Материалдар / Математикалық викторина
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математикалық викторина

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру 2.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 3.Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2020
878
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың барысы: «Математикалық викторина»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру

2.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: презентация, гүлдер, қатысушыларға арналған таяқшалар.


Сабақтың барысы:



І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ.Негізгі бөлім

-Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер, оқушылар!  Бүгін 2 сыныптар арасында өткелі отырған Математикалық викторинаға қош келдіңіздер! Мұнда сіздер викториналық сұрақтардың, логикалық тапсырмалардың, қызықты есептердің куәсі боласыздар.

-Сайысқа 2 «а», 2 «ә», 2 «б» сынып оқушылары қатысады. Олармен таныс болайық. Өздеріңді таныстырып өтіңдер.

-Ал енді қатысушылардың ұпайларын белгілеп, қорытынды жасайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

-Дайын болсақ, сайысымызды бастайық.


1 кезең. Блиц - турнир:

1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? айырма

2. 1 сағатта неше минут бар? 60

3. Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосындының мәні

4. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? шаршы

5. Қосуға кері амалды ата. азайту

6. Аптаның соңғы күні қалай аталады? жексенбі

7. Бір тәулікте неше сағат бар? 24

8. 9+7 өрнегінің мәні қанша? 16

9. 60-7 өрнегінің мәні қанша? 53

10. 1 дм неше см бар? 10

11. 1 ғасырда неше жыл бар? 100

12. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. 98

13. Периметрді қалай табамыз? Барлық қабырғаларын қосамыз

14. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. үшбұрыш

15. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. Мм,м,см,км

16. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. 70

17. 10 дм неше см бар? 100см

18. 100 бен 40 сандарының айырмасы нгшеге тең? 60

19. Екі  нүкте  арасын  қосқанда  не  пайда  болады? (кесінді)

20. Қосылғыштардың  орнын  ауыстырғаннан …. (қосындының  мәні  өзгермейді)


ІІ кезең. «Бәйге» Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.

Бұл кезеңде 3 бағыт берілген. Әрқайсысында 3 сұрақтан 12 сұрақ бар. Қай ұяшықты таңдайтындарың еріктеріңде. Дұрыс жауапқа сол ұяшықтағы санның балы қосылады.


10.Қазақтың тұңғыш ғарышкері. Тоқтар Әубәкіров

10.Тәуелсіздігіміздің биыл қанша жылдығы тойланды? 25 жылдығы

10.2 ондық 4 бірліктен тұратын сан. 24

20.Мәтін түрлерін ата. Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.

20.Қалам-8 теңге тұрады. Даптер – 10 теңге тұрады. Барлығы қанша теңгеге алынды? 18 тг

20. Абайдың шын аты кім? Ибраһим

30. Ең үлкен екі таңбалы сан. 99

30. Жуан дауысты дыбыстарды ата: а, о, ұ, ы

30. Мақалдың жалғасын тап: Оқусыз білім жоқ, ... білімісіз күнің жоқ.


40. а +4 9 теңдеуінің мәні ншеге тең? 5

40. Қоян сөзінде неше дыбыс бар? 5 дыбыс

40.Астықты өсіретін адам: диқан


ІІІ кезең. Логикалық сұрақтар

1. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? 200кг
2. Үйдің  әрбір  бұрышында  бір-бір  мысық  отыр. Әр  қайсына  3  мысық қарап   отыр. Үйде   барлығы  неше  мысық  отыр?

3.Үш  түйеқұс  ұшып  келе  жатқанда  біреуін  аңшы  атып  алды.  Неше  түйеқұс  қалды? (түйеқұс  ұшпайды)

4. Үстел үстінде үш кесе шие тұр. Марат бір кесе шиені жеп қойды. Неше кесе

қалды? Жауабы: үш кесе

5. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары

6.Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше

градус көрсетеді? Жауабы: үш

7. Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? (көрші)

8. 1 жұмыртқа 3 мин піседі. 2 жұмыртқа неше мин піседі? (3)      

9. Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар? 4ұл 1қыз  

10. Себетте 5 алма бар. Осы алмаларды бес қыздың әрбіреуіне бір алмадан тиетіндей және себетте бір алма қалатындай қалай бөлуге болады?


ІҮ кезең. «Ойлан, тап!»

15 шырпыдан МЕТР деген сөзді құрастыру керек.


Ү кезең. «Жасырынбақ». Фигураларда берілген өрнектерді дұрыс шығарып, ашқан кезде «Жарайсыңдар!» деген сөз шығады.

1.Ағайынды жетеуінің, 
Бесеуінің жұмыс бар,
 
Жұмысы жоқ екеуінің. (бір апта)
 

2.Он екіге жетіп, 
Жүрген кері кетіп,
 
Ағайынды он екі,
 
Бір атаның әулеті (он екі ай)
 

3.Табақта 55 алма,

Қолымда 5 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?

5-еуін бердім апама,

5-еуін бердім атама

Қалды өзімде нешеуі? (50)

4.Көлден ұшты 50 қаз,

Қайтып қонды 20 қаз.

Қонбады оның нешеуі

Қәне кім тез шешеді? (30)


ІІІ.Қорытынды:

-Құрметті қатысушылар! Осымен математикалық викторинамыз аяқталды. Қазір әділқазы алқасы ұпайларды санап, қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!