Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтін 1-5 жаттығу

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән аты: Қазақ тілі Уақыты: 23.09.15 ж

Сыныбы: 4 «А» Мұғалімі:


Сабақтың аты

Мәтін 1-5 жаттығу

Сілтеме

Қазақ тілі оқыту әдістемесі

Жалпы мақсаты

  1. Мәтін туралы білу

  2. Мәтіндегі негізгі ой автордың айтқысы келген басты пікірі екендігін түсіну

  3. Мәтіннің түрлерін ажыратуды үйрену

Күтілетін нәтиже

  1. Мәтін туралы білетін болады

  2. Мәтіндегі негізгі ой автордың айтқысы келген басты пікірі екендігін түсінеді

  3. Мәтіннің әңгімелеу, сипаттау, пайымдау түрлеріне ажыратуды үйренеді

Негізгі идеялар

Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мағыналық джәне грамматикалық жағынан өзара байланысты болып келеді.

Мәтінге ат қою – оның тақырыбын немесе ондағынегізгі ойды қысқаша атау.

Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі.

Тапсырмалар

Ой қозғау (сұрақ-жауап арқылы)

Топтық жұмыс(мәтінді талқылау)

Жұптық жұмыс (кестемен жұмыс)

Жеке жұмыс

(эссе жазу)




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

Кіріспе бөлім


1.Ұйымдастыру (2 минут)


2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (Шаттық шеңбері)

БShape1 ала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат, 2 рет

Былай-былай ойнат.

- Ал, балалар, көңіл-күйіміз қалай?

- Керемет!


- Ендеше, осындай көңіл күймен сабағымызды бастайық!

- Балалар, қазір мына тұрған түрлі түсті қағаздар қиындыларын алайық..

- Ал, балалар түрі түсті қағаз қиындыларын құрастыра отырып, жаңаша топтарға бірігейік.

- Құрастырған парақтың келесі бетін қарайық. Қандай сөздерді құрастырдыңыздар?

- Ол сөздердің барлығы қандай мағына береді деп ойлайсыздар?

3. Топқа біріктіру (әңгімелеу, пайымдау, сипаттау сөздері арқылы ) (2 мин)

( Топ ішінде рөлдерге бөлінеді.)

Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.


Тұсаукесер бөлімі . (5 минут)

1. Ой қозғау (сұрақ-жауап арқылы )

1. Мәтін дегеніміз не?

2. Қандай түрлері бар?

- Жарайсыңдар! Ал, енді тақтадағы назар аударыңыздар.

(Интербелсенді тақтаны пайдаланып, мәтін және оның түрлері туралы материалдарды көрсету)

Ендеше, бүгін «Мәтін » тақырыбы бойынша жұмыс жасаймыз


Оқушыларға табыс критерийлерін ұсынамын. (1 мин)

Мәтін туралы білетін боламын

Мәтіндегі негізгі ой автордың айтқысы келген басты пікірі екендігін түсінемін.

Мәтіннің әңгімелеу, сипаттау, пайымдау түрлеріне ажыратуды үйренемін

Негізгі бөлім. Топтық жұмыс (мәтінді талқылау) (15 минут)

Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.

Оқушылар өлеңді оқып, топтарында талқылайды.

1 топ – 1-жаттығу. Екі бөлікті салыстыр. Қай бөлі мәтін? Неліктен?

2 топ – 2-жаттығу. Берілген сөйлемдерден «Ормандағы оқиға» мәтінін құрастыр. Ол үшін сөйлемдердің өзара мағыналық байланыста болуын басшылыққа ал

3 топ – 4-жаттығу. Мәтінді оқы, ат қой. Мұның мәтін екенін дәлелде. Қай сөйлем сөздердің қайталануы, есімдік, мәндес сөздер арқылы байланысқанын көрсет


Баяндамашылар топ жұмыстарын қорғайды. (4 мин)

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы формативті бағалау жүзеге асырылады. (3 мин)

Әр топтың бақылаушысы бағалау парағын таныстырады. ( 3 мин)

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық

Жұптық жұмыс (сөздердің айтылуы мен жазылуы ажырату) (4 мин)

Әр жұп ойласа отырып, сөздердің айтылуы мен жазылуы ажыратып табу керек. Сағат тілімен ауыстырып, тақтадағы дайын үлгі жауабымен тексереді.

3-жаттығу. Көшіріп жаз. Сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып тұрған сөздердің астын сыз.

  • Мәтін не туралы айтылған?

  • Кестені пайдаланып, дәлелдей білуге үйрен.


Shape2 Мұндағы сөйлемдер мағыналық жағынан байланысқан


Бұл – мәтін, Мұнда сөйлемдердің байланысу тәсілдері қолданылған: сөйлемдердегі

Shape3 өйткені сөздердің реті, мағынасы жуық сөздер, жіктеу есімдіктері

Дұрыс жауап бағдаршам көздері арқылы бағаланады.

Жеке жұмыс. (эссе жазу)


IV. Қорытынды бөлім



Сабақ рефлексиясы (ұнады, қиын болды, тілегім


Кейінгі тапсырмалар

5- жаттығу

Кейінгі оқу

Ережелерді қайталау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2018
604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12