Математикалық сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математикалық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы «Жас математиктер»  

 Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;

2.     Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетн дамыту.

3.     Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;

  Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: топтық сайыс

 Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар!

Бүгінгі «Жас математиктер» атты 1-4-сыныптар арасында сайыс түрінде өтеді.Ол үшін екі топқа бөлінеміз. Ортаға«Қыран», «Сұңқар»  топтарын шақырамыз. Топтар орналасып болғанша , музыка ойнап тұрады).

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасын келген қонақтардан сайлаймыз.

1.

2.

3.

Жоспары:

1-кезең. Топтың өзін таныстыруы.

2-кезең Тапқырлық сайысы (логикалық есептер).

3-кезең Кім жылдам? (математикалық термин сөздерді табу)

4-кезең Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

5-кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Қолданылған нақыл сөздер:

1.     Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К. Гаусс)

2.     Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов)

3.     Математика – барлық ғылымдардың  тұңғышы және оларға пайдалы қажет те. (Р. Бэкон)

  Жүргізуші:

Басталық ақыл-ойдың дара кешін,

Халайық сендер бізге жақын келші.

Математика ғылымына ұмтылғандар,

Сен егер кім екенін білгің келсе.

 

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойында.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

  Жүргізуші:

1-кезең. Таныстыру

І топ: «Қыран» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық. «Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем!

  Жүргізуші: кезекте  «Төртбұрыш» тобы.

Ұраны:

Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

  Сәлемдесуі:

Құлақ түріп тыңдаңыздар жарандар,

Кеудемізде толқындаған жыр, ән бар.

Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз,

Тобымыздың бәрі алғыр қырандар.

Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз. «Төртбұрыш» тобынан қарсыластарға сәлем!

  Жүргізуші: (Әділқазы алқасынан 1-ші сайыстың қорытындысын сұраймыз)

Жүргізуші:

Мықты болсаң-алдағыны басып оз,

Мықты болсаң –арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт – деп келесі сайысымыз

2-кезең. «Тапқырлық» сайысына кезек береміз. (Бұл сайыста әр топқа логикалық есептер беріледі.)

  Жүргізуші: «Үшбұрыштар» тобына.

1. Отбасында 4 қыз және әр қыздың бір–бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала? (5 бала)

2. Екі оқушы тоғызқұмалақ 2 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды? (2)

3. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 8 шақырым жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (8 шақырым)

4. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

5. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (ұшпайды)

  Жүргізуші: Кезекте «төртбұрыш» тобы.

1.Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағ. 20 мин ұшады, ал кері қарай 80минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? (тең)

2. Термометр аяз болғасын-үш градус көрсетіп тұр. осындай екі термометр  неше градус көрсетеді.(3 градус)

3. Қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ? (100)

4. Қайыңда 10 бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма?

(алма өспейді)

5. Су астында қандай тас жоқ? (құрғақ тас)

  Жүргізуші: Әділқазы алқасынан 2-сайыстың қорытындысын сұраймыз.

Жүргізуші:

3-кезең Кім жылдам? (математикалық термин сөздерді табу)



Айыра біл, жақсы менен жаманды,

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағында өмірдің,

Айыра біл тапсырманды алдағы – деп кезекті «Кім жылдам?» сайысына береміз. ( Әділқазы алқасынан балл сұралады.)

  Жүргізуші:

4-кезең Келесі кезекте «Ойымды жалғастыр..» сайысы

(Әр команда шапшаң жауап беруі керек.)

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл.)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады.

  Жүргізуші: 5-кезең.

Келесі кезекте «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы. (Бұл сайыста әр топ тез тұрып жауап береді)

V бөлім «Жеті жұрттың тілін біл»

Жұмбақтардың жауабын үш тілде айту.

1) 11 түйе, 5 жылқы,

2 сиыр, 5 ешкі,

2 қоян, 3 түлкі

таба алмасаң бол күлкі!

(барлығы 28)

(двадцать восемь,туенти еит)

2) Бір алманы төртке бөлдік,

Бір бөлігін жеп те көрдік.

Қалған үлкен үш бөлігін,

Қасымдағы үш досқа бердім.

Қанша болды? ( 0 )



3) Ала шапан киініп,

Қарбыз жатыр үйіліп.

Қарбыздарды шетінен,

Санап шықтым екіден.

Бесеу болды жұп саны,

Нешу болды түп саны? (10)

4) Ортаға әкеп тосты Оспан,

Отыз жеті қаламды.

Тиді әркімге қос - қостан,

Балалардың бәрі алды.

Өзгелерден бір қалам,

Артық тиді Күләшқа.

Береді айтып кім маған,

Неше жан бар класта? (37: 2=18 (1қ) (19 бала)

VІ бөлім «Кім жылдам?»

Ұшқыр ой / Тез әрі, жылдам жауап беру. 
1. 1 метрде неше сантиметр бар? /100 см/ 
2. Көбейтудің компоненттерін ата / көбейткіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні/ 
3. 8 квадраты нешеге тең? /64/ 
4. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? 
/енін ұзындығына көбейтеміз/ 
5. Шаршы дегеніміз не? /барлық қабырғалары тең төртбұрыш/ 
6. Кез-келген санды 0-ге көбейтсек не шығады? /0-дің өзі шығады/ 
7. 9х7 өрнегі неге тең /63/ 
8. 1 ғасырда неше жыл бар? /100 жыл/ 
9. 5 минутта неше секунд бар? 
10. 9 квадраты нешеге тең? /81/ 
11. 3 кубы нешеге тең? /27/ 
12 Геометриялық фигураларды қандай әріптермен белгілейміз?/ латын әріптері/ 




Мұғалім:

Білімге деген құштарлық,

Билесін адам санасын.

Білімді болсаң білікті,

Бар сыннан жолды табарсың.

Мыңнан жүйрік кім болар?

Қазылар берер бағасын.

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады) кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі