Материалдар / Мәтіндегі иллюстрациялар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтіндегі иллюстрациялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіндегі иллюстрациялар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2023
578
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

20-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі иллюстрациялар

Бөлімі:

Қысқа мерзімді жоспар:



Педагогтің аты-жөні:




Күні:

27.01.2023



Сыныбы: 3

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы:

Мәтіндегі иллюстрациялар



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.3.1.1 ақпарат іздеуді іске асыру (құжаттағы мәтін үзіндісі);

3.2.1.5 суреттерді мәтінге енгізіп, реттеу;



Сабақтың мақсаты:

Сабақтың барысы:

Мәтіндік редакторда суреттерді енгізу мен реттеуді үйренеді.




Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар




(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту

«Шаттық шеңбері» әдісімен бір-біріне жылы тілектер айту арқылы сыныпта жақсы көңілкүй орнату.

Шеңбер жасап тұрған оқушылар 1, 2, реттік санау арқылы 2 топқа бірігеді.

І- топ – Бірінші

ІІ- топ – Екінші

Топтың ережесі:

  1. Тыныштық сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

Белгіленген уақыт шеңберінде жұмыс істеу.




(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.


Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

*Қандай мультфильмдерді ұнатасың? Ойыңды ортаға сал.

*1-суретте берілген танымал мультфильмдердің қалай аталатынын білесің бе? Осы мультфильмдер туралы ойыңды ортаға сал.

Қысқаша баяндап бер.

*Мультипликация өнері туралы мәтін мен суреттен тұратын құжатты қалай жасауға болады?


Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.




Интерактивті

тақта


Оқулық

Жұмыс


дәптерлері




Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.



Сабақтың ортасы

(26 мин)




ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс. «Данышпан үкілер» әдісі

Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жаз. Мәтіннен сен күтпеген, сенің бұрынғы ұғымдарыңа қарсы тұрған ақпаратты тап. Саған жаңалық болған ақпаратты жаз.

Маңызды өмірлік даналық

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдір.

Таныс, таныс емес

Мәтіннен саған алдында таныс болған және мүлдем бейтаныс ақпаратты тап.

Иллюстрациялық бейнелеу

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көрсет.

Үлгі боларлық қорытынды

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма? Талқылауға арналған маңызды тақырыптар

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойлар мен пікірлерді табыңдар.



Топтық жұмыс «Еркін талқылау»

әдісі

Мұны шағын топта да, бүкіл сыныппен де орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, мұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете аладыбірақ жұмыс топтарда өтсе, мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны етіп алуға болады.


1-тапсырма

7-суретте

иллюстрациясы бар мәтін бөлігіне қарап, төмендегі тапсырма мен сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Суретке қолданылған пішімдеу түрін анықтаңдар.

2.Суретте мәтінмен қоршаудың қандай
түрі пайдаланылған? (5суретті пайдалан).

3.Мәтінде қолданылған Шрифт пен Абзац түрін анықтаңдар. Дескриптор

*Берілген тапсырмаға топтық талдау жасайды.

*Суретке қолданылған пішімдеу түрін анықтайды.

*Суретте мәтінмен қоршаудың қандай
түрі қолданылғандығын анықтайды.

Мәтінде қолданылған

Шрифт пен Абзац түрін анықтайды.

Қалыптастырушы

бағалау

Топтағы оқушылар бірбірінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай бірбірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті

тақта


Оқулық

Жұмыс
дәптерлері




Жұптық жұмыс «Даналық ағашы» әдісі

Оқушылар арасынан бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып

біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақ пен берілген жауап бағаланады.


2- тапсырма Word редакторында мәтінге иллюстрация кірістіру және суретті пішімдеу құралдары бойынша 3 сұрақтан құрастырып, сыныптастарыңа ұсын. Дескриптор

*Берілген тапсырмаға 3 сұрақтан құрастырады.

*Дайын сұрақтарды сыныптастарына ұсынады.



Қалыптастырушы бағалау


Жұптасқан оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Жапондық бағалау»



әдісі арқылы бағалайды.


Интерактивті

тақта


Оқулық

Жұмыс
дәптерлері



Жеке жұмыс
(қосымша тапсырма)
3-тапсырма

Суретті мәтінмен қоршаудың 8 түрі берілген. Суретті пайдаланып, суретті қоршаудың әрбір түрін жазбаша

(сөзбен) сипатта.

Мысалы, 1-түрін сипаттау: Сурет құжат бетінің сол жақ жоғары бұрышында орналасып, мәтінмен қоршалған.



Дескриптор

Суретті пайдаланып, суретті қоршаудың әрбір түрін жазбаша

(сөзбен) сипаттайды.


Қалыптастырушы

бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай өзін-өзі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.




Интерактивті

тақта


Оқулық

Жұмыс


дәптерлері






Сабақтың соңы 7 мин.


Сабақты бекіту.

Рефлексия.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс: «Ақылды үкі» әдісі



Оқушылар бір-біріне Билет таңдау арқылы төмендегі сұрақтарға жауап жазады.

-Бүгінгі тақырып не туралы болды?

  • Бүгінгі тақырыпта не ұнамады?

  • Бүгінгі тақырып несімен ұнады?

  • Мені қызықтырғаны ...

  • Сабақта қандай сезімде болдың?

  • Тақырыпқа не қосар едің?

  • Тақырыптан қандай үлгі алдың?

Менің қолымнан келеді ...

Үйге тапсырма: қайталау










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!