Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Математика.Заттардың қандай айырмашылығы бар?

Материал туралы қысқаша түсінік
жиындарды элементтерінің белгілері (нысан-дардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әре-кеті) бойынша құрады және жіктейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Пәні : Математика

Сабақ тақырыбы: Заттардың қандай айырмашылығы бар? (2) Мектеп: №

Күні : Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

жиындарды элементтерінің белгілері (нысан-дардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әре-кеті) бойынша құрады және жіктейді.



Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар: Оқушылардың әрбір жұбына арналған:

ұсақ пазл;

пластмасса ойыншықтар;

қағазқыстырғыштар салынған қораптар;

ұсақ магниттер.

Тірек сөздер материал.

Сабақтың мақсаты: Жасалған материалдары бойынша заттарды салыстыруға үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер



Cабақ заттың жасалған материалын анықтауға бағытталған. Сабақта оқушылар тәжірибе жасау ар-қылы заттардың жасалған материалы бойынша айыр-машылығы болатынына көздерін жеткізеді. Осы белгілері бойынша заттарды топтастыруды және қарама-қарсы белгілері бар заттарды салыстыруды үйренеді. Сабақ “Өзім туралы” тақырыбы аясында қарастырылады, сондықтан баланың күнделікті өмірде тұтынатын заттарды пайдаланғаны орынды.Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Әрбір жұп үшін ұсақ пазл, пластмасса ойыншықтар, металдан жасалған кеңсе қағазқыстырғышы салын-ған қораптарды дайындап қойыңыз. Оқушылардан бұл қандай заттар екенін біліңіз және олар сабақ-та не үшін керек болатынын сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз.

Барлық кеңсе қағазқыстырғыштарын бөлек қо-рапқа салу керектігін айтыңыз. Оқушылардан қалай әрекет ететіндерін сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Аталған заттарды тезірек бөліп алу үшін не істеуге болады деп, олардың ойларын сұраңыз.

Оқушыларға ойын ойнауды ұсыныңыз.

Ойын шарты: Егер жүргізуші ағаштан жасалған затты көрсететін болса, оқушылар алақандарын соғады, егер темірден жасалған затты көрсетсе — аяқтарымен еденді тарсылдатады, қағаздан жасал-ған зат болса — орындарында үндемей қалады.

Суреттерге қара. Бұл заттарды қандай белгі-лері бойынша салыстыруға болады? Оқушыларға оқулықтағы суреттерге қарап шығуды және тап-сырманы орындауды ұсыныңыз.

Оқушылар суреттерді талдап, берілген заттарды жасалған материалы бойынша салыстыруға бола-тынын айтады.

Жауабы:

металдан жасалған заттар: шанышқы, кіртасы, қайшы, ине; ағаштан жасалған заттар: сызғыш, қоршау, бөшке, орындық. Шығарып көр. Тапсырманы оқушылар өмірден көргендеріне сүйеніп орындайды.



Суреттерді қарап, әр заттың қандай материал-дан жасалғанын анықтауды ұсыныңыз. Суреттен көргендерін сараптай келе, оқушылар кейбір заттардың әртүрлі материалдан дайындалатыны жайлы қорытындыға келеді. Мысал ретінде ойын-шық автомобильді алыңыз. Оны пластмасса, резең-ке, шыны сияқты бірнеше материалдан дайындайды.

Орындап көр. Тапсырма оқушылардың заттар-ды қасиеттеріне байланысты салыстыру бойынша алған білімдерін жалпылауға арналған. Заттардың ішінен артығын табуды ұсыныңыз. Жауаптарын дә-лелдеуді сұраңыз. Сыныптағы заттарды пайдала-нып, осындай ойын ойластырып, тапсырманы күр-делендіруді ұсынуға болады.

Жауабы:

а) егер пішіні бойынша салыстыратын болса, артық зат сызғыш болады, өйткені қарындаш және қаламның пішіндері бірдей. Егер зат-тарды жасалған материалы бойынша салыс-тырса, артық зат қалам болады, өйткені ол пластмассадан жасалған, ал қарындаш пен сызғыш ағаштан жасалған;

ә) егер пішіні бойынша салыстырса, артық зат теректің жапырағы. Егер түсі бойынша салыс-тырса, артық зат — сары түсті үйеңкі жапырағы; б) егер түсі бойынша салыстырса, артық зат — сары үшбұрыш, егер пішіні бойынша салыс-

тырса, артық зат — жасыл шаршы.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар



Оқушылармен ойын ұйымдастырыңыз. Жүр-гізуші затты таңдап алып, қалған оқушыларға көрсетіп тұрып, тірек сөзді айтады. Оқушылар көрсетілген заттың қандай материалдан жасалға-нын айтады. Дұрыс жауап берген оқушы ойынды жүргізуші қызметін атқарады. Ол тірек сөзді айтып ойынды жалғастырады. Артық затты тап. Оқушылар берілген суреттер бойынша заттардың қандай материалдан жасалға-нын анықтайды. Бірдей материалдан жасалған зат-тарды айналдыра сызып, әр қатардағы артық затты сызып тастайды.

Жауабы:

Белдемше мен шалбар матадан жасалған, артық зат — қағаз батпырауық;

Құмыра мен стақан шыныдан жасалған, артық зат — темір кастрөл;

Дәптер мен қойындәптер қағаздан жасалған, артық зат — шыныдан жасалған ыдыс.

Бағалау Оқушылар сабақ соңында:

заттарды жасалған материалы бойынша салыс-тыруды;

заттардың негізгі қасиеттерін жасалған мате-риалы бойынша ажыратуды меңгереді.

Оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты мең-гергенін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Парта қандай материалдан жасалған?

— Дәптер мен оқулықты қандай белгілеріне қарап салыстыруға болады?

Әртүрлі материалдан жасалған үш затты мысалға келтіруді сұраңыз.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
487
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12