жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Материал тақырыбы: Ашық сабақ Алып Ер Тұңға
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
САБАҚ: №3 |
Мектеп: ЖББОМ №7 |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні:04.10.2018 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Касимова Р.З. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 6 А |
Қатысқан оқушылар саны:21 |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Алып Ер Тұңға» ерлік жыры |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
6.2.3.1 - шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау; |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылардың барлығы орындай алады: Көркемдегіш құралдарды түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жырдағы көркемдегіш тәсілдерді анықтайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Жырдағы көркемдегіш тәсілдерді анықтап, қолданылу мағынасын түсінеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын анықтайды. Қолданылу мағыналарын талдайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер: дастан, түркі тайпалары, шежіре, жоқтау, көсем, қаһармандық жыр, билеуші. Диалог құруға, жазуға арналған пайдалы тіркестер: «Арыстандай айбарлы», «Жолбарыстай жүректі, көк бөрідей тәкаппар», «Көк тәңірінің ұлы еді...» |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих, қазақ тілі, ұлттық салт-дәстүр |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар |
Ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді. Туған жерге деген құрметі артады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Жоғары деңгейдегі дағдылар |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
«Алып Ер Тұңға» дастаны |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөз дер |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 6 минут 2 минут 3 минут 5 минут 5 минут Сабақтың ортасы 10 минут 2 минут 4 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар санамалау арқылы 4 топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын сұрау: Алып Ер Тұңға туралы мәлімет.( әр топтан бір оқушы) Тақырыпты әріптер арқылы ашу. Жасырын стикер ( Маңдайға жасырын сөздер жазып, ыммен түсіндіру). Осы сөздердің сабаққа қандай қатысы бар. Сабақ мақсатын қою. Алып Ер Тұңға суретіне яғни батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер жазу. Тапсырма: «Өрмекшінің торы» әдісі. Өрмекшінің торын құру үшін, сұрақтарға жауап беріңіздер:
жырға жатады? 2.«Алып Ер Тұнға» дастаны туралы не білесің ? 3.Жырда не туралы айтылған? 4.Дастанның басты кейіпкері кім? 5. Жырда қай кезеңдегі оқйғалар сөз болады? 6.Жоқтау жырлары туралы не білесің ? 7. Неліктен Алып Ер Тұнғаның қазасы халықтың қабырғасына қатты батты? 8. Батырдың елі үшін туған ер екенін жырдың қай жолдарынан көруге болады? 9. Жоқтау Жырының басты идеясы не? 10. Алып Ер Тұңға мультфилімін көрсету. II. Топтық жұмыс. «Сөздік гол» ойыны. (Алдында өткен сабақта пысықтап, қорытындылап алу үшін осы тапсырмаларды орындау)
Дескриптор: 1.Жасырынған сұрақтарды рет-ретімен дұрыс таба біледі; 2.Сұрақтардың жауабын дұрыс таба біледі; 3.Құраған сөйлемдері көркем әрі түсінікті.
Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын. Ой қозғау: Туған тіліміздің маңызы мен мәйегі саналатын қандай бейнелеуіш, көркемдеуіш құралдар туралы оқушылардан сұрау. Троп түрлерін еске түсіру. Өлеңді құбылту / троп/ 1. Ауыстыру /метафора/ 2. Кейіптеу 3. Пернелеу / аллегория/ 4. Астарлау / символ/ 5. Алмастыру / метонимия/ 6. Мегзеу / синекдоха/ 7. Әзіл /юмор/ 8. Кекесін / ирония/ 9. Мысқыл / сарказм/ 10. Ұлғайту / гипербола/ 11. Кішірейту /литота/ 12. Әсірелеу / гротеск/ 13. Табу 14. Эфемизм «Балық қаңқасы» әдісі III. Мағынаны тану кезеңі. Топтық жұмыс Тапсырма: Жыр мазмұнынан 4 бейнелеу құралын анықтап, Жырдан үзінді келтіріп, мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
Дескриптор: - шығармадағы 4 түрлі бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды анықтайды; - 4 бейнелеу құралының түрін ажыратады; - жырдан мысалдар келтіріп, қолданылу мағынасын өз сөзімен түсіндіреді.
Сергіту сәті. Батыр, Ханшайым, Айдаһар ойыны. Екі топқа бөлініп өз ара ақылдасып бір кейіпкерді таңдайды. Егер батыр мен ханшайым сәйкес келсе, ханшайым топ жеңіске жетеді (қыз батырдың жүрегін жаулап алады). Ал батыр мен айдаһар кездессе батыр жеңеді өйткені батырдың қылышы бар. Айдаһар мен ханшайым кезіксе айдаһар ханшайымды жеп қояды. Сол себепті айдаһар тобы жеңіске жетеді.
Тапсырма: «Органайзер» Мақсаты: Алып Ер Тоңғаның Отан үшін ерлігін қазіргінің Отан қорғаушыларының қызметімен салыстыру. Салыстыру кестесін толтырыңыздар:
. Дескриптор: Жауаптар тезис түрінде беріледі. Айырмашылыққа кемінде екі жауап ұсынады. Ұқсастыққа кемінде екі жауап ұсынады. Кері байланыс. Бағалау |
Таныстырылым
Слайд
Үлестірме
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы 1.«Бүгін мен...................... білдім» 2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды» 3.« ......................... екенін түсіндім» 4.«Мен..................................... білім алдым» 5. «.................. мені таң қалдырды»
Үйге тапсырма: Алып Ер Тұңға жырындағы көркемдегіш құралдарды жазып келу. |
|||||||||||||||||||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген