Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мәтінді есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мәтінді есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар №89


Мектеп: Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы

Пән: Математика

Пән мұғалімі: Темірғали Зарина Ержанқызы

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5.3A Мәтінді есептер

Күні: 21.01.2020 жыл

Сынып: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: «Мәтінді есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.24 санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу;

5.5.1.4 санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;

5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа).

Сабақтың мақсаты

Мәтін есептің математикалық моделін құрап, санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлері

  • Санның бөлігін табуға арналған есепті шығарады.

  • Бөлігі бойынша санды табуға арналған есепті шығарады.

  • Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып, мәтін есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • мәтін есептерде әріпті өрнектердің құрастырылуын сипаттайды;

  • мәтін есептердің шешімін түсіндіреді;

  • практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды.

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы білім

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

І. Сәлемдесу.

ІІ. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қатыспау себебін анықтау.

ІІІ. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Өтілген материалды қайталау және жүйелеу

Тапсырма 1. Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы 9 см, ені ұзындығының  бөлігін, ал биіктігі енінің  бөлігін құрайды. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз.

Тапсырма 2.

Тапсырма 3. Велосипедші 15 км жол жүрді. Бұл оның барлық жүруі керек жолының -і. Велосипедші барлығы қанша жол жүруі керек?


Сабақтың ортасы

Негізгі кезең


І нұсқа

  1. Фабрика 4300 етік тікті. Оның -сі былғары теріден тігілген. Былғары теріден тігілген етіктер саны қанша?

  2. Ілбіс денесінің (басымен бірге қосқанда) ұзындығы 130 см, ал құйрығының ұзындығы дене ұзындығының бөлігін құрайды. Ілбіс құйрығының ұзындығы қаншаға тең?

  3. Жердің диаметрінің жуық шамасы 12 770 км. Ол Күннің диаметрінің бөлігін құраса, Күннің диаметрін табыңыз.

  4. Шебер барлық жұмысты 3 сағатта, ал оның шәкірті 6 сағатта орындайды.

a) Әрқайсысы 1 сағатта жұмыстың қандай бөлігін орындайды?

b) Олар бірлесіп 1 сағатта жұмыстың қандай бөлігін орындайды?

c) Жұмыс өнімділіктері бір қалыпты болғанда, барлық жұмысты қанша уақытта орындайды?


ІІ нұсқа

  1. Турсит 90 км жолдың   бөлігін жүріп өтті. Турист қанша км жол жүрді?

  2. Жер экваторының ұзындығы жуық шамамен 40000 км, ал диаметрі экватордың бөлігін құрайды. Жердің диаметрі жуық шамамен неге тең?

  3. Шаянның ұзындығы 18 см және сары шаян ұзындығының  -ін құрайды. Сары шаянның ұзындығын табыңдар.

  4. Шебер барлық жұмысты 3 сағатта, ал оның шәкірті 6 сағатта орындайды.

a) Әрқайсысы 1 сағатта жұмыстың қандай бөлігін орындайды?

b) Олар бірлесіп 1 сағатта жұмыстың қандай бөлігін орындайды?

c) Жұмыс өнімділіктері бір қалыпты болғанда, барлық жұмысты қанша уақытта орындайды?


БЖБ

Сабақтың соңы

Қорытынды кезең

Үй жұмысы

712, №713 есептер шығару.

Кері байланыс

Оқушылардың қажеттілігін анықтау үшін кері байланыс «Кеме» тәсілін қолданамын.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. Сабақ кезеңінің кез келген сәтінде уақытты ұтымды пайдалану.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыстар орындалады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Кабинеттің жабдықталуына назар аудару. Топпен немесе жұптық жұмыс орындау барысында топпен жұмыс орындау ережесін пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


























«Мәтін есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа

Тақырып Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Оқу мақсаты 5.1.2.24 санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу

5.5.1.4 санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару

5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа)

Бағалау критерийі Білім алушы

          • Санның бөлігін табуға арналған есепті шығарады

          • Бөлігі бойынша санды табуға арналған есепті шығарады

          • Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып, мәтін есептерді шығарады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейлері Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 20-25 минут

Тапсырма

  1. Фабрика 4300 етік тікті. Оның -сі былғары теріден тігілген. Былғары теріден тігілген етіктер саны қанша?










  1. Ілбіс денесінің (басымен бірге қосқанда) ұзындығы 130 см, ал құйрығының ұзындығы дене ұзындығының бөлігін құрайды. Ілбіс құйрығының ұзындығы қаншаға тең?










  1. Жердің диаметрінің жуық шамасы 12 770 км. Ол Күннің диаметрінің бөлігін құраса, Күннің диаметрін табыңыз.









  1. Шебер барлық жұмысты 3 сағатта, ал оның шәкірті 6 сағатта орындайды.

a) Әрқайсысы 1 сағатта жұмыстың қандай бөлігін орындайды?

b) Олар бірлесіп 1 сағатта жұмыстың қандай бөлігін орындайды?

c) Жұмыс өнімділіктері бір қалыпты болғанда, барлық жұмысты қанша уақытта орындайды?


















Бағалау критерийлері

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Санның бөлігін табуға арналған есепті шығарады

1

санның бөлігін табу ережесін қолданады

1

санның бөлігін табады

1

2

санның бөлігін табу ережесін қолданады

1

санның бөлігін табады

1

Бөлігі бойынша санды табуға арналған есепті шығарады

3

бөлігі бойынша санды табу ережесін қолданады

1

бөлігі бойынша санды табады

1

Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып, мәтін есептерді шығарады

4

шебердің 1 сағаттағы жұмыс өнімділігін табады

1

шәкірттің 1 сағаттағы жұмыс өнімділігін табады

1

екеуі бірлесіп жасаған жұмыстың 1 сағаттағы өнімділігін есептейді

1

екеуі бірлесіп барлық жұмысты қанша уақытта орындағанын табады

1

Жалпы балл

10
















«Мәтін есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

ІІ нұсқа

Тақырып Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Оқу мақсаты 5.1.2.24 санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу

5.5.1.4 санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару

5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа)

Бағалау критерийі Білім алушы

          • Санның бөлігін табуға арналған есепті шығарады

          • Бөлігі бойынша санды табуға арналған есепті шығарады

          • Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып, мәтін есептерді шығарады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейлері Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 20-25 минут

Тапсырма

  1. Турсит 90 км жолдың   бөлігін жүріп өтті. Турист қанша км жол жүрді?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
2454
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12