Математика.Тура және тура емес теңдіктер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика.Тура және тура емес теңдіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
теңдікті және теңсіздікті, теңдеуді біледі; тура және тура емес теңдікті ажырата алады; “=”, “≠”, “>”, “<”, “+”, “-” таңбаларын қолдана алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________



Сабақ тақырыбы: Тура және тура емес теңдіктер Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: теңдікті және теңсіздікті, теңдеуді біледі; тура және тура емес теңдікті ажырата алады;

“=”, “≠”, “>”, “<”, “+”, “-” таңбаларын қолдана алады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар: салыстыруға арналған әртүрлі санды өрнек жазыл­ ған парақшалар;

салыстыру белгілері жазылған парақшалар;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркерлер;

нұсқар тілі бар зырылдауық.

Тірек сөздер Тура және тура емес теңдіктер

Сабақтың мақсаты: Қосу және азайту амалдарымен берілген санды өрнектерді салыстыру; сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту. Салыстыру нәтижесін арнайы белгілер арқылы белгілеуді үйрену, есептеу дағдысын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер



Ортасында қандай белгі тұрғанына байланысты­ санды теңсіздіктердің мәнін екі түрде көрсетуге болады. Егер екі санды өрнектің бірінің мәні екін­ шісінен артық немесе кем болса, берілген өрнек теңсіздік болады да, олардың арасына “>” немесе “<” таңбасы қойылады. Егер екі өрнектің мәндері бірдей болса, онда олар теңдік деп аталып, өрнектердің ара­ сына “=” таңбасы қойылады. “≠” таңбасын теңсіздіктің екі бөлігін салыстыруға пайдалануға­ болады, бірақ біз нақтырақ нәтиже алу үшін “>” немесе “<” таңбалары арқылы салыстырып түрлендіреміз.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларды топқа бөліңіз. Оларға мынадай ойын ұсыныңыз. Санды өрнектер және салыстыру белгілері бар парақшаларды дайын­ дап қойыңыз. Санды өрнектер жазылған парақша­­ ларды шеңбер бойымен орналастырыңыз. Шең­бердің­ ортасына нұсқар тілді орнатыңыз. Оқушылар нұсқар­ тілді 2 рет айналдырып, қандай санды өрнек­терді салыстыратынын анықтап алады. Олар осы мақсат­та­ салыстыру белгілері бар парақшаларды пайдаланадыМысалы, егер оқушыларға 17 + 2; 18 – 4 парақшалары түссе, ол мына үлгіде салыстырылады: 17 + 2 > 18 – 4.

Егер 15 – 3; 10 + 2 өрнектері бар парақшалар түссе, олар былай салыстырып жазады: 15 – 3 = 10 + 2.

Барлық оқушылар өрнектері бар парақша жұп­ тарын алып, салыстырған соң бір-бірінің жұмыстарын­ тексереді.

Құрастырған өрнектердің қалай аталатынын сұра­ ңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Өрнектерді­ салыстыру нәтижесін теңдік немесе теңсіздік түрінде жазуға болады.

Оқушыларға құрастырған өрнектерін қайтадан оқып, олардың теңдік не теңсіздік екенін анықтауды сұраңыз.

Саябақта. Оқулықта бейнеленген сурет бойын­ ша велосипедтегі және шанадағы­ балалардың санын анықтап салыстыруды тапсырыңыз­. Оқушылар тек балалардың санын ғана салыстырып­ қоймай, бөліктермен қоса санайды. Мысалы,­ үш бала болды, тағы төрт бала келді неме­се жеті бала болды, төрт бала кетіп қалды. Оқушыларға­ сурет бойынша шағын мәтін құрастыруды­ тапсырыңыз. Бұл жұмыс түрі есеп шығаруға дайындық болады. Оқушыларға санды теңсіздіктерді салыстырып, оларды ажыраттырыңыз.

Жауабы:

а) 1 + 4 < 3 + 4 — бұл теңсіздік; ә) 5 – 2 < 7 – 3 — бұл теңсіздік; б) 5 – 3 = 7 – 5 — бұл теңдік. Шығарып көр. Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Санды өрнектерді салыстырып, оларды қандай 3 топқа бөлуге болатынын сұраңыз.



Оқушыларға бұл тапсырманы қалай орындай­тынын­ айтуға мүмкіндік беріңіз. Мысалы, олар оны бірінен кейін бірі жалғастырып орындауы немесе барлық тапсырманы­ жеке орындауы мүмкін. Өзара тексеру жасауға мүмкіндік беріңіз.



Жауабы:

үш қате:

20 + 40 = 70 – 30;

15 – 3 ≠ 16 – 4;

11 + 0 = 14 – 0.



Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Сурет бойынша саябақ жолдарының сызбасы қан­ дай геометриялық фигуралар беретінін айту керек. Санды теңсіздік құрастырып, берілген жолдардың ұзындығын салыстыруды тапсырыңыз.



Жауабы:

20 дм + 20 дм + 20 дм + 20 дм< 30 дм + 30 дм+ + 30 дм; 80 дм < 90 дм.

Ойлан. Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Бірнеше амалдармен берілген санды өрнектерді салыстыру тәсілін табуды ұсыныңыз. Оқушылардың топта ақылдасуына мүмкіндік беріңіз. Олардың жауаптарын тыңдаңыз.



Екі амалмен берілген санды өрнектердің мәнін есептеу міндетті емес. Салыстыратын өрнектердің құрамындағы бірдей сандарды сызып тастап, қалған сандарды салыстыруға болады. Мысалы,



1 + 2 + 3 * 1 + 2 + 4; 3 < 4, яғни 1 + 2 + 3 < 1 + 2 + 4.

Жауабы:

10 + 20 + 40 * 10 + 20 + 50, 40 < 50, яғни 10 + 20 + 40 < 10 + 20 + 50.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар



“Теңдік және теңсіздік” тірек сөздерін қайтала­­ тып, ойын ұйымдастырыңыз. Санды өрнектер­ және салыстыру белгілері жазылған парақшаларды пай­ даланыңыз. Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Оларға­ жұптаса отырып санды теңсіздіктерді салыстырып,­ тиісті салыстыру белгілерін қойып шығуды тап­сы­ рыңыз­. Тапсырманы орындап болған соң шыққан өрнекке­ байланысты “теңдік” немесе “теңсіздік” сөздерінің тиістісін айтқызыңыз. Шытырманнан жүріп өт. Оқушылар санды өрнектерді­ салыстырып, тиісті белгіні қояды. Барлық өрнек­тердің ішінен санды теңдіктерді тауып, қор­шап сызады.

Бағалау Оқушылар сабақтың соңында: сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты (=, >, <) анықтауды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін

анықтау мақсатында мынадай сұрақ­тарды қойыңыз:

— өрнектерді салыстыру нәтижесін қалай жазуға болады? (Теңдік немесе теңсіздік түрінде.)

— Санды өрнектердің мәнін салыстыр және оның түрін анықта:

6 + 8 * 9 + 4;

17 – 3 * 14 + 2;

28 – 4 * 20 + 4.

— Кәмила бір пакетке 2 кг алмұрт және 3 кг өрік, ал екіншісіне 4 кг алма және 1 кг шие салды. Қай пакет ауыр?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________



Сабақ тақырыбы: Белгісізі бар теңдік Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: қосу және азайту амалдарының негізінде теңдеуді таңдап алу әдісімен шешеді;

“+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, белгісіз санның белгісін (□) қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар: сандар жазылған парақшалар;

санды теңсіздіктер мен теңдіктер жазылған парақ­ шалар;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркерлер.

Тірек сөздер белгісіз сан.

Сабақтың мақсаты: таңбасымен теңдіктегі белгісіз санды белгілеу, белгісіз ұғымымен таныстыру, белгісіз санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп табу, есептеу дағдысын дамыту, топпен және жұппен жұмыс істеу коммуникативтік дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер



Сабақ теңдіктегі белгісізді табу арқылы теңдеу шешуге дайындық жүргізуге бағытталған. Оқушылар “белгісіз саны бар теңдік” ұғымымен танысады. Белгісіз санды табу үшін оқушылар бұрын меңгер­ ген білімдеріне сүйенеді. Теңдіктің құрамындағы белгісізді санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп анықтайды.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға ғарышқа саяхат жасауды ұсыныңыз. Сондықтан ғарышкемелердің­ экипажы ретінде топтарға бөлінуді сұраңыз. Әрбір экипаж құрамында неше адамнан болу керектігін­ анықтау үшін теңсіздіктегі торкөзбен берілген белгісіз­ санды жазып, толықтыруды тапсырыңыз. Теңдіктегі­ белгісіз санды бос төртбұрышпен көрсетеміз­ деп келісіп алыңыз.

Теңсіздіктің жазылуы төмендегідей болуы тиіс: 6 + 2 > Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдаңыз.

Жауаптың­ бірнеше нұсқасы айтылуы мүмкін. Сон­ дықтан оқушылар теңсіздіктің жауабы болатын нақты бір сан табылмауы мүмкін деген қорытындыға келеді. Сонда оларға теңсіздікті10 – 3 ≠ Тағы да оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Ал­



дыңғы теңсіздіктегі жағдай қайталануы мүмкін. Оқу­ шылар берілген теңсіздіктің құрамындағы белгісіз­ санның нақты жауабын таңдап алуға болмайды­ деген қорытындыға келуі мүмкін.



Оқушылардан төмендегі теңдік туралы не ойлай­ тындарын сұраңыз:



10 – 6 = Берілген теңдеудің бір ғаша шешімі бар, ол 4.



Сол себептен оқушылар 4 топқа бөлінеді. Оқу­ шыларға ғарышқа саяхат жасау барысында төрт­ бұрышпен көрсетілген белгісіз санды іздейтінін­ хабарлаңыз. Бос орынға қоюға болатын сан белгісіз. Оны белгісіз сан деп атап, таңбасымен белгілейміз. Құрамындағы бір сан белгісіз болатын теңдік белгісізі теңдік деп аталады.



Ғарышкердің таңғы асы. Саяхаттың алдында жаттығу жасап, ғарышкерге таңғы асын ішуді ұсыныңыз. Оқушылар теңдіктің құрамындағы белгісіз­ санды берілген жауап нұсқаларының ішінен таңдап алады. Олар санды таңдау тәсілімен анықтап немесе санның құрамына байланысты білімдеріне сүйенеді.

Мына сұрақтарды қойыңыз:

— 7 саны шығу үшін 5-ке нешені қосамыз?

— Белгісіз сан нешеге тең?

— 5 саны шығу үшін 8-ден қандай санды азайта­­ мыз?

— Белгісіз сан нешеге тең?

Оқушыларды өз жауабын түсіндіруге үйретіңіз­.

Жауабы:

а) 2; ә) 3; б) 4; в) 6. Шығарып көр. Оқушылар теңдіктегі белгісіз сан­ дардың қандай сан екенін анықтайды. Тапсырманы оқушылардың­ барлығын қатыстырып тізбектей оты­ рып орындайтындай немесе топтағы әрбір оқушы­ қатыса алатындай етіп ұйымдастырыңыз.



Жауабы:

8 + 2 = 10, 12 + 5 = 17, 40 – 20 = 20, 80 – 10 = 70. 10 – 9 = 1, 15 – 3 = 12, 20 + 30 = 50, 60 + 10 = 70.



Ойлан. Есеп шығаруға дайындық түрінде ұсы­ нылады. Оқушылармен бірге есеп мазмұнын оқыңыз. Тапсырманы есеп деп атамаңыз, тек ғарыш оқиғасы деп айтыңыз. Оқушылардан мәтін мазмұнынан не білгенін, нені білу керектігін сұраңыз.



Сынып оқушыларының дайындығы жоғары болса, тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар­ тапсырма мазмұнын оқиды. Тапсырмаға белгісізі бар теңдік құрастырып, белгісіз санның мәнін табады. Егер оқушылардың дайындық деңгейі­ бірдей болса, тапсырманы сынып алдында орындатыңыз­.



Жауабы:

10 – = 7;

10 – 3 = 7.

Орындап көр. Логикалық тапсырманың шешуін топпен ақылдасып орындауды ұсыныңыз. Мүмкін болса, берілген тапсырманы интерактивті тақтада­ көрсетіңіз. Тапсырма шаршы түрінде­ көрсетілген, бірдей суреттердің астында бірдей сандар жасы­ рылған­. Оқушыларға берілген қосындының­ мәні шығатындай белгісіз санды анықтау­ керек. Тапсырма­­ ны орындауда қиындық туған жағдайда оқушылардан:



— қандай үш бірдей санның қосындысы 15-ке тең болады? — деп сұраңыз. (5 + 5 + 5 = 15.)



Ғарышкеме суретінің орнына 5 санын қойып, өрнек құрастыруды ұсыныңыз.



Ал белгісіз санды таңбасымен көрсету керектігін­ айтыңыз. Оқушыларда мынадай белгісізі бар теңдік шығуы керек: 5 + + 5 = 12. Санды таңдау тәсілін пайдаланып, берілген өрнектегі­ белгісіз санның мәні 2 саны болатынын анықтайды­.



Осылайша шаршының басқа торкөздеріндегі бел­ гісіз сандарды табады.



Оларда 5 + + 2 = 10 теңдігі шығу керек. Санды таңдау тәсілімен оқушылар белгісіз санның мәні 3 саны болатынын оңай анықтай алады.



Жауабы:



зымыран — 5; телескоп — 2; ғарышкер — 3.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар



Оқушыларға ойын ұсыныңыз. Олардың әрқай­ сысына сандар жазылған парақшаларды таратып беріңіз. Оқушылар қолдарындағы парақшаларды басқа ойыншыларға көрсетпеуі керек.

Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызып, ойынды бастаңыз­. Жүргізуші санамақтың көмегімен қолын­ дағы санды суреттеп айтатын оқушыны таңдайды. Оқушы жасырып тұрған санын жұмбақтап айтады­. Мысалы, егер бұл санға 7-ні қосса, қосынды­ 9 санына тең болады. Немесе егер 10-нан менің қолымдағы белгісіз санды азайтса, айыр­маның мәні 5 -ке тең болады т.с.с. Ал қалған оқушылар­ осы санды табады. Қай оқушы бірінші тапса, тірек сөзді айтады. Егер ойыншы санды дұрыс тапса, онда жүру құқығы қалады. Ал дұрыс таппаса, жүру құқығы ойлаған санды дұрыс тапқан басқа ойыншыға ауысады. Ойын осылай жалғасады.



Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану. “Жер және ғарыш” тарауы.



Қосымша тапсырмалар



Өзге ғаламшарлықтарға көмектес. Оқушылар теңдіктердегі белгісіз санды табады. Санды таңдау тәсілімен белгісіз санды тауып, теңдік пен белгісіз санның мәні болатын сандарды сызып сәйкестендіреді.



Жауабы;

20 + 10 = 30, 13 + 6 = 19, 18 – 4 = 14.

17 – 7 = 10, 14 – 3 = 11, 15 + 5 = 20.

Бағалау Оқушылар сабақ соңында:

☐ таңбасын теңдіктегі белгісізді көрсеткенде

пайдалануды­ меңгереді, мысалы 6 + = 10.

Оқушылардың оқу материалын меңгеру дең­гейін анықтау мақсатында жұмыс дәптеріндегі­ “Ғарыштық шытырманнан өт” тап­сырмасын орындатыңыз.



Теңдіктегі белгісіз санды бос торкөздерге жазып көрсетеді.

Жауабы:

19 – 9 = 10, 17 – 12 = 5, 8 + 2 = 10,

4 + 3 = 7. 10 – 2 = 8. 16 – 10 = 6.

8 + 11 = 19, 3 + 14 = 17,

15 – 10 = 5. 17 + 1 = 18.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өзін-өзі бағалатыңыз.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1853
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі