Материалдар / мәтіндер жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мәтіндер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіндер жинағы бойынша тапсырмалар QR код арқылы мәтін бойынша тапсырма орындау. Мәтіндерге тест тапсырмаларымен қатар қарапайым грамматикалық, лексикалық тапсырмалары құрастырылып, қосымша парақшалар жинағы әзірленді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
4271
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Мәтіндерді аударып, жинақтаған

және тапсырмалардың авторы: А.К.Мадиева


Мәтіндерге тест тапсырмаларымен қатар қарапайым грамматикалық, лексикалық тапсырмалары құрастырылып, қосымша парақшалар жинағы әзірленді.































Алғысөз

Тіл үйрету жолындағы тиімді әдістердің бірі – тілді тереңірек үйренемін деушілерге әңгімелеу тәсілі арқылы тілін дамыту, сөздік қорын кеңейту. Жинаққа қысқа да, өнегелі, қызықты әңгімелер шоғырландырылған. Өмірден алынған өсиет әңгімелерді әр сабақта болмаса да, ара-тұра қолдануға өте қолайлы. Соңғы жылдары ұсынылып отырған «ҚАЗТЕСТ» жүйесінің талаптары бойынша тыңдаушылар әңгімені немесе мәтінді тыңдай, түсіне, талдай білуі үшін тест тапсырмаларын орындауы керек. Сюжетті әңгімелер арқылы есте сақтай отырып, тапсырмаларды орындау тыңдаушының ынтасын арттыра түседі, сондай-ақ қызықты әңгіме ақпараттық-танымдық мәтінге қарағанда тартымды. Оңайдан қиынға біртіндеп ауысу үшін оларға алдымен әңгімені мазмұндап айтуды, тест арқылы байқампаздық қасиетін дамыту керек деп ойлаймын.

Соңғы бөлімдегі мәтіндер – тыңдаушының ауызекі сөйлеу қабілетін арттыруға арналған, оқиғаны өрбітіп, өз көзқарастарын жеткізе білуге жұмылдыруға бағытталады.

Бұл жинақ оқытушыларға әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.


А.Мадиева







Шешендік шеберлігі


1 ТЕК ҚАНА ЖАҚСЫЛЫҚТЫ КӨРЕМІН

Бір ауылда жас жігіт өмір сүріпті. Ол сол аймақтағы ең сұлу қызға ғашық болыпты. Қызға сол елдегі көп жігіттер ғашық болады, бірақ қыз ешкімді менсінбейді.

Жігіт қызға ұнау үшін күшті және батыл жауынгер болуға бел буады. Сол мақсатпен ол қалаға әскери қызметке кетеді. Туған ауылына шен алып, ерлігімен ерекшеленіп, батыр болып оралады. Бірақ қыз оған қарамайды.

Енді жігіт бай болуға шешім қабылдайды, сонда қыз қымбат сыйлықтардан бас тарта алмайды деп ойлайды. Ол бір саудагердің оққағары болып жұмыс істеп, сауда өнерін үйренбекші болады. Көп ұзамай өз ісін ашып, бай, беделді саудагер болып еліне қайтады. Қыз оның бергендерін басқалардың одан да артық сыйлықтарымен салыстырып, қабылдамайды.

Бар амалы таусылған жігіт енді ақылы мол данышпан болуға бет бұрады. Ол барлық байлығын отбасына қалдырып, білім-ғылым іздеу үшін әлемді шарлап кетеді. Бірнеше жылдан соң ақыл тоқтатып туған жеріне оралады. Бірақ, ол бұрынғы сұлуға бармай өз бетінше, басқаларға өсиет айтып өмір

сүре береді.

Уақыт өте береді, қыз сол бұрынғы қалпында, ұсыныс жасағандарды өзіне лайық емес деп тұрмысқа шықпай қалады. Алайда, күн өткен сайын оның бұрынғы сұлулығына уақыттың ізі түсе бастайды. Және өркөкіректік пен тәкаппарлығынан адамдар одан алшақтай береді. Жалғыз қалған әйел баяғы дана кісіге келіп: «Маған үйленгің келмей ме?»- деп сұрайды. Дана оған келіседі.

Адамдар оған наразы болады:

Неліктен саған көп қорлық көрсеткен қазымыр әйелге үйленбекшісің?
Дана кісі жымиып:
-Мен тек қана жақсылықты көремін. Егер бұл әйел болмаса, мен осындай дана болмас едім,- деп жауап береді.


1.Мәндес сөздер қатарын анықтаңыз.

А) күшті, батыл, данышпан, батыр

В) күшті, ақылды, батыр, қайратты

С) күшті, батыл, батыр, батыр, қайратты

Д) күшті, батыл, жауынгер, саудагер

2.Мақсат мәндегі сөйлемді табыңыз.

А) Сол мақсатпен ол қалаға әскери қызметке кетеді.

В) Бар амалы таусылған жігіт енді ақылы мол данышпан болуға бет бұрады

С)Қыз оның бергендерін қабылдамайды.

Д) Ол бір саудагердің оққағары болып жұмыс істеп, сауда өнерін үйренбекші болады.

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Жігіт қызға не сыйлайды?

В) Адамдар қыздан неліктен алшақтайды?

С) Сұлу қыздың аты кім?

Д) Жігіттің мінезі қандай?

4.Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.

А) Жігіт қызға ұнау үшін күшті және батыл жауынгер болуға бел буады.

В) Жігіт жауынгер болуға қызға ұнау үшін бел буады күшті және батыл.

С) Жігіт қызға күшті батыл және жауынгер болуға бел буады ұнау үшін.

Д) Жауынгер жігіт қызға ұнау үшін болуға бел буады күшті және батыл.

Тест жауабы:


1

С

2

Д

3

В

4

А


2 ЖАҚСЫЛЫҚ ҚАЙТАДЫ


Алихан жазық даладағы жолмен келе жатып, жолдың жиегінде сөніп қалған «Мерседес» машинасы тұрғанын көреді. Онда қорқып сасқалақтаған егде әйел отыр екен. Ол өзінің ескі Опелінен түсіп не істерін білмей отырған әйелдің қасына келді. Осы уақытқа дейін ешкім тоқтамаған әйел, мына жігіт ешқандай қиянат жасамас па екен деп одан сайын қорықты.
"Мен сізге көмектесемін, тәте», - деді ол, - менің көлігіме отырып жылыныңыз. Менің аты-жөнім – Алихан Оразбаев".
Ол көліктің дөңгелегі жарылғанын байқады. Алихан тізерлеп отыра қалып жұмысқа кірісіп кетті. Дөңгелекті ауыстырып болған Алихан жымиып әйелге көлігін табыстады. Әйел жұмыс үшін қанша төлеу керектігін сұрап, қанша сұраса да беруге дайын екенін айтты. Алихан: -Маған ештеңе төлеудің қажеті жоқ. Мен қиын уақытта ғана қол ұшын беріп тұрмын, егер ақша төлегіңіз келсе, келесі жолы көмекке мұқтаж адам кездессе, соған беріп, мені еске алсаңыз болды,- деп жауап береді. Біраз жүрген соң әйел бір дәмхана көреді. Ол тамақтанып жылыну үшін дәмханаға кіреді. Қызмет көрсетіп жүрген қыз күні бойы дамыл таппай жұмыс істеп жүрсе де, оны жылы жүзбен қарсы алды. Ол қыздың жүктілігі де, жұмысы да, шаршағаны да адамдарды жылы қарсы алуына еш кедергі келтірмейтінін байқайды. Кешкі асын ішіп болған соң 100$ береді, қыз артылған ақшасын әкелуге кеткенде, әйел шығып кетеді. Қайтып келген қыз үстелдің үстінде жатқан хатты көреді. Хатты оқығанда, көзіне жас келді: «Сіз маған қарыз емессіз. Сізге мен көмектескендей, маған да бүгін бір адам көмектесті. Егер сіз маған қайтарғыңыз келсе: осы махаббат шынжырының үзілуіне жол бермеңіз» майлықтың астында тағы 400 доллар жатыр екен. Әйел бұлардың күйеуімен екеуінің мұқтаж екенін қайдан

білді екен.
Үйіне келген соң күйеуінің бетінен сүйіп: «Бізде енді бәрі жақсы болады. Мен сені жақсы көремін, Алихан»-, дейді.


1.Мәтінде қандай қасиет туралы басым айтылған?

А) кішіпейілділік

В) қайырымдылық

С) жақсылық

Д) еңбекқорлық

2. Мәтінде барлығы қанша адам жайлы айтылғанын көрсетіңіз.

А) екі адам

В) бір адам

С) үш адам

Д) төрт адам

3.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) «Мерседес» көлігінің дөңгелегі жарылғанын байқады.

В) Алихан жолдағы әйелді таныды.

С) «Опель» көлігінің дөңгелегі жарылғанын байқады.

Д) Дәмханадағы қыз әйелге 100$ береді

4.Сөйлемді тиісті сөздермен толықтырыңыз. Ол қыздың ..., ..., ... адамдарды жылы қарсы алуына еш кедергі келтірмейтінін байқайды.

А) жылы жүзі де, шаршағаны да, аяғы ауырлығы да

В) жұмысы да, жүктілігі де, мейірімділігі де

С) аяғы ауырлығы да, шаршағаны да, көңілсіздігі де

Д) жүктілігі де, жұмысы да, шаршағаны да


1

В

2

С

3

А

4

Д


3 БАЙ АДАМ


Баяғы заманда бір бай қытай өмір сүріпті. Оған бала кезінде бір көріпкел сен 36 жасыңда бай боласың деген екен. Оған ата-анасы қуанып, бәріне айтады. Өздерінің ауылында осындай бай адамның тұратынына бүкіл ауыл қуанады.

Шыққан тегі бағбан болғанмен, бәрібір бай болам деп бала бұл істі үйренбейді. Ата-анасының асырауымен өмірін жалғастыра береді. Жылдар өте ата-анасы қайтыс болып, ақшадан таршылық көрген жігіт үйді, бақты сатып, ауылдың шетіндегі бір қорада өмір сүре бастайды. Ауыл тұрғындары ертең бай болады ғой деп, тамақтандырып тұрады.

Уақыт өтіп, ол отыз алтыға толады, ал байлық болса жоқ. Көршілері асыраудан бас тартады. Ол енді жидек жинап жемекші болып орманға барады. Қайтар жолында бір шұңқырға құлап кетеді. Шығу үшін аяқ тіреп шығатын саты қазу керек, бірақ ерініп, өтіп бара жатқан шаруалар алып шыққанша отыра береді. Ол өзінің қорасына келіп, жатады да содан тұрмай

қайтыс болады.
О дүниеге түскен қытай бірден тәңіріне дүрсе қоя бастайды. Бұл қалай болғаны? Жарылқаймыз деген ақшаларың қайда? Бәрі сасқалақтап жүгіріп тағдырлар кітабынан бұл кісі шынымен 36 жасында бай болу керек екеніне көздері жетеді. Барлығын анықтау үшін алтын қорын сақтаушыны шақыртады. Ол:

-Байлық бар, мәселе алатын кісіде болып тұр ғой. Байлықты беретін кез келгенде біз оны бағбандардың ішінен іздестірдік, онда болмады. Әскерилердің, оқымыстылардың, шаруалардың ішінен іздедік онда да жоқ. Ата-анасының үйінен де таппадық, жаушылар барлық өңірден іздеп таппады.

Ақырында әйтеуір орманнан таптық-ау. Жолдағы шұңқырға тастадық, тек қазынаны табу үшін қабырғасын кішкене қазса болды. Тағы да болмай қалды. Соңында қорасының қасында жатқан жерінен тауып алып, байлығын басына төгейік деп едік, әлсіз екен, өлтіріп аламыз ба деп қорықтық. Көп

ұзамай өзі де қайтыс болды.
Солай қытай байлыққа жете алмай көз жұмған екен.


1.Берілген сөздерге мәндес сөздер қатарын белгілеңіз: кісі, ата-ана, бүкіл, кішкене, кез.

А) адам, ата-ана, барлық, сол кезде

В) адам, әке-шеше, барша, шамалы, уақыт

С) адам, әке-шеше, түгел, азғантай, сәт

Д) адам, әке-шеше, көп,аз, уақыт

2.Қарсылықты мағынадағы сөйлемді белгілеңіз

А) Ол өзінің қорасына келіп, жатады да содан тұрмай қайтыс болады.
В) О дүниеге түскен қытай бірден тәңіріне дүрсе қоя бастайды.

С) Оған ата-анасы қуанып, бәріне айтады.

Д) Шыққан тегі бағбан болғанмен, бәрібір бай болам деп бала бұл істі үйренбейді.

3.Мәтінге сәйкес қорытынды ойды таңдаңыз.

А) Үмітсіз – шайтан

В) Әрекетке – берекет

С) бейнет түбі – зейнет

Д) Армансыз адам алысқа бармас

4.Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз.

А) Байдың неше баласы бар?

В) Бала неше жасында бай болады дейді?

С) Жігіт неліктен байымады?

Д) Жігіт орманға не үшін барды?

Тест жауабы:

1

В

2

Д

3

В

4

А


4 ЕКІ ПЕРІШТЕ


Екі періште жол жүріп келе жатып бір байдың үйіне түнеуге тоқтайды. Бұл отбасы сараңдығы ұстап жолаушыларды қонақ бөлмесіне қондырғысы келмейді. Оларды суық жертөлеге апарып төсек салып жатқанда, періштелердің үлкені қабырғада тесік бар екенін көріп оны бекітіп қояды.

Оны көрген кішісі не үшін олай еткенін сұрайды. Үлкені : «Бәрі бір қарағандағыдай емес», -деп жауап берді.

Келесі күні олар бір кедейдің, бірақ керісінше қонақжай адамдардың үйіне тоқтайды. Үй иелері өздерінде бар тамақты қонақтарымен бөліп ішіп, олар жатып демалуы үшін жайлы төсек салып береді.

Таңертең періштелер оянып тұрса, үй иелерінің жалғыз ғана табыс көзі болып отырған сиыры өліп қалып жылап отырғанын көреді.

Кіші періште үлкенінен сұрайды:
"Бұл қалай болғаны? Бірінші отбасында бәрі болды, сен оған көмектестің. Ал келесі отбасы жоқ болса да, барымен бөлісті, ал сен оның жалғыз сиырының өліп қалуына жол бердің. Неге?»

" Бәрі бір қарағандағыдай емес ", - деп жауап берді үлкен періште.
Өз әрекетін: "Біз жертөледе болғанымызда, мен тесіктің арғы жағында алтын қазына жатқанын байқадым. Бірақ ол үйдің қожайыны қайырымсыз, сараң болды, сондықтан қазынаны тауып алмасын деп, қабырғаны жөндедім. Ал келесі түні, біз жайлы төсекте жатқанда қожайынның әйелін алып кетуге ажал келді. Мен оған сиырды бердім»,- деп түсіндірді.
Бәрі бір қарағандағыдай емес. Біз ешқашан барлығын түсіне қоймаймыз. Басыңыздан не өтсе де – сіздің пайдаңызға болып жатқанын бәріміз түсінуіміз керек. Алайда, оны біз уақыт өте келе түсінеміз.


1.Қарсы мәндес сөздер қатарын табыңыз.

А) беру-алу, бай-қазына, жайлы-жайсыз, үй-жертөле, кешке-түнде

В) суық-салқын, үлкен-бай, сараң- бай, кедей-жомарт, жайлы-жайсыз

С) қайырымсыз-сараң, кедей-бай, келесі күні-ертеңінде

Д) суық-жылы, тесік-бүтін, үлкен-кіші, сараң-жомарт, бай-кедей

2.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты белгілеңіз.

А) Тесіктің арғы жағында алтын қазына болды.

В) Бәрі бір қарағандағыдай емес.

С) Әйелдің орнына сиырды берді.

Д) Періштелер қонақжай үйге қазынаны берді.

3.Мәтін бойынша ойдың жалғасын табыңыз. Басыңыздан не өтсе де – сіздің пайдаңызға болып жатқанын бәріміз түсінуіміз керек. ...

А) Бәрі бір қарағандағыдай емес.

В) Біз кеш түсінеміз де, өкінеміз.

С) Алайда, оны біз уақыт өте келе түсінеміз.

Д) Бәрі де түсінікті.

4.Іс-әрекеттің орындалмайтынын білдіріп тұрған сөйлемді белгілеңіз.

А) Бәрі бір қарағандағыдай емес.

В) Біз ешқашан барлығын түсіне қоймаймыз.

С) Қазынаны тауып алмасын деп, қабырғаны жөндедім.

Д) Екі періште жол жүріп келе жатып бір байдың үйіне түнеуге тоқтайды.

Тест жауабы:

1

Д

2

Д

3

С

4

В


5 ӨМІРЛІК САБАҚ

Бір күні бір бай жігіт өзінің жаңадан алған көлігімен қатты жүріп келе жатады. Көңіл-күйі көтеріңкі, қатты қойылған музыка тыңдап келе жатқан жігіт жолдың жиегінде ойнап жүрген балаларды көреді, ол көліктің жылдамдығын бәсеңдетеді. Сол кезде көлікке сарт етіп бірдеңенің тигенін естиді. Сыртқа шықса, көлігіне бір бала лақтырған тас тиген екен. Ол қатты ашуланып, баланың жағасынан алады да: «Ей, ақымақ! Қөлікке неге тас лақтырдың? Сен білесің бе бұл көліктің қанша тұратынын, ә?»-деп айқайлап ұрсады. Сонда балақай көзі мөлдіреп, жасаурап: «Кешірерсіз, мен сіздің көлігіңізге қастандық жасайын деген ниетпен тас лақтырған жоқ едім. Ағам мүгедек, сол ағам орындығынан құлап қалды. Мен қаншалықты көтеріп отырғызайын десем де, күшім жетпеді. Өтіп жатқан көліктерден көмек сұрағаныма бірнеше сағат болды, бірақ ешқайсысы тоқтамады. Енді осындай амалмен тоқтатуға мәжбүр болып тұрмын. Егер осылай етпесем, сіз де тоқтамас едіңіз»,-дейді. Көлік иесі баланың ағасын көтеріп орындығына отырғызған соң, көлігіне қарай бара жатып еріксіз көзіне жас алады. Сол оқиға бірнеше жыл есінен кетпей қойды. Көлігін жөндеуге бергенде де, тас тиген жерді сол қалпында қалдырады, себебі, ол тастың ізі көлік иесінің өмірлік сабағы ретінде сақталды. «Егер сен айналаңдағылардың жүрегі ауырғанын сезінбесең, саған тас атылады, және сен соған лайықсың! – деп ескертіп тұратындай.

1.Мәтіндегі жігіттің басынан өткізген сезімдерін анықтаңыз.

А) көтеріңкі көңіл-күй, ашулану, аяныш сезімі

В) көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш, реніш

С) қуаныш, реніш, аяныш

Д) кектену, қуану, аяныш сезімі

2. Сұрақтың дұрыс жауабын табыңыз. Бала неліктен көлікке тас лақтырды?

А) Бұзық бала болғандықтан.

В) Көмек керек болғандықтан.

С) Көлік ұнағандықтан.

Д) Жігітті танығандықтан.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!