жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мәтін есептерді шығару
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1 А Натурал сандар және нөл саны (15 сағ) |
Мектеп Текелі қаласы «№5 орта мектеп» КММ |
||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты жөні : Шошақ.А |
||||||||
|
Сынып : 5 |
Қатысқандар саны |
||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Мәтін есептерді шешу |
|
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Оқу бағдарламасына сілтеме: математика пәні бойынша 5 сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспар |
5.5.1.1 Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді есептер шығару; 5.5.1.9 Мәтінді есептерді шығару үшін формулаларды қолдану |
|
|||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар үшін: Натурал сандарға амалдар қолдану; |
||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі үшін: Натурал сандарға амалдар қолдану; Есептің шартын түсіну; Формулаларды білу; Мәтінді есептерді шығару; |
|||||||||
|
Кейбір оқушылар үшін: Есептің шартына сәйкес теңдеу құру және шешу; Мәтінді есептер шығару үшін формулалар қолдану; |
|||||||||
|
Жетістік критерийлері |
- мәтін есептің шартын түсінеді ; - есепте берілгендерді есептер шығаруда қолданады; - натурал сандарға амалдар қолданады; - формулаларды пайдаланып, мәтін есептерді шығарады; |
||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология: Оқушылар: - мәтін, мәтін есеп,натурал сандар,арифметикалық амалдар,есептің шарты,формула ; Диалогке\жазылымға қажет сөз тіркестері: - мәселе есепті шешу үшін ... - ... есепті шешу үшін есептің шартын түсіну ... - есептің шарты бойынша ... құрастыру; - бұл мәтін есептерді шешуде ..... қолдандым; - белгісіз айнымалыларды ... ; |
||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығы: - тапсырмаларды ынтымақтастықта жұпта, топта бірлесіп орындауы; - адами құндылықтар негізінде еңбек ету, еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыру; |
||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Информатика пәні бойынша алгоритм ұғымы мәтінді есептер шешу алгоритмін құруда қолданылады |
||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Визуальды ақпараттық дереккөздер ұсыну үшін слайдтар ұсынылады. |
||||||||
|
Бастапқы білім |
"Цифр", "сан" ұғымдарын білу,натурал сандармен арифметикалық амалдарды орындау, санды және әріпті өрнектер,олардың мәндері, өрнектерді ықшамдау; |
||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі-3 мин Топқа бөлу |
- ынтымақтастық атмосферасын орнату; - сынып оқушыларын топтарға бөлу; - ширату жаттығулары; Берілген сөздер арасынан математика пәніне қатысты сөздерді теріп алындар. 1.Мәтін, парта, есеп шарты, дәптер, арифметикалық амалдар-сөздері кездескен оқушылар І топ 2. натурал сан, тақта,өрнек, қалам,мәтінді есеп- сөздері кездескен оқушылар ІІ топ |
қимақағаздар |
|||||||
|
Миға шабуыл 5 мин Сұрақ қою және талқылау тәсілі арқылы белсенді оқуға тарту "Алгоритмдік қадам" тәсілі арқылы тапсырманы орындайды Нұсқау беру және айту арқылы белсенді оқытуға тарту "Бағдаршам" әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізу 8 мин |
Логикалық тапсырмалар (оқушылардың логикалық ойлау
дағдыларын дамыту) арқылы тақырыпты ашуға жетелеу) ( түйеқұстар ұшпайды) Неліктен? Неліктен жауап 4? Оқушыларға қайта сұрақ қойылады: Сұрақтар түсінікті болды ма? Сұрақтарға жауап беруде қандай әрекеттер жасадыңдар? Осыдан не түсіндік? Бұл сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, ең алдымен берілген мәтіннің мағынасын түсіну қажеттігін біледі; Ойларын нақтылау мақсатында келесі тапсырма беріледі. 1.Тапсырма: Шаңғышы 3 сағ-та 30 км жол жүріп өтті. Осы жылдамдықпен 20 км жол жүріп өту үшін оған қанша уақыт керек? Есеп қандай түрде берілген? - мәтін түрінде Қандай есептерге жатады? - мәтінді есеп Олай болса біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен оқу мақсатымен танысайық.Оқушыларды сабақтың тақырыбы , оқу мақсатымен таныстырамын. Тапсырмаға қайта ораламыз. - Есепте не берілген? 1-қадам - Нені табу керек? 2-қадам - Канша уақыт кеткендігін табу үшін не істейміз? 3-қадам - Шаңғышы 1 сағатта неше жол жүрді? 4-қадам - Қандай амалдар орындаймыз? 5-қадам Есептің шешімі слайдта көрсетіледі Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұрайды.
