Материалдар / «Математикалық эмоционалды интеллект және сыни ойлау» бейіналды курсының авторлық бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Математикалық эмоционалды интеллект және сыни ойлау» бейіналды курсының авторлық бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған «Математикалық эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курсы алгебра пәнінен алған базалық білімдерін толықтырып және тереңдетуге көмектеседі. Бұл курс жалпы білім беретін орта мектептердің 7- сыныптарына аптасына 1 сағаттан 1 жыл оқуға арналған.Курс мазмұны қолданбалы есептерді шешуге негізделген. Қолданбалы есептер ғылымды өмірмен, күнделікті өмірге қажетті жағдайлармен байланыстырады. Бағдарламаны оқыту барысында қолданбалы есептердің өмірмен ұштасып жатқандығын көрсету арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, есептерді шығару мүмкіншіліктерін дамыту және оларды шығару барысында сыни ойлауды, талаптарды үйрету көзделген. Қолданбалы есептердің түрлеріне байланысты есептердің шығару тәсілдері көрсетіледі. Оқушы білімін бақылау ретінде тестік тапсырмалар, бақылау жұмыстары беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2021
966
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ш ығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің













«Математикалық эмоционалды интеллект және сыни ойлау»

бейіналды курсының авторлық бағдарламасы








Сынып : 7 «А»

Бағыты: физика-математика

Профиль: математика

Сағат саны: 34




Құрастырған:

Математика пәні мұғалімі «педагог-зерттеуші» Балгазина Эльвира Омаровна

Байланыс телефоны: 87771633211 elvira_balgazina@mail.ru











Өскемен қаласы, 2021 жыл


Түсінік хат


Ұсынылып отырған «Математикалық эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курсы алгебра пәнінен алған базалық білімдерін толықтырып және тереңдетуге көмектеседі.

Бұл курс жалпы білім беретін орта мектептердің 7- сыныптарына аптасына 1 сағаттан 1 жыл оқуға арналған, ҚР-ның бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған (ҚР МЖБС, Астана, ҚР БҒМ 2018, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы, 31.10.2018 жылғы №604 бұйрығымен бекітілген). ҚР БҒМ мен Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының оқу бағдарламасы (Астана 2013, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген, 20 қараша 2020 жылғы №496 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген). «Қазақстан Республикасының 2021-2022 оқу жылындағы жалпыға білім беру мекемелерінде ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты.

Курс мазмұны қолданбалы есептерді шешуге негізделген. Қолданбалы есептер ғылымды өмірмен, күнделікті өмірге қажетті жағдайлармен байланыстырады. Бағдарламаны оқыту барысында қолданбалы есептердің өмірмен ұштасып жатқандығын көрсету арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, есептерді шығару мүмкіншіліктерін дамыту және оларды шығару барысында сыни ойлауды, талаптарды үйрету көзделген. Қолданбалы есептердің түрлеріне байланысты есептердің шығару тәсілдері көрсетіледі. Оқушы білімін бақылау ретінде тестік тапсырмалар, бақылау жұмыстары беріледі.

Оқушының негізгі қызмет түрлері:

Курсқа қатысатын оқушылардың жұмыс түрі күнделікті сабақтағы жұмысты ұйымдастырудан өзгеше болуы керек:оқушыға сыни ойлануға қажетті уақыт бере отырып,болжамдар жасауға, ойларын еркін жеткізуге үйрету.

Курсты оқу барысы оқушыларды әртүрлі қызмет түрлеріне белсенді қатыстырылуы арқылы жүзеге асады:

  • Оқушының қажетті математикалық алғашқы білімдерінің бар болуы және өз интеллектуалды білімдерінің белсенділігі мен ой іскерлігінің дамуына байланысты жаңа тақырыпты пікірсайыс түрінде, эвристикалық әдіс негізінде енгізу.

  • Алдынғы жұмыстарда зерттелген, жиі қолданылатын маңызды қасиеттер қатынас түріндегі сабақтарында тағы бір реттеледі.Мұндай сабақтарда әрбір оқушы мұғалім және оқушының ролінде болып,өз жауабымен көршісінің жауабын бағалай алады.

  • Жеке және топталған жұмыс түрін қолдана отырып,өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмаларды сыни ойлана отыра талқылаумен шығару.

  • Бөлек тапсырмалардың өзіндік орындалу,оқушыларды ізденімпаздық және шығармашылық қызметке қосу,қасиеттер мен олардың дәлелдерін ұғыну,интуицияны дамытуға мүмкіндік береді.

  • Оқушы эмоционалды интеллект және және сыни ойлайды.

Мақсаты: Оқушыларды жеке тұлға ретінде, сау жеке қарым-қатынас орнатуға және өмірде сәттілікке жетуге көмектесетін дағдыларын дамытуда эмоционалды интеллект  ретінде сыни ойлату; есептердің шығару жолдарын көрсету арқылы ойлау қабілетін, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту; математикаға байланысты кәсіп таңдауға баулу.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады:

  • Оқушының ойын дамыту

  • Кеңес бере отырып бағыттап оқыту

  • Ізденушілік,зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру

  • Оқушылардың ғылыми,техникалық,кәсіпшілік қызығушылықтарын қалыптастыруға жағдай жасау,бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;

  • Оқушыларды эмоционалды интеллект  ретінде сыни ойлату;


Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер:

Істей алуы тиіс:

  • Оқушының сәттілікке жетуге көмектесетін дағдыларын дамытуда эмоционалды интеллект  ретінде сыни ойлату;

  • Мәтінді есептерді түрлеріне байланысты шеше білу

  • Мүмкін варианттарды графиктер,схемалар және кестелер арқылы таңдау

  • Алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу


Курстың жаңашылдығы:

  • басты ерекшелігі әрбір мазмұн біткеннен кейін берілген жаттығу тапсырмалары типтік үлгіде берілген, жазбаша жұмыс үлгісіндегі есептер мен тест тапсырмалары қамтылған.

  • ақпараттық технологияларды қолдану;

  • электрондық оқулықтармен жұмыс;

  • денсаулықты сақтай отырып оқыту;

  • эмоционалды интеллект  ретінде сыни ойлату;


Өзектілігі:

Математиканың алдында тұрған негізгі талап-оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,сонымен қатар математика пәнінде күнделікті өмірде кездесетін есептерді шығаруға үйрету, математикалық модель құра білу, тез есептеу мәселелерін назардан тыс қалдырмау.Оқушыда эмоционалды интеллект  ретінде сыни ойлап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту. Математикаға байланысты кәсіп таңдауға баулу. Мәтін есептерді тура талқылауды керек ететін арифметикалық тәсілді жақсы меңгергенде мәтін есептерге жылдам, әрі дұрыс теңдеу құра алады. Есептің мағынасын, есепте берілген іс-әрекеттерді толығымен түсінуге, есептің шартын жазуға қалыптасуымыз керек.Содан кейін шығару тәсілдерін бекіткен дұрыс болады.Сонымен қатар математика пәнінен алынған білімді өмірде жиі қолдануға тура келетіндіктен,өмірмен байланысты есептерді шығару-танымдылық пен қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. «Есепті жеңу-ой жеңісі, жігерлік жеңісі» болып табылады.


Оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар.

Оқушылардың курсты оқу барысында білуі тиіс:

- математикалық эмоционалды интеллект және сыни ойлау туралы негізгі түсініктер;

- математикалық элементтердің атаулары;

- есептерді, мәтіндік есептерді шығаруға қойылатын талаптар, негізгі ұғымдар мен схемалар;

- тез есептеу тәсілдері түсінігін беру;

- арифметикалық амалдарға байланысты қолданбалы есептер;

- қарама-қарсы қозғалыс және бірін-бірі қуып жетуге байланысты формулалар қарастырылады және соған байланысты есептер;

- бірігіп жұмыс атқару есептері


Оқыту әдістері:

Ақпараттық әдістемелік құралдар, жаттықтыру жұмыстары, ізденіс, өздік жұмыстары, шығармашылық ізденістер.

Оқыту формасы:

Лекция, топтық ізденістер, өзіндік жұмыс, бақылау-тест-тексеру, сайыстар, сыни ойлату.























Бағдарламаның мазмұны

1.Кіріспе: «Математикалық эмоционалды интеллект және сыни ойлау»-1сағат.

Математикалық эмоционалды интеллект болуға жетелеу, көмектесетін талаптар.

2. І тарау. «Математикалық эмоционалды интеллект»-2 сағат.

Тақырып: «Математикалық эмоциялар, әсері ресурстары» -1 сағат.

Математикалық эмоциялар, олардың ресурстары туралы, эмоциялардың оларға тигізетін әсерлері туралы білетін адекватты эмоционалды сана дамытылады.

Тақырып: «Математикалық элементтердің атаулары» -1 сағат.

Тақырып: «Есептерді, мәтіндік есептерді шығаруға қойылатын талаптар, негізгі ұғымдар мен схемалар»-1 сағат.

Эмоцияны сезінетін белгілі бір жағдай туындату және мәтінді әр түрлі нұсқада түсіндіру

Тақырып: Математикалық сауаттылық - 3 сағат.

Логикалық тапсырмалар қарастырылып,оларды шешу жолдары көрсетіліп соған байланысты түрлі есептер талданады, шығарылады.

Тест тапсырмалары- 1 сағат

3.ІІ тарау. Математикалық эмоционалдықты тексеру – 6сағат

Тақырып: Тез есептеу тәсілдері - 2 сағат.

Оқушылар тез есептеу тәсілдері арқылы тексеріледі.

Тақырып:Логикалық есептер – 2 сағат.

Логикалық есептерді шешу дағдылары, эмоционалды ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып: Арифметикалық амалдарға байланысты қолданбалы есептер – 1сағат

Талқылау тәсілі,логикалық тәсіл және бірнеше сандардың пропорционал қосындыларына берілген есептер қарастырлады.

Тақырып: Тест тапсырмалары – 1сағат

Арнайы бағдарламамен жасалған электронды тест тапсырмасын орындайды.

ІІІ тарау. Эмоционалды интеллекттің мотивациясы – 5сағат

Тақырып: Түзу сызықты қозғалысқа арналған мәтіндік есептер – 1сағат

Түзу сызықты қозғалыс есептеріне қажет формулалар көрсетіледі, есептер шығарылады.

Тақырып: Қарама-қарсы қозғалыс және бірін-бірі қуып жетуге байланысты есептер – 1сағат

Қарама-қарсы қозғалыс және бірін-бірі қуып жетуге байланысты формулалар қарастырылады және соған байланысты есептер шығарылады.

Тақырып: Шеңбер бойынша қозғалыс есептері – 1сағат

Шеңбер бойынша қозғалыс есептерін шығарудың жалпы алгоритмі және формулалары беріледі.

Тақырып: Өзен бойымен қозғалыс есептері – 1сағат

Өзен бойымен қозғалыс(ағыспен,ағысқа қарсы,тынық судағы) ұғымдары беріледі.

Тақырып: Тест тапсырмалары – 1сағат

Арнайы бағдарламамен жасалған электронды тест тапсырмасын орындайды.

ІV тарау. Интеллекттің математикадағы әлеуметтік дағдылары – 6сағат

Тақырып: Функция ұғымы,түрлері – 1сағат

Функция ұғымын, түрлерін біледі, қолданбалы есептер шығарылады.

Тақырып: Функция және графиктер – 1сағат

Функциялардың графигін сала біледі, қолданбалы есептер шығарылады

Тақырып: Тура және кері пропорционалдық, оның қасиеттері және графигі – 1сағат

Пропорционалдықты ұғыну, оның қасиеттерін қызықты, мазмұнды есептер шешуге қолдану, графиктерін салынады.

Тақырып: Элементтар функциялар – 1сағат

Элементтар функциялар түсінігі беріледі, түрлендіріледі, есептер шығарылады;

Тақырып: Бөлшек – сызықтық және бөлшек-рационал функция – 1сағат

Бөлшек-рационал, бөлшек- сызықтық функциялардың графиктерін түрлендіріп салынады.

Тақырып: Модуль таңбалы функция – 1сағат

Модуль таңбасы бар функциялардың графиктері және шешу әдістері

V тарау: Топтық жұмыстағы интеллекттің эмоционалдығы – 2сағат

Тақырып: Бірігіп жұмыс атқару есептері – 1сағат

Жұмыс және уақыт арасындағы қатынас туралы түсіндіріледі,қолданбалы есептер шығарылады.

Тақырып: Бассейн толтыру бойынша есептер – 1сағат

Бассейнге және бірлескен жұмысқа арналған есептер қарастырылады.

VІтарау: Эмоционалды құзыреттілік – 4сағат

Тақырып: Пайызға және шамаларды салыстыруға берілген есептер – 1сағат

Шығыс проценті,кіріс проценті.Берілген және ізделінді шамалар арасындағы функционалдық тәуелділікті ескере отырып есеп шығарудың жалпы алгоритмі

Тақырып: Пайыздық есептерге пропорцияны пайдалану – 1сағат

Пропорцияның негізгі қасиеті,шамаларды бері

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!