Математика сабағында саралап оқыту тәсілдері

Тақырып бойынша 19 материал табылды

Математика сабағында саралап оқыту тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Саралап оқыту оқушыларды тиімді оқыту мен тәрбиелеудің аса қажетті шарттары болып табылады.Сондықтан мектеп мұғалімдері алдына келіп отырған әр баланың қажеттілігін қанағаттандыра отырып,барынша адал,жан-жақты ізденісте,адами құндылықтарды сақтай отырып қызмет етсе,шәкірттері мол жетістіктерге жетері хақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рахимова Молдир Кайнаровна

Мектеп жанындағы шағын орталығы бар

Қызыларық орта мектебінің математика мұғалімі



Математика сабағында саралап оқыту тәсілдері

Саралауды қолданылатын сыныпта

барлық оқушылар өздерінің әртүрлі

оқитынын түсінеді және бір –бірінің оқу үдерісіне

қосқан үлесін бағалауды үйренеді.

Leppien

Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:

Тапсырма

  • Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.

  • Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды орындайды.

  • Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдалану ұсынылады.

Дереккөздер

  • Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

  • Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.

  • Баспадан шыққан және электронды дереккөздерді пайдалануға болады.

  • Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

Қарқын

  • Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

  • Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.

  • Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Қорытынды

  • Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

  • Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.

  • Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

Диалог және қолдау көрсету

  • Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

  • Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

Бағалау

  • Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін.

  • Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай ілгерілей аламыз.

Жіктеу

Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар:

  • мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау

деңгейі)

  • талаптары әртүрлі оқушылар

  • джигсо топтары

  • кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ

  • гендерлік топ

  • аралас гендерлік топ

  • ұйымшыл топ.

Сараланған тапсырмалар – ережені терең саналы түрде меңгеруге және оның негізінде қажетті дағдыларды дамытуға көмектесетін жаттығулар жүйесі.

Сараланған тапсырмалар әдетте міндетті және қосымша тапсырмалар деп екіге бөлінеді. Міндетті тапсырмалар шеберлікті дамыту үшін үйренген ережені дұрыс қолдану қабілетін арттырады.Мұндай тапсырманың саны шектеулі және қолайлы болу керек. Ал қосымша тарсырмалар міндетті тапсырмаларды орындаған, өз бетінше жұмыс істеу үшін уақыты бар оқушыларға арналады. Тапсырмалар жоғары деңгейлі,үйренген ережені қолдануға, салыстыруға, талдауға, белгілі бір қорытынды жасауға бағытталған болу керек.

Математика сабағында жоғарыда аталған тәсілдер арқылы оқушыларға берілетін саралау тапсырмаларына мысалдар келтірейік.

1) Саралау тәсілі: тапсырма

Тақырып: «Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану»

Оқу мақсаттары:

5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау

5.1.2.30 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;

Ойлау деңгейі: қолдану

Берілетін тапсырма:Егер 1 әтеш 3,6кг,1 мысық 2,4кг болса,онда 8әтештің массасы неше мысықтың массасына тең?

Қолдауды көбірек қажет ететін оқушылар үшін: Әтештің салмағы мысықтың салмағынан неше есе үлкен?

Орта деңгейлі оқушылар үшін: 8 әтештің салмағы неше мысықтың салмағына тең?

Жоғары деңгейлі оқушылар үшін: 8 әтештің салмағы неше мысықтың салмағына тең? Бірнеше амалды қолдана отырып, есептеудің екінші әдісін анықтауға тырыс?

Оқушылар үшін келесі кажеттіліктер іске асырылады:

Тапсырманың күредлігіне қарай алға ілгерілеп отырады. Сонымен қатар көп күшті жұмсауды қажет ететін оқушылар үшін қолдануға болады.

Қолдауды көбірек қажет ететін оқушылар үшін оларды қарапайым сұрақтарды қоя отырып жетелеу арқылы мәтінді есептің мазмұнын (шартын) дұрыс түсінуге жағдай жасалады.

Орта және жоғарғы деңгейлі оқушылардың бір есепті бірнеше жағдайда қарастыру, оларды шешудің әртүрлі әдістерін іздестәру арқылы алдарындағы мәселені шешуде талдау, зерттеу сияқты жұмыстарды жүзеге алу мүмкіндіктерін туынтатуға болады.

2)Сарлау тәсілі: Қарқын

Оқу мақсаты:5.5.1.3 жай бөлшектерге амалдар қолданып, мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа)

Ағасы,інісі және қарындасы бәрлесіп қардан аққаланы 12 минутта жасады.Қардан жасалған осы аққаланы егер ағасы ғана жасаса- 24 минутта, егер інісі ғана жасаса- 40 минутта жасайды. Егер осы аққаланы қарындасы жасаса, қанша уақытта жасайды?

Дескриптор: Білім алушы

  • есептің шарты бойынша математикалық өрнек құрастырады;

  • жұмыс өнімділігін анықтайды;

  • арифметикалық амалдар қолданады;

  • жауабын жазады;

Оқушы жетістіктері:

  • Қолдауды көбірек қажет ететін оқушылар дескриптор көмегімен оқу мақсатына сәйкес алға жылжуға көмек алады.

  • Орта және жоғары деңгейлі оқушылардың белгілі уақыт шеңберінде, дескриптордың көмегімен есептің шығару жолын тез анықтап алуларына мүмкіндіктер болады.

3) Саралау тәсілі: Тапсырма,диалог және қолдау көрсету

Тақырып: «Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер»

Оқу мақсаты: 5.1.1.3 натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу

Ойлау деңгейі: талдау, жинақтау

Берілетін тапсырма: Хауыздың -і суға толы. Хауыздың жартысына дейін суға толтыру үшін 3000л су керек болса, онда хауыздың көлемін табыңыз.



Қолдауды көбірек қажет ететін оқушылар үшін: А) Хауыздың жартысын жай бөлшекпен өрнекте?

Ә)Хауыздың суға толы бөлігі мен хауыздың жартысы аралығындағы бөлікті қалай анықтайсың? 3000л су қандай бөлікке сәйкес келеді?

Орта деңгейлі оқушылар үшін:3000л суға сәйкес келетін бөлікті анықта

Жоғары деңгейлі оқушылар үшін: Есеп шартына сәйкес қойылатын сұрақты басқаша қалай өзгертер едің? Немесе қосымша сұрақ ойластыр.

Оқушы жетістіктері:

  • Қолдауды көбірек қажет ететін оқушылар мәтінді, есепті шығарудың моделін жетелеуші сұрақтардың көмегі арқылы құра отырып, сұрақтың жауабын анықтауға мүмкіндіктері болып, өз мүмкіндіктеріне сәйкес деңгейге дейін көтере алады.

  • Орта және жоғарғы деңгейлі оқушылар үшін ойлау дағдысының жоғары деңгейіне жете отырып, оқу мақсатына жетуге жағдай жасалынады.

4)Саралау тәсілі; Бағалау

Тақырып: «Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы»

Оқу мақсыты: 7.1.1.19 үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану

Ойлау деңгейі: қолдану

Берілетін тапсырма:АВС үшбұрышының А бұрышының ішкі бұрышы- 60 , В бұрышының сыртқы бұрышы-130 . Үшбұрыштың С бұрышының сыртқы бұрышын табыңыз.

А) Сызбасын сал;

Ә) Ауызша есепті жүргіз;

Б)Бірнеше есептеу әдістерін қарастыр;

В)Қысқаша шешу жолын көрсет

Оқушы жетістіктері:

  • Қолдауды көбірек қажет ететін оқушылардың есеп шартына сәйкес сызбаны салу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туындайды, сонымен қатар жоғары деңгейлі сыныптасының көмегімен есептің қысқаша шешу жолын жаза білу дағдылары қалыптасады.

  • Орта және жоғарғы деңгейлі оқушылар бір есепті әртүрлі геометриялық заңдылықтарды қолдану арқылы қарастырып, тақырыпты тереңінен түсіне алады.

5) Саралау тәсілі: жіктеу (талаптары әртүрлі оқушылар тобын немесе джигсо топтарын құруға болады)

Тақырып: «Ең кіші ортақ еселік»

Оқу мақсаты: 5.5.1.2 мәтінді есептер шығаруда ЕКОБ және ЕҮОЕ қолдану

Ойлау деңгейі: қолдану

Тапсырма:( I топ): Үш сағаттың біріншісі -20 минутта бір, екіншісі- 25 минутта бір, үшіншісі 30 минутта бір қоңырау соғады. Алғаш рет барлығы сағат 16:00 –де қоңырау соқса, онда барлығы бірге сағат нешеде екінші рет қоңырау соғады.

Тапсырма(II топ):Балаларға сыйлық дайындау үшін 180 жаңғақ,150өрік және 210 кәмпит алынды. Балаларға берілетін сыйлықтардағы өріктердің, жаңғақтардың,кәмпиттердің саны бірдей болу керек.Сыйлық ең көп дегенде неше балаға жетеді?

Тапсырма(IIIтоп): Әлияның қадамының ұзындығы-40см,ал Мәншүктің қадамының ұзындығы-60см.Әлия неше өадам жасағанда олардың толық қадамдары ең алғаш рет сәйкес келіп теңеседі?

Тапсырманың орындалу әдісі:

1.Оқушылар бір топта талаптары әртүрлі болатындай үш топқа бөлінеді.

2.Оқушылар алғашында тапсырманы топтың ішінде жұмыс құрып орындайды.

3.Әр топтан екі сарапшы топпен қарастырылған есептерін келесі топ мүшелеріне түсіндіріп,талдайды және тапсырма бойынша сұрақ қояды.

Тәсілдің күшті жақтары:

Оқытуда мұндай әдісті қолдану оқушылардың тапсырманы орындауда әртүрлі сұрақтар құрастырып, стандартты емес амалдарды көрсету арқылы қарастырылып отырған тақырыпқа сәйкес жеке қабілеттерін дамытуға болады.Яғни жоғарғы және орта деңгейлі оқушылар бірнеше сандардың ЕКОЕ мәтінді есептер шығаруда қолданудың жаңа қырларын түсінсе,ал қолдауды көбірек қажет ететін оқушыларға сыныптастарынан көмек алу арқылы мәтін мен берілген мәліметтің мағынасын түсінуге жағдай жасалып,олардың аталған оқу мақсатына сәйкес алға жылжуға мүмкіндіктері болады.

Қорыта келе саралап оқыту оқушыларды тиімді оқыту мен тәрбиелеудің аса қажетті шарттары болып табылады.Сондықтан мектеп мұғалімдері алдына келіп отырған әр баланың қажеттілігін қанағаттандыра отырып,барынша адал,жан-жақты ізденісте,адами құндылықтарды сақтай отырып қызмет етсе,шәкірттері мол жетістіктерге жетері хақ.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
140
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі