Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математиканы қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінің мұғалімдеріне, қашықтықтан сабақ беру кезінде көп көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математиканы қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері

Елбасының цифрлы Қазақстан Жолдауының жетінші бағытында «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты ... жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.» - деп көрсетілгендей, математика пәнін оқытуға және оқушылардың математикалық ойлауын дамытуға басым назар аударылып отыр.

Қазіргі таңда оқушылардың әртүрлі білімдерін көтеру және оқушымен тұрақты байланыс орнату мақсатында жасалған интернет ресурстар мен құралдар жеткілікті. Олардың көпшілігі семинарларда, конференцияларда айтылып, көрсетіліп жүр. Дегенмен бұл ресурстардың басым көпшілігі математикаға бейімделмеген (неге десеңіз, математиканың басқа пәндерден өзіндік ерекшеліктері бар: формула енгізу, графигін салу, т.б.). Соның салдарынан математика сабақтарының көпшілігі дәстүрлі сабақ (оқушылар үшін қызықсыз болуының бір себебі) болып қалып қоюына тікелей әсер етіп отыр. Білім берудегі 5 күндік жүйе оқушының үйден өздігінен сабаққа дайындалуға қажеттілігін туғызып отыр. Әрине үй тапсырмасын көлемді етіп бере салу – мұның шешімі бола алмайды. Әр оқушымен жеке байланыс орнатып, өз деңгейіне сай тақырыптық сұрақтар дайындау, сонымен қатар, әр орындалған тапсырмаға кері байланыс беру мұғалім міндетіне жүктеліп отыр.

Біз мұндай қиыншылықтан қалай шыға аламыз? Немесе қалай тиімді жүзеге асырамыз?

Біз үйден интернет арқылы оқушыларға ресурстар мен тапсырмалар беріп, оның орындалуын бақылауды автоматтандыра аламыз. Біз қашықтықтан оқыту дегенді сырттай оқытумен шатастырмауымыз керек, және бұл үй жұмысы секілді күнделікті және үздіксіз процеске айнала алады.

Жоғарыда көрсетілгендерді жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті онлайн-құралдарға мысал келтірейік:

1. google jamboard

Сыныпта интерактивті тақтада орындалған жұмысты әр жерден әр компьютерлік құрал немесе смартфонмен біруақытта түзеп отыру арқылы кері байланыс беруге болады.

2. edpuzzle

Әркім өз аккаунтымен кіріп, мұғалім немесе оқушы мәртебесін ала алады. Мұғалім оқушыларға видео немесе ресурсты таратып, тақырыпқа сай тесттер құрастырып, оқушылардың видеоның әр бөлімін қанша рет көргенін, қанша сұраққа дұрыс жауап бергенін бақылап отыра алады.

3. learningapps

Мұғалімдер оқушыға тесттің әртүрлі варианттарын ұсына алады. Тесттің 25-ке жуық түрі бар. Сәйкестендіру тесті, «Миллион кімге бұйырады?», кластарға жіктеу, көп дұрыс жауабы бар тест, «ат жарыс», т.б. ойын элементтері кірістірілген.

Бұл ресурстардың барлығына ортақ артықшылықтары мен кемшіл тұстарын атап өтейік:

+ Математикаға бейімділігі (формуланы, графикті, т.б. кірістіруге болады);

+ Интерфейсінің түсінікті және пайдалануға ыңғайлы болуы;

Кейбір ресурстың ағылшын тілінде болуы;

Үздіксіз интернеттің болуын қажет етеді.

Әрине, интернеттегі ресурстардың барлығына ортақ кемшілігі – оқу материалының қазақ тіліндегі нұсқаларының жеткіліксіздігі. Осындай кемшілікті жою мақсатында Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімдерінің қолдауымен құрылған https://nismath.org сайтын да атап өткен жөн.

Мұнда қазақ мектептерінде оқытылатын үш тілдегі оқулықтардың электронды нұсқалары, дидактикалық материалдар мен ресурстар қоры, мақалалар, форум, сол сияқты онлайн мектеп жүйесі қарастырылған.

Онлайн мектеп жүйесінде мұғалім өзі курстар салып, оқушыларға түрлі тесттер дайындап, оқу жетістіктерін бақылап отыра алады.

Қорыта келе, оқушылардың бірнеше ақпарат көздерінен өзекті ақпаратты таңдауға дағдыландыру қажет деген оймен, біз математика пәні мұғалімдерін жаңашылдыққа және үнемі ізденіске, сабақ барысында бір ғана кітаппен шектелмеуге шақырамын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2021
711
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12