400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Math Power» математикалық эстафета сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық эстафета сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:



«Math Power» математикалық эстафета сценарийі


Қатысушылар: 5–9 сынып оқушылары
Командалар: 4 команда (әр командада 5 оқушы)
Құрал-жабдықтар:
баскетбол добы, қап, теннис добы, ракетка, ыдыс (шелек), ауыр доп, обруч, тапсырма карточкалары, секундомер

Shape1

? Жүргізушінің кіріспе сөзі

Құрметті оқушылар!
Бүгін біз математика мен спортты біріктірген
математикалық эстафета өткізгелі отырмыз. Бұл жарыста тек жылдамдық емес, ой ұшқырлығы, дәлдік және командалық жұмыс бағаланады.
Әр турда спорттық тапсырма мен математикалық есеп қатар орындалады.

Ереже:
– тапсырманы дұрыс орындамайынша, келесі ойыншы шықпайды
– қауіпсіздік ережесі сақталады
– әр дұрыс жауап – 1 ұпай

? 1-тур: «Баскетбол + есеп»

Мазмұны:
Оқушы баскетбол добын жерге ұрып (дриблинг), белгіленген жерге дейін барады.

Тапсырма:
– Математикалық карточкадан 1 есеп шығарады

Шарты:
Есепті дұрыс шығарған соң, допты ұрып кері қайтады да, келесі ойыншыға береді.

? 2-тур: «Қаппен секіру»

Мазмұны:
Оқушы қапқа кіріп, секіріп барып тапсырма орнына жетеді.

Тапсырма:
– 1 логикалық немесе арифметикалық есеп

Мысал:
– 36 : 6 + 8 = ?
– Үшбұрыштың қабырғалары нешеу?

Шарты:
Дұрыс жауаптан кейін қаппен
кері секіріп қайтады.

? 3-тур: «Теннис добының дәлдігі»

Мазмұны:
Оқушы ракеткамен теннис добын жоғары ұрып жүріп, белгіленген жерге барады.

Қосымша шарт:
Ыдысқа (шелекке) теннис добын салады.

Тапсырма:
– Қысқа есеп немесе формула сұрағы
(мысалы: тік төртбұрыштың аудан формуласы)

Дұрыс жауаптан соң жүгіріп кері қайтады.

? 4-тур: «Ауыр доппен логика»

Мазмұны:
Оқушы ауыр допты жермен сырғытып (домалатып) белгіленген нүктеге дейін жеткізеді.

Тапсырма:
– Қиынырақ есеп
(теңдеу, пропорция, есеп шығару)

Шарты:
Тапсырманы орындаған соң, допты сырғытып обратно алып келеді.

? 5-тур: «Сақина арқылы командаласты тасымалдау»

Мазмұны:
Команда мүшелері бір-бірін
сақина арқылы белгіленген арақашықтыққа бірге жеткізеді.

Тапсырма:
– Командалық есеп (1 есепті бәрі бірге шығарады)

Мысал:
– 3 оқушы 5 есеп шығарды, барлығы неше есеп?
– 1 сағатта 60 минут болса, 2,5 сағатта неше минут?


? Қорытынды

Жеңімпаз команда – ең көп ұпай жинаған команда.
Қорытындылап, жеңімпаздарға марапат тапсырылады ?






Математика пәнінің мұғалімі: А.Хамитова



С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінде 02.02-06.02.2026 жыл аралығындағы «Ақыл-ойдың шыңы- МИФ» атты математика,

информатика, физика пәндері апталығында өткізілген

«Math Power» математикалық эстафетасына

АНЫҚТАМА

2025 – 2026 оқу жылы



С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінде 02.02-06.02.2026 жыл аралығындағы «Ақыл-ойдың шыңы- МИФ» атты математика, информатика, физика пәндері апталығы кезінде 5–9 сынып оқушылары арасында ерекше форматтағы математикалық эстафета ұйымдастырылды.

Бұл сайыс математика мен дене шынықтыру пәндерінің үйлескен біріккен жұмысының жарқын үлгісі болды.

Эстафетаның қауіпсіз өтуін, сайыс ережелерінің сақталуын дене шынықтыру пәні мұғалімі Тұрабаев Нұрмаш Жауынбекұлы қадағалап, оқушыларға толық қолдау көрсетті.

Сайыс барысында оқушылар:

* эстафеталық спорттық тапсырмаларды орындап,

* межеленген жерге жетіп,

* математикалық тапсырмаларды шапшаң әрі дәл орындады.

Жалпы 4 топ қатысқан бұл жарыста шапшаңдығы мен білімділігі жоғары болған үздік топтар марапатталды.

Шараға қатысушы ұстаздар осындай шаралар оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырып қана қоймай, пәнге деген қызығушылығын күшейтіп, командалық жұмысқа баулиды деп пікір білдірді.

Сілтемесі: https://www.facebook.com/share/v/1CKUiNaaG8/


Қатысқан мұғалімдер:

мектеп директорының о.і.ж орынбасары Т.Әменова

математика пәнінің мұғалімі Л.Кожахметова

информатика пәнінің мұғалімі Р.Мысаева

математика пәнінің мұғалімі А.Ғаниева




Анықтама беруші: математика пәні мұғалімі А.Хамитова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
31
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі