Материалдар / Математиканың біздің өмірдегі маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математиканың біздің өмірдегі маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика – объектілердің қасиеттері мен байланыстарын бейнелейтін математикалық моделді зерттейтін адамзаттық білімнің аймағы. «Математикалық модел адам ойынан туындай отырып, объективті зерттеу пәні ретінде жасалуы – керемет! Оның қасиетін тану арқылы біз нақты өмірді бейнелейтін моделдің қасиетін тани аламыз» деп В.А.Успенский жазып кеткен. Сонымен қатар, математика – ғылымдардың ең басты тілі ретінде нақты әлемнің құбылыстарын сипаттайтын әртүрлі тәсілдердің ең қолайлысын көрсетеді. Математика – бұл бір ерекше әлем. Сырт көзге ол тек мылқау сандар мен суық есептен ғана жаралған құрғақ дүние болып көрінеді. Бірақ оның ішкі сырларына сүңги білген адамға өзіндік айырықша әсемдіктері, пән сапалық түйіндері, қиялға қанат байлап, ойға қуат құятын, айналаңдағы жалғыз дүниеге жан бітіріп, құдіретті құбылыстары дайын тұр. Математика адамға Алланың сыйлаған бір құдіреті. Міне, осы әлемнің қызығынан құр қалмайын деп іштей ышқыныңыз, мақсат қойыңыз. Жан-дүниеңізді бұрыңыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2021
734
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математиканың біздің өмірдегі маңызы

Математиканың біздің өмірдегі маңызы

Математика – объектілердің қасиеттері мен байланыстарын бейнелейтін математикалық моделді зерттейтін адамзаттық білімнің аймағы. «Математикалық модел адам ойынан туындай отырып, объективті зерттеу пәні ретінде жасалуы – керемет! Оның қасиетін тану арқылы біз нақты өмірді бейнелейтін моделдің қасиетін тани аламыз» деп В.А.Успенский жазып кеткен. Сонымен қатар, математика – ғылымдардың ең басты тілі ретінде нақты әлемнің құбылыстарын сипаттайтын әртүрлі тәсілдердің ең қолайлысын көрсетеді. Математика – бұл бір ерекше әлем. Сырт көзге ол тек мылқау сандар мен суық есептен ғана жаралған құрғақ дүние болып көрінеді. Бірақ оның ішкі сырларына сүңги білген адамға өзіндік айырықша әсемдіктері, пән сапалық түйіндері, қиялға қанат байлап, ойға қуат құятын, айналаңдағы жалғыз дүниеге жан бітіріп, құдіретті құбылыстары дайын тұр. Математика адамға Алланың сыйлаған бір құдіреті. Міне, осы әлемнің қызығынан құр қалмайын деп іштей ышқыныңыз, мақсат қойыңыз. Жан-дүниеңізді бұрыңыз.



Математиканың ғылымдағы орны



Математиканың нақты ғылымдар саласында алатын орны орасан зор. Математика – ғылымдардың іргетасы. Математикасыз физика, химия, тіптен биология салаларын елестету мүмкін емес. Математиканы кез келген ғылым саласына енгізсеңіз, оған жан бітіп, бойына қан жүгіреді. Ол бізді қоршаған ортаны танып – білуге, заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Табиғи құбылыстардың сипатын математика тілі арқылы моделін құрып, болашақтағы құбылыстың күйін болжай аламыз. Математикалық есептердің қағаз жүзінде ғана қалып қоймай, жан бітіп, іске асуын кез келген жерден көре аламыз. Мысалы, біз күнде мініп жүрген көлік, компьютерлер, ұялы телефондар, тіпті біз тұрып жатқан зәулім үйлерді де айтуға болады. Құрылыс пен сәулет өнері адамның алғаш пайда болуынан басталған көне кәсіп. Ғасырлар ауысса да ол бізбен бірге дамып, жетілуде. Құрылыс саласының өзіне тән ережесі, тәртібі және нормативтік құжаттары болады. Соған сәйкес әрбір құрылысшы кірпішті қалай қалау керек, оның нормасы қандай болады деген сияқты құрылыс технологиясын меңгеруі қажет. Сондай-ақ жобаны оқи білуі керек. Бір нысан мен екінші бір нысанның ерекшелігін білу, технологияны, адамды орнымен пайдалану, алған білімді тиімді жұмсай білу, дәл, нақты есептей білу керек. Яғни математикадағы масштабты жақсы түсініп, оны практикада қолдана білу қажет. Медицина мен денсаулық сақтау саласында да көптеген есептеулер жүргізіледі. Мәселен, медициналық құрылғыларды жасау барысында адам денсаулығына зиян келмес үшін математикалық есептеулер жүргізіледі. Тіптен ауа райын зерттеудің өзі математикалық моделсіз жүзеге асырылмайды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: математикалық есептеулердің арқасында, бүгінгі технологияларға қол жеткізіп, қауіпсіз үйлер салып, ғарышты зерттеп, мәдениетімізді дамытудамыз. Математикалық есептеулерсіз әлем тіптен басқаша болар еді!



Математика ақыл ойды дамытады



Математика адамның интелектуалды қабілеттерін дамытады. Сол қабілеттерге тоқталып кетейік.



Жалпылау қабілеті. Белгілі бір оқиғаны жалпы тәртіптің көрінісі ретінде қарастыру. Дербес құбылыстардың жалпы құбылыс барысындағы жеке рөлін анықтау.

Талдау қабілеті. Өмірлік қиын жағдайаттарда дұрыс таңдау жасап шешім қабылдау.

Заңдылықтарды анықтау қабілеті.

Логикалық тұрғыда ойлау және негіздеу.

Тез ойлану және шешім қабылдау.

Алдын-ала жоспарлау қабілеті. Алдын-ала бірнеше қадамдарды жоспарлап шешім қабылдау.

Абтракты ойлау.

Жоғарыда айтылған қабілеттердің даумуы үшін математикалық әдіс қолданатын дәлдігі, тәртібі және логикасы басым болатын білімнің барлық салаларын айтып отырмын. Интелектуалды қабілеттерді дамыту үшін қиын есептер жинағын алып шығару міндетті емес, математикалық әдістер қолданылатын логикалық сөз жұмбақтарды шешіп, интелектуалды ойындарды ойнауға болады. Математиканың тағы бір құдіреті – онымен шұғылданған адамның бойында осы айырықша қабілеттердің біртіндеп қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Математика адамды ой еңбегіне тәрбиелейді. Сондықтан, достар, математикадан қашпау керек, оны сүю керек! Бұл математиканы оқуға дайндықтың ең алғы шарты.



Есептердің шешімін таба отырып – баланың ойлау жүйесінің дамуына ықпал етіп, өмірдің кез келген жағдайында дұрыс шешім таба алуға тәрбиелейді.



Қазақ халқының ежелгі баспанасы – киіз үйдің құрылымы да тұнып тұрған математика. Математикалық тұрғысынан қарағанда киіз үй негізі 3 бөліктен тұрады. Уықтары параболаның бір бөлігі. Шаңырағы, табаны шеңберлер. Цилиндр орнықты фигура болғандықтан киіз үйдің пішіні соған сәйкестендіріліп жасалған. Киіз үйдің есігі тік төртбұрыш. Кереге арасы ромб. Киіз үйдің шаңырағынан дәл ортасынан табанына түсірілген биіктігі едендегі шеңбердің центрімен дәл келеді де, симметрия осін береді.



Бүкіл жан-жануарлардың баспаналары дөңгелек, сфера пішінді болатындығы белгілі. Мысалы, аю, қасқыр апандары дөңгелек үңгір етіп жасалады. Апанның ауыздары оңтүстік—шығысқа қарап қазылады. Торғайдың, құстардың ұясы да сфера пішінді болады. Міне қазақтың киіз үйі де, осындай заңдылық бойынша жасалған. Кереге жоғары жағына қарай тартыла береді де, уық арқылы күмбезге айналып кетеді. Киіз үйдің негізгі өлшемдері ерекше пропорциялы болып келеді. Киіз үй пішінінің айналу беттерін, яғни, дөңгелек болуы бұрыштардың болмауы киіз үйдің көркемдігін арттыра түседі. Ендеше, бұрышы жоқ киіз үйдің ішіндегі ауа тұрақты түрде алмасып отырады. Киіз үйді ойлап шығарудың өзі ақиқат ғылымға негізделген. Міне, даналық!



Қорытынды



Математика және нақты ғылымдар адамзаттың ақыл-ойының дамуына үлкен үлесін тигізеді. Ақыл-ойы дамыған адамдар жаңа технологиялар ойлап тауып, адамзаттың өмір сүру жағдайын жақсартады. Әрине, бұл математикамен айналыспайтын, гуманитарлық салада жүрген адамдардың интелекті төмен деген сөз емес. Жақсы әдеби кітаптар оқып та өзімізді дамыта аламыз. Бірақ, бұл жеткіліксіз.



«Егер ақылды болғың келсе, көп оқы!» тіркесіне «және математикамен айналыс!» деген жолдарды қосқым келеді. Гуманитарлық сала мен нақты ғылымдар бір-бірін толықтырып отырады. Гуманитарлық саланың жақсы мамандары базалық деңгейде нақты ғылыммен айналыспағандықтан, шешім қабылдауда қателіктер жіберіп жатады. Ал жақсы математикатер, технологтар абстрактілі әлемге кіріп кетіп, нақты әлеммен байланыс үзіп алып жатады. Барлық «жақсы» нәрселердің өз мөлшерінде болғаны абзал.



Ежелгі математик тұлғалар өлең де жазған. Мысалы Омар Һаям, әл-Фараби, Ұлықбек, тіпті XIX ғасырдағы Софья Ковалевская,... тіпті, Вейерштрасстың «Математик – ақын болмаса, белгілі бір жетістікке жете алмайды» деген сөздері де бар.



Бастауыш және орта мектепте біз мейілінше оқушыларға жан-жақты әмбебап білім беруіміз керек. Ал, жоғарғы мектепте Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегідей таңдау жасатып, өз жан дүниесіне жақын саламен айналыстырғанымыз жөн.





Математика пәнінің мұғалімдері



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!