немесе пәтерінің нөмірін айтқанда реттік санауды қолданатынына назар аудартыңыз. Оқушыларға бір-біріне қай үйде, қай қабатта, қай пәтерде тұратыны туралы айтқызыңыз. Жағдайға байланыс-ты сөйлеуде реттік сандарды дұрыс пайдалануға көмектесіңіз. Одан кейін суреттегі кейіпкерлер қай қабатта тұратынын табуды ұсыныңыз. Сұрақ-тар ойлап, оны бір-біріне қойғызыңыз. Сұрақтар мынадай болуы мүмкін: “Киініп далаға шықпақшы болып тұрған ұл бала қай қабатта тұрады?”, “Телефонмен сөйлесіп тұрған қыз бала қай қабатта тұрады?” және т.с.с. Жауабы: Алтыншы қабатта; Оныншы; Бірінші және оныншы қабатта; Тотықұс. Орындап көр. Оқушыларға бірінші партаданбастап санауды тапсырыңыз. Оқушылар жұпта жұмыс істей алады: біреуі тура ретпен санайды, екіншісі кері ретпен санайды. Ойлан. Оқушылар күнделікті өмірде кездесетінреттік санауға байланысты жағдайларды естеріне түсіріп, мысалдар келтіреді. |
|||||
|
Сабақты қорытындылау |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Санау дағдысын игеруге жаттықтырыңыз. Ол үшін реттік сандарды қолданып, бірінші, екінші, үшінші т.с.с. ретпен және де керісінше — оныншы, тоғызыншы, сегізінші т.с.с. санатыңыз. Тірек сөздер-ді дауыстап айтқызыңыз. “Сөздер тақтасына” жа-зылған тірек сөздері бар парақшаларды іліңіз. |
Дұрыстап санап көр. Берілген тапсырма зат-тарды санау кезінде сандық санау мен реттік са-наудың айырмашылығын ажыратуды жаттықтыруға бағытталған. Оқушылар өз беттерінше қанша затты бір қарындашпен бояу керектігін және нешінші затты басқа қарындашпен қоршап сызу керектігін анықтауы тиіс. Ж Жауабы: бірінші — Әнуар; екінші — Әлiмхан; үшінші — Мансұр; төртінші — Ілияс; бесінші — Данияр; |
|||||
|
|
||||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақтың соңында:
меңгереді. Оқушылардың сабақтың тақырыбын қаншалық-ты меңгергенін бағалау үшін, олардан мына сұрақ-тарға жауап беруін немесе тапсырманы орындауды сұраңыз: — 1-ден 10-ға дейін реттік нөмірмен санау; — 10-нан 1-ге дейін реттік нөмірмен санау; — Сендер қалай ойлайсыңдар? “Үш үй” мен “үшінші үй” деген сөз тіркестеріндегі айырмашылық қандай? — Бүгін сендерде неше сабақ болады? — Кесте бойынша қай сабақ ең соңында болады? Оның реттік нөмірі нешінші? — Асханада он бала кезекте тұр деп елестетің-дер. Марат кезектің басынан санағанда бесінші тұр. Кезектің соңынан санағанда Мараттың нешінші тұрғанын сана (алтыншы). Оқушылардыңбергенжауаптарынақарап, са-бақтағытақырыптымеңгерудеңгейінбағалаңыз. Оқушыларғаөзініңсабақтағыжұмысынжұмысдәптеріндегі “Жетістікбаспалдағы” бойыншаба-ғалаудысұраңыз. |
|||||
шағым қалдыра аласыз

арыс.



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген