1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Бүгінгі жаратылыстану пәндерінің
он күндігінің
ашылу жиынына қош келдіңіздер!Әлемде математика, физика,
химия, биология, география, информатика пәндерінің барлығы бір
тілде екені бәрімізге белгілі. Атап өткен пәндердің барлығы да
байқампаздық пен нақтылықты талап етеді.
2-
жүргізуші: Иа, атақты француз оқымыстысы
С.Д. Пуассон «Өмір екі нәрсемен көркемделеді – ол математикамен
айналысу және оны оқыту деген екен. Мектебімізді дарынды оқушылар
көп. Ендеше бүгінгі он күндіктің ашылуын
8 «Б» сынып оқушыларының
орындауында «МИФ» әнін қарсы
алыңыздар.
1-жүргізуші:
География
пәні:
Табиғаттың құпиясы
тұңғиық.
Көз жетпейтін мұнарасы тым
биік,
Білген сайын сырын оның
жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр
құйып
Табиғаттың қадірлейік
қасиетін
Әділдікке әрқашан бас
иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын
деп
Халқың айтқан орында
өсиетін
О табиғат сырың да терең
екен,
Тұнып тұрған қойнауың өлең
екен.
Қанымдағы қасиет сенен
екен,
Не деген керемет ең, керемет ең – деп келесі
кезекті
2-
жүргізуші:
Биология
пәні:
Ей замандас ең алдымен досыңды
ұқ,
Досың жер, су, таза ауа,
өсімдік.
Ала жүріп осылардың
сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не
сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп
арызды,
Барын сарқып сала беру парыз
ба?
Жоқ замандас әр ұрпаққа туған
жер.
Не берсе де беретіні
қарызға.
1-жүргізуші:
Химия
пәні:
Химияны оқиық біз
көңілмен,
Кездесер ол күнделікті
өмірден.
Ақылымыз - химияны
біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр
өңірден.
Жүрмейсің мұны білсең қате
басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады
ашып.
Бар элемент таңбасы осында
тұр,
Сап құрап массаға сай
қатарласып.
Кестеден түрлі - түстер
көрінеді,
Бәрі де деңгейге сай
өріледі,
Заң ортақ, период ортақ, топта
ұқсас,
Заңдылық зарядтармен бөлінеді – дей келе
келесі кезекті 5 «А» сыныбы оқушысы Есенхожа Каусар
«Отан»
2-
жүргізуші:
Физика
пәні
Əрбір затта,
бұйымда
Физиканың заңы
бар.
Ынта қойсаң, қиын
ба?
Бəрі де оңай
табылар.
Күнде көріп
жүретін
Қайшы бар ғой
кəдімгі,
Ол өзіміз
білетін
Рычагтан-ақ
табылды.
Ал ара
ше,
Қол
ара?
Қалай қиып,
кеседі?
Соны білмей бола
ма:
Оның басты
себебі
Үйкелісте
деседі.
Соққысында
балғаның
Тартылыстың заңы
бар.
Басқаларын ал,
жаным,
Өзің ойлап тауып
ал!
1-
жүргізуші:
Матемтика
пәні
Сырын ашып беретін әр
ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен
ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар
қызығы,
Математика – патшасы сан
ғылымның.
Тереңінде жатады ма бір
сиқыр,
Ол нәрсе емес ойлап көрсең жай
жылтыр.
Математика –
ақыл-ойдың иесі,
Ес тандырып
баурап алар сан цифр.
Шағылса егер өр
талабың, сынбағын,
Жанып қайрат,
ұстаз сөзін тыңдағын.
Түсінбеген
тұрса қарап аңырып,
Түсінгенге
ашады ол жұмбағын.
Алдарыңызда 9
2-жүргізуші:
Информатика
пәні
Керек емес қаламың,
Жазуды да жазады.
Қарындаш пен бояусыз,
Суретті де салады.
Талай шаруа бүгінде,
Компьютерсіз бітпейді.
Керек десең ол тіпті,
Том-том кітап жүктейді.
Ғаламторға жалғасаң,
Жоқ онымен таласың.
Бар сұраққа бір демде,
Миллион жауап аласың.
1-
жүргізуші: Құрметті ұстаздар
және оқушылар он күн
бойы өз жалғасын табатын апталықтың
бағдарламасымен пән мұғалңмдеріңіз хабардар
етеді.
Ел болашағының баянды болмағы,
баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты.
Ендеше, білімдеріңіз толыссын! Еңбектеріңіз жансын
ұстаздар!
2-жүргізуші:
Бүгінгі кеш талай шабыт
шыңдады.
Кеш
қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелер тәлімі мол әсерді.
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет- деп бүгінгі
жаратылыстану пәндерінің он күндігін ашық деп
жариялаймыз.Келесі шараларда
кездескенше, қош,
сау болыңыздар!