жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика сабағында дидактикалық ойындар
Жумагулова А
Математика сабақтарындағы дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар
Оқу-әдістемелік құрал
Жумагулова А
Математика сабақтарындағы дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар
Оқу-әдістемелік құрал
Семей, 2019
Жумагулова А.
Математика сабақтарындағы дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар. Оқу-әдістемелік құрал. 2014 -42б.
Пікір жазғандар:
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Е.Берикханова.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Б.Мақамбаев.
Оқу-әдістемелік құралда дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалардың теориялық негіздері көрсетілген, оқушылардың қабілетін дамытып, математика пәніне қызығушылығын арттыруға арналған ойындар мен тапсырмалар түрлері жинақталған.
Оқу-әдістемелік құрал бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған.
Ұсынған: Семей қаласындағы №6 гимназиясы КММ мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кеңесі.
Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Әдістемелік әдебиеттерде ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар теориялық негіздері көрсетілген, оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, математика пәніне қызығушылығын арттыруға арналған ойындар мен тапсырмалар түрлері жинақталған.
І. Бастауыш мектеп математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық негізі.
1.1. Дидактикалық ойынның психологиялық- педагогикалық сипаты.
Сабақ үстінде алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. Сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың сабаққа қызығушылығын қалыптастырады. Ойын үрдісі мен оқу үрдісі бір – бірінен ажырамауы керек. Бала ойын әрекеті үстінде қандайда білімді игеріп жатқаны, ал оқу үрсідісінің өзінде қалай ойынға араласып кеткенін өзі аңғармай қалуы керек. Сонда ғана ойын және оқу іс - әрекеті табиғи бірлікте болып пәндік білімді, білікті және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Бірінші және екінші сыныптарда ойын элементтері жиірек кездесуі тиіс те, келесі сыныптарда біртіндеп сиреп қажетінше ғана қолданылғаны жөн. Қызықты ойын іс - әрекетінің қиынды күрделі оқу іс - әрекетіне балаларды біртіндеп бейімдеуге тура келеді.
Беріліп отырған ойындардың міндеттілік сипаты жоқ. Олардың мазмұны мен түрленуі және ең тиімділігі ұстаздардың өздерінің таңдап алуына толық еркіндік беріледі. Ойынды ұйымдастырып оны басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымының және ұжым арқалы әр бала ықпал жасайды. Ойынға қатысумен бала өзінің шешімімен әрекетін басқалармен үйлестіруге ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады. Педагогикалық басшылық болмаған жерде балалардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін.
Егер баланың ойнау образдары эмоциялық жерде болса ол соғырлым жақсы нәтижеге жетеді. Сондай – ақ білім баланың іс - әрекетімен іштей қабысып жатса ондай білімді бала дұрыс меңгереді. Оның ойлай білуге баулып., сөздік қорын өсіреді. Ақыл – ой қызметін қалыптастырады. Сонымен қатар оның адамгершілікке тәрбиелеудің құрамы болып табылады. Оның ережелері балалапрдың ұстамдылығын өзін - өзі меңгере білуге тәртіптілікті тиімдейді. Оның әрекетіне балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық ерекшеліктеі көрініс беріп, ерік жігер қасиеттері шыңдалады, мінез – құлқының сипаттары айқындала түседі. Ішкі дүниенің сыры ашылады және олармен оқу тәрбие істеріне жүргізудің тиімді әдіс – тәсілдерін қолдану мүмкіншіліктері туады. Баланың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге қызығушылығын арттырады.
Ойын балаларды оқу үрдісіне жұмылдырып, оларды байқампаздыққа, зеректілікке есте сақтай білумен ойлау әрекеттерін дамытуға баулиды. Ойындардың қай түрі болсада адамнан төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ізденімпаздықты, шеберлікті, дүниетаным шеберінің көлемділігін т.б толып жатқан қасиетттерді талап етеді. Құштарлық дамыту ойындары өз кезегінде әртүрлі болып ажыратылады.
Ойынның көптеген түрлері бар: рольдік; конструктивтік; дидактикалық; ұлттық; рольдік ойындар.
Ойынды дайындауда ең алдымен кейбір негізгі сұрақтарды шешіп алу қажет: оның мақсаты, қандай дағды мен іскерлікті қалыптастырылатындығы, оқушылар әрекетін қалай ұйымдастыру керектігі, қалай қорытынды жасалатындығы ескеріледі.
Ойынның негізгі кезеңі, оны жоспарлау және сценарийін дайындау, идеяны нақты тудыру. Ойынды ұйымдастырушы:
1. Тақырыпты нақты таңдап алу және ойында пайдаланатын материалды іріктеу.
2. Оқушылардың рөлін белгілеу.
3. Кезекті “реквизитті” ескеру, деректі материалдар т.б
4. Ойын ережесі қалай болатындығын ойлау, онымен қысқа уақытта оқушыларды таныстыру, сыныпты белсендіру мақсатында оларды өзгертуге бола ма екендігін ескеріледі.
5. Жағдайатты (ситуацияны) қалай бастап және қалай аяқтауды ойластыру.
6.Ойын нәтижесін қалай пайдалану керектігін шешу.
Ойынның ойналу уақытын анықтау манызды фактор болып саналады: қашан, қай уақытта, немесе сабақтан тыс уақытта өткізілетіндігі. Ойын ұзақтығы әртүрлі және сабақтың әртүрлі кезенінде ойналады. Ойын атмосферасын тудыруды негізгі кезеңдерді естен шығармау керек.
Біріншіден, ойын кезінде сынау мен талдау жүргізуге болмайды. Мұғалім мақсатқа жетудің түрлі жолдарын тиімді немесе тиімділігі төмен бірақ “дұрыс ”және “бұрыс”, ”жақсы” және “жаман” жолдары болмайтындығын көрсетеді. Ойын тыныштық жағдайында өтеді.
Екіншіден, мұғалім екі рольде де ойнайды, бірде оқушылармен тікелей ойынға араласса, келесіде әділ бақылаушы ретінде қалады, жағдай қалай өрбуде, өтуде, оның әрбуіне жауаптылық артылады.
Мұғалім ойналатын жағдаятты (ситуацияны) тандауды және олардың күрделілігін анықтайды, оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың ұйымдасу қабілеттері және таным қабілеттерінің мүмкіндік деңгейі ескеріледі. Төменгі сыныпта көбінесе ребус, крассворд, шарада, картамен саяхат ойындары ойналады. Бұл ойындар аз қиындықты, оларды жүйелі қолдануға болады. Бастауыш мектепте оқыту үрдісін түрлендіруде ойын оқушылардың белсенделегін оятады.
Төменгі сыныпта рольдік ойындар немесе белгілі ережелері бар ойындар ойыналады, оларды орындау белгілі нәтижеге қол жеткізеді, қойылған міндетті шешуге мүмкіндік береді. Ойын сценарийі оның құрылысын сипаттайды, ойын объектісін, жағдайын тағайын-дайды. Ойын үрдісінде оқыту жағдайы туындайды, қойылған мақсатқа жауап ізделеді.
Конструктивтік ойындар анағұрлым күрделі болады. Онда сәбилер құрылыс материалдарын пайдалана отырып, үй салады, тамақ пісіреді.Балалар заттың не үшін қажет екенін және адамдар арасындағы қарым –қатынасты аңғаруға жетісетін конструктивтік ойындар сюжеттік ойындарға айналады.
Сюжеттік ойындарды көбінесе сәби жастағы балалар ойнайды. 1-2 сынып оқушылары сюжеттік ойын ойнайды. Бұл уақытта адам жай қимыл- қозғалыстарында естіген әңгімелері, көрген кинолары ойынның мазмұнына жатады. Бұл уақыттағы балалар ойыны ұжымдық сипатта болады. Яғни бала топтасып ойнайды.
Ұжымдық ойын балалардың қарым – қатынас шеңберін кеңейтеді. Ол ойын үстінде өзіне қойылатын талаптарға, ережелерге бағынуға дағдыланады. Ойын кезінде ұжымдық сезімге және жауапкершілікке, бірге ойнайтын жолдастарын сыйлауға тәрбиеленеді, ережелерді сақтауға және оған бағына білуге үйренеді. Ойынға қажет заттар ойынды қызықты ете түседі. Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі – оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрине 7-8 жаср балалардың ойын ұжымы әлде де тұрақсыз болады. Өйткені, бұлар ұжымдық өмір сүруге әлде де жөнді дағдалынбаған, мұндай ұжымның құрамы 2-3 баладан аспайды. Ал 3-4 сынып оқушыларының ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі.
Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис ойындарын ойнай алады, Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірімен жарысу сәттері күшті болады. Сондықтан да мұндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқырлықты қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды үйретеді, жолдасқа көмек беруді, өз командасы үшін бар мүмкіндгін саврқа пайдалануды ойлай бастайды. Ойынды жарысқа түсу бірінен-бірі озу жағы да кездеседі. Төменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті, ережелерді жөндеп үйрене қоймағанмен қимыл-қозғалыстың аса қажетті үйлесімділігін, жылдамдықпен оңтайлықты жақсы меңгереді. Осы ойындардың жақсы әсері мол, балаға секіру, лақтыру, қорғау, өрмелеу сияқты атрибуттарды үйреніп қана қоймай, шыншылдық, принциптілік секілді адамгершілік қасиеттерге баулиды.
Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жетекшілік көрсете отырып, оның денесін ғана шынықтырып қана қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
3) Дидактикалық ойындар.
Баланың танымын қабілеттерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттырудың бір жолы –дидактикалық ойындар.
Ойынды мұғалім баланың ойлау іс-әрекетін жанданныруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданылған. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған пәндердің білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту сипатында болып келеді. Ойынның міндеті, баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Олардын барлығы дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнның өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психолгиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек.
Бастауыш сынып оқушыларының білу-тануға деген мүмкін-шіліктері мен ынтасын толық пайдалану және оларды оқу үрдісіне үздіксіз дамытып отыру сабақ үстінде алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудын орны ерекше. Осымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қорлдану оқушылардын оқып отырған сабағына қызығушылықтарын артыруды, оған түгел белсенді түрде қатысып, түсінбегенді түсінуге мүмкіндік тудырады.
Бағдарламаның негізгі принциптік ерекшеліктің бірі әрбір сабақта белгілі бір жүйемен берілетін және арнайы іріктеліп алынған логикалық жаттығуларды құрастырудың міндеттілігінің жүзеге асуы.Ондай материалдардың біразы әр алуан ойын түрінде кейбіреуі стандарт түрінде тұжырымдалатын жаттығулар ретінде беріледі. Әрине олардың бәрін оқушылар өздігінен оқып кете алады деуге болмайды. Дегенмен мұғалімнің басшылығымен орындалатын іс-әрекетпен жұмыстың нәтижесінде балалар бірте-бірте логикалық жаттығуларды орындауға белсене қатыстырылады. Ол оқушылардың сабаққа, пәнге деген ынтасы мен ықыласын және қызығушылығын тәрбиелейді және олардың ақыл-ой шығармашылық ізденісіне қатысты қабілетін дамытады. Осындай жұмыстардың жүйелік жүргізілуі оқушылардың пәнге қызығушылығын дамытады.
Дидактикалық ойынды пайдалану жүйелілігін мұғалім анықтайды және шығармашылықты түрлендіре отырып, балалардың психикалық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде өтілген материалды қайталағанда білімді тиянақтау және тексеру кезінде яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.
Ойынды ұйымдастырудың өзі қандай да бір дидактикалық мақсат пен міндетке бағынулары керек. Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты. Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан – жақты ойластырылуы керек. Мысалы математика сабағында ойынды жарыс түрінде өткізу, аралық және ауытқу нәтижелерін көрсету үшін сигналды карточкаларды тағы басқа әр түрлі шартты белгілерді, кеспе цифрларды, таңбаларды, жұлдызшыларды және тағы басқа заттарды пайдалануға болады. Сонымен бірге ойын түрлеріндегі көрнекті құралдарды да сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгертіп тұру керектігін ескерген жөн. Мысалы, жаңа материалдарды баяндау кезінде ұйымдастырылатын ойындарды оқушылар нақты заттардың тобын немесе олардың суретін пайдаланып, практикалық тұрғыдан жұмыс істеу керек болса, ал өткенді тиянақтау кезінде ұйымдастырылатын ойындарда көрнекіліктің шектеулі болуы мүмкін, ендеше есептеу тәсілдерін дауыстап айтуға немесе оны іштей қайталап отыруға баса көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар жайында жоғарыда келтірілген пікірлер, ұсыныстар бастауыш сынып топ оқыту әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – дидактикалық ойындарды сабақ процесінде тиімді пайдалану үшін қажетті негізгі қорытындылар мен мұғалімнің сол бағытта, олардың шығармашылық ізденісіне бағыт–бағдар сілтеуге, жалпы алғанда математиканы оқытудың әдістеріне ерекше мән берудің қажеттілігін сезінуге мүмкіндік береді – демекпіз, әрине оны қолданудың нәтижелі болуы, мұғалімнің ойының математикалық мазмұнын анықтауға қажетті түрлерін іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсатын және мүмкіндіктер мен жағдайларды ескеруіне, сабақтың кез – келген кезінде, тіпті дүркін – дүркін тиімді қолдану іс - әрекеттердің өзгермей болуын қамтамасыз етуге байланысты.
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірімен берік ұштастыруға қолайлы. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың көңіл – күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру. Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады.
Халықтық педагогиканың құрамы ұлттық ойындар тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі болып қалмай, олардың жас ерекшеліктеріне сай көзқарастары мен мінез–құлқының қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағаланған. Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану оқушылардың тапқырлығын, ептілігін, ой - өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт–дәстүрін, ата – мұрасын кейінгі ұрпақтарға жеткізу құралы болып табылады.
Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар.
1.2. Математика сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігі.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.
Математика сабағында дидактикалық ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Төмендегі шарттар орындалған жағдайда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі артады:
-
егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе;
-
егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;
-
егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық дидактикалық ойындарға берілсе.
Бастауыш сыныптардағы сабақтарда дидактикалық ойындарды өткен материалды пысықтау, қайталау кезінде қолданған пайдалы.
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін, Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты-оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанын ұмыттырып, ерік-жігерін дамыту.Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады.
Ұлттық ойындарды өткен сабақтарды қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын байыта түседі, оқушылардың бойындағы білуге деген талпыныс пен құштарлықты оятады, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңёйте түседі, өмір тәжірибелерін молықтырады. Ұлттық ойынның бұл қасиеттерін халық ерте танып, өмірлік мәні зор ойындардың алуан түрлерін ойлап шығарған. Қазақ халқы -халық ойындарына өте бай және оның түрлері де алуан салалы болып келеді. Солардың бір парасы логикалық ойлау мен математикалық сызбаларға негізделсе, енді бір тобы тез ойлап,жедел шешуді талап ететін ауызша есептер, сондай-ақ философиялык ой түйіндерін жасауға арналған ойындар болып келеді. Біздің пікірімізше, бұл ойындар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Қайта жүйелі, тиімді пайдалана білсе, оқушылардың ой-өрісін дамытып, дүниені танып, білу қабілеттерін кеңейте берері сөзсіз.
Мектепке келмей тұрып-ақ бала сандық ұғым туралы мағлұмат ала бастайды. Бірақ оны саналы түсінбейді. Осы қүбылысты сезген халық - балаларға сан ұғымы туралы мағлұмат берудің алуан жолдарын ойлап тауып, олардың ақыл ойын арқылы өте шеберлікпен жетілдіре білген. Сан ұғымын есептер арқылы, ауыз-екі әңгіме арқылы немесе нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы да жеткізген. Сан ұғымын заттық негізде, сол заттың бейнелі суреті арқылы беру - бала зердесінде өшпес із қалдырып, санасынан мықтап орын тебері сөзсіз. "Аз","көп" деген ұғымдарды баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес.
Ал,оны карапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасақ, ол онша қиындық келтірмейді. Халық ойындары арқылы сандардың жиынтық ұғымын да оңай түсіндіруге болады. Осының бәрі қазақ халқының бір ғана ойынының бойынан табуға болады десек, артық емес. Мысал ретінде он бірге дейін санайтын санамақ ойынын алайық. Осы ғасырдың 30-40 жылдарында бұл ойын баланы мектепке әзірлеу құралы ретінде есептелетін. Бүгінде ол өзінің әуелгі маңызынан айырылып отыр. Бұл оның күні өтіп, тәрбие құралы болудан қалғандығынан емес, керісінше ұмыт болғандығынан, елеусіз қалғандығынан.
Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда (яғни алғашқы ондықты өткенде) оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату орынды. Мұғалім пәнаралық байланыс мақсатында санаумен қатар тіл жаттықтыруға арналған "Қуыр-қуыр қуырмаш" ойынын естеріне салып, қайталатып отыруы жөн. Бірінші сыныпта алғашқы ондықты үйреткен кезде "Сен тұр, сен шық" ойынын ойнатуға тиімді. Бұл сандарды тез айтуға жаттықтырады. Бұл ойындар мектепке дейінгі отбасы тәрбиесінде де қолданылады. Бұл ойындардың тиімділігі қарапайымдылығы мен санның заттық ұғымға негізделген ерекшеліктерінде. Сондықтан да ол балалардың санасына тез жетіп, есінде ұзақ сақталады.
Ойын қолданған сабақ табысты болу үшін, мұғалім бірінші күннен бастап сынып оқушыларын зерттейді. Ата-анасымен бірлесе отырып, оларды мінез-құлқына қарай бірнеше топқа бөледі. Мысалы, бірінші сынып оқушыларын үш топқа бөлуге болады. Бірінші топта жақсы үлгіретін, екінші топта орташа үлгеретін, ал үшінші топта нашар үлгіретін оқушылар болады. Мақсат: осы оқушылардың арасындағы айырмашылықтарды мүмкіндігінше жойып, олардың қалыпты үлгірулерін, бағдарламалық материалдарды саналылықпен игерулерін қамтамасыз ету. Біздің байқауымызша,ойын араласқан сабақта орташа оқитын оқушылар мен нашар үлгіретін оқушылар белсенді қатынасып, жақсы нәтижеге ие болады. Олай болса, бастауыш сыныптарда математика сабағын заттық негізде, деректі ұғымдар арқылы оқытудың пайдасы жоғары.
Санамақ ойыны алғашқы ондықты оқып үйрену кезеңінде математиканың бастапқы негіздерін меңгеруіне толық мүмкіншілік береді де, келесі ондыққа көшуді оңайлатады. Оны, әсіресе,ойына сақтау қабілеті төмен балалар үшін /санның рет қатарынан жаңылғанда/ қолданған жөн.
жеті дегенім желке
сегіз дегенім серке
тоғыз дегенім торқа
он дегенім оймақ
он бір қара жұмбақ
(Мысалы, бір дегенім білеуекі дегенім егеу
үш дегенім үскі
төрт дегенім төсек
бес дегенім бесік
алты дегенім асық
Бұл ойынның оқушыға әсерлілігі, біріншіден, оның қарапайым, ұғымға жеңілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды, ырғақты айтылуы, үшіншіден, білеу, үскі, т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған сөз тіркестері емес, санның негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған, сондықтан да балалардың ұғымына жақын, түсінікті.
Бастауыш сынып математика сабағында алғашқы ондықты өткенде Мұзафар Әлімбаевтың "Балдәурен, шіркін балалық" кітабынан "Он саусақ", "Санамақ" өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы математика сабақтарында оқушылардың логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.
Алғашқы ондықты өткенде "Қуалап соқ" ойынын ойнатқан жөн. Бұл оқушыларды шапшаң ойлауға дағдыландырады. Алғашқы ондық көлемінде есептер шығарып, амалдар қолданған кезде мұғалім балалармен көп жұмыс істеп, сандарды үйретумен бірге оқушыларды өз бетімен есеп құрауға жаттықтырады.
Бастауыш сынып оқушыларымен өтілетін математика сабақтарында ұлттық ойындарды үнемі пайдалана отырып, олардың ауызша есепке жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншіліктер бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Солардың ішінде "Сен тұр, сен шық" ойынын /бірінші сыныпта жиырма көлеміндегі сандарды санап үйрену кезеңінен бастап/ бастауыш сынып математика курсын бітіргенге дейін пайдалануға болады. "Неше емшек, неше өркеш", "Қай қолымда?", "Өзім де құр қалмадым", "Үш әділ", "Сөз мәнісін байқайық", "Ғалымбек қандай әдіс жасады?", "Үш аманат", "Мұғалім келді", "Торғай мен бұтақ", "Төрт жиырма", "Әке өсиеті", "Мектеп ауласында неше торғай отыр", "Неше қаз ұшып келді", "Мың қойда неше бақайшақ бар", т.б. ойындарды тек бастауыш сыныптарда ғана емес, 5-6 сыныптарда да қолдануға болады.
Ұлттық ойындардың атын өзгертіп, күрделендіріп, не оқушылардың ұғымына лайықтап, жеңілдетіп те пайдалануға болады. Бірінші сыныпта жүздікті өткенде, 2-3 сыныптарда сабақты қайталау кезінде, өткенді пысықтау барысында "Жүз қаз" есебін пайдалану орынды. Мұны төменгі сынып оқушыларының ұғымына жеңіл болу үшін "Мектеп ауласында неше торғай отыр" деп те алуымызға болады. Бұл оқушыларды елең еткізбей қоймайды. Себебі, бұл олардың түсініктеріне жақын ұғым. Өйткені, торғайды өздері күнде көріп жүр. Ал, сол күнде көріп жүрген ортаның өзінен есеп шығару оларға өте әсерлі болып, білуге деген құмарлығы арта түседі. Мұғалім жұмбақ ойынның маэмұнын қысқаша айтып, есепті шығартуға кіріседі. "Мектеп ауласында бір топ торғай отыр еді, басқа жақтан ұшып келген бір торғай оны жүз торғай деп ойлап қалады, сөйтсе, ол жүз емес екен, оларға тағы сондай, тағы оның жартысындай және сол жартының жартысы мен өзін қосқанда ғана жүз болады екен". Сонда мектептің ауласында отырған торғайдың нешеу болғаны - белгісіз болып шығады. Сол белгісіз торғайлардың санын табу керек. Балалар сыныптағы отырған орындарына байланысты топтарға бөлініп, қай топ бұрын шығарса, сол топ жеңіп шыққан болып есептеледі. Есеп ауызша шығарылады да қай бұрын шығарған топтың бір оқушысы оны тақтаға жазады. Сонда былай болып шығады:
36 + 36 = 72 90 + 9 = 99
72 + 18 = 90 99 + I = 100.
Бұл балалардың ақыл-ойын дамытып, логикалық ойлау жүйелерін шыңдай түседі, сабаққа деген ынтасын арттырады. Ал, 5-6 сынып оқушылары үшін бұл есеп күрделендіріліп алынады. "Өзім де құр қалмадым" ойыны сабақ ортасында баланың сабаққа ынтасын арттыру, әрі тез ойлап табу қабілетін жетілдіру үшін, әрі сабақтың сапасын көтеру үшін қолданылады. Жексенбі күні еді. Атасының үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір-бірден берсе, біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе жетпейді. Сонда атасының үйіне келген немересі нешеу, атасының табаққа салып әкелген алмасы неше болғаны?
Оқушылар есепті шешуге қызу кірісті. Көп кешікпей жауабы да табылды. 3 бала, 4 алма. - Үш алманы үш немересі алды да, біреуін атасына берді,-деді Қанат деген оқушы. Есепте санның өзгеріп өсуі де мүмкін, дегенмен оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіре түсу мүмкіндігі сөзсіз екені байқалады.
"Сөз мәнісін байқайық" деген ойын есепті алсақ, мысалы, "бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше адам отыр?" (Үш адам).
Ойынды сабақтың аяғында пайдаланған орынды.
Ойынды математика сабағында қолдану мүмкіншілігі өте мол. Оны қолдану ретіне қарай түрлендіріп отыруға болады. Мысалы, "Математикалық жарыс", "Математикалық шытырман", "Математикалық жорықтар", "Математикалық пойыз", "Математикалық кедергілер", "Математикалық жылжымалы ойындар", "Математикалық кросс", т.б.
Математикалық жарыс - екі команданың немесе сынып оқушыларының бір-бірімен өзара жарысы түрінде өтеді. Ол ойынға қатынасушылардан тапқырлықты, жылдамдықты талап етеді. "Математикалық тосқауыл", "Математикалық от", "Математикалық турнир", "Математикалық салмақ", т.б. ойындардың бәрі де бір-бірімен іштей қабысып, математикалық ілімнің негіздерін оқушының санасына жеткізуде үлкен маңыз атқарады. Солардың ішінде "Математикалық салмақ" ойынының өзі ішінара бірнеше тақырыпқа бөлінеді. Мысалы, "Әлемдегі жануарлар мен құстар", "Әлемдегі техника", "Арифметика есептері мөн мысалдары", "Арифметика жұмбақтары", т.б. Бұл ойындарды сабақтың барысында ретті пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың осы пәнге деген ынтасы артып, ойлау жүйелері дамып, қалыптасады.
ІІ. Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар
2.1. «Ою құрастыру»
Мақсаты: Балаларға жай сандарды елестету, түсіне, кескініне, кеңістіктегі орнына қарап ажыратуға үйрету, дамыту.
Керекті құрал – жабдықтар: 9 фигура, 1 қызыл дөңгелек, 2 сары, 2 жасыл үшбұрыш, 2 қызыл, 2 көк төртбұрыш.
Мазмұны: Мұғалім бір оқушыдан магнитті тақтаға ою құрастыруға талап етеді, ал қалғандарына орындарында отырып жасауға ұсынады. Бұл мақсатпен ол төмендегідей жаттығуды береді: ортасына қызыл дөңгелек жоғары және санауға кіріседі. Балалар сендермен ойнап көрейік.
Балалардың жартысы қаттырақ мына сандарды айтады:
1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19;
Қалғандарын ақырын:
2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20;
Мұғалім сұрайды, тиындар қандай сандарды атады?
Балалар тиындар атаған сандарды қайталап, ал сандарды 2 – ге көбейту таблицасының жауаптары дейді.
«Үй құрап, жанына ағаш отырғызу»
Мақсаты: Балаларды жинақтау және кеңістіктегі заттарды бағдарлау, ұғымын қалыптастыру әр түрлі белгілеріне қарап салыстыру.
Жабдықтары: 14 жасақ (түрлі – түсті қағаздан) үй құруға жол жүргізуге, жасыл шырша жасау үшін 7 үшбұрыш, 2 саңырауқұлақтың трафареті (біреуі үлкен қалпақты және үлкен аяқты, ал екіншісі кіші қалпақты, жіңішке аяқты).
Мазмұны: Мұғалім оқушыларға орнында бір оқушыға магнит тақтада бірінші үлкен, содан кейін кіші үй салуға тапсырма береді. Үлкен үйдің жанына үшбұрышпен жолақшаның аласа шырша, кіші үйдің қасына биік шырша қоюды айтады.
Үлкен үйдің кішіге қарай 2 жасыл жолақпен, төменгі жағына 2 сары үщбұрыш оң және төменгі жағына 2 қызылды орналастырады. Содан кейін ортасына – дөңгелек, 2 қызыл және 2 көк төртбұрыш және бұрыш – бұрышқа қызыл, оң және сол жақтарына көк төртбұрыш алғашқыдай етіп аяқтауға сұрайды.
«Күн мен түн ойыны»
Мақсаты: Оқушыларды азайтуға машықтандыра түсу, ойлау қабілетін дамыту.
Құрал – жабдықтар: карточкалар, андар.
Мазмұны: тақтада 0 – ден 10 – ға дейінгі сандар қатары. «Түн» сөзімен жалғастыра мұғалім мысал айтқанда (мысалы, 7 – ден 2 – ні азайтқанда неше болады?) балалар көзін жұмып ойша 7 – ден бастап солға қарай жылжиды. «Күн» дегенде өзін - өзі тексереді және мұғалімнің нұсқауына жауап береді.
«Ормандағы мектеп»
Мақсаты: 2 – ге көбейту кестесін жақсы меңгеру.
Құрал жабдықтар: суреттер.
Мазмұны: Ормандағы мектепте қоян мен қасқыр, тиындар оқиды. Қояндар қатты сөйледі, ал тышқандар ақырын сөйлейді. Математика сабағында мұғалім оларға 1 – 20 дейінгі сандар айтады.
Бірінші қояндар бастайды, содан кейін тиындар жалғастырады. Енді балалармен, жол жүргізеді. Бұл жол үлкен үй маңында кең болып, кіші үйге қарай жақындағанда тарыла түседі. Үлкен шыршаның жанына үлкен қалпақты толық аяқты саңырауқұлақты қояды.
«Поезд ойыны»
Мақсаты: Заттар тобын салыстыру.
Құрал – жабдықтар: поезд, вагондар.
Мазмұны: Мұғалім оқушыларға 2 поезд құрап, қайсысында вагонның көп екенін салыстырыңдар – дейді.
7 оқушы шақырады, олар 7 вагонды поезд болады. Қай поезд ұзын? Қайсысы қысқа? Қай вагоны көп? Қайсысында аз? Екеуін қалай теңестіруге болады?
«Поезд құрастыру ойыны»
Екінші сөреге оқушы текшелерден «поезд» құрастырады, сонда жасыл текшенің сол жағына қызыл, ал оң жағына сары текше қойылады.
Ал, басқа оқушы бірінші сөоеге сары текшенің сол жағына қызыл текшені орналастырады. Сөредегі поездардың бірі жоғары, ал екіншісі төмен орналасқандығы ескертіледі.
«Қол шапалақтау» ойыны
Мақсаты: Суреттердің саны мен цифрлардың айырмашылығын анықтау.
Құрал – жабдықтар: заттың суреттері.
Мазмұны: Дөңгелек бетіне сектор бойынша орналасқан бірнеше суреттері біртіндеп ашылады.
Оқушылар санайды және қанша зат көріп тұрса, сонша рет қолдарын шапалақтайды және сәйкес қима цифрларды көрсетеді.
«Жалғастыра сана»
Мұғалім бір санды айтады да, оқушының есімін айтады, оқушы келесі санды айтып, тағы бір оқушының есімін айтады және т.с.с. Сандар қатары әр түрлі вариантта еске түсіріледі.
«Озат санағыш»
Мақсаты: суреттің сонымен цифрлардың айырмашылығын анықтау.
Қажетті құралдар: таблицалар.
Мазмұныны: Мұғалім магнит тақтаға сектор бойынша 1- ден 10 – ға дейінгі суреттерді орналастырады. Әрбір секторды аша отырып, балалардан суреттің санын санатқызып және керекті санның белгісін көрсетеді, талап етеді.
Кім бірінші суреттерді санайды және керекті цифрларды көрсетсе озат санағыш болады. Одан кейін мұғалім сандардың көрсетеді. Ойынның қорытындысында мұғалім екі сектордан ашып, сандарды салыстырады және оларды анықтауды қайсысы көп, қайсысы аз, қанша екенін сұрайды.
«Гүл шоғырын жасау»
Мақсаты: Балаларға заттардың көлемі, түсі мен саны жайлы нақты ұғым қалыптастыру.
Құрал – жабдықтар: Әр түрлі көлемдегі гүлдің суреттері.
Мазмұны: Оқушылар орындарында отырып, открытка қиындылар мен түсті қағаздардың гүл шоғырын төменгі жағына, үлкендерін жоғары бөлігіне ұзақтарын орналастыра отырып, гүл шоғырын құрайды.
Шоғырды құратыру барысында бір шоғырдағы үлкен санын ақ, қызыл, қалампырдың, сарғалдақ пен қызғалдақ санын, үлкен кіші гүл санын санайды.
«Ақсүйек» ойыны. (Белгісіз санды табу)
Дидактикалық мақсаты: Белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуға
жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.
Керекті құралдар: Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріпті өрнектер мен теңдеулер. (Осы ойынға тиесіліні ғана таңдап алады).
Мазмұны: Ойынға сынып оқушылары толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнында «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Дұрыс шығармаса,көрмей аттап кетеді.
-
12
7
9
3
4
5
8
-
а
8
7
9
6
4
5
а+4
Кім «ақсүйекті» көп жинаса, сол ұтады. Ойын әрі қарай түрлендіріліп, жалғастырылып отырады.
Көп «ақсүйек» жинаған бала бағаланады, мадақталады.
2.2. Математикалық ертегілер
Қазіргі кездегі мектептің маңызды міндеттерінің бірі – баланың қисынды (логикалық) ойлауы мен шығармашылық қабілетіндамытып, өз бетімен ізденушілік қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта жұмыс істеу барысында, математика сабақтарында математикалық ертегілерді қолданудың тиімді жақтары бар екендігіне көзім жетті.
Ертегі баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын арттырады. Математика сабақтарында ертегіні қолдану оқушының оқу материалдарын терең түсінуін жеңілдетеді, зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамытады.
Мысалы, 1 сыныпта геометриялық ұғымдары: нүкте, сызық, кесінді түрлері тағы басқа туралы өткенде, сабақты ертегі түрінде түсіндіру – материалды жақын игеруге, тапсырманы өз бетінше түсіне отырып орындау мүмкіндігіне қол жеткізеді.
1, 2 сынып сыныптарда «Ондықтар» тақырыбын өткенде «Цифрлар айтысы», «Цифрлар және сандар» ертегісін пайдалану оқушылардың дөңгелек ондықтардың сандық құрылымы мен таңбалануы, разряд бірліктеріне қарай өзгеруі оныің жазылуы мен оқылуын меңгеруге, естие сақтауын дамытуға көмектеседі.
Тәрбиелік жағынан алсақ – бірлік пен достыққа тәрбиелеп, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтан аулақ жүруді бейімдейді. Ал, пәнаралық байланыс мәселесіне келсек, ертегілерді тыңдау, айту арқылы оқушының сөздік қоры молайып, тілі дамиды.
Сандар мен цифрлар
Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен тұрығындары цифрлар өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен, ал цифрлар бар болғаны
он: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0;
Сандар мен цифрлар тату – тәтті өмір сүріп жатыпты. Мысалы, біреу «Он бес» десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса, 1 және 5 цифры қатар тұра қалып 15 деген санын жаза қояды екен. Күндер өтіп жатады. Не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрларға келіп:
-
біз көппіз, ал сендер бар болғаны 10 сыңдар. Сондықтан біз сендерден мықтымыз, - дейді. Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда цифры басқа цифрларға:
-
Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өзері қалсын. Көрейік не істейтіндерін? – дейді.
Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады. Енді сандар өз үйлеріне, өз үйлерінің номерін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын атап қанша айқайласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені, олардың қасында цифрлар жоқ қой. Сонда ғана сандар өз қателерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса, цифрларсыз өмір сүре алмайды екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып, кешірім сұрап, елдеріне цифрларды қайтарып әкеледі. Содан бері сандар мен цифрлар тату – тәтті өмір сүріп жатыр екен.
Нүктелер достығы
Ерте- ерте, ертеде Геометрия деген елде ғана нүкте деген өмір сүріпті. Бұл өзі өте әдемі қызыл түсті нүкте еді. бір күні нүкте отырып ойланады:
-
Шіркін, менің көп досым болса ғой! Қой, мен серуенге шығып, өзіме дос іздеп келейін. Қызыл нүкте енді ғана қақпаның сыртына шығып келе жатыр еді; оған қарсы бір жасыл нүкте келе жатыр. Жасыл нүкте қызыл нүктеге келіп, оның қайда бара жатқанын сұрайды.
-
Дос іздеп шықтым, кел қасыма тұр, бірге серуендеп келейік, - деді қызыл нүкте. біраздан соң екі нүктенің қасына көп нүкте келеді. Көбейгендері сонша, олар бір қатарға тұрып қалып еді түзу сызық шығады, ал қисық жүрсе нүктелер, қисық сызық шыға келеді. Ертегіні тыңдай отырып, балалар түзу сызық, қисық сызық сызып үйренеді. Мұғалім түзу нүктелерден тұратынын түсіндіреді.
2.3. Математикалық жұмбақтар мен өлең есептер
Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар.
Хвны үшін де, жаны үшін де
Бермейдіолар намысын.
(Шахмат)
Бір көлден он екіден қаз ойнайды,
Алсам деп бірін-бірі наз ойнайды.
Келгенде жақындасып, қожаңдасып,
Бір бірін алмасына еш қоймайды.
(Дойбы)
Әр ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара.
(Жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
«Барлығы қанша қарға?»
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиын
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер
Табылар ебі бәрі бір
Айтар есеп шартын кім,
Теңдеу құру тәртібін?
(2+х=50; х=48)
«Бәрі қанша құс болды?»
Мынау да бір санамақ
Өздерің көр саралап:
Төбеден төрт бөктері
Аңдыпты қос кептері
Шыңқылдаса көп қарға,
Үн қоспапты көп қарға
Секем ап, бір дауыстан
Безектеп бес сауысқан
Алты белден асыпты
Тым-тырақай қашыпты
Үш үкі үркіп ұшыпты,
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ
Отырғанда қаталап,
Топ-топ тоғыз тоқылдақ,
Қарғып кеткен топырлап,
Сөйтіп қызық іс болды,
Бәрі қанша құс болды?
(31 құс)
2.4. Оқушыларды «Ондық» тақырыбына дайындауға арналған қызықты тапсырмалар
Бірінші сыныпта «Ондық» тақырыбын өтпес бұрын оқушыларды ең алдымен, заттардың бір-біріне қатысты орналасуын сөзбен жеткізе алуға үйрету керек. Ұғымдарды дұрыс игеру арқылы оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілеті, яғни математикалық білімі дамиды.
Оқушыларға қарама-қарсы мағыналы сөздерді (ұзын-қысқа, ауыр-жеңіл, жоғары-төмен, үлкен-кіші, алдында-артында, т.с.с.) жақсы игерту үшін мынадай қызықты тапсырмалар беруге болады.
Мысалы, тақтаға Талант пен Әкежанды шақырып, оларды қатар тұрғызамыз. «Кім ұзын?», «Кім қысқа?». Егер Талант Әкежаннан ұзын болса, онда Әкежан туралы не айтуға болады? ( Әкежан Таланттан қысқа). Оқушыға сөмкені бір қолымен көтертіп, содан кейін кітапты көтертеміз. (Сөмке кітапқа қарағанда ауыр).
Тапсырмалар:
-Балалар, оң қолдарыңды содан кейін сол қолдарыңды көтеріңдер. Енді назарларыңызды 1суретке аударыңыздар.

-Суреттің сол жағында және оң жағында ненің суретін көріп тұрсыңдар?
-Агаш қай жақта орналасқан ?
-Үйдің алдында не тұр ? Үйдің артында? Үйдің қасында?
-Ағаштың астында? Енді екінші суретке қараңдар.
-Мысық пен иттің арасында не отыр? Оң жақ шетінде не отыр?
Қоянның сол жағында не отыр? Мысықтың оң жағында не отыр?

Қандай алма үлкен : қызыл ма, сары ма? Оң жағында қандай алма орналасқан?
Сол жағында қандай алма орналасқан ?

Биік үй қай жақта орналасқан? Барлығы неше үй? Аласа үй қай жақта орналасқан ?

Суретке қарап кімнің жасы үлкен екенін айтып бер? Кімнің жасы кіші ?
Өз отбасыңдағы ең үлкендерін және кішілерін атап бер.

Суретте қандай қарындаш үстіде орналасқан? Астыда ? Қандай қарындаш ұзын ?
Ол қайда жатыр ?

Кім жылдам қозғалады : велосипедші ме, мотоциклшы ма ?

Суретте нелер көп: гүлдер ме, вазалар ма ? Қайсысы көп ? Үстіде нелер орналасқан ? Астыда нелер ?

Суретте неше мысық ұйықтап жатыр ?
Олар қай жақта орналсқан ? Неше мысық ояу жатыр ? Ол қайда орналасқан ?
Жоғарыда неше тышқан бар? Ортада ?

Неше сәбіз сол жақта жатыр ? Неше бұрыш оң жақта жатыр ? Қай жақта көкөністер артық ? Қай жақта көкөністер кем ?

Суретте оң жақ жоғарыда жылдың қай мезгілі салынған ? Сол жақ астыда жылдың қай мезгілі салынған ? Оң жақ астыда жылдың қай мезгілі
салынған ? Сол жақ астыда жылдың қай мезгілі салынған ?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
П.М.Эрдниев. Укрупненные дидактические единицы на уроках математики в 1-2 классах. Москва. Просвещение. 1992г.
-
Сағымбекова Б. Ұғымдарды оқыту.//Бастауыш мектеп. № 1 , 1999.
-
Сағымбекова.П. Бастауыш мектепте математикадан сабақ беруге дайындау.//Бастауыш мектеп. № 11, 2004.
-
Абралева Б. Көрнекілік сабақ мақсатына сай болса. Бастауыш мектеп 1994. №2 19-бет.
-
Айдаболова Б. «Санмен таныстырғанда» Бастауыш мектеп 1961. №10, 31-бет.
-
Әлімханова А. «Ұлттық ойынмен сыбайлас» Бастауыш мектеп. №1993
-
Жұмағұлова Л. «Сабақ тиімділігі»
-
Мәмбетова Ф. «Қайталау-оқу анасы» Бастауыш мектеп 1993. №16
-
Педагогикалық оқулықтар. «Бастауыш мектеп мұғалімдері мен математика оқушыларының іс-тәжірибесін анықтау. Алматы-1964.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген