|
Өткен сабақты
пысықтау.
Тапсырмалар
орындау. Жұптық
жұмыс
№1. Арақашықтығы 21 км
болатын екі елді мекеннен бір мезетте бір-біріне қарама-қарсы екі
велосипедші шықты. Бірінің жылдамдығы екіншісінен есе кем. Егер екі велосипедші 45
минуттан кейін кездескен болса, велосипедшілердің жылдамдықтарын
табыңыз (жауабын км/сағ түрінде жазыңыз). Жауабы: 12
км/сағ
Дескриптор:
- есептің математикалық
моделін құрады;
- жылдамдықтың бірін
екіншісі арқылы өрнектейді;
- уақытты сағатпен
өрнектейді;
- теңдеу
құрастырады;
- жылдамдықтарды
есептейді
№2.
Автомобиль екі қаланың арасын 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп
өтті. Қайтар жолында жылдамдығын 10 км/сағ-қа кемітіп, барған
уақытқа қарағанда 45 минутқа ұзақ жүрген болса, екі қаланың ара
қашықтығын табыңыздар. Жауабы: 315 км
Дескриптор:
- есептің математикалық
моделін құрады;
- қайтар жолдағы
жылдамдықты табады;
- жүрілген жолды есептеу
формуласын қолданады;
- теңдеу
құрады;
- белгісіз уақытты
есептейді;
- ара қашықтығын
есептейді.
Жеке жұмыс.
№1.
Үшбұрыштың периметрі 51 см.
Бірінші қабырғаның ұзындығының екінші қабырғаның ұзындығына
қатынасы 1:2. Екінші қабырғасының ұзындығының үшінші қабырғасының
ұзындығына қатынасы 3:4 қатынасындай. Үшбұрыштың қабырғаларының
ұзындықтарын табыңыз.
Дескриптор:
- есептің шартын
жазады
- үш қабырға үшін сандар қатынасы
құрады?
- шешімін табады
- жауабын жазады.
№2.
Туристер 32 км жаяу жүрді, 104
км машинамен жүрді, 64 км өзенмен жүзіп өтті. a) Барлық жолдың
қандай бөлігін туристер жаяу жүріп өтті? b) Жаяу жүрген жол өзенмен
жүзген жолдан неше есе кіші? c) Машинамен жүрген жол барлық жолдың
қандай процентін құрайды?
№3. Суреттегі берілген мәлімет
бойынша фигураның ауданының өрнегін
толықтыр:
S = ∙ (2x + )
− x.
x = 1 болса,
өрнектің мәнін тап.

№4.
Мектепте
тікбұрышты параллелепипед пішінді екі аквариум бар. Бірінші
аквариумның ұзындығы 6,5 дм, ені 4,4 дм,
биіктігі 3,6 дм, ал екіншісінің
ұзындығы 6,5 дм, ені 3,6 дм,
биіктігі 4,4 дм. Аквариумдар сумен толтырылған. Бірінші
аквариумда су жоғарғы жиектен 6 см, ал
екіншісінде 4 см төмен. Қай аквариумда су
көп?

№5.
20 үлкен және кішкентай
қораптарға 24 кг кәмпит салынған. Кішкентай қораптың
сыйымдылығы 0,5 кг кәмпит, ал үлкен қораптың
сыйымдылығы 2,5 кг кәмпит болса, қораптың әр түрінің санын
тап.
|