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады. Біз осы сұрақтарға жауап бере отырып мәтін есептерін шығару қадамдарын анықтадық ,яғни алгоритмін құрдық. Мәтін есептер шығару алгоритмін толық түсіну үшін тапсырмалар орындайық. |
Р.Баяр Логикалық сұрақтар : 400 сұрақ. Алматы. презентация |
|||||||
|
Сабақтың ортасы Қызығушылықты ояту 25 мин "Ойлан , жұптас, бөліс!" әдісі арқылы жеке,жұптық, топтық жұмыстар жүргізеді. Топ ішінде,топтар арасында бір-біріне қалыптастырушы бағалау жүргізеді Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыларға сұрақтар беру негізінде қолдау көрсетіле отырып, саралау жүргізу Есеп нәтижесін дискриптор арқылы тексеруді үші 4- тапсырманы орындаған оқушы топтар арасында нәтижеге жету әрекеттерімен бөліседі Критериалды бағалау жүргізіледі |
Белсенді оқуды ұйымдастыра отырып, оқушыларға есептің шартын жеке оқып түсініп, жұптасып талқылай отырып алгоритмін құру,есептің шартына байланысты өрнек құрып, топ ішінде және топтар арасында өз жауаптарымен бөлісуді ұсынамын Ауызша алгоритмін құрып, есептерді шығарыңыз: Оқушылар тапсырмалардың алгоритмдерін ауызша құрады, сұрақтар дайындайды,есептеп шығарады.
|
Математика 5 сынып оқулығы "Мектеп" баспасы Авторлар А.Е.Әбілқасымова Т.П.Кучер З.Ә.Жұмағұлова презентация |
|||||||
|
Сабақтың соңы Топтық жұмыс Қорытынды тәсілі арқылы саралау жүргізу Критериалды бағалау жүргізу |
|
|
|||||||
|
Кері байланыс 2 минут |
Оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша өз деңгейін анықтау яғни өзін –өзі бағалау мақсатында кері байланыс алу «Жетістіктер баспалдағы» әдісін қолданып сабақ барысындағы алған біліміне саралау жасайды.
- есептің шартын түсінемін.. - мәселе есепті шеше аламын - есептің шарты бойынша өрнек құрастыра аламын -мәтін есептерді шешуде формуланы қолдана аламын; - белгісіз айнымалыларды таба аламын; |
|
|||||||
|
Үйге тапсырма: 2 мин нұсқау |
Оқулықтан №104 жаттығу 44 бет Үй тапсырмасы бойынша нұсқау: - есептің шартын түсіну; - есеп шығаруда берілген кестені пайдалану; - "Баға", "Мөлшер" бағандарын толтыру; |
|
|||||||
|
Саралау – Сіз оқушыларға қалай қолдау көрсетуді қалайсыз? Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне байланысты ойланту үшін сұрақтар бере отырып оларға қолдау көрсетемін. Жеке, жұптық , топтық жұмыстарды сұрақ қою әдістері арқылы ұтымды ұйымдастырдым. Оқушылар бір тапсырманы орындағанымен әртүрлі нәтиже көрсетуі мүмкін Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Сабақ мақсатына сай белгіленген жетістік критерийлеріне толық жету үшін арнайы берілген тапсырманы орындату |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Қалыптастырушы бағалауды "Сұрақ қою және талқылау" "Алгоритмдік қадам" әдісі "Бағдаршам әдісі" "Ойлан, жұптас, бөліс"! әдісін пайдалана отырып жүргіземін Жеке, топтық жұмыстарда берілген тапсырмаларды тапсырмаға сәйкес берілген бағалау критерийлері арқылы бағалау жүргізіп отырамын. |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе \мақсаттары Дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|
|||||||
|
Қорытынды бағамдау |
|||||||||
|
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1. 2.
|
|||||||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген