Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика.Массаны қалай өлшейміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шама-ларын ажыратады; оларды өлшеу үшін құ-ралдарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді; шамаларды өлшем бірліктерді (см/кг/л) қол-данып өлшейді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________



Сабақ тақырыбы: Массаны қалай өлшейміз? Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шама-ларын ажыратады; оларды өлшеу үшін құ-ралдарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді;

шамаларды өлшем бірліктерді (см/кг/л) қол-данып өлшейді

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар: әр жұп оқушы үшін: массаны өлшеуге арналған бір килограмдық кіртасы;



шақпақ қанттың орамасы — 3 дана, жарма қапшығы — 3 дана, бір пакет шырын — 3 дана (барлық заттардың массасы 1 кг);

табақшалы таразы (оқушылардың әрбір жұбы үшін болса дұрыс, бірақ таразы тек біреу болса, жұмысты оқушылардың әрқайсысы массаны өл-шеу үшін таразыны пайдалана алатындай етіп ұйымдастырыңыз);



екі қапшық: бірінің көлемі үлкен, массасы жеңіл (1 кг-ға дейін), екіншісі — көлемі кіші, ал массасы ауыр (3 кг шамасында).

Тірек сөздер килограмм.

Сабақтың мақсаты: Массаның өлшем бірлігі — килограмм туралы түсінік беру; массаны килограмдап өлшеу нәтижесін жазуды үйрету; массаны шама ретінде түсінуін бекіту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер



Оқушылар өлшеудің стандарттық бірлігі — килограмм туралы түсінікпен танысады, массаны таразыда килограмдап өлшеу нәтижесін жазуды үйренеді.



Сабаққа арналған ескертпелер



Сабақты массаны қалай өлшеу керектігі туралы диалогтен бастаңыз. Медициналық тексеру өткенде дене массасын, дүкенде сатып алынатын азық-түліктің массасын өлшеу туралы әңгімелесіңіз. Сөз соңын массаны өлшеуге болады деген тұжы-рымға келтіріңіз.

— Демек, массаны өлшеуге бола ма? (Болады.)

— Массаны өлшеудің нәтижесін қалай жазып көрсетуге болады? (Массаны өлшеудің нәтижесін санмен жазып көрсетуге болады.)



— Егер оны өлшеп, нәтижесін санмен көрсетуге болса, масса не болып табылады? (Ол — шама.)



Оқушыларға сабақта әртүрлі заттардың массасын өлшейтінін хабарлаңыз.



Сабақты көлемі мен құрамы әртүрлі екі қапшықты көрсетумен жалғастырыңыз: көлемі үлкен қапшық көлемі кіші қапшықтан жеңіл болу қажет. Көз мөлшермен қайсысы ауырлау екенін анықтауды сұраңыз. Сосын таразының көмегімен немесе қолға алып салмақтау арқылы салыстыртыңыз. Заттарды массасы бойынша салыстырғанымызды хабарлаңыз. Ал біз қапшықтардың массасын біле аламыз ба? (Иә, біле аламыз.)



Кіріспе тапсырма. Оқушыларға тәжірибелік жұмыс ұсыныңыз. Қапшықтардың массасын өлшеуді сұраңыз. Өлшем ретінде шақпақ қант қорабын, жарма пакетін, шырын пакетін (барлық азық-түліктің салмағы 1 кг) ұсыныңыз. Таразы көмегімен массаны табыңдар. Оны өлшемдер санымен көрсетіңдер. Сосын өлшем қанша тартатынын сұраңыз. Оқушылар 1 кг деп жауап беруі мүмкін. Егер жауап қайтармаса, онда массасы 1 кг деген жазуы бар пакетті көрсету қажет. Өлшеуіш пакеттердің санын есептеңіз және қапшықтың массасын килограммен көрсетіңіз. Салмағы 1 кг кіртасын көрсетіңіз, бұның не екенін айтып беріңіз, мүмкін оқушылардың біреуі оны дүкенде көрген шығар. Килограмм — стандартты өлшем бірлік. Массаның стандартты өлшем бірлігі дүниежүзі үшін бірдей. Сондықтан адамдар масса жайлы килограммен айтқанда бірін-бірі түсінеді.



Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Табақшалы таразыда массасы 1 кг-дық кір тасы-мен кітап, мектеп сөмкесі, жабдықталған қорап, қаламсауыт және т.б. заттардың массасын салыс-тыруды ұйымдастырыңыз. Өлшеу нәтижелерін бы-лай көрсетуді ескертіңіз: “Кітап массасы 1 кг-нан кем”; “Мектеп сөмкесі массасы 1 кг-нан артық”; “Қаламсауыт массасы 1 кг-нан кем” және т.б. Осын-дай жұмыс 1 кг “өлшемі” түсінігін бекітеді және айналадағы заттардың массасы жайлы мөлшермен айту туралы көзқарасты кеңейтеді.



Кітап салынған қорап пен бөлме гүлінің массасын анықта. Оқушыларға мынадай сұрақ-

тар қойыңыз:

— Қорапты неше кіртасы теңестіреді?

— Осындай бір кіртасының массасы қандай?

— Қораптың массасы қанша болатынын ойланып көр.

Бөлме гүлінің массасына байланысты осы сұрақ-тарға ұқсас сұрақтар қойыңыз.

Жауабы:

қораптың массасы — 5 кг; бөлме гүлінің массасы — 3 кг. Қарбыздың массасын анықта. Тапсырманы орындау үшін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз.



Оқушылар қарбыздың массасын қауынның мас-сасы арқылы табатынына бірге ақылдаса отырып көз

жеткізу тиіс. Tапсырманы орындау кезінде қиындық туса, мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Таразыдағы бір қарбызды неше қауын теңес-тіреді?

— Қарбыздың массасы туралы не айтуға болады? (Екі қауынның массасына тең).

— Бір қауынның массасы қанша болады? (1 кг)



— Екі қауын қанша тартады? (2 кг)

— Бір қарбыздың массасы қанша болатынын айта аласың ба? (Қарбыздың массасы 2 кг болады.)



Жауабы:



2 кг.



Доп салынған тордың қайсысы ауыр? Не-ліктен? Тапсырманы жұппен орындауды сұраңыз. Тапсырманың алдыңғы тапсырмалардан өзгешелігі: тордағы доптардың массасын көзбен көріп мөл-шермен анықтау арқылы емес, оны доптарды өл-шеуіш ретінде алып, нақты массасының қандай екенін анықтап, әрбір тордағы доптардың массасын салыстыру қажет. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда мына жетелеу сұрақтарын қойыңыз:



— Бірінші торда неше доп бар? Екіншіде ше?



— Қайсысында доп көп?

— Доптар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?

— Доп салынған тордың қайсысы ауыр?



Жауабы:



екінші тор ауыр (онда 6 доп бар).



Шығарып көр. Тапсырма оқушылардың логи-калық ойлау қабілетін және зейінін дамытуға бағытталған. Сондықтан тапсырманы әр оқушының жеке орындауы тиімдірек. Оқушылар өз жауап-тарында мақтаның массасының жеңілдігін айтуы мүмкін. Мақтаның массасы қанша екенін сұраңыз. Тастың массасын да сұраңыз. Мақта мен тастың массасы туралы енді не айтатынын сұраңыз. Салыстырыңыз.



Жауабы:



массалары тең.



Орындап көр. Оқушылардың жұппен ақылда-суын ұйымдастырыңыз. Олардан бір-біріне дүкен-дерде 1 кг-дық пакеттерде сатылатын азық-түлік туралы айтуды сұраңыз. Тапсырма оқушылардың өмірден көргендеріне сүйеніп жауап беруіне негіз-делген.



Мүмкін болатын жауаптар:



минералды су бөтелкесі, бір бөтелке өсімдік майы, бір қорап шақпақ қант, бір қорап тұз, күріш т.с.с.



Есте сақта! Кесте бойынша қайтала:



Масса килограммен өлшенеді;

“Килограмм” қысқаша “кг” деп белгіленеді.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар



Оқушыларға массаны өлшеу нәтижесін айту кезінде және өз іс-әрекеттерін айтып түсіндіру үшін математикалық терминдерді дұрыс қолдана білуге көмектесіңіз. Қандай азық-түліктің массасы 1 кг болады?



Оқушылардың назарын табақты таразыда қандай кіртастарының барына және таразының қандай қалыпта (таразы басы тең, бір жақ басы басып тұр) тұрғанына аудару керек.



Жауабы:

қораптағы шай, қораптағы қант.

Массаны өлше. Тапсырма оқушылардың күн-делікті өмірде заттардың массасы болатыны туралы түсініктерінің деңгейін бағалау, сонымен қатар заттың массасын 1 кг-дық кіртасын салыстыра алатынын анықтауға берілген.

Берілген тапсырманы орындау үшін жұмыс парағында бейнеленген заттарды алдын ала да-йындаңыз.

Бағалау Оқушылар сабақтың соңында:

заттардың массасын кіртастардың көмегімен өлшеуді;

күнделікті өмірде кездестіретін заттардың мас-сасын мөлшерлеп айтуды (бір килограмнан ар-тық немесе кем);

заттарды массасы бойынша салыстыруды мең-гереді.

Тақырыпты меңгеру деңгейін бақылау мақса-

тында сұрақтар қойыңыз:

— Массаның өлшем бірлігі қалай аталады?

— Қандай құралдардың көмегімен заттың мас-сасын анықтайды?

— Үстелдегі қай заттардың массасы бір кило-грамнан жеңіл болуы мүмкін?

— Сыныптағы қай заттардың массасы бір кило-грамнан ауыр болуы мүмкін?

Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәпте-ріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткі-зіңіз.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12