400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Материал тақырыбы "Президент музейі" сабақтан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал Президент күніне арнап өткізілді. Оқушыларды Тұңғыш еліміздің Президенті музейінің тарихымен, жәдігенлерімен сырттай саяхат жасап таныстырдым Презентаци, бейнебаяндар арқылы балалар музейдің әр қабатынағы экспозициялармен танысып, білімдерін кеңейтті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі



Мақсаты: оқушыларды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейіне сырттай сапар жасатып, Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, құдіретті тұлға екенін таныту. Музейдің залдары,ондағы жәдігерлері туралы хабардар ету.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, бейнебаян



-Сәлеметсіздер ме. Бүгінгі біздің іс-шарамыз Президент күніне арналады. Бұл мерекені еліміз жетінші рет атап өтеді. Тұңғыш рет 2012 жылы мереке ретінде атап өткенбіз. Осындай күн көптеген елдерде бар екені баршамызға мәлім. Қазір мен сіздерге мемлекеттердің туларын көрсетемін. Ал сіздер қай елде Президент күні аталады екенін айтасыздар. Тақтаға назар аударайық.

(АҚШ, Ұлыбритания, Исландия, Голландия, Маршалл аралдары, Тәжікстан,

Ангола...2-7 слайд)

Ал бүгін біз сіздермен Астана қаласының аса көрікті ғимараттарының біріне сырттай сапар шегеміз. Ол Елбасының бұрынғы резиденциясында орналасқан ҚР тұңғыш Президентінің Музейі . Ол Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей 4 қабатты. Ол алғашқы келушілерді 2005 жылдың наурызында қабылдады. Негізінде бұл резиденция 1997 жылы салынған. Қазір президенттің жаңа резидерциясы-Ақорда. Ал тұңғыш резиденция мұражайға айналғалы бері бүкіл әлемге белгілі болды. ( 1,2 слайд)

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорында 126 000 астам сақтам бірлік бар, соның ішінде Мемлекет Басшысының жеке кітапханасының қоры 16 000 астам дана кітап пен баспа басылымдарынан, Мемлекет басшысының жеке мұрағатының қоры 100 000 жуық сақтам бірлігінен тұрады. Музей қорын 8 000 астам сақтам бірлік құрайды. Жалпы аумағы 12 мың шаршы шақырым.

(9-10 слайд)

1.Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады.

Музейдің 3 қабатында рәміздердің түп нұсқасы сақталған.Олар 1997 жылы Алматыдан Астанаға көшірілген. Рәміздердің 2 жағынан қарауыл тұрып, тәулік бойы күзеткен.

(11-12 слайд)

2.»Атамекен» деп аталатын залда Н.Назарбаевтың өмір жолымен таныстырады. Президент Қарасай мен Бөлектей батырлар шыққан шапырашты руынан. (6 слайд) Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Ол отбасындағы төрт ұлдың үлкені болды. Олардың отбасы еңбекқор, мейірімді болатын.

(13 слайд)

3.50-ші жылдардың қиыншылықтарына қарамастан жасөспірім Нұрсұлтан өте жақсы оқыған. Бірінші мұғалимі — Такура Исмаилова болды. (14 слайд)

Көріп тұрғандарыңыз -аттестат беру кітабы. Тізімде он алтыншы болып тұрған — Нұрсұлтан Назарбаев.Барлық пәндерден «5», тек орыс әдебиетінен «4». Ол мектепті күміс белгімен бітірген. (15 слайд)

4.1960 жылы 3 маусымда Теміртауда алғаш қазақстандық шойын қорытылды. Қазақстандық Магнитка Орта Азия бойынша ірі металлургиялық комбинаттардың біріне аййналды. Осы жерде Н.Назарбаев өзінің еңбек жолын бастады. Ал сол жақтағы жоғарғы сурете Н.Назарбаевтың Юрий Гагаринмен кездесіп, суретке түскен кезі.

(16 слайд)

5.Көріп тұрғандарыңыз Президенттің қызмет атқаратын орны. Бұл жерде ештеңе өзгермеген. Жұмыс кабинеті, заттардың орналасу реті бәрі сақталған.Осы жерде Президерт 7 жыл жұмыс істеген. Резиденция музейге айналғанымен әлі күнге дейін Президент жылына бір-екі рет жиналыс өткізіп тұрады. Осы жерлерде кездесулер өткізіліп, келісімдерге қол қойылатын, қаулылар қабылданатын.

(17-19 сдайд)

6.Бұл зал Күмісті зал деп аталады.Күміс залда құжаттарға қол қойылып, ресми іс-шаралар өтіп, мемлекеттік марапаттар тапсырылған, Президент наградалары қойылған.

(20-21 слайд)

7. Келесі зал –Күмбезді зал. Бұл резиденциядағы ең үлкен зал. Үлкен зал шаңырақ іспетті әрленген. Шаңырақ — ортақ үйіміздің символы. Дәл осы жерде жаңа астанамызды жариялады. Осы жерде халық тағдыры үшін маңызды шешімдер қабылданды.

(22-23 слайд)

Қазір сіздердің назарларыңызға ҚР Президенті Н.Назарбаевка арналған музей туралы бейнебаян ұсынылады.



(https://www.youtube.com/watch?v=WkPsoCmt9Kk ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы

Бейнебаян 10 мин 47 сек)

Музей орналасқан ғимаратта Президенттің 1-ші және 2-ші қабылдау бөлмелері мен жұмыс кабинеті де өзгеріссіз сақталып, экспозиция құрамына енгізіліп, еңкейген кәрі мен еңбектеген сәбилерге шейін құрметпен қарауға үйрететін өнегелі сәттері бейнеленген.

Еліміздің бұғанасы қата қоймаған шақта Президентіміз көрегендікпен ел ордасын Астанаға көшіруі тағлымы тереңнен толғанған тарихи оқиға екені баршамызға белгілі. Аспан астында арайланған Астанадағы Ақ Орданың көркеюі, әлем елдерінен келген қонақтарының таң-тамаша қалуы, ешбір қалаға ұқсамайтын алып құрылыстардың сәнді де сәулетті қаланың болашыған қосып отырған Елбасының ерекше қамқорлығы да шынайы суреттелген.



Музейде мұрағаттық –жазба, басылым материалдары, кино және суретті құжаттар, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары, қару-жарақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары және құжаттары, мемлекет басшысы мараптталған сыйлардың бірегей коллекциясы.

Музей қорында мемлекет басшысына арнайы алыс-жақын шет мемлекеттерден келген сыйлықтар мен заттық бұйымдар, шетелдер мен ТМД елдері басшыларынан алған Елбасының жоғары наградалар тобы және тағы басқа да заттар бар.

Сондай-ақ, музей төрінен Елбасының дүниежүзіндегі көптеген елдерде шыққан еңбектері мен атақты ғалымдардың да туындылары лайықты орын алған.

Бір мақтанарлығы — әлемдегі жалғыз Президенттік музей — резиденция.



Ал енді мен сіздерді Алматы қаласының іргесіндегі Қаскелең, соған қарасты Үшқоңыр ауылына (бұрынғы Шамалған) шақырамын. Қазақстанның болашақ Президентінің балалық шағы осы жерлерде өткен.

Табиғаты неткен керемет! Осы сұлу жерге арнап Нұрсұлтан Назарбаев «Үшқоңыр» атты өлеңін жарыққа шығарған еді. Бұл әнді орындап жүрген танымал «МұзАрт» тобы. Сонымен сөзі Н. Назарбаевтікі, әуені Алтынбек Қоразбаевтікі.

Мен қазір сіздерге осы әннің сөзін таратамын. Барлығымыз бірге туған жерге арнап жазылған осы әнде «МұзАрт» тобымен бірге орындап көрейік.

(Ән орындалады)

Рахмет. Ал қазір ортаға 7-сынып оқушыларын шақырамын. Туған жерге, Қазақстанға арналған әнмен бүгінгі Президент күніне арналған іс-шарамызды аяқтаймыз. «Қазақтай ел қайда» орындайтын 7-сынып оқушылары.



Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.



Осымен бүгінгі шарамыз тәмәм. Барлықтарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.











Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Тасөткел негізгі мектебі













1 желтолксан күніне арналған іс-шара:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МУЗЕЙІ



























Жолдыбаева Лязат Тулегеновна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі