Мәтінмен жұмыс жасау методологиясы

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Мәтінмен жұмыс жасау методологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіндік жұмыстар арқылы оқу сауаттылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,

14 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мақсатқызы Амангүл


Мәтінмен жұмыс жасау методологиясы


Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру – басты міндеттердің бірі болып табылады. Бүгінгі жаһандану дәуірінде ақпарат ағыны күн санап өсіп, оның көлемі ұлғайып келеді. Осыған байланысты оқушылардың мәтінді түсіну, талдау, ақпаратты сараптау және оны дұрыс пайдалану қабілеттерін дамыту – заман талабына айналды.

Оқу сауаттылығы тек мәтінді дұрыс оқып, мағынасын түсіну ғана емес, оны өмірде қолдана білу, логикалық байланыстарды анықтау, ақпаратты өңдеу мен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Бұл дағдылар оқушының білім деңгейін көтеріп қана қоймай, оның болашақта кез келген салада табысты болуына ықпал етеді.

Әдістемелік жұмыстың өзектілігі – бүгінгі таңда оқу сауаттылығын дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру қажеттілігімен айқындалады. Бұл бағыттағы тиімді әдістер мен инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру және олардың оқу белсенділігін арттыру басты мақсат болып табылады.

Осы ғылыми-әдістемелік зерттеуде оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары қарастырылады, түрлі әдіс-тәсілдер ұсынылады, сондай-ақ заманауи педагогикалық технологиялардың рөлі талданады. Бұл жұмыс ұстаздар мен білім саласындағы мамандарға бағытталған, әрі білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Қазақстан жаңа ғасырға дүниежүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр. Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны анық. Қашанда білімі мол, рухани байлығы бар халықтың ұл-қыздары ешқашанда жүдемесі хақ. Біздің басты байлығымыз -білім. Қазіргі жас ұрпақтың білім мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін, шетелдермен еркін ғылыми және мәдени қарым-қатынас жасай алатын, оқығанын өмірде қолдана алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азамат дайындау- бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты.

Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны - «ХХІ ғасыда нені оқыту керек және ХХІ ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі- оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал-білім.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дмыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі-Ұлттық жоспар) мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық -техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс -шаралар кешенін қамтиды.Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы- оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады.Соның бірі — функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы -сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты -оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді, яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады. Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын , пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.

Oқyшылapдың фyнкциoнaлдық cayaттылығын қалыптастыру — бүгiнгi күндегі зaмaн тaлaбы. Осының iшiндe oқy cayaттылығы- балалардың жaзбa мәтiндepдi түciнyi жәнe қoлдaнyы, мәтiн бapыcындa oй тoлғayы, жaңa бiлiм игepyдeгi әдic-тәciлдepдi қoлдaнyы, әлeyмeттiк opтaғa бeйiмдeлyi. Яғни, oқy cayaттылығының нeгiзi — мәтiнмeн жұмыcты тoлық қaлыптacтыpy бoлып тaбылaды.

Қaзaқ тiлi caбaқтapы жaзылым, oқылым, aйтылым, тыңдaлым дaғдылapының epeкшeлiктepi apқылы icкe acaды. Coндықтaн күндeлiктi caбaқты дaғдылap epeкшeлiгiн ecкepiп құpy, oқy cayaттылығын apттыpyдa мaңызды poль aтқapaды. Coның iшiндe oқылым дaғдылapының epeкшeлiктepi oқy cayaттылығын apттыpyдың бipдeн бip жoлы-мәтінмен жұмыс

Жаңартылған білім стандарты мазмұнына сәйкес қазақ тілі пәнін оқытудың негізгі функциялары төрт дағды бойынша, яғни (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) оқытылу негізделген. Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей білім беру стандарты ережелері бағдарламасына сай коммуникативтік оқу-әрекеттері мен білім, білік дағдыларды іске асыру мақсатында оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалынып ұсынылған. Сонымен қатар, әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отыратындығын ескере, ұсынылып отырған бағдарлама «спиральді оқыту» әдісі негізінде мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым коммуникативтік дағды-біліктерін шыңдау мақсатында құрылған.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.03.2025
232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі