жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика.Жазық фигуралардың модельдері
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Пәні : Математика
Сабақ тақырыбы: Жазық фигуралардың модельдері (1) Мектеп: №49
Күні : Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастырады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар: “Сиқырлы дорба” ойынына арнап тығыз шүбе-ректен жасалған дорба;
жазық және кеңістік геометриялық фигурала-рының топтамасы;
түрлі түсті қатты қағаз;
қайшы;
ермексаз;
әрбір оқушыға арналған санау таяқшалары немесе сусын ішетін түтікше.
Тірек сөздер модель.
Сабақтың мақсаты: Әртүрлі материалдардан жазық фигуралардың модельдерін жасату; модельдерді құрастыру дағды-ларын қалыптастыру; зерттеушілік іс-әрекетті ұйым-дастыру арқылы жазық фигураларды жасаудың әр-түрлі тәсілдерін іздеуге үйрету.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақ оқушылардың әртүрлі материалды қол-данып, жазық фигура модельдерін жасай білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Оқушылар жазық геометриялық фигуралардың барлығына ортақ белгілерді тұжырымдап айтуға дағдыланады. Геометриялық түсініктерді қалып-тастыруда нақты “заттардан” фигураларға көшу немесе керісінше фигуралардың кескіндерінен нақты заттарға көшу арқылы меңгерту әдісте-месі маңызды орын алады. Қоршаған заттардың арасынан жазық фигуралардың көмегімен кеңістік фигураларын анықтауға болады.
Сабақтың басында оқушыларға “Сиқырлы дорба” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Ол үшін ішінде кеңістік және жазық геометриялық фигуралар салынған тығыз шүберектен жасалған шағын дорба дайындаңыз. Оқушыларға шеңбер жасап тұрып, кезекпен дорбаға қолдарын салып, фигураны алмайоның қандай фигура екенін сипап ұстау арқылы анықтауды ұсындым.
Мына сұрақтарды қойыңыз:
— бұл қандай фигура?
— сендер бұл фигураны қандай ерекшелігі бойынша анықтадыңдар?
Оқушыларға фигураны сипаттап айтқызыңыз. Осыдан кейін оларға фигураны алуға рұқсат етіп, өздерінің жорамалдарының қаншалықты дұрыс екенін тексеру. Егер тапсырманы дұрыс орын-дай алмаса, онда оқушыға өзіңіз көмектесіңіз. Бүгінгі сабақта жазық фигуралардың модельдерін жасауды үйренетінін хабарлау. Жазық фигураны алудың қандай тәсілдерімен таныс екенін сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз.Үшбұрыш моделін қалай жасауға болады?
Оқушылармен бірге оқулықтағы үшбұрыш жасаудың кезеңдерін көрсететін суретті қарастыру.
Жұмысты бастамас бұрын, үшбұрышты жасау үшін қандай материал және оның қаншасы қажет-тігін талқыла. Оқушылардың жауаптарын қоры-тындылаңыз. Үшбұрышты жасау үшін үш ши және үш ермексаздың бөлігі керек, себебі үшбұрышта үш төбе және үш қабырға бар. Сезу қабілеті жоғары (кинестетик) оқушыларға “Кесінді. Сынық сызық” тақырыбымен ши мен ермексаз арқылы модельдеу сабақтарын байланыстыра өткізу тиімді Өз бетіңше тіктөртбұрыш жаса. Оқушылар модель дайындау технологиясымен жақсы таныс болғандықтан, бұл тапсырманы орындау кезінде оқулықтағы алгоритмді өз бетінше талдап шығуды ұсындым. Тіктөртбұрышты жасау үшін қос-қостан ұзындықтары бірдей төрт шиді таңдап алу қажетті-гіне назар аудартыңыз, өйткені тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең. Ұзындықтары бір-дей екі жұп шиді дайындауда қиындық көрген оқу-шыға көмегіңізді ұсындым. Тапсырманы аяқтаған кезде оларды бір-бірінің жұмысын тексеру үшін жұптарға біріктіру.
Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы орын-дау үшін бес ши мен бес бөлік ермексаздан қандай фигура алуға болатынын ойлануды ұсындым. Егер оқушылар тапсырманы орындай алмаса, тәжірибе жүргізу арқылы жауабын табуды ұсындым.
Жауабы:
бесбұрыш, себебі оның бес төбесі және бес қабырғасы бар.
Орындап көр. Тапсырманы орындау кезінде жазық фигураларды құрастыруда алған білімдеріне сүйене отырып, оқушыға мәселелік (проблемалық) жағдайды шешуді және талдауды ұсындым.
Шешуге қойылған міндет оларға қиындық туғызса, онда тәжірибе жүзінде байқап көру арқылы қажетті фигураны анықтауды ұсынамын.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Тірек сөздерді бекіту үшін оқушылар жасаған модельдерді қолданыңыз. Ойын түрінде өткізуге болады. Ойынды жүргізушіге айналадағы нақты заттарды көрсетіңіз, ал оқушылар көрсетілген затқа сәйкес жазық фигураның моделін тауып көтеруі қажет.
Жүргізушіге “модель” деген сөзді айтқызыңыз, одан кейін оқушылардан көрсеткен модельдеріне сәйкес сөздерді айтуды талап етіңіз. Оқушыларға бұрынғы сөздік қорын пайдаланып, тірек сөздерді сөз тіркестерімен айтуға болатынын ескертіңіз. Мысалы: үшбұрыштың моделі, шаршының моделі, тіктөртбұрыштың моделі т.с.с. Отарба. Тапсырма оқушылардың жазық фигу-ралардың түрлерін анықтау дағдыларын дамытуға бағытталған. Олар геометриялық фигуралардан құрастырылған отарбаның суретінен әрбір фигура санының қанша екенін тауып, нәтижесін кестеге түсіруі тиіс.
Өз отарбаңның суретін сал. Тапсырмадаоқушылар таңдаған жазық фигураларын алып, отарбаның суретін салады. Тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады және өз ком-позициясын құрастыру арқылы жазық геометриялық фигураларды кескіндей білу дағдысын қалыптас-тырады.
Сурет сал. Оқушылар жазық фигуралардансурет құрастыра алады. Тапсырманы орындау кезінде әрбір фигураның кескінін толықтырғанда танылатын заттың бейнесі шығу керек. Оқушылар барлық фигураларды біріктіргенде, олардан бірыңғай сурет шығатындай құру қажет. Сынып бөлмесінде оқушылар жасаған модельдерден көрме ұйымдастырдым. Ол үшін әр модельдің аты жазылған қағазға модельдерді бекіткізіңіз. Жұмыстарды сол бөлмеге іліп, оларды әрбір оқушының көруіне, талқылауына жағдай жасаңыз. Ата-аналарына өз балаларының жұмыстарын көруді ұсындым.
Торкөздерге белгісіз азайтқыштарды жаз.
Қайталау және қалыптастыруға арналған тап-сырмалар.
Бағалау Оқушылар сабақ соңында:
жазық фигуралардың модельдерін жасайды;
олардан композиция құрастыра біледі. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінге-
нін білу үшін мынадай сұрақтар беріп, жауаптарын тыңда:
— Жазық фигуралардың модельдерін қалай құ-растыруға болады?
— Сабақта жасап үйренген жазық фигуралар-дың модельдерін айтып беріңдер.
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіздім.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген