жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
«Қызыларай жалпы орта білім беретін мектеп»КММ-сі
Тақырыбы:
Математика сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
(баяндама)
Дайындаған: Смайлова Ботагөз Жумабековна
Математика сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың нақты білім алуын мақсат ете отырып, оларды өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қаруландыру,алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін дамыту қажет.Ендігі жерде білім беру жүйесінің шығармашыл, техникада,экономикада, жаңа жолдармен әдістерді таба алатын ,батылда жаңашыл,ақыл-ойы дамыған адамдарды даярлау талап етіледі. Сондықтан математикадан оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделінген. Оқу-танымдық қызмет і барысында оқушылар қажетті көлемде білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлау да дамытылады. Танымдық қабілетті артырудың бір жолы берілген материалдың теориялық мәні мен өмірлік тәжірибеде қолданысын ашып беру болып табылады.Оқушы бойында танымдық қызығушылқты арттыру үшін мына мәселелерд і есте сақтау керек. 1.Материалдық сілтеме тағайындау. 2. Алдын-ала қажетті біліми мәліметті беру. 3. Оқушыны психологиялық тұрғыда дайындау. Осыған байланысты оқушының танымдық қабілеттерін дамыту шығармашылыққа баулуды сызба-нұсқа арқылы жүзеге асырамын:
Топтық жұмыстар
Ұлттық танымдар математика ғылыымен байланысы
Өзіндік жұмыс

Танымдық ойындар
Шығармашылық жаттығулар
Оқушының танымдық қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу
Математикалық әдебиетке баулу
Пән аралық байланыс

Үйріме жұмыстары
Зерттеу жұмыстарына баулу
Пән апталығы
Мұғалім оқушының қызығушылығын туғызуда басты рөл атқарады.Біріншіден ,оқушының мүддесіне сай жеке тұлғалық, өзіндік қызметін қалыптастырады, бұл істің келешектегі мәнін түсіндіріп береді.Ең бастысы ол танымдық қызығушылықты қалыптастыратын жұмысты ұйымдастырушы болмақ. Екіншіден, жаңа табылғын теориялық негіздің, ереженің, заңының, формула теореманың бағалылығын нақтылайды.Үшіншіден, алынған білім белгілі математика есептерін шешуде,әртүрлі практикалық жұмыстарды орындауда қолданылады. Оқу үдрісін жетілдірудің негізгі тенденциясы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі мен танымдық белсенділігін көтеру болып табылады. Яғни : -білімді өз бетінше қабылдау қасиетін ұлғайту; -қисынды ой-тұжырым білігімен дағдысын,ғылыми ойлау тәлім-тәрбиесін кеңейту; - математиканы оқып-үйрену кезінде кездесетін барлық танымдық бастауларды өз бетінше пайдалануын қалыптастырады . -өз бетінше ойлануын,шығармашылық қабілетін арттыру. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешілмеген проблемалар аз емес. Солардың бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,кітапқа ,оқуға, білім алуға деген құмарлықтарын арттыру.Осындай проблеманы шешу мақсатында математикадан логикалық есептерді шығару керек. Танымдық қабілетті арттыру мақсатында оқушыларға мыныдай тапсырма беріледі. 1-тапсырма.Екі адам 2сағат шахмат ойнайды.Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? Бұл тапсырманың мақсаты :оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету. 2-тапсырма. Сиқырлы ұшбұрыштағы бос орынды толтыр.Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығуын қалыптастыру өте маңызды ,күрделі және көп салалы. Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология әдістерін пайдаланған тиімді.Олар:денгейлеп саралап оқыту технологиясы,ұжымдық оқыту технологиясы және т.б. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыруды төрт кезеңге бөлуге болады.Бірінші кезеңде -мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекеттерімен таныстырады.Екінші кезеңде -мұғалім есеп шығарудың әр түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп,талқылап,есеп шығару кезінде ең тиімдісін, қолайлысын қолдана білуге үйретеді.Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен орындалуынталап етеді.Үшінші кезеңде -мұғалім оқушыға үлкен жауапкершілік жүктейді.Оқушы өз жұмысына анализ жасап,кеткен кемшіліктерін талдап ,өзінің нені жетік білмейтіне көз жеткізеді.Төртінші кезеңде -оқушының ізденістерінің нәтижесін көрінеді.Математикалық ережелерді ,заңдылықтарды,теореманы дәлелдеудің әр түрлі әдістерін тауып,есептерді шешуде тиімдісін пайдаланады.
Оқушылардың шығармашылығын арттыру үшін деңгейлеп оқыту технологиясын әдісін пайдаланған сабақ жоспарын назарларыңызға ұсынамын.
Сабақтың
тақырыбы:Квадрат теңдеулер
. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: . Оқушылардың тарау бойынша
алған білімдерін тереңдетіп.жинақтау.жүйелеу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау
қабілеті мен дағдыларын жетілдіру,белсенділіктерін арттыру, сабаққа
қызығушылығын қалыптастыру,ұсақ есте сақтауына
көмектесу. 3.Тәрбиелік. Оқуға,саналы
сезімге,жауапкершілікке өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу,өмірге
көзқарастарын қалыптастыру. Сабақтың
түрі:Қортындылау
сабағы. Сабақтың
әдісі: Ой-қозғау,деңгейлеп оқыту
технология әдісін қолдану. Сабақтың
көрнекілігі: Карточкалар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Тарау
бойынша білімдерін пысықтау. I.Оқушылық
деңгей.Ой қозғауға арналған сұрақтар
1.Квадрат теңдеудің анықтамасын айтыңдар. 2.Келтірілген квадрат
теңдеудің анықтамасы. 3.Толымсыз квадрат теңдеулер леген не ?
Олардың үш жағдайын көрсет. 4.Дискриминаттың формуласын жаз.Оңын үш
жағдайын ата. 5.Виет теоремасын айтыңдар. 6.Виет теоремасына кері
теореманы айт. II.Алгоритмдік
деңгей.Ауызша есептер. 1.Берілген
теңдеулің түрін және коэффициенттерін ата.
а)х2
+3х+2= 0 ;
ә)х2
-49= 0; б)х2
-3х+10= 0;
в)7х2
+х+1= 0;
г)9х2
= 0
; д)х2
+3х =0. 2.Мақал-мәтелдің ішіндегі
екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері болатындай ,яғни Виет
теоремасына кері теорема бойынша квадрат теңдеу құр. а).Үлға отыз
үйден,қызға қырық үйден тыю. Х2
-70х+1200
= 0 ә)Білімді мыңды жығады,білікті бірді жығады.
Х2
-100х+1000= 0 а+в+с 0
х1
= 1 ,
х2
= с/а ,
х1
= 1,
х2
=1000 б) Жеті жұрттың
тілін біл, жеті түрлі білім ал. Х2
-14х+49 = 0
(х-7)2
= 0 х
=7 в)Алтау ала болса
,ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Х2
-10х+24 =
0 х1
= 4
х2
= 6 3.Квадрат теңдеулердің
түбірлерін тауып,осы сан есімге байланысты мақал-мәтел айту.
а)х2
-8х+7 = 0 ; ә)
х2
-11х+10 = 0 ;
б)х2
-6х+9= 0 ;
в)х2
-200х+10000 = 0. III.Эвристикалық деңгей. А
деңгей.Теңдеуді шешіңдер. а)х4
+х2
-2 = 0; ә)
у4
+2у2
+3= 0;
б)х4
-4х2+3= 0 ;
в)у4
+5у2
+4= 0 В деңгей а)
(у+2)2
–(у+2)-6 = 0;
ә)(х2-9)2-2(х2-9)-3
= 0;
б)(х-3)2-4(х-3)-5
=0;
в)(х2+2х)2-8(х2+2х)+7= 0 IY.Шығармашылық деңгей а)Жай бөлшектің бөлімі алымынан 3-ке
артық. Егер алымына 8-ді ,бөліміне 2-ні қоссақ,онда бөрілген
бөлшек
-ге артады. Бастапқы бөлшекті табыңдар. ә)
Жай
бөлшектің алымыбөлімінен 7-ге кем. Егер алымына 5-ті ,бөліміне 3-ті
қоссақ,онда бөрілген бөлшек
-ге артады. Бастапқы бөлшекті табыңдар. Қортынды.
Бағалау.Үйге тапсырма:№268,269.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген