400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық сауаттылық - өмірлік дағды

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық сауаттылық - өмірлік дағды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математикалық сауаттылық – өмірлік дағды

Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің және мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселесінің бірі болып табылады. Себебі, оқушы кез-келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды.  Осыған байланысты ғылымдар былай дейді: «Математика оқыту әдісінде алуан- түрлі жетілдірулер болғанымен шәкірттер үшін математика үшін әрдайым қиын пән ретінде тарихта қала береді».

Математика пәнінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың “гимнастикасы”. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп тез түсінеді. Сондықтан бұл пәннен оқу үлгерімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгерімі жақсы болады. Себебі әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен оны игерудегі логикалық оойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді.

№12.Тоғыз монетаның біреуі жалған.,оның салмағы басқаларына қарағанда жеңілдеу.Кірсіз (тастары жоқ) таразыда екі рет өлшеу арқылы оны қалайша анықтауға болады?

Шешуі: Монеталарды 3 монетадан 3 топқа бөлейік. Таразыда бірінші рет тарту.Екі жағдай болуы мүмкін. Таразының әр басына 3 монетадан қоямыз. Сонда екі жағдай болуы мүмкін:

  1. Тепе-теңдік , онда таразыда шын монеталар,ал жалған монета таразыға тартылмай қалған монеталардың ішінде.

  2. Таразының бір жағы деңіл болса,онда жалған монета сол жақта деген деген сөз.

Таразыны екі рет тарту: енді жалған монетаны қалған 3 монетадан іздейміз.Оны қалай анықтау қажет екендігі оқушыларға мәлім.

№13.4 чемодан мен олардың 4 кілті бар.Қай кілттің қай чемоданға сәйкес екендігін неше рет байқап білуге болады?

Төрт чемоданның біреуіне түсетін кілтті анықтау үшін ең көп дегенде үш рет тексеру керек, өйткені бірінші чемоданға үш кілт түспейтін болса, онда о,ан төртінші кілт түседі.Енді қалған үш чемоданға түсетін кілтті тексереміз.Ол үшін екі рет, ал қалған екі чемоданға түсетін кілтті бір рет байқау арқылы анықтаймыз. Сонымен,4 кілттің 4 чемоданның қайсысына түсетінін байқау үшін ең көп дегенде 6 рет тексеру қажет екен. Жауабы: 6 рет

№14.Бір жылда ең көп дегенде қанша рет жұма күні кездеседі?

Шешуі: Аптаның бір күні жұма болып есептеледі. 365=52•7+1 екенін ескеріп, бір жылда ең кем дегенде 53 жұма кездеседі деген тұжырымға келеміз.

Жауабы: 53 рет

Сабақтан кейін балалардың білімді қаншалықты меңгергендігіне мұғалім мән бермейді. Яғни, кері байланыс жоқ, ал бұл формативті оқытудың бір аспектісі. Сонда мұғалім әр сабақ соңында өз жұмысына есеп беріп, қай жерде не өз ойындай болмады, қай оқушы түсінбей қалды, неге леген сұрақтарға жауап беріп кері байланыс орнату тиіс. Кері байланыс мәтінінің мазмұны немес формасына, оқушы тапсырманы орындау барысында өзге де мәтіндегі мәліметті өзге ақпарат көздерінен алынған білімдерімен байланыстыра білуі, мәтінде берілген бекітулерді өмір туралы өз көзқарасымен байланыстырып дәлелдеулеріне көңіл бөледі.

            Оқушылардың қабілетін ашуға мүмкіндік беретін тапсырмалар мен есептер оқушының математикалық сауаттылығын арттыратыны PISA есептерді шығарумен оқушыларды шектемеу қажет деп ойлаймын. Өмірлік жағдайаттардағы кездесетін есептерді, тапсырмаларды жиі орындауымыз қажет.

Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, адал еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 қыркүйек
96
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі