жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Математикалық кеш" сыныптан тыс шарасы
М.Төлегенов атындағы ЖББОМ КММ-нің математика-жаратылыстану бірлестігі 10 күндігі аясында математика пәні мұғалімдерінің сыныптан тыс шарасы
Бекітемін: ................
ДТІЖО: А.Қ.Жайшылықова
Тақырыбы: «Математикалық кеш» Күні: 23.01.20ж
Қатысатын: 5-11 класс оқушылары
Жауапты: математика пәні мұғалімдері Л.Бекетаева, А.Берікқали, Е.Мағжан
Мақсаты: Оқушылардың білімін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, іздену жұмысына баулу, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру, тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация, интерактивті тақта, кеспе қағздары, А4, маркерлер, эпиграф сөздер, түрлі тапсырмалар материалдары, тақта, бор, сызу құралдары.
Эйнштейннің бақыт формуласы: «Бақыт деген – еңбек, демалыс және тіліңді тыйып ұстау»
«Арифметика математика-
ның, ал математика ғылымдардың патшасы»
К.Гаусс
«Логика өнері-адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал»
Әл – Фараби
1-жүргізуші: Қатысыңыздар! Қолдаңыздар! Жаңалықтардан шет қалмаңыздар! Ойланыңыздар! Жайбарақат болмаңыздар! Әдемі кешке қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Бүгінгі математикалық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанған математика – оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамытатын ғылым.
2-жүргізуші: Вавилонда, Египетте,
«Ата мұра» кешегі.
Жеткен екен бүгінгіге
Теңдеу шешу есебі.
ӘЛ-Хорезми – Хорезмде
Ғылымға еңбек етіпті.
«Әл - Жебр» - «Алгебра»,
Деп аталып кетіпті.
1-жүргізуші: Ғалым болған ұл-қыздары,
Шығыстың бас жұлдыздары.
Ұлықбектің отқа жақты
Сол заманның құзғындары.
«Екінші ұстаз» - деп атады,
Фарабиді жұрт түгел.
Атамыздың трактатын
Бағалы, әрі мықты дер.
2-жүргізуші: Тоғызыншы – он бесінші
Ғасырлардың алыбы.
Нұрын шашқан бар әлемге
Бұлар – Азия ғалымдары.
8 класс оқушылары Әл-Фараби жайында әңгімелейді.
1-оқушы: ................. Әл-Фараби өмірбаяны айтылады.
2-оқушы: .................. Білім жайында, денсаулық жайындағы айтылған ойлары баяндалады.
3-оқушы:.................. - Бұл кісіден бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ олардың ішінде ... дәл Фарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей үлес қосқан ... аса ірі жаңалық ашқан ғалымдарды табу қиын. ..
Әл – Фараби: Тамылжып бал тыныштық айналамнан,
Тылсым күшке құшағын жайған далам.
Мен жатырмын ұйқысыз жапан-жалғыз,
Жанымда ой жарығы аймалаған.
Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,
Өміріме бір ғажап сәуле берер.
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.
Әл – Фараби: Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
1-жүргізуші: Ендігі кезекте 5 класс оқушыларының «Математика қандай ғылым?» сұрағына жауабын тыңдайық.
2-жүргізуші: Рахмет, оқушылар! Ал, біздің 6 класс оқушыларымыз бүгінгі кешке қандай дайындықпен келді екен. Өнерлерін тамашалайық. Сандар сөйлейді: /6 класс оқушылары/ мен бірлікпін, мен бестікпін ...
/6 класс оқушылар Санамақ және цифрлар таныстырылымын айтады/
Санамақ: ............................ Мен сіздерге санамақ айтып берейін.
Бір дегенім – бесік, шықтық содан өсіп .
Екі дегенім – елім, далам, тауым, көгім.
Үш дегенім – үміт, үміт артар жігіт
Төрт дегенім – төзім, төзе білем өзім.
Бес дегенім – бақыт, бағалайтын уақыт.
Алты дегенім –ақыл, тыңдағаным мақұл.
Жеті дегенім – жалау, жүректегі алау.
Сегіз дегенім – сөзің, серт беретін кезің.
Тоғыз дегенім – тоқтау, елдің жоғын жоқтау
Он дегенім – Отан, қорға оны ботам.
1-жүргізуші: Жарайсыңдар! Олай болса, 7 класс оқушылары бізге «Жай сандар» жайында, және де геометрия атасы Евклид еңбектерімен таныстырмақшы. Тыңдайық, ендеше! Сондай-ақ , қызықты фокустарына /ойлаған санды табу, кубиктер түсуін бақылау/ берсек.
2-жүргізуші: Қызықты ізденушілік жұмыстарымен 8, 9 класс оқушылары/көбейту кестесінсіз көбейте аламыз ба?, 3 жолдық, 5 жолдық есептеулер, лезде 5-ке, 25-ке, 101-ге , 1001 – ге көбейту/ шақырылады.
ІХ-ХV ғасырда Шығыста, Орта Азияда математиканың негізін салушылар;
Тариха мәліметтер таныстырылымы /11 класс оқушылары/
«Сандар сыры» ойыны /3,5,7 қасиетті сандар ұғымы/
Сандардың сырына біз үңілейік,
Білмегенді достардан үйренейік!
Қасиетті сандарға байланысты
Дәстүрлі ұғымдарды біз білейік!
Үш қуат |
ақыл, жүрек, тіл
|
Үш ғайып |
Ажал, қонақ, несібе |
Үш көз |
Су анасы –бұлақ, сөз анасы-құлақ, жол анасы-тұяқ |
Үш жұрт |
Өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты |
Бес дұшпан |
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ |
Бес асыл |
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым |
Бес қару |
Садақ, найза, қылыш, мылтық , айбалта |
Бес парыз |
Қажыға бару, намаз оқу, ораза ұстау, қайыр-садақа, зекет беру |
Жеті күн |
Бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күні,ауыр күн, соңғы күн, азына |
Жеті қазына |
Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, берен мылтық, қыран бүркіт |
Жеті ата |
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат |
Жеті жұт |
Құрғақшылық, мал жұтау, оба/індет/, өрт, соғыс, сел/тасқын/, жер сілкіну/зілзала/ |
Жеті жоқ |
Аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, тасбақада талақ, құста сүт, жылқыда өт, |
Математиканы әдемі көрсету үшін сандар қолданылымы: 10 класс оқушылары
Ендігі кезекте әдемі ойын кезегіне берсек:
Көрермендермен ойын:
Египетте қаланған көпжақ? /пирамида/
Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? /бұрыш/
Математик, ақын, музыкант, дәрігер, екінші Аристотель атанған шығыс ғұламасы? /Әл-Фараби/
Онкүндік қалай аталады? /декада/
Қандай фигура күннің көзімен достасқан? /сәуле/
Біз күнде неге дайындаламыз, бірақ жей алмаймыз?
Кәдімгі жауатын ақша қар пішіні қандай фигураға негізделген?
Спортта Фанхио, Лауда, Прост, Шумахер қандай формуланы қойды? /формула – 1 /
Қорытындылау сөз ТІЖО: Жайшылықова Айнұр Қанатбайқызына беріледі.
1-жүргізуші: Бүгінгі кеш талайдың шабыттарын шыңдады,
Кеш қызығын қызығып, талай адм тыңдады.
Тәрбиелі мол тәлім, болды бүгін әсерлі
Бүгінгі кеш түйінін көрермендер шешеді.
Ақынжанды болмаған, математик бола алмас
Қызықты кеш болмаса, көңілге әсте қона алмас.
2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілді, оған біздер сенімді
Қошеметпен қол соқты, көрермендер өнімді.
Көңіл бөліп бұл кешке, қатысқандарыңызға рахмет
Шын сезінген көрерменге, мың рахмет!
Осымен біздің бүгінгі «математикалық кешіміз» аяқталды. Сау болыңыздар! Әрқашанда білім алудан жалықпайық!
Кештен көріністер:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген