Материалдар / "Математикалық сандық" ойыны

"Математикалық сандық" ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық сайыс
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Мамай а. НОМ









«Математикалық сандық»

ойыны.





Өткізген: Бугабай М
























2024-2025 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: « Математикалық сандық» ойыны. Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс сағаты. Типі: Ойын түрінде Жоспары:

  1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Бәйге (логикалық есептер)

3. Математикалық хоккей

4. Ғажайып алаңы (есептер шығару)

5. Кім жылдам?

6. Минитест

7. «Жауабын тап»

8. Жұмбақтар сайысы

9. «Ойлан тап»

10. Ойымды жалғастыр

11. Қорытынды

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Математикалық сандық » ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді

Ортаға І- тіктөртбұрыш, ІІ — үшбұрыш топтарын шақырамыз.

Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады үш тобымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.

І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)

ІІ тур «Бәйге» (Әр топ 1 минут ішінде 15сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесе «келесі» деп жауап береді)

І топқа:

  1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабінің авторы? (Баймұханов, Базаров)

  2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

  3. Әсем, Ардақ, Жанар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғандығын сұрағанда мұғалім: әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы 3 емес, ал Жанардың бағасы 5 емес деді. Сонда әркім қандай баға алған? (Әсем 5, Жанар 4, Ардақ 3)

  4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

  5. 1/10 санының кері саны? (10)

  6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

  7. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы?/Ажар/

  8. Жарты түзу. (сәуле)

  9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

  10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

  11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

  12. 36 нешенің квадраты (6)

  13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

  14. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Олардың әрқайсысына қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр? (4)

  15. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)

ІІ топқа:

  1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

  2. Менің жасымды есептеңдер: екі, екі, он алты, тағы екі тағы алты. (28)

  3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

  4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

  5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?

  6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

  7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

  8. Фигуралардың барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

  9. 1 мен 2 арасына қандай таңба қойғанда 1-ден кем, ал екіден артық сан шығады.(үтір)

  10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

  11. Тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар? (қарама-қарсы сандар)

  12. Ең үлкен хорда. (диаметр)

  13. 5 -тің квадраты (25)

  14. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

  15. Кері сандардың көбейтіндісі (1)

ІІІ тур. Математикалық хоккей.

Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.

(52*5-3:(54)5):511

IV тур. Ғажайып алаңы


20

20

20

30

30

30

40

40

40

Сол жақтағы 20.

(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды? ( Қасқыр-100. Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық)

Ортадағы 20

(әзіл есеп) «Қу түлкі»

Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған. (127)

Оң жақтағы 20

Тосап жеу”

Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минута жейді? (2 мин)

Сол жақтағы 30

Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім? (Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323))

Ортадағы 30

Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі. (Гарриот)

Оң жақтағы 3

1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі. (Рене Декарт)

Сол жақтағы 40

XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім? (Лейбниц)

Ортадағы 40

«Парабола» деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы (262-190) жылдарда өмір сүрген грек ғалымы. (Аполлони)

Оң жақтағы 40
«Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик. (Лейбниц)

V тур. «Кім жылдам?»

Геометриялық фигуралардың аттарын табу.

  1. есләу –сәуле

  2. еңшбре - шеңбер

  3. шұбршүы - үшбұрыш

  4. трұбышрөт-төртбұрыш

  5. рвадкат - квадрат

VI Минитест.

  1. 10100 саны

А. миллион В. Триллион С. Гугол

  1. Осы суреттен жоқ фигураны табу.

DrawObject1

А. шеңбер В. тіктөртбұрыш С. үшбұрыш Д. ромб Е. бәрі бар

  1. Чебурашка дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?

А. 2000т В. 3070т С. 1540 т

  1. «Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді?

А. теңдік В. әдемілік С. музыка

  1. Ең кіші жай сан А. 0 В. 1 С.2

VIІ «Жауабын тап»

1 топ: 2топ:

1) а511 1) -2в4)-3

2) (3а3)3 2) (2х2 *2х-3)

3) ( )2 3)

VIІІ. Жұмбақтар сайысы:

  1. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой.(15)

  1. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма. /24/

  1. Дүкеннен сабын алдым, Оның және қабын алдым. Екі дәптер, бір қарындаш,төрт кітап Тіс ысқышты қоса алдым. Есептеші сонда бәрі Қанша болды қолда бары (10)

  2. Санға қосып, аласың,

Сол санның өзі шығады.

Санды оған бөлуге болмайтын, Математиктер ұғады Көп адамдар ол санға, Шекесіне қараған. Сан осін қақ бөлуге Сол саныңыз жараған. (0)

  1. Санау үшін адамды, малды, талды,

Ертеден мұра болып қалды Көбейтіп, бөліп, тазайтып, қосамыз, Күнделікті ол санды. (Натурал сан)

  1. Доп емес, дөңгелек десем,

Ұқсас бірақ достарым Фигура ол негізгі Дәл жауапты қостадым. (Шеңбер)

  1. Нүктеден, 2 сәуледен,

Құралған айтшы бұл не екен? (Бұрыш)

  1. Жоқ өзінде баста, қас та мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)

ІХ. Ойлан тап.

Топ мүшелері тақтаға шығады. Топ мүшесінен бір оқушы орнында қалады.Тақтада көрсетілген түрлі суреттерді орнында қалған оқушы синоним сөздерін қолданып, түсіндіру керек. Топ мүшелері оны табу қажет.

Глобус Мұғалім Цифрлар Циркуль Түзу

DrawObject2

Бұрыш Төртбұрыш Алгебра 7 Көбейту Үшбұрыш

PubTriangle DiagonalStripe DrawObject3 DrawObject4 кестесі

Х. Ойымды жалғастыр.

1. Жеті жұрттың тілінбіл, жеті түрлі ілім іл

2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

3. Екі жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас

4. Досыңды 3 күн сына ма, 3 жыл сына

5. Бір елі ауызға - 2 елі қақпақ

6. 100 сомың болғанша, 100 досың болсын

7. 30 тістен шыққан сөз, 30 елге тарайды

8. Білгенің бір тоғыз, білмегенің 99

9. Бір кісі қазған құдықтан, 1000 кісі су ішеді

10. Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің

11. Қырықта елең, 50-де алаң

12. 1000 досың болса да, біреуі жетпей тұрады.

13. Болар бала 7 жасында бас болар.

ХІ. Қорытынды.

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі