жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика.Жиындарды салыстыру. Тең жиындар
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: Жиындарды салыстыру. Тең жиындар Мектеп: 49
Күні : Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: -сынып Қатысқандар саны: 25
Қатыспағандар саны:-
Оқу мақсаты: жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстырады; тең жиындарды, бос жиындарды анықтайды, тең жиындар, бос жиын туралы түсінеді.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар: Әр партаға:
қағаз;
геометриялық фигуралар топтамасы;
“тең жиындар”, “тең емес жиындар” деп жазылған парақтар;
жиындар тақырыбына слайд.
Тірек сөздер тең жиындар.
Сабақтың мақсаты: Жиындарды салыстыра білу дағдысын қалып тастыру, “тең жиындарға” түсінік беру, жиындарды теңестіру тәсілдеріне үйрету.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабаққа қатысты деректі материалдар
Егер екі немесе одан да көп жиындағы элемент тер саны тең және барлығы бірдей элементтерден тұратын болса, ондай жиындарды тең жиындар деп атайды. Жиындарды салыстыруда міндетті түрде олардың қандай элементтерден тұратынын, сондай-ақ жиындағы элементтер санын есепке алу керек. Жиындарды дұрыс салыстыру үшін бір жиынның элементіне екінші жиыннан өзіне тең бола алатын жұпты таңдау керек.
Кіріспе тапсырма. Сабақты өткен тақырыптықайталаудан бастаңыз. Оқушыларға өз сөмкелерінде бар заттардан жиынға мысалдар келтіруін сұраңыз. “Жиын” ойынын ойнатыңыз. Сіз қандай да бір жиынды атаңыз, ал оқушылар оның элементтерін атап беруі керек. (Мысалы: құстар — торғай, ит-тер — төбет және т.с.с.) Содан соң оқушыларға өз ойларынан жиын мен оның элементтерін айтуға ұсыныс жасаңыз. (Жауаптарын тыңдап, жақсы жауап берген оқушыларды мадақтаймын..)
Оқушыларды топқа қалаулары бойынша бөлемін де, топпен жұмыс жасауды ұсын-н. Үстел үстіне үш дәптерден тұратын бірінші жиынды, төрт сызғыш-тан — екінші жиынды, екі кітаптан — үшінші жиынды жинатамын. Оқушыларға бұл жиындарды біріктіруді
ұсыныңыз да, бұдан шыққан жиынның элементтерін ататыңыз және санатыңыз. (Жауаптарын тыңдаңыз. Топтарға бір-бірінің жауабын “Бас бармақ” әдісі бойынша бағалат-н..)
Оқушыларға әр партаға қағаздан жасалған геометриялық фигуралар топтамасын дайындап қоямын.. Оларға жиындағы элементтер саны әр түрлі үшбұрыштар мен шаршылардан жиын құрау керектігін айтып,. Тақтаға бір оқушыны шақырып, оған отырған оқушыларға сұрақ қойғыз-н.Мысалы: “Кімнің жиынында 3 үшбұрыш және 4 шаршы бар?” — деген сұрақ қояды. Оған сыныптағы бірнеше оқушы қол көтеруі мүмкін. Осы оқушылардың жиындары туралы өзара “тең жиын” деп айтуға болатынын және оның не себепті “тең жиын” деп айтылатынын сұрап, жалпы сыныппен “тең жиын” деген ұғымға тұжырым жасатамын. Содан кейін осы тәріздес бірнеше сұрақтар қойып, сұрақтардың көмегімен тағы басқа кімде “тең жиындар” бар екенін анықтатып, Тапсырманы талдап, сыныппен біраз жұмыс жасаған соң қолын мүлде көтермеген оқушыларды тұрғыз-н. Олардың не себепті қол көтермегенін айтқызып, өз тұжырымдарын жасауды ұсын-н.. (Олардың жиындары сыныптағы
ешкімнің жиынымен тең емес.)
Тап және салыстыр. Оқушыларға қандай да бір заттар жиынын атап, олардың ішінен бір ортақ бел гісі бойынша жиын бөліп алуды сұрап, Жұпта өз пікірлерімен алмасуға уақыт беріңіз. Құралған жаңа жиынды атап беруін сұраймыз.Оларға әр жиындағы элементтерді санауды ұсын-н.
Жауабы:
жиындар тең емес, өйткені элементтері мен элементтерінің саны әртүрлі.
Жиындар тең бе? Оқушылармен жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оларға пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік беремін. “Жиындар тең бе?” — деп сұрап, Оқушылар өз жауаптарын түсіндіріп беруі тиіс. Жұптарға бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдап, бағалат-н. Бағалау үшін (оқушыларға үш түрлі белгі беретін қағаздар таратып беремін. Жа-сыл — жақсы, сары — орташа, қызыл — төмен.)Жауабы:
бірінші жолда жиындар тең емес;
екінші жолда жиындар тең;
үшінші жолдағы жиындар тең емес.
Шығарып көр. Оқушылар жиындарды қалай теңестіруге болатынын анықтау үшін оларға топта пікірлерімен алмасуға уақыт беремін.. Содан кейін әр топтың шешімін айтқызып, тыңдап, Оларды бұл тапсырманы екі түрлі тәсілмен орындауға болады деген тұжырымға жетелеймін. Екі жауабын да тез талдап тапқан топ мүшелерін мадақтап, топқа қандай да бір атақ беремін. (Мысалы: тапқырлар, білгіштер т.б.)
Жауабы:
екінші жиынға креслоны қосуға болады;
бірінші жиыннан креслоны алып тастауға болады.
Орындап көр. Оқушылармен бұл тапсырманы топтардың арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады. Бірінші бөлігінде тең жиындар, ал екінші бөлігінде тең емес жиын құраулары тиіс. Оларға тапсырманы берілген уақытта орындау керектігін айтыңыз. Неше минут берілетінін жазып немесе таймермен көрсетіп қоямын. Жиынды дұрыс және бірінші болып құраған топ жеңіске жетеді.
Жауабы:
а) 3, 5, 7, 16, 1; ә) М, К, Л, Д, А;
а) ана, әке, қыз; ә) қыс, көктем, жаз.
Қоңыздар. Оқушылардан: “Жиын қандай эле менттерден тұрады?” — деп сұрап, (Үш түрлі түс пен боялған қоңыз.) Қоңыздардың төменгі жағында орналасқан жиындарға мұқият қарауды ұсын-н.Қоршаулардың ішінде орналасқан жиындардың ішінен берілген жиынға тең жиынды тапқыз-н.Өз пікірлерін дәлелдеп айтуды ұсын-н. Тең жиынды тапқан соң тең емес жиынды атап, неге тең емес екендігін дәлелдеп беруді сұраймын.Жауаптарында математикалық тірек сөздерді қосып сөйлеуді талап етемін.
Жауабы:
соңғы жиын берілген жиынмен тең, өйткені олардың элементтері және саны бірдей.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Тақтаға “тең жиындар” деп жазылған парақты жазып іліп қоямын.. Оқушыларға интерактивті тақтада жиындарға келтірілген мысалдарды көрсетемін.. Олар міндетті түрде тең жиындарды анықтап, тақтада жазылған сөздерді қолдана отырып тірек сөздерді айтулары тиіс. Жиындарды салыстыр. Оқушыларға тапсыр маны өз беттерінше орындауды ұсынамын. Тапсыр маны орындап болған соң өзара тексеруді ұйым н. Оқушылар жиындарды салыстырып, тең жиындардың арасына “=” белгісін, ал тең емес
жиындардың арасына “≠” белгісін қоюлары тиіс.
Артық элементтерді сызып, жиындарды теңестір. Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындауға уақыт беремін. Олар тапсырманы орындап болған соң тексеру үшін кері байланысты қолдан-н.(Мысалы: бір оқушы сызған затты атайды, ал басқа оқушылар келіссе, қолдарын жоғары көтереді, егер келіспесе, онда қолдарын көтермейді.)
Элементтерді қосып, жиындарды теңестір.
Тапсырма элементтер саны аз жиынға элементтерді толықтырып қосу тәсілі арқылы жиындарды теңестіру дағдыларын қалыптастыру үшін өз беттерінше жұмыс жасауға бағытталған. Оқушылар сабақ барысында жұппен және топпен жұмыс жасау кезіндегі алған
дағдыларын бекіте алады.
Тең жиындарды сызықпен қос. Оқушылар жиындарды салыстырып, олардың арасынан тең жиындарды тауып, сызықпен қосады. Өз бетінше жұмыс кезінде оқушылар сабақтың тақырыбы бойынша алған білім, дағдыларын бекітеді. Орындау нәтижесі бойынша тақырыпты меңгеру деңгейлерін бағалаймын.
Бағалау Оқушылар сабақ соңында:
жиындарды салыстыруға болатынын;
жиындардың тең болатынын және тең бол майтынын;
егер олардың барлық элементтері мен саны бірдей болса, онда жиындардың тең екенін біледі.
Оқушылардың сабақтың тақырыбын түсінгенін бағалау мақсатында мына сұрақтарды қоямын.
— Екі жиынды салыстыруға бола ма?
— Жиындар қашан тең болады?
Сыныптан, мектептен немесе өздерін қоршаған ортадан тең жиындарға мысал келтіруді сұрап, Өз партасындағы тең емес жиындарға мысал келтіруді ұсын-н.
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо йынша өзін-өзі бағалатамын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